Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа

Описание работы

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

  2003жылы оңтүстік  Кавказды «Еуропалық көршілік  саясаты» саяси бағдарламасына  қоспауы, Еуропаның стратегиялық  әлсіздігін дәлелдейді. 2004 жылы Еурокомиссия  мен Еуропа Кеңесі оңтүстік  Кавказда ЕПС(Еуропалық саяси  көршілік) қарастырады. Бұл оңтүстік Кавказдықтар мен еуропалықтар арасында қатынастарды оңға қарай өзгертті. ЕПС  2006- 20 млн еуро, 2007 – 24 млн еуро бөлді. Бағдарлама 3-5 жылға жоспарланды:

  • саяси диалог – сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты, аймақ және халықаралық мәселелер, дағдарысты шешу.
  • Экономикалық және әлеуметтік даму саясаты. Қаржылық және техникалық көмек. ЕО ішкі нарығына жол ашады.
  • Сауда – ВТО принципі және ЕО стандарттарына сай нарық.
  • Заң және ішкі істер – миграция, қашқындар, виза саясаты, террористік күрес, наркотик, заңсыз қару, қаржы және экономикалық қылмыс

Осы жоспарды іске асыру  үшін географиялық орналасуы, саяси  және экономикалық жағдайы, ЕО  пен  көрші елдерімен қатынас деңгейі, жүргізетін реформа терңдігі, қажеттілік тер және және оның мүдделері үлкен рөл атқарады. Грузия 2006 жылы 14 қарашада бағдарламаға енді.

  Грузин және абхаз  жақтарының қақтығысты тұрақтандыруға  өздерінің саяси күштері жетіспеді.  Шиеленісті шешу жолы сыртқы  қысымның әсерінен болуы мүмкін. Грузия мен Абхазияның мемлекеттік құрылымның әлсіздігі, геосаяси шекарасы қақтығысқа болжам жасауға болмайды. Белгілі шешім қабылдау үшін, сыртқы делдалдардың ықпалының маңызы зор. «Достар» Боден құжатының кейбір бөлімінде кездесетін тарауларды қарастырады.

  1. Абхаздардың нақты бөлінуі этникалық грузиндар мекен ететін Галь ауданын Абхазия тәуелсіздігінің орнына Грузияға беру. Соңғы жылдары грузин қашқындары Галь ауданын мекендеген. Бұл аймақтың реинтеграциялануы мәселені шешуге көмегін тигізеді. Бұл нұсқа абхаздарға тиімдірек, алайда грузин үкіметінің келісімін алу қиынға соғар. Жүргізілген келіссөздерде Грузияға қайтарылатын территория арқасында ауданы біршама кеңееді.
  2. Грузин-абхаз конфедерациясын немесе Абхаздардың еркін ассоциацияланған мемлекетін құру.(Ресеймен және Грузия) – бұл әрине мүмкін емес. Абхазия Грузиямен ассоциаланған болса, Грузия ықпалы әлсірейді. Абхазияның РФ-мен ассоциация статусы Батыс билігі мен Грузия үшін өте тиімсіз. Ешбір жаққа тиімсіз, халықаралық конфронтацияға әкеледі. Боден құжатында федерализацияланған Грузияда Абхазия федерациясының субьектісі болады. Абхазия федеративтік үлгі бойынша Грузияға реинтеграцияланса, Абхазия ассоциациясы мемлекет статусын алады. Қарастырылған жағдайларда Абхазия құқығы кеңірек болу керек.

Черногорияға қатысты 2001 жылы Югославия Федерациясын құруда Югославия президенті Воислав Коштуница ұсыныстар айтқан. Ұсыныс Конституциялық Хартиямен келісім арқылы жүргізіледі. Грузия мен Абхазия  Федерациясы асимметриялық үлгіде құрылады. Симметриялық үлгі Абхазияның билігін жоғары сатыға көтереді. Асимметриялық Федерация Абхазия, Оңтүстік Осетия, Аджария және Грузияның өз аймақтарынан тұрады. Бұл Федеративтік құрылым үрдісінде Абхазия парламенті екінші палатада жұмыс атқарады. Абхазия Грузияның саяси істеріне араласуы екі ұлттың нығыз интеграциясына әкеледі. Ал саяси қақтығыстар ішкі ірі шиеленіске әкелуі мүмкін, бұл тұрақтандыруға қауіпті үдете түседі. Сайлау кезінде үміткерлер екі жақтан да болады. Абхазия мен Грузия арасындағы өкілеттілікке саяси кепіл ретінде халықаралық ұйым, қауіпсіздік жөніндегі ұйымдардың қатысуы талап етіледі. Симметриялық және асимметриялық Федерацияны сыртқы күштер ұсынып отыр. Абхаздар Грузиямен Федеративтік қатынаста болудан бас тартады. Дегенмен Абхаз микромемлекеті РФ-на саяси тәуелді және екі елді біріктіру РФ-ның күшінде бар. Ресей грузин-абхаз Федеративтік жүйесін құра отырып басқа да мақсат-мүддесіне жете алады. Мәскеу Кавказдағы кез келген халықаралық қауіпсіздік жүйесінде маңызды роль атқара алады. Бұған дәстүрлі Федеративтік механизмі әсер етеді. Қазіргі таңда Ресей ешбір қызығушылық танытпайды. Бұл дегеніміз Боден құжаты өзекті жоспар болып қала береді.

  Қорытындылай келе, грузин-ресей, грузин-абхаз қатынастары  шешімсіз жағдайда тұр. Ресей  Абхазия мен Оңтүстік Осетияға  жарқын болашақ нұсқаушысы, Кавказда мықты мемлекет боп қалыптаса алатынын дәлелдейді. Грузия жолы президенті қарапайым жол – АҚШ көмегі арқылы көтерілуі және  бір уақытта Ресейге альтернатива болады. БҰҰ-ның делдалдығы қақтығыстың тек бейбіт түрде шешілуіне бағытталған. ЕО иемденетін экономикалық және саяси басымдылығы Кавказдағы қашқындар мәселесін ғана тұрақтандыруға көмегін тигізе алады.

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

    1. Балқандағы шиеленістаердің шығуы және реттеу жолдары?

Әдебиеттер: 2,3, 12, 15,18, 20,22,23.

 

Бөлім  3. Аудандық шиеленістер оларды реттеу жолдары

Глоссарий

Қайырымды қызмет ету-бұл шиеленісуші жақтардың тікелей 
қарым-қатынас жасауға үшінші жақтың қосылуы.  Мысалы: мемлекет,халықаралық ұйым немесе орган. Қайырымды қызмет ету үшін шиеленіске қатысушылардың бәрінің келісімі қажет. Кейбір жағжайларда үшінші жақ келісім жүргізу процесінде кең функция атқарады. Ондай жағдайларда қайырымды қызмет ету татуластырушылыққа әкеледі. Мысалы: 1962 жылы Кариб дағдарысы кезінде КСРО Б¥¥-ның Бас Хатшысының қайырымды қызметіне келіседі, бұл АҚШ-пен келіссөз жүргізуге әкеледі,нәтижесінде ұлы державалар арасындағы қарулы қақтығысты болдырмайды.

Фактті анықтау-шиеленіскен жағдайда нақты факт болған жағдайда осы процедура қолданылады.Бұндай жағдаида арнайы комиссия құрылады,оған екі жақтың да өкілдері қатысады.Кейбір кездерде комиссияға үшінші жақ та қатысады.

Келістіру-бұл фактті анықтау мен татуластырушылықтың қосындысы.Әдетте арнайы комиссия әрекет етеді.Комиссия шиеленіс себебін іздейді.қажетті ақпаратты жинайды.екі жақты келісімге келуге әрекет етеді.

Сот-саяси сипатта жүретін келісімдердің әдістерден айырмашылығы.сот заңды сипатта жүреді.Сот жүйесінің мақсаты құқықтық норманы анықтау.Сот процедурасы, екі формада жүреді:арбитраж жәнө сот

 

Тақырып 11. Посткеңестік кеңістіктегі шиеленістер

Дәріс мақсаты:   Посткеңестік кеңістіктегі шиеленістер туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

    1. Посткеңестік кеңістіктегі шиеленістер

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

 «Зандар   соғысы,   ұлтаралық  қақтығыстар,   адам   өміріндегі мыңдаған қиыншылықтар, қылмыскерліктің өсуі, алып - сатарлық 1991 жылдың тамыз айына дейін, біздің өмірімізді құрады. Өнеркәсіп көлемінің төмендеуі, шаруашылық қарым - қатынастардың бұзылуы, өнім әкелу режимінің бұзылуы, экономикадағы дағдарысқа апарды, жағдай сағат сайын, қиындап отырған. Сол уақытта, 20 тамызда Одақтық келісімге қол қойылуы керек болған, ол келісім шарт, федеративті мемлекеттен ештеңе де қалдырмаушы еді"- деп жазады Г.Янаев. Республикалар жоспарлап отырған Одақтық шарт, ТЖМК басшыларын жылдам қимыл - әрекет жасаута итермеледі. Соған қоса, сол кезде кейбір республикалар ұлттық валюта шығармақшы болған. Қазақстан және Якутияның алтын шығару кендерінің национализациялана бастауы, астық тасымалдаудың мемлекеттік жоспарларының орындалмауы, ірі кәсіпорындардың және кіші шаруашылық өндіріс орындарының қарым-қатынастарының коммерциялануы, өндіріс орындарының жеке қаржылық жағынан тәуелсіздене бастауы, Б.Н. Ельциннің КОКП-ның саяси және әлеуметтік саладағы ықпалының жойылуы туралы жарлығы, өзге республикалардың қорғану жүйелерінің құрылуы, әскери меншік құрылымдардың жөне ұлттық гвардиялардың құрылуы, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің республика басқару жүйелеріне кіре бастауы жөне қорғану жүйесінің 50 пайызға азаюы, соған байланысты, қорғану конверсиясының құлауының қауіптілігі, мемлекет қатарындағы бірталай басшылардың мазасын алды.

1991 жылдың 18 тамызында  Кеңес өкіметінің мәлімдемесі бойынша, М.С. Горбачевтің нашар денсаулығына байланысты, жалған мәліметтер бойынша, президенттік жұмыстар, вице-президент Г.И.Янаевтің қарамағына қарайды, соған қоса, мемлекетте 6 айға созылатын Төтенше жағдайға (Ч.П) кіргізіледі-делінген. ТЖМК (ГКЧП) құрамында Г.И.Янаевпен бірге, О.Д.Бакланов, В.С.Павлов, Б.К.Пуго,    ВА.Стародубцев,    Д.Т.Язов   және       басқа   мемлекет басшылары болған. ТЖМК басшыларының айтуынша, Төтенше жағдай, мемлекетте өрістеп жатқан жан-жақты дағдарысты, саяси, ұлтаралық конфронтацияны, анархияны жеңу үшін қажет,. кеңес азаматтарының өміріне, тәуелсіздігіне, территориялық бірлігіне қауіп төніп тұр-деген. М.С.Горбачевтің өзі мемлекеттік өмір сүру деңгейінің құлдырауына байланысты, Одақтық «9 қосу 1» атты келісімнен кейін, Төтенше жағдай кіргізбекші болған. Ал, ТЖМК ол Төтенше жағдайды, Одақтық шартқа дейін кіргізген. ТЖМК құрамында көбінесе, әскери-өндіріс комплексінің адамдары болған. Одақтық шарт, әскери комплекс басшыларын автоматты түрде, мемлекет басынан алып тастар еді. Сонымен қоса, бұл шарт КСРО-ның қаржылық, экономикалық бірліктің құлауын жылдамдатып, бүкіл республикаларға тармағын жайған әскери қорғану жүйесінің технологиялық тізбегін бұзар еді.

Көптеген  жылдар   бойы,   әскери-өндірістік  комплекс   партия аппаратының құрамында болған. Экономиканың милитаризациясының арқасында, әскери бюрократия партиялық аппаратпен теңесіп, мемлекет саясатын жүргізе бастайды, ол күш, әсіресе, Тамыз төңкерісі кезінде байқалды. Әскери-өндіріс комплексі бастаған төңкеріс үш күнге созылды. ТЖМК-ға қарсы күштерді Б.Н.Ельцин бастап, үлкен беделге ие болды. Төтенше жағдайдың іске аспауы, бүл ТЖМК-ның басшыларының және бұйрықтарды орындаушы әскери басшылардың, әскери қимылдар жүргізуге психологиялық даярлықтын болмауы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасында тіл табысудың болмауы және халықтың Төтенше жағдайға қарсы болуы, соған қоса, Симон Кордунскийдің айтуы бойынша, 20 тамызда Жуковск маңына 80 ірі десант тасымалдаушы ұшақтардың келіп қонуы, ТЖМК басшыларын қаруларын тастауға мәжбүр    етті. Десанттар толығымен, ресейлік әкімшілікті және халықты қолдаған. Үш күнге созылған, ТЖМК аяғында жеңіліс тауып, Ресейде демократаялық күштер жеңді-деп айтуға болады. КСРО-дағы болып өткен Төтенше жағдай, КСРО өміріндегі соңғы нүкте болды, енді ресми қағаздар толтыру ғана қалған.

1991 жылдың  желтоқсан айында РСФСР, Белорусь  және Украина басшылары Минск қаласында, 1922 жылғы "КСРО-ны құру туралы" келісім шарттың өз күшін жойғаны туралы келісімге қол қойды. Желтоқсанның 20-сында тәуелсіз елдер төңірегіндегі мәселелерді шешу үшін, Әзербайжан, Белорусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды, Грузия оған бақылаушы ретінде қатысты. 21 желтоқсанда 11 республика басшылары, "КСРО-ның іс жүзінде өмір сүруін тоқтату жөне егеменді мемлекеттердің құрылуы" жөніндегі құжаттарға қол қойды. Сол кезден бастап, КСРО-ның ресми түрде құлауы аяқталды.

КСРО-ның құлауы адамдарға үлкен әсерін тигізді. Өмір бойы Кеңес өкіметіне әбден үйренген кейбір адамдар, өздерін далада қалғандай сезінді. Ол адамдар, Тамыз төңкерісіне дейін және ТМД қүрылғанша, КСРО-дағы қиын жағдай, жақын арада жақсарып, бәрі де өз орнына келеді-деп ойлаған. Бірақта, Кеңес Одағы қайтып оралмас тарихқа айналып кетті. А. Тулеев ол туралы: "Өте қызықты жағдай туды. Өз отаны бар, өз жерімізде өмір сүріп жүрміз-деп ойлаған адамдар, шетелдік адам тәріздес болып қалған...7О миллион Кеңес халқы отансыз қалған- деп айтуға болады...Солардың ішінде мен де болғам"- деп жазады.

Кеңес өкіметі  кезіндегі адамдарды екіге бөлуге болады. Біріншісі, ол барлық күшін аямай жұмыс істеп, бесжылдық жоспарларды ерте орындауға тырысқан адамдар. Нәтижесінде, ол адамдар  қаншама  еңбек  үшін,   В.И.Лениннің  суреті  бар, сыйлық қағаз және біраз ынталандырушы ақы алған. Екішпісі, ол Кеңес Одағында көп тер шығармай, тек бос сөз арқылы өмір сүрген адамдар. Жұмыс істесе де, істемесе де, олар жалақы алған, мемлекет олардың барлық қажеттіліктерін өтеп беріп отырған. Ауылда ондай адамдарға, кеңестік шаруашылық отынын да, шөбін де дайындап берген. Өйткені, Кеңес Одағында барлық адамдар тең болу керек болған. Соның салдары, осы күнге дейін жетіп отыр. Мысалы, бір адам жанталасып, жұмыс істеп байыса, қалғандары оны көре алмайды. Ол бізбен тең болу керек деп, ол адамның аяғынан тартады. Егер ол адам ауылда түрса, оның шөбін өртейді немесе малын ұрлап бітіреді. А.Яковлев ол кезді былай суреттейді: "Иек артушылыққа немесе арқа сүйеушілікке адам әбден үйренген. Тек қана сұра, сонда саған береді, жамандықта қалдырмайды, тіпті сен жұмыс істемесең де, міндетті түрде, еңбек ақы төлейді немесе өзің бос отыр, үкімді және нұсқауларды тос, барлығында саған түсіндіреді, көрсетеді, тіпті шайнап береді" -деп жазады. Ондай өмірді, А.Яковлев: "Иждивенческий социализм"-деп атайды. КСРО құлағанда, жоғарыда айтылған екі топтың адамдары да, өте қиын жағдайда қалған. Өмір бойы күн демей, түн демей, құр мақтау қағаз және коммунизм, социализм үшін жұмыс істеген адамдар, өз ойлаған мақсаттарына жете алмай қалды. «Олар өз-өздеріне, сонда біз не үшін соншама жұмыс істедік»-деген сұрақ қояды.. Ал, ол кезден оларға қалған сыйлық, бір сөре мақтау қағаздар және бұзылған денсаулық. Екінші топ, ол өмір бойы бос сөзге сүйеніп, жұмыс істемей жүрген адамдар үшін де, тіпті қиын-қыстау кезеңі келді. Бұрын олар, Ленин, партия, коммунизм деген сөздерді жиі қолданып, өте жақсы өмір сүрген болатын, ал мемлекет құлағаннан кейін, олар үлкен бір тірегінен айырылды.

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

      1. Посткеңестік кеңістіктегі шиеленістер

Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20

 

Тақырып 12. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары.    

Дәріс мақсаты: Орталық Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары туралы, олардың орны туралы түсінік беру. 

 Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру. 

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Қытай қауіп-қатері жөнінде соңғы кезде жиі айтылуда. Шындығында, аспан асты елінің әлемдік  геосаясатқа қаншалықты қатер төндірерлік әсер-ықпалы бар? Бұл жерде ең бірінші ауызға ілінері – аждаһа елінің күн санап қарыштап бара жатқан экономикасы.

Қазір Қытай  дүние жүзін өзінің арзан киім-кешегімен  толтырып тастады. Бұл тек Батыс  экономистерін ғана емес, дүниенің төрт бұрышын алаңдатуда. Соңғы ондаған жылдар бойы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 9,5 пайызды ұстап тұр. Тіпті 1997-1998 жылдары Оңтүстік Шығыс Азия қаржы дағдарысына ұшырап жатқанда, аспан асты елінің экономикасы ешқандай зардап шеккен жоқ. Қазір бұл тенденция әлемдік экономикада көш басшы болып табылатын АҚШ пен оның одақтастары құрған сауда-саттық жүйесіне де қауіп төндіре бастады. Алайда Батыс сарапшылары: «экономикасы қанша дамыса да, Қытайдың ішкі жағдайында қордаланып қалған маңызды мәселелер жеткілікті. Атап айтсақ, тауар сапасының нашарлығы, жұмысшылардың тәжірибесінің аздығы, жұмыссыздық. Осының бәрі бірде болмаса, бірде халықтың жаппай билікке деген қарсылығын, тіпті «түрлі-түсті» төңкеріске алып келуі мүмкін» деген болжам айтады. Осының өзі Қытай экономикасының сыртқа айтарлықтай қауіп төндіргенімен, ішкі шешілмей жатқан мәселелері де жеткілікті екенін көрсетеді. Екінші бір қауіп – Қытай демографиясы. Қазір жер бетіндегі иісі шүршіт 1,4 миллиардты құрайды. Оның жүздеген миллионы дүниенің төрт бұрышына шашылып кеткен. Қайсы бір елдерді бейбіт түрде экспанциялау да жүргізуде. Демографиялық есептеулерге қарағанда, тууға шектеу қойылса да қыз баладан гөрі, ұл бала қазір көптеп өмірге келуде. Алдағы 2015-2030 жылдары әйелдерге қарағанда, еркектер 25 миллионға көп болады деген болжам жасалуда. Тағы да сарапшылардың болжамына назар аударсақ, «еркектің көптігі қашанда мемлекет, не болмаса көрші аралық қақтығыстарға алып келеді. Тіпті басы бос еркек біткен жұмыс іздеп, өзге мемлекеттердің шегарасына өтеді, үйленеді оның арты «бейбіт» қытайландыру.

Тайвань мәселесін  күшпен шешуге тырысады. Тайбэйді көздеп орта қашықтыққа арналған 650-730-дай баллистикалық  зымырандар сақадай-сай тұр. Оған Тайваньның маңайына шоғырландырылған 375 мың сарбаз бен әскери кемелер, ұшақтарды қосыңыз. Қытайдың Корей жарты түбегінде әскери қуатын күшейтуі жалғыз Тайбэйді емес, сол маңдағы өзге елдің де қауіпсіздігіне әсер етеді. Пекиннің Мәскеуден жыл сайын 3 миллиардқа қару-жарақ алуы, құрлықаралық «Дунфэн-31» баллистикалық зымыранын әскери сапқа қоюы, Сары теңізде Ресеймен бірігіп әскери жаттығу өткізуі бір «тықырдың» жақындап қалғанын көрсетеді» деген қауіп білдіреді. Американ сарапшылары: «Қытай қазір әлемдік саясатта «құпия соғыс» жүргізуде. Оған қаржылық, ресурстық, психологиялық, экологиялық және ақпараттық майдан жатады» дейді. Аждаһа елімен соңғы кезеңде қанша одақпыз десе де, Мәскеу соңғы үлгідегі әскери техникаларын, оның ішінде Су-27 секілді ұшақтарын сата отырып, Пекиннен оларды Ресей шегарасынан тым әрі оңтүстікте жатқан Янцзы өзеніне қарай орналастыруды сұрауда. Мұның өзі сайып келгенде, Кремльдің Қытайға сенбейтінін, қауіптенетінін көрсетеді. «Қытайдың өсіп-өну демографиясын айтпағанда, экономикасында ілгерілеумен қатар, шегіністер де болуда. Оны Қытай мемлекеттік компаниясы «CNOOC Ltd»-ның америкалық «Unocal Corp» мұнай компаниясын сату, алу жөніндегі сәтсіздікті ескерген жөн. Ал Қытайдың әскери қуаты іргелі елдерге, соның ішінде АҚШ-қа, сондайлық қауіп төндіреді деу ертерек. Өйткені ядролық оқтұмсығы бар десек те, негізінен, армиясы өткен ғасырдың 50-60-жылдары Ресейден алынған ескі қару-жарақпен жарақтанған. Тіпті экономикалық дамуы мықты болса да, алдағы 20 жыл ішінде әскери бюджеті 200 миллиардтан асып кете қоймайды. Сондықтан «Қытай кереметі, Қытай қауіп-қатері» деген әңгіме ешқандай негізсіз» дейді Батыс сарапшылары. Бәлкім, бар шындық осы да болар-ау.

Информация о работе Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері