Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:15, курсовая работа
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
1.Кіріспе
Сақтандыру деген не және сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
2. Сақтандыру жіктелуінің негідері
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің дамуы және оның жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
1.Кіріспе
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
2. Сақтандыру жіктелуінің
негідері
2.1 Қазақстан
Республикасының сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Қазақстан
Республикасының бүгінгі
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Жұмыстың
бірінші бөлімінде негізінен
сақтандырудың соның ішінде әрине
жеке мүлікті сақтандырудың
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.
Сондай-ақ
жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті
нәрсе. Жеке мүлік қазіргі кезде
ақша сақтаудың негізгі көзі болып
табылады. Кейбір ақшасы жетерлік азаматтар
мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен
сайын ақшасы өсе бастайды. Сондықтан
жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп
екенін көреміз. Сақтандырылған мүлік
өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады.
Қандай жағдай болмасын ол мүлігінің
сақтаулы күйінде қалатынына сенімді
болады.
Сақтандыру
мен қайта сақтандыру жүйесі - осы
нарықтық экономиканың ең маңызды және
біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру
- қоғамның экономикалық қатынастарының
айрықша сферасын бейнелейтін көне
категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары
жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің
қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету
үшін қайта сақтандыру жүйесін құру
аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру
жүйесінің жұмыс істеуін
Сақтандыру
жауапкершілігінің көлемін
Қайта
сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі
болғанымен де, оның мәні ең алдымен
Қазақстан экономикасында жүріп
өтуі керек болып тұрған индустриализациямен
айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар
ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония
индустриализацияның
Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Өнімге деген сұраным мен осы факторге байланысты қатерді жабу қажетігінің ықтимал өзгерісі есепке алынады.
Бастауыш
сақтандырудың дамуы, қатерлерді ойдағыдай
басқару үшін жаңа прогрессивтік
тәсілдері ойластыру, ықтимал толық
қаржылық кепілдік пен қосымша кепілдік
үшін дәстүрлі қайта сақтандыру объектілерін
зор көлемде дифференциялау жоғары
мамандандырылған қолдау. Қайта сақтандыру
қоғамы стратегиясының ең маңызды пункті
болуға тиіс. Әсіресе қатерден тысқары
емес қызметтердің кең көлемді бағдарламасына
қатысқан жерде қайта сақтандырудың
жалпы кепілдігін ойластырып жасаған
кезде клиенттердің жекелеген мүдделеріне
ерекше көңіл бөледі.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың
төтенше (жай емес) сипаты (кез
келген ауқымда - мемлекеттік,
аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе
оның бөлімшесі, жеке адам
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы;
оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық үшін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын кұру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісi ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиістi түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бip бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) коғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың epiктi қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікпен қалпына келтipy жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды — әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың ic-әpeкетi халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен байланысы.
Үшініші
бөлік қатынастардың тұйық
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларың қалыптастырудың ең негізгі әдісi қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістерi.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түрліне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда — қос әдіс, үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.