Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
2.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
3 “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
3.1 “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc обменяла.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

Мазмұны:

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
    1. Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
    2. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
    3. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
  2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
    1. Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20

3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22

  1. “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
    1. “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
    2. “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтын бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика  жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны бұл – кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.

Негізгі құралдар мен құрал-жабдықтар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады және де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды және сол кезекте кіріс азаяды, әрине ол табысқа кері әсерін тигізеді.

Тақырыптың  өзектілігі: Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақты осы өндірістік кәсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ. Себебі олар – өндірістік кәсіпорынның тиімділігіне тура әсерін тигізеді және оның жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында  да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт  бойы қызмет етеді.

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық – заттақ құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал – саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал, және тағы басқалар).

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект  балансында көрініс табады. Негізгі  құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады).

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Курстық жұмыстың мақсаты – жалпы негізгі құралдарды талдау, негізгі құралдардың кәсіпорындағы рөлін бағалау және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жетілдіру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

 

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса  маңызды бөлігін құрайды. Негізгі  құралдар-ұзақ жылдар бойы өндіріс  саласында жұмыс істейтін, материалдық  игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі  қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге  бөлінеді.

Негізгі құралдар-бұл  қор өндіріс үрдісіне тікелей  қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік  құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жер;
  • ғимараттар – негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
  • қондырғылар – бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
  • тарату жүйелері – бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
  • машиналар мен құрал – жабдықтар – оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал – жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр), есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
  • транспорттық құралдар – бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
  • өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
  • жұмыс және аналық мал;

- көп жылдық  өсімдіктер – гүлдер, ағаштар,  алма бақтар және т.б. Халықаралық  қаржы есебінің стандарттарыны  сай негізгі құралдардың мынандай  үш белгісі бар:

  • материалдық формасының болуы;
  • міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек;
  • кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.

Иелігінде болуына  қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз  – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар – жалға алынған құралдар болып саналады.

Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай  активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары және т.б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс  істеп тұрған,  істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал – жабдықтар  жатады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал – жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал – жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға  және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т.б.) жатады.

Негізгі құралдардың  сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:

  1. өндірістік құрылымы
  2. технологиялық құрылымы
  3. тұтыну уақытына байланысты құрылымы

Өндірістік  құрылым деп - әртүрлі топтағы  өндірістік негізгі құралдардың  заттай – натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.

Өндірістік  негізгі құралдардың  өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері  болып – олардың жалпы құнының  активті бөлігінің үлесі табылады. Бұл кәсіпорынның  өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі - өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі болып табылады.

Өндірістік  негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік  ерекшеліктері; ҒТП-ң жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау; құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т.б.

Өндірістік  негізгі құралдардың технологиялық  құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы  құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін  сипаттайды.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша  бөлінеді:

  Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.

Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Әрбір топтағы негізгі құралдың құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын  көрсетеді. Негізгі құралдар құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі құралдардың  кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар  мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін-ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі құралының бөлігін-енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын-белсенді бөлігіне жатқызады.

 

 

1.2.Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар

.

Негізгі капитал  өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнынан еніп кетеді. Оның ерекшелігі сонда, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01,-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер құлайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар:

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі