Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа

Описание работы

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

 

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

    1. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары?

Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20

 

  Тақырып 13. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістер оларды реттеу жолдары

Дәріс мақсаты: Орталық Азиядағы қарулы шиеленістер оларды    реттеу жолдары туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру. 

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

    1. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістер оларды реттеу жолдары

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

 Орталық Азия мемлекеттерiнiң Одағы – бұзылған бiрлiктi қалпына келтiру. Шығысынан Каспийге дейiн таулармен өрнектелiп келiп, ақыры Сiбiр арқылы қабысқан Орталық Азия кеңiстiгi жаратылысынан бiртұтас екенi айдан анық. Осындай табиғи бiрлiк оны мекендеген халықтардың тағдырында бiр еткен. Өзiне тән мәдениетi бар осы Орталық Азия елдерi мыңдаған жыл бойы Тынық мұхиттың жағалауынан Атлантикаға дейiн үлкен-үлкен құрылықтарды бiрiктiрген ежелгi түрiк әлемiнiң бiр аймағы болатын. Алайда Алтын Орда ыдырасымен бiрлiгiнен айырылған бұл өлкенi, мылтық, зеңбiрекпен Батыстың қолдауымен қаруланып үлгiрген Ресей басып алды. Осылайша бес ғасырға жуық созылған отарлық езгi басталды.

Билiктi большевиктер басып алысымен мұның бәрi еселене түстi. Халықтарымыздың бiртума ұлдары алғашқы кезеңде олардың ұрандарына сенiп қалып Ташкентте, 1920 жылы Ресей Федерациясының құрамында батыс Түркiстан аймағы түгелiмен кiретiн Түркi Кеңес Республикасын құру тұралы шешiм қабылдады. Алайда Кремль бұл қадамды аса қауiптi деп тауып, мұның бастамашыларының көзiн жойып, атам заманнан берi араласып жатқан түркiстандықтардың этникалық негiзiн бұзып, оларды бiр-бiрiмен және iшiнара алауыз болатындай етiп бес республикаға бөлiп, өзiн барлық мәселелер жөнiнде жоғарғы би етiп қойды. Мысалы, қазақтармен түбi бiр Хорезм хандығы мен оның айналасын мекендеген өзбектердi, қазақтардан айырмашылығы шамалы құрама мен қарақалпақтарды, Сырдария облысының қазақтар жайлаған бiр бөлiгiн сарттардың құрамына кiргiздi. Осы сарттарға тәжiктердiң де бiраз бөлiгiн қосты. Бұл жасалған халықтар қосындысын – өзбек, республикасын – Өзбекстан деп атады. Және де бұл халықты жасанды тiлге ауыстырды. Сол тiлдi бүгiндерi өзбектер ана тiлiндей пайдаланып келедi.

Алайда большевиктердiң  орыстың ұлы державалық шовинизмiне негiзделген өз мақсаты бар едi. Осы мақсатқа орай олар бодан халықтарға орыстың тiлi мен мәдениетiн зорлықпен  қабылдаттырып, оларды орыстың бейшара  тобына айналдырып, «аға халықтың» орбитасында ерiксiз айналып жүре беретiндей етудi көздедi. Бұл үшiн олар Түркiстан халықтарының тарихын терiс айналдырып, оларды бiр-бiрiнен алыстатып, қарсылас етуге тырысты. Соның нәтижесiнде бұрыннан ағайын-туыстар ендi бiр-бiрiне жау, ал нағыз жаулар-дос болып шыға келдi. Мысалы, Моғол және Қоқан хандықтары қазақ - қырғыз халықтарының езушiлерi мен басты қанаушылары деп аталды. Ал шынтуайтқа келгенде олар қазақ халқының бастапқы мемлекетiн құруға жәрдемдесiп, отаршылар мен олардың қолшоқпары, жоңғарларға қарсы бiрге күрескен-дi.

Сонымен Кеңес  империясы тараған кезде әр республика өзiмен-өзi өмiр сүрiп жатты. Олардың  орталыққа бағытталған экономикасының бiр-бiрiмен ең қажеттi деген деңгейде ғана қарым-қатынастары болды. Ал халықтың үлкен бiр бөлiгi өз тiлi мен мәдениетiн ұмытып, Мәскеудi әлемдiк үлгiдей көрiп, оны құтқарушы құдiрет санай бастады. Бүгiнгi күндерi де олардың талайы өздерiн сол «құдай сүйген халыққа» ұқсап қалғанына мәз болып, ескi рухани жүкпен ғұмыр кешуде.

Түрік халықтарының біртума ұлы Шыңғыс Айтматов «Түркiстан – бiздiң ортақ шаңырағымыз» деген айдармен бiраз жұмыс атқарды. Тұраншыл өзбек ғалымы Бахтияр Кәрімов «ортатүрiк» тiлiн қалыптастырудың  методикасын жасады. Қырғыз халқының Э.Сарпашев бастаған ұлдары «Тұран» саяси партиясын ұйымдастырды. Бүгiнгi күнi бұл аймақтағы басқа да көптеген ұйымдардың «Тұран» деп аталуының өзi бiраз сырды аңғартса керек.

Егемендiгiмiз  нығайған сайын елдерiмiздiң басшылары  бiрлiгiмiздi қайта қалпына келтiру керектiгiн ашық айта бастады. Екi немесе бiрнеше елдер арасында айтарлықтай келiсiмшарттар жасалды. Ал 1993 жылдан бастап мемлекетаралық деңгейде «Орталық-Азия Одағы» ұйымының негiзi қаланғанымен, ол 1998 жылы «Орталық-Азия экономикалық қоғамдастығына», 2002 жылы «Орталық-Азия ынтымақтастық ұйымына» айнала келе, 2006 жылы Евразиялық экономикалық қоғамдастығына қосылып, iзi жоғалды. Бұл қадамдарға бастапқы кезде көпшiлiк үлкен үмiт артқан болатын. Ал келе-келе бұл туралы қынжыла тыңдайтын болдық. Билiк халықтың талпынысын байқамады – бұл iстi өз бiлгендерiнше шешпек болды. Алайда интеграциялық процесс бүгiнге дейiн халықтың өмiрiн жеңiлдетерлiктей нәтижеге жете алмады.

Республикаларымыз Кеңес дәуiрiндегi өзара алшақтықтың  инерциясынан шыға алмай, жекелеген  басшылар өз эгоизмiнiң ықпалында  қалып қойды. Большевиктердiң баяғы халықтардың өз жолын қалап алуы деген науқанындағы қойған «миналары» сыр берiп, кейбiреулер өз халқының ұтылған тұстарын еске түсiрдi. Қысқа ойлаушылар халықтың рухын көтеру мақсатында тарихты жаңаша бұрмалап, ұлтшылдықты қоздыра бастады. Құқық қорғау органдарының көршi елдер азаматтарына көрсеткен әдепсiздiктерi әдетке айналды. Бұлардың бәрi халықтардың бiр-бiрiне күдiкпен қарап, түсiнбеушiлiгiн күшейте түстi.

Кейбiр елдiң  жаңа қоғамдық құрылысқа өту кезеңiнде  өздерiнiң «айрықша» даму жолына түсемiн деп әуреленуi де терiс ықпалын тигiздi. Олар өз елдерiн оқшаулап, сөз жүзiнде бәрiн жақсы етемiз десе де, тiптi бүгiннiң өзiнде қарапайым халықтың қарым-қатынасын тежеп отыр. Ташкенттiң түбiндегi «Жiбек жолы» шекара өткелi арқылы тек озбырлыққа төзген адам ғана өтуi мүмкiн. Ондағы орын алып тұрған жағдай туысқан халықтардың араласуын мейлiнше саябырсытуға, дүрдараздық тудыруға жасалынған сияқты. Бұл – бiздiң халықтарымызға тән емес жат қылықтар билiктiң осы саласындағы тоғышарлардың жетiстiктерi.

Ашығын айтсақ бұл «мейiрiмдi ағалар» бiзге не жақсылық жасай алады? Бiздiң қолымыздан күрегiмiздi ала ма? Бiз мысалы Ресейге  тек арзан шикiзат пен жұмыс  күшiнiң көзi, олардың әлемдік нарықта  өтпей қалған өнiмдерiнiң тұтынушысы, қауiпсiздiгiне себепкер буферлiк белдеу, азайып бара жатқан халқының санын толықтырушысы және оларға халықаралық аренада салмақ қосатын саттелит ретiнде ғана керекпiз. Ресей Орталық Азия мемлекеттер (ОАМ) Одағын құру идеясын терiс деп санайтын бiрден-бiр мемлекет. Олардың БАҚ-тары сендердiң Одақтарыңнан түк шықпайды, одан да бiздiң қолтығымызға кiрiңдер деп зар қақсауда.

Мұндай информациялық  шабуылдың мақсаты бiреу ғана, ол – бiздiң бiрлiгiмiздi болдырмау. Бұрынғы метрополияда кешегi күннiң  өлшемiмен ойлайтындар басым. Олар Орталық Азияның өзара қырқысып, iшi түтiндеп жатқанын қалайды. Бұл оларға бiздiң iстерiмiзге араласып, елдерiмiздi мәңгi қанай бергiзер едi деп ойлайды. Кремльдiң кейбiр ықпалды ақылшылары жарқын болашақ үшiн ақ нәсiлдiң билiгiн жер жүзi бойынша қалпына келтiру керек деп бөсуде.

Бiздiң Түркiстанымыздың  халқы да, табиғи-экономикалық, мәдени-ғылыми мүмкiндiгi де ойдағыдай дамып, өз елiнiң  игiлiгiн қамтамасыз етуге жетерлiк. Бiздiң мыңдаған жылдар бойы араласып өмiр сүрiп келе жатқан дәстүрiмiз, тарихымыз бен мәдениетiмiз бiр-бiрiн толықтырар экономикамыз, дамыған транспорт, энергетика жүйемiз бар. Тұрып жатқан геосаяси ортамызды өзiмiзге тиiмдi етiп пайдалануға болады. Соның бiрi «Ұлы жiбек жолы» қазiр қайта өрлеу үстiнде. Қолымызда бар мүмкiндiктер – орта мақсат, iшкi және сыртқы қауiп-қатерлерге бой ұсынбас, өзiмiзге жеткiлiктi нарығы бар ОАМ Одағын құруға жеткiлiктi.

Бүгiнгi дәуiрде, бiздiң Түркiстанымызда ортақ тiлдiң  қажеттiлiгi айқын көрiнiп тұр. Бұл қызметтi орындаушы–орыс тiлi, Кеңес дәуiрiнiң өзiнде де бұхара халықты жеткiлiктi қамти алмады. Осылай бола тұрса да, жергiлiктi халық бiр-бiрiмен ана тiлдерiнде түсiнiсе алады. Бұл, математикалық әдiспен түркi тiлдерiнде жиi қайталантын сөздердi iрiктеу арқылы жасалған «ортатүрiк» тiлiнiң болашағы бар екенiн көрсетедi. Ол iс жүзiнде барлық түркiлерге түсiнiктi тiл. Бiз көбiнесе осы ақпаратты пайдаланамыз, өз тiлiмiзге

Бүгiнгi күндерi ОАМ Одағын құру – замананың тақап  тұрған талабы. Бұған қажеттi барлық жағдайлар бар. Ендi сөз мемлекет басшыларында. Президенттерiмiз Н.Назарбаев, И.Кәрiмов, К.Бәкиевтер бiрiгудiң дауылпаздары болса, Президент Г.Бердiмухамедов те өзiнiң бұған құмарлығын жасырып отырған жоқ. Мұны Душанбе де қолдап отыр. Тiлi басқа болсада, бiрiмiз болып кеткен еңбекқор тәжiк елi, қапсырылысқан тарихымыз бар моңғолдар да бiздiң Одағымызға қосылса, одан бәрiмiз де ұтар едiк.

Ендi тек саяси  жiгер керек. Ол–бiздiң басшыларымызда жеткiлiктi деп ойлаймын.

Халықтардың тарихи жадында Одағымыздың қабырғасын шынайы қалай бастаған басшылар қалар. Олардың бейнесi «Көк Түрiк» монументiнен мәңгiлiк құрметтi орын табар.

Егер бiздiң  елбасыларымыз Одақтың келiсiм-шартын қабылдап, оны iс жүзiнде кейiнгiлерде  айнытпай жалғастыратын мызғымас деңгейге дейiн жеткiзсе, бұл олардың елбасылар  ретiндегi жеткен басты жетiстiгi болмақ.

Қорытып айтқанда Орталық Азия халықтары үшін бірлігімізді қалпына қайта келтіруден басқа  жол жоқ. Ол солай болады да, өйткені  әрбіріміздің жүрегіміз бірлік деп  соғады.    

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

    1. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістер оларды реттеу жолдары?

Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,17, 18, 20,22,23.

 

Тақырып 14. Аудандардағы шиеленіс туғызуы мүмкін ошақтардың шығуы.

Дәріс мақсаты:  Аудандардағы шиеленіс туғызуы мүмкін ошақтардың шығуы туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру. 

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

      1. Аудандардағы шиеленіс туғызуы мүмкін ошақтардың шығуы.

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Шиеленістер ұғымы дегеніміз  не? Шиеленіс дегеніміз- қоғамдық 
өмірде пайда болатын әлеуметтік құбылыс. Шиеленіс адамның 
әлеуметтік жағдайының,орнының әртүрлі жақтарын көрсетеді. Әрбір 
адам әлеуметтік ортаға бейімделе отырып, дербес, ерекше бола 
бастайды. Орыс ойшылы И.А.Ильин адамдар арасындағы 
айырмашылықты айта отырып.ешқандай қоғам осындай 
айырмашылықтарсыз өмір сүре алмайды дегенді айтады. Оның 
айтуы бойынша қоғамда әртүрлі адам болады.бұл адамдар өзара 
келісуі де мүмкін,келіспеуі де мүмкін. Адам үшін ең маңыздысы өзі 
сияқты адамдар бар қоғамға жату. Адам осындай қоғамда өмір сүріп 
жатқандықтан ол басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тиіс. 
Бірақ әлеуметтік қоғамның таптарға бөлінуіне байланысты жЬне 
басқа да себептерге байланысты адамдар арасында 
бәсекелестік, күндөстік, бақталастық, психологиялық сыйыспайтындық. қызығушылықтарының қарама - қайшылығы пайда болады. Қоғамда осындай жағдайлардың пайда болуы, шиеленістердің пайда болуына әкеп соғады.Адам өз өмірінде қиын жағдайларға тап болады. Адам басқа субьектпен қарым- 
қатынас жасаған уақытта,адам мінезіне әсер өтетін жағдайлар 
болады. Бұл қарама- қайшылық, шиеленісушілік, өшпенділік тудырады. Шиеленіс қалыпты әлеуметтік құбылыс ретінде 
қарастырылуы керек. Адам сияқты қоғам да идеалды жетілген бола 
алмайды. Дисгармония, шиеленістер, қарама-қайшылықтар бұның 
бәрі қоғам дамуының қалыпты бөлігі. Шиеленіс кең түрде дамыған 
құбылыс. Конфликтті жағдайлар қоғам өмірінің барлық сферасында 
болады, ол экономика болсықсаясат болсық мәдениет 
болсын идеология болсын. Шиеленіс адамдар арасында қоғамдық 
күштер арасында қызығушылық көзқарастардың келіспеуі жанаспауы. Шиеленіс реттеуге болатын құбылыс. Шиеленістөрдің пайда болуы мен дамуы 4 фактор мен себепке байланысты: обьективті, ұжымдық - басқарушылық әлеуметтік-психологиялық және жеке адам аралық. Бірінші және екінші фактор обьективті мінезді ал үшінші және төртінші субьективті. Шиеленістің обьективті себептері предконфликттік жағдайға әкеп соғады. Шиеленістердің субьективті себептері оппоненттердің   индивидуалды   психологиялық   ерекшеліктеріне байланысты. Осы жағдайда адам проблеманы шешуге тырыспайды компромисқа бармайды. Оппонентпен сөйлесіп.пайда болған шиеленісті шешуге ешқандай әрекет жасамайды. Керісінше қарама-қайшы әрекет жасайды. Әрбір предконфликттік жағдайда адам не конфликттік жағдайды таңдай алады немесе шиеленісті бейбіт түрде шеше алады. Егер шиеленіс себебінің обьективті және субьективті жақтарын салыстырып қарайтын болсақ.келесіні көруге болады. Біріншіден.шиеленіс себебінің обьективті және субьективті жағы арасындағы айырмашылық, қарама-қайшылық болады. Әрбір обьективті себеп жаңа нақты конфликтті жағдайдың туындауына әкеп соғады. Сонымен қатар субьективті фактор әрекетінің себебінен пайда болған шиеленіс те солай. Екіншіден.әрбір шиеленіс тек субьективті себептерден ғана басталып қана қоймай.обьективті себептерден де пайда болады. Әрбір тұлға аралық шиеленісте субьективті фактор өз үлесін қосады. Егер адам шиеленіскен жағдайда қарама-қайшы әрекет жасауға шешім қабылдамаса,шиеленіс болмайды. Сондықтан әрбір шиеленістің обьективті-субьективті себептер комплексі болады. Шиеленістер әртүрлі себептерге байланысты пайда болады.Әлі де нақты шиеленістің пайда болу себептеріне байланысты классификация жоқ. Көбінесе шиеленістің пайда болуына себепші құбылыстар:адамдардың қызмет бабында материалды және рухани қызығушылықтарына байланысты,адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған уақытта әлеуметтік қайшылықтарды шешудегі кемшілік.

Мемлекет  аралық шиеленістер.

Мемлекет  аралық шиеленісте негізгі субьект  болып мемлекет болып табылады.Мемлекет аралық шиеленістер былай бөлінеді;

  • Мемлекет   аралық   шиеленістер(екі   не   одан   да   көп 
    мемлекеттер арасында болады)
  • ұлттық-азаттық   соғыстар:   антиколониальді   ,   халықтар 
    соғысы, расизмге қарсы,билікке қарсы

• ішкі,интернационалды шиеленістер 
Мемлекет аралық шиеленістің ерекшелігі:

  • олардың субьектісі болып мем<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; text-decoration: none; le

Информация о работе Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері