Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.
Территориялық көрші
Ресей мен Грузия қатынастары
ТМД елдерінің ішіндегі
Қақтығысты шешу
жолында БҰҰ делдал бола
2001 жылы «Боден
құжаты» атты бейбіт
- Абхазия саяси егеменді құрылым бола тұра, толықтай егеменді мемлекет болмады;
-екі үкімет те федеративтік мемлект деп анықталды;
-федеративті парламент
пен федеративті үкімет
-федерация заң шығарушы, атқарушы, сот билігінде негізделді
-мемелкеттік институттарға бөлінбеді
- Абхазия Грузияның құрамы деп анықталмаған, бірақ Сухум(и) Тбилисиға тікелей қарасты болды.
- Екі мемлекет те бір конституцияға бағынады.
- Шешім екі жақты
бейбіт түрде болмаса,
Ал осы Сухум(и)
мен Тбилиси шешімдерді
Екі жақ мемлекет ортақ шешуге тиіс. Екі жақта өз құқықтарын пайдалана отырып, бірігіп, тең бөлісіп пайдаларына асыру болды. БҰҰ отырысында бұл құжаттың кейбір жақтары терең қарастырылмаған: қорғаныс және қауіпсіздік саласы.
Жалпы Швейцария конституциясының ережесіне сәйкес Абхазия контон болып қана болып қала берді. Яғни тәуелсіз Грузия ішіндегі кіші мемлекет. Бұған әлем тәжирибесінен мысал ғып Ресей Федерациясының ішіндегі тәуелсіздік алған Коми Корелия, Коми, Башқұрстан, Татарстан мемлекеттерін айтамыз. Контон мемлекеттерінің автономиялылығы кең түрде: сыртқы саудасын жүргізді, мемлекет табиғи байлықтарын еркін пайдаланды.
БҰҰ-ның үрдісі Ресей мен батыстың «Бас хатшылық Достарының» арасындағы келісімін көздеді. Алайда, Ресей мен Грузия саяси жағдайының айқын болмағандығынан, Ресей келіссөзден бас тартты.
«Боден құжаты» грузин-абхаз шиеленісінің шешілуіне бағытталса да құжатқа байланысты әртүрлі сынды ескертулер болды:
Бұл сын БҰҰ бейтарап позициялы екенін көрсетеді. «Боден құжаты» БҰҰ-ның резолюциясы болып табылады. Ал Ресей позициясы орнап тұрған территориялық бүтіндікті сақтау үшін келіссөзді ары қарай келіссөзді жүргізуден бас тартты. Енді «Боден құжаты» мәнсіз болып қала берді. Мәселе егемендікте емес, құқық міндеттерді тең бөлісу болды. «Боден құжатын» талқылай отыра грузин-абхаз шиеленісінде делдалдыққа ұмтылған БҰҰ мен Ресей арасында өзара бәсекелестік тұрақтандыру үрдісін қиындатқанын көреміз. Балқан қақтығысында шешуші саяси рөлді АҚШ (Дейтон келісімі) немесе Сербия мен Черногорияға байланысты негізгі рөлді Еуропалық Одақ атқарса, Оңтүстік Кавказда ондай жетекшілік рөлді ешбір келісім де, мемлекет те, ұйым да атқармады. 2003 жылы Грузияға Панкисс қорғаны мәселесі бойынша американ әскери мамандары енгізіліп, грузин әскери реформасына араласуы бір айқындықты- Абхазия жағынан Ресей, Грузия жағынан АҚШ қолдауын көрсетті.
2003жылы Ресей және Грузия басшылары В:Путин мен Э.Шеварнадзенің орнаған мәселе бойынша Сочида кездесу өтті. Кездесу барысында грузин жетекшілігі шиеленісті тұрақтандыру үшін Ресейдің негізгі делдал болып, оған қосымша БҰҰ-мын тобықтай кірістірмеуге келісті. Сочи келісімі бойынша келесі мәселелер қаралды:
-Грузин қашқындарын Галль ауданына (Абхазия) қайтару
-Абхазия арқылы өтетін Ресей- Армения темір жолын қайта орнату
-Электробайланысты орнатуда әріптестіктің болуы
Қаралған мәселелер грузин-абхаз қысымын жеңілдетуге тиіс еді. Бұл келісімнен Абхазия «Боден құжатының» негізінде келіссөздерде қатысудан бас тартады. Нәтижесінде БҰҰ басқа да маңызды істерімен: қашқындарды қайтару, электробайланыс, транспорт, Галль ауданындағы қауіпсіздікпен айналысуы Сочи келісімінің жалғасын тапқандай болды. Сондай-ақ қауіпсіздік сферасындағы саясат және халықаралық кепілдік жөніндегі мәселелер қаралды.
2003 жылы қарашада Тбилисиде режимнің төңкерісі болып, Шеварнадзе жетекшілігінің халықаралық аренада, мемлекет ішінде нақты жетістікке жете алмауы халықтың толқуына және Шеварнадзенің қызметтен кетуіне әкелді. Михаил Саакашвилидің жаңа үкіметі жаңа тұрақтандыру шешімдерін дайындай бастады. Түсініксіз жайттар туындайды. Саакашвили федеративтік құрылымды орнатуды қолдағанымен, федерацияны орнатуда нақты позициясын көрсетпейді. Ал Уақытша президент орнын атқарған Нино Бурджанадзе 2004 жылы қаңтарда Абхазияны тұрақтандыру үшін Ресей мен қалыпты қатынас орнатуды ұйғарды. Жаңа билік орнағанымен, бақылауда болған жарты жыл уақытында Абхазия федеративтік статусы бойынша ешбір жаңа идея болған емес. Тек Грузия сыртқы істер министрі Тедо Джапаридзе Баку-Джейхан құбырымен қосылатын Абхазия арқылы өтетін Новороссийск мұнай құбырын салуды қозғайды. Бұл жағдай да мәселені шешуде еш жаңалық әкелген емес.
Шешу жолдары. ЕО-ты АҚШ, Ресеймен салыстырғанда грузин-абхаз шиеленісінде әлсіз роль атқарады. Грузия көзқарасында АҚШ пен НАТО рөлінің неғұрлым жоғарылауы оған тиімдірек. Ал абхаз көзқарасында Реседің стратегиялық мүддесі грузин федерациясына қосылмауын үміттендіреді. Ресейдің бұл қадамын грузиндықтар «бөліп ал да билей бер» саясаты деп қабылдайды. Абхаздар Ресеймен қатынасты ірі держава АҚШ пен іс жүзінде өмір сүріп жатқан Тайвань мемлекет арасындағы одақ ретінде қарастырады. ЕО-тың қақтығысқа қатысты нақты бір саяси позициясы анықталмаған:
ЕО-тың Абхазия және Грузияға қатысты қолданған үлгілері және оның нәтижелері.
Грузия және Абхазия |
1-ші үлгі |
2-ші үлгі |
3-ші үлгі |
ЕО-тың саясаты |
ЕО біртұтас мемлекет құрылғанын қолдайды. Қолдау салмақты стимулдармен бекітілмеген |
ЕО біржақты ғана қолдайды. Тбилиси ЕО-қа біржақты негізде кіреді. |
ЕО сецессияға кеіседі және екі жаққа да бірдей ықпал етеді. Қазіргі уақытта мүмкіндігі жоқ. |
Күткен нәтиже |
Тұрақтандыруға жету |
Шиеленістегі бір жақ Бұл мүмкін. Бірақ Ресей Абхазины қолдайды. |
Шиеленіс қару арқылы шешілді |
Күтпеген нәтиже |
Дисфункционалдық мемлекеттің құрылуы, билікке «теріс» саяси партияның келуі |
Әлсіз мемлекет құрылмай қалған мемлекет болады немесе 3-ші жақтың протектораты орнайды. Абхазия Ресеймен интеграциясына қарамастан өз мемлекеттігін негіздей алмайды. |
Домино принципі жүзеге асады. Басқа аймақтарда тұрақтандырмайды, микромемлекет санының өсуіне әкеледі. |
ЕО – абхаздар
үшін оның аймақтық саяси және
экономикалық интеграциясына
Абхазия Ресеймен
қоса бүкіл Еуропамен
ЕО-тың ролі туралы сөз қозғасақ, оңтүстік Кавказда АҚШ немесе Ресеймен салыстырғанда әлсіз ойыншы. ЕО-тың мақсаты шығыс Еуропада өзінің институттарын кең жаю. Одақтың кейбір мүшелері, мәселен Ұлыбритания, Германия Грузиямен әскери серіктестігінде екі жақтылы бағдарламасы бар. МООНГ – Грузиядағы БҰҰ-ның әскери бақылаушылары. Абхазияда МООНГ миссиясының құрамындағы ЕО-тың мүше-мемлекет арасында қарусызданған әскери бақылаушылары бар. ЕО Грузия мен РФ шекарасында ЕҚЫҰ бақылаушыларына ОВПБ (Ортақ Сыртқы Саясат және Қауіпсіздік Саясаты) шеңберінде материалдық көмек көрсетеді. Яғни ресей – шешен соғысының ресей –грузин шиеленісінің жалғасы болып кетпес үшін кедергі болып отыр. ЕО болашақта оңтүстік Кавказда бейбітшіліктің орнауына операциялар жасайды. Сондықтан ЕО-тың саясатын азаматтық күш ретінде қарастыру қате. ЕО құралдары демократиялық және құықтық стандарттарға сәйкес ішкі құрылыстарды өзгертуге негізделген. Одоқ сыртқы саяси құралдарын оңтүстік Кавказда қолдана алмайд:
ЕО атынан Швеция мен Грекия шығады. 2003 жылы оңтүстік Кавказ аймақ өкілінің арнайы миссиясы болып өткен. Грузин – абхаз қақтығысында Одақтың кейбір мүшелері өздеріне тиімсіз деп тапқандықтан, Одақ қосымша роль атқарады. Негізгі мақсат келісім бекіте РФ-сын тұрақтандыру үрдісіне кірістіру, институционалдық перспективасын жасау, бүкіл Кавказ аймағымен батыс Кавказды Еуропа құрылымына интеграцияландыру.
Кавказ тұрақтылығы үшін аймақтық Пакт 1999 жылы оңтүстік Кавказда да, ЕО-та да, Ресейде де талқыланған болатын. Пакт идеясы аймақ үкіметін де қызықтырып тартты, ЕО шеңберінде де саяси қолдау тапты. Мазалаған мәселе – аймақтық интеграцияға РФ-мен қоса оңтүстік жақтағы көршілер Иран, Түркияны қосудың маңыздылығы қагшалықты. Иран мен Түркияның интеграцияға араласуы – Таулы Қарабахқа да қатысы бар. Аймақтық пактінің принциптері қолдауды қажет етеді. Бірінші принцип, келісім бекітілгеннен, аймақтық пакт идясын дұрыс құру. Пакт бүкіл Кавка жеріне, сонымен қоса РФ, Иран және Түркия құрамындағы Кавказ аймағына жүргізілуі тиіс. Пактті жүзеге асыру үшін сыртқы күштердің (ЕО немесе басқа еуропалық құрылымдар) кең қолдауын қажет етеді. Екінші принцип, аймақтық пакт идеясының негізгі мәселесі – келісімді бекіткеннен кейін жағдайдың қалай орнауында. Басты назар РФ доминиондығын сақтауында жатыр. Абхаздар бұл пактті жалпы қолдайды. Аймақтық құрылым тәуелсіз Абхазия мен Грузия, жалпы Кавказдық интеграцияны қамту керек. Бірақ бұл нұсқаның орындалмайтыны әбден анық.