Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа

Описание работы

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Ауған соғысы. Бұл Ауғанстанның коммунистік өкіметі мен ислам көтерілісшілеріне байланысты мемлекетке енген кеңес әсері арасындағы соғыс. Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан соң, бейтарап мемлекет статусын иемдене отырып, іс жүзінде кеңестік ықпалда тіршілік етті. КСРО-мен әріптестік өте тығыз болды. Елде әрқашан көптеген көлемде кеңестік мамандар қызмет атқарды, ал ауғандықтар кеңестік жоғарғы оқу орындарында білім алды. 1973 жылы Ауғанстанда монархия құлатылды. Төңкеріс салдарынан өкімет басына соңғы ханзада Закир Шахтың інісі Мұхаммед Дауд келіп, президенттік диктатураны орнатады.  КСРО-мен арадағы қарым-қатынасқа жүйенің өзгерісі ешқандай көрініс таппады. Ал Даудтың тақтан құлатылуы мен 1978 жылдың 27-28 сәуіріндегі төңкеріс барысында әскери бөлімшелері қолынан, яғни Ауғанстан прокоммунистік Халықтық-Демократиялық Партиясының (АХДП) жақтаушыларының қатысуымен қазаға ұшыратылуы көпжылдық қантөгісті соғыстың алғышарты тәрізденді. Кеңестік жақ төңкеріске тікелей қатыспады, бірақ мемлекетте орналасқан әскери кеңесшілер бұған дайындық жайлы білді. Десек те, Даудқа хабарлау туралы бұйрық алынбағандықтан, алдын-алуға ешбір әрекет жасалмады. Керісінше , Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) өкілдері төңкеріс басшыларына табысқа қол жеткен жағдайда өздері тұсынан қолдау мен мойындау күтетіндігіне сендіру үшін жағдай жасады. АХДП аз мөлшерлі интеллигенциялық партия болды. Сонымен қатар ол екі өштескен фракцияларға бөлініп кетті: «Хальк» («Халық») және «Парчам» («Жалау»). Президенттік орынға отырған «Хальк» лидері Нұр Мұхаммед Тараки елде интенсивті жаңартуларды бастады. Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдауды алып тастады, әйел адамдардың құқықтары мен міндеттерінің өрістері біраз кеңейтілді (мысалы:білім алуға,чадраны шешуге рұқсат берілді). Сауатсыздықты жою кампаниясы жарияланды, агралық реформа, ұжымдастыру бастамасы көрініс алды. Бұның барлығы мұсылмандар арасында наразылық тудырды. Ауған қоғамы, қалалықтардың сирек қатарын қоспағанда, сипаты жағынан феодалдық және радикалды жаңартуларға дайын емес еді. Негізгі тұрғындар – пуштундар арасында әлі күнге дейін туыстық-тайпалық құрылым сақталып, аса ықпалдылары ретінде тайпа көсемдері танылды. Исламды «қанаушы топтардың» мүдделерін ғана қорғайтын дін ретінде жария етті, ал рухтылыққа қатысты террор ұйымдастырылды. Пуштундардың тайпаларының жоғарғы жағын биліктен айыру, тіпті мүлдем жойып жіберуге қатысты әрекеттер жүргізілді. Шаруалар ұсынылып отырған жер телімдерінен бас тартып отырды, өйткені оларды өңдеуге жағдайлары келмеді. 1978 жылдың жазынан бастап жаңа өкіметке қарсылықты Даудқа қарсы күрескен ислам фундаменталистерінің жақтастары таныта бастады. Оларға пуштун тайпаларының біршама топтары бірікті. Осы кезеңге қарай Таракидің парчамисттермен арасындағы қарым-қатынасы шиеленісті. Парчамисттердің көп бөлігі жазаланды. 1978 жылдың 5 желтоқсанында кеңес-ауғандық достық, тату көршілік және сыртқы қауіптен қорғану мақсатымен өзара көмекке келуді көздеп отырған қызметтестік  жайлы келісім құрылады. Біртіндеп Тараки әкімшілігі мемлекетке бақылаудан жоғалта бастады. Көрші Пәкістанда 2 миллионға жуық ауғандық босқындар орналасты. Сәтсіздіктермен байланысты президент пен «Хальк» фракциясындағы екінші адам, әскерге тікелей ықпал етуші – премьер-министр Хазифулла Аминмен арадағы қатынас алшақтады. Амин әлсіреп келе жатқа билікті түрлі әлеуметтік және этникалық топтар арасынан жақтастар табу арқылы нығайтуға ұмтылды. Бірақ Мәскеу негізгі қадамды Таракимен байланыстыруды шешіп, оған қарсыласының көзін жоюды ұсынды. Кремльде Ауғанстанды Үнді мұхитына өту плацдармы ртінде  пайдалануды көздеді. 1978 жылы 8 қыркүйекте президент сарайында Тараки күзетшілері Аминге қастандық жасады. Бірақ Амин аман қалып, Кабул гарнизонының адал бөлшектерін көтеріп, Таракиді ығыстырды. Амин террорды үдетіп жібереді. Бірақ ол да алынып тасталады. Тараки де, Амин де бірнеше рет КСРО-дан Ауғанстанға әскер жіберуді өтінеді. Олардың бұл өтініші ауған басшылырының қауіпсіздігін сақтап, көтерілісші-моджахедтерге қарсы күрес жүргізуді жүзеге асыруға қажет ұсақ бөлімшелерге қатысты болатын. 1979 жылдың 12 желтоқсанында Политбюро кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуіне және Аминнің көзін жоюға келісім береді. Арнайы КГБ «Альфа» тобы 1979 жылдың 27-ші желтоқсанында Ауған астанасына келіп, Аминді отбасымен және жақын орналасқан қорғаушыларымен тұтастай жойып жібереді. Кейінірек Аминді ауған революциясының күштері өлтірді деп жарияланады. Ертеңінде Кадулға кеңестік әскер келе бастайды. Ол Пәкістан, Иран, Қытай және АҚШ-тың ауған көтерілісшілерін қолдаудан көрінген Ауғанстанға қарсы сыртқы агрессиямен және «заңды ауған өкіметінің» өтініш білдіруімен түсіндіріледі. Ауған өкіметтік әскері кеңес әскері қолдауымен астана мен провинциялық орталықтарды ғана бақылады. Көтерілісшілердің бақылауына ауылды, таулы және алшақтағы аймақтар өтті. Моджахеттер Пәкістандағы пуштундық тайпалардан көмек алды, ал ауған-пәкістандық шекараны жабу, оқшаулау мүмкін емес еді. Соғыстан қашып Пәкістан мен Иранға 4 миллионнан астам босқындар кетті. Көтерілісшілер кеңестік көлік, ұсақ гарнизон, отрядтарға қарулы шабуылдар ашты. Кейбір топтар, әсіресе Панджшерлық аймақта орналасқан тәжік далалық әскербасы Ахмад Шах Массудтың әскері тұтас кеңестік дивизиялармен нәтижелі шайқастарға шықты. 80-ші жылдардың орта шеніне қарай Ауғаныстандағы кеңестік әскери қатысудың еш тиімсіздігі анық байқалды. 1985 жылдары Горбачев билікке келген соң, Кармаль ертеректе қауіпсіздік қызметі басшысы болған Наджибуллаға алмастырылады. Ол жүйеге тіректі пуштундық тайпалар мен солтүстіктегі ұлыстардан табуға тырысады. Дегенмен ол мұнда тек генерал Рашид Дустумның өзбек дивизиясына ғана арқа сүйей алады. Кабул өкіметі толығымен кеңестік әскери және сауда көмегіне тәуелді болады. АҚШ көтерілісшілерге көмекті оларды «Стингер» зинитті зымыранымен қамтамасыз ету арқылы белсендендіреді. Бірнеше ұшақ пен тікұшақ құлатылып, әуедегі кеңестік басымдылық толықтай жойылады. 1988 жылы 14 сәуірде Женевада Ауғанстан, Пәкістан, КСРО, АҚШ арасында саяси реттеу туралы келісім құрылады. Кеңес әскерінің елден шығарылатындығы мәлімделді. 1989 жылдың 15 ақпанында шектеулі контингентті басқарушы генерал Борис Громов соңғы болып шекарадағы өзен Пяндждан өтеді. Ресми деректерде кеңестік шығын бойынша 14 433 әскери қызметкерді және 20 азаматтық тұлғаларды қаза болды, 298 жоғалып кетті, 54 мыңы жараланды және 416 мыңы сырқаттанды. Ауған шығынының нақты мәліметтері жоқ. Әскерді шығарған соң кеңестер жағы Наджибуллаға көлемді әскери көмек көрсетуді жалғастырып отырды. 1992 жылдың наурызында кеңестік қолдаудан айрылған Наджибуллаға Дустум қарсы шығып, Кабулды басып алды. Бұрынғы диктатор БҰҰ-ның миссиясына тығылды. Ауғанстанда әртүрлі этникалық және саяси топтардың арасындағы соғыс өріс алды. Ол қазіргі кезеңге дейін тоқтаған емес. 1996 жылы медреседе оқушылармен басқарылатын және пуштун халықтарынан қолдау тауып отырған «Талибан» қозғалыс топтары Кабулды басып алды. Наджибулла миссияға арналған ғимаратта қолға түсіп дарға асылады. 2000 жылдың басында бұл қозғалыс Ауғанстанның 90 пайыз территориясын бақылауда ұстап отырды.

Кариб дағдарысы. 1959 жылдың бірінші қаңтарында Кубадағы ұзақ азаматтық соғыстан кейін коммунистік патизандар басшылығындағы Фидель Кастромен президент Батистаның өкіметін құлатады. АҚШ өзінің маңайында коммунистік мемлекеттің пайда болуынан қауіптенеді. 1961жылға қарай американдық президент Джон Кеннеди өз отанын «Кастроның қолынан» азат етуге ұмтылған кубалық эмигранттарға көмек беруге келісім береді. Бұның нәтижесі кубалық күрескерлер отрядтарының кочинос бұғазына орналастырулыныың сәтсіз аяқталуы болды. Бұл оқиға Кастроны Мәскеуден тірек іздеуге итермелеп, 1962 жылдың күзінде Кубада 42 ядролық ракета және ядролық қарударды тасымалдауға көмектесетін құрылғылар орналастырылады. Ракеталарды орналастыру құпия жүргізіледі, бірақ қыркүйектің өзінде-ақ АҚШ өкіметі сезіктене бастайды. 4 қыркүйекте президент Джон Кеннеди 150 км қашықтықтағы кеңестік ядролық ракеталарға АҚШ көзін жауып қарап тұра алмайтындығын баяндайды. Жауап ретінде Хрущев Кеннедиді ешқандай кеңестік ракеталар немесе ядролық зарядтар Куба территорисында жоқ және болмайтындығына сендіруге тырысады. Кубада американдықтармен табылған құрылғыларды ол кеңестік зерттеу құрылғылары деп атайды. Бірақ 14 қазанда американдық барлау ұшағы ракеталарға арналған алаңдарды суретке түсіріп алады. Аса құпия жағдайда АҚШ жауапты шараларды талқылай бастайды.Генералдар тез арада кеңес ракеталарын әуеден жарып жіберіп, аралға теңіз әскерімен басып кіруді бастауды ұсынды. Бірақ бұл Кеңес Одағымен соғысқа әкелуі мүмкін еді. Бұл соғыстың аяқталу салдарының қандай болатындығына қатысты нақты ой болмағандықтан американдықтарға бұл шешім ұнамады. Сондықтан Джон Кеннеди жұмсартылған әрекеттерге кірісуді жөн көрді. 22 қазанда ұлтына жолдауында ол Кубада кеңестік ракеталардың табылғандығын жариялады және КСРО-дан оларды қысқа мерзімде әкетуді талап етті. Кеннеди АҚШ-тың Кубаның әскери-теңіз блокадасын құруды бастағандығын айтты. 24 қазанда КСРО өтініші бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жиналды. Кеңес Өкіметі бұрынғыша ракеталардың жоқтығын атап өтті. Бірнеше күннен соң АҚШ-тың қалайда болса ракеталарды жоюдан бет бұрмайтындығы мәлім болды. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге Кубада мықты кеңестік қару бар екендігін мойындап хат жібереді. Сонымен қатар президентті КСРО АҚШ-қа шабуылдауды мақсат етпейтіндігін айтады. Никита Хрущев Джон Кеннедиге Кубаға  шабуыл жасамау міндеттемесін өз мойынына алуды ұсынады. Бұл КСРО-ның қаруды алып кетуінің алғышарты ретінде анықталады. Сөйтіп бейбітшілікке алғашқы қадам жасалады. Бірақ 27 қазан Кубаның «қараңғы сенбісіне» айналады. Бұл күндері Кубаның әуесінен қорқыту мақсатымен тәулігіне екі рет американдық ұшақ эскадрильялары ұшырылып отырды. Дәл сол күні кеңестік әскер зенитті ракетамен барлаушы ұшақтардық бірін құлатады. Ұшақ пилоты Андерсон қайтыс болады. Жағдай шарықтау шегіне жетіп, АҚШ президенті екі тәуліктен соң кеңестік ракеталық базалардың бомбалануы мен аралға әскери шабуылды бастауды шешеді. Көптеген американдықтар ірі қалаларды жақын арадағы кеңестік соққыдан қауіптеніп тастап кетті. Әлем ядролық соғыс қарсаңында тұрды. Бірақ жексенбіде кеңестік өкімет американдық талаптарды қабылдауды ұйғарды. АҚШ президентіне ашық жолдау жіберіледі. Кубадағы ракеталарды әкету кубалық өкіметпен ақылдасусыз қабылданады. Бұл әдейі істелуі мүмкін, себебі Фидель Кастро ракеталардың әкетілуіне қарсылық білдірген. Халықаралық жағдай 28 қарашадан бастап қалпына келе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын әкетеді. 20 қарашада АҚШ аралдың теңіз блокадасын алып тастайды. Кариб дағдарысы бейбіт түрде шешімін тапты, бірақ ол әлемнің болашақ тағдыры жайлы ойға себеп болды. Жалпы алғанда, Кубадағы дағдарыс әлемге АҚШ пен КСРО-ны сыртқы саясаттарында өзара жол берулерге баруға итермелеп тек оң әсерін тигізді деуге болады.

Үндіқытайдағы соғыс (1945-1975 жылдар).Үндіқытайдағы француз отарларының ұлттың азаттығы үшін басталып, кейіннен осы мемлекеттердің коммунистік және коммунистік емес өкіметтері арасында болған күреске ұласқан соғыс. Бұл күресте антикоммунистік жүйе жағында Оңтүстік Вьетнамға жарты миллиондық әскер аттандырған АҚШ және оның жақтастары. Ал Солтүстік Вьетнамдағы коммунистік жүйені КСРО мен Қытай қолдады. 1945 жылдың қыркүйегіндегі Жапон капитуляциясынан кейін басшылығындағы Хо Ши Минмен вьетнам коммунистік партизандары Вьетнамның солтүстігіндегі жапондық әскерді қарусыздандырып Ханоеда өз өкіметін құрды. Вьетнамның оңтүстігінде британдық әскер өз жақтарына қосып алған жапондық әскери тұтқындармен партизандардың шабуылдарына қарсы тұрып, Сайгон және өзге қалаларды өз бақылауында сақтап қалды. 1945 жылдың қазанында Үндіқытайға француздық әскер тұрақтанды. Жылдың аяғына қарай олар Лаос, Камбоджа және Вьетнамның оңтүстік аудандарын жаулап алды. Француз өкіметі олардың қолшоқпары – император Бао Дайдың билігін мойындаған жағдайда, Хо Ши Минді Солтүстіктің губернаторы етіп тағайындауға келісім беруге дайындығын айтып, онымен келісімге келуге тырысты. Коммунистік көсем бұл ұсыныстан бас тартты. Сондықтан 1946 жылдың қарашасында француздар солтүстік Вьетнамда тұрақтанып, Хайфон, Ханой және тағы басқа ірі қалаларды жаулап алды. Коммунистік әскердің негізгі күші таулы аймақтарға шегінді. Вьетнам коммунисттері елеулі көмекті басшылығында Мао Цзэдун отырған Қытайдың коммунистік ұлт-азаттық армиясынан алып отырды. 1949 жылы Қытайдағы коммунисттердің жеңісінен соң бұл көмек біршама өсе түскен болатын. Вьетмин кеңестік қарумен де үлкен көлемде қамтамасыз етіліп отырған болатын. 1950 жылдың қаңтарында Хо Ши мин өкіметі КСРО және Қытаймен Вьетнамдағы жалғыз заңды өкімет ретінде танылды. Жауап ретінде АҚШ пен НАТО-ның құрамындағы басқа мемлекеттер Бао Дайдың номиналды тәуелсіздігін мойындап, француз әскерлері мен олардың үндіқытайлық қолдаушыларын қарумен қамтамасыз етуді бастады. 1950жылдың соңына дейін Вьетмин француздарды шекарадан қытайлық әскер көмегімен ығыстырып отырды. 1951 жылдың басында Үндіқытайдағы француз әскерін басқаруға маршал Жан Мари де Латр де Тассиньи келді. Ол Ханой мен Қызыл өзен дельтасын қорғау үшін арнайы сызық құрылысын бастауды шешті. Партизандармен күрес үшін Ларт кең көлемде әуе десанттарын және ұшақ пен тікұшақ тірегін пайдалануы тиіс мобильді отрядттарды дүниеге әкелді. 1951 жылдың бірінші жартысында бұл тактика француздарға біршама табыс әкелген болатын. Генерал Во Нгуен Зиап өз қарамағындағы коммунистік күштермен қайта топтасып, шабуылдарға көшуді көздеді. Бірақ олар 1951 жылдың қазанында қайта жеңіліске ұшырады. Ендігіде Латр де Тассиньи Қытайдан қару-жарақпен қамтамасыз етілуге кедергі болу мақсатымен шекара аумағын басып алуға ұмтылды. Дегенмен бұл операцияның пайдасынан зияны көп болды. Себебі алыс орналасқан аймақтарды қамтамасыз етуге көп күш пен қаражат жұмсау керек болды, ал мақсат етілген тиімді шекара блокадасына қол жеткізілмеді. Қарашада сырқаттанған Латр де Тассиньи Үндіқытайдан қайтып, бір-екі айдан соң қайтыс болды. Оның орнына келген Рауль Салан Вьетминмен күресті жаңа ірі әскери күшсіз жүргізу мүмкін емес деп, оларды тез арада жеткізуді талап етеді. Француз өкіметі бұл талапты орындауды қажет деп танымады.1952 жылдың аяғы 1953 жылдың басында француздар көбінде қорғанып отырды. 1953 жылы Хо Ши Мин әскерлері Лаосқа дейін жетіп, француздықтарды майдан шебін одан әрі кеңейтуге мәжбүрледі. Бірақ  француздықтар АҚШ тарапынан жаңа қарулармен жабдықталып, Вьетмин өкіметін негізгі шайқаста талқандауды мақсат тұтты. Бұл шайқасты жүзеге асыратын орын ретінде Дьенбьенфу деген ауылды аймақ таңдалып алынды. Ол вьтнамдық коммунисттерді қамтамасыз етудің негізгі аймағы және Қытайды Лаос, солтүстік және орталық Вьетнамға дейінгі аймақтармен біріктіретін жер болды. 1953 жылы 20-шы қарашада француз десанттары Дьембьенфуды басып алып, онда әуеден жабдықталатын мықты, қамсыздандырылған пункт құрды. Саланның жорамалдауы бойынша қалың орманды аумақ қарсыласқа ауыр артиллерияны орналастыруға мүмкіндік бермеуі керек болды. Бұл жағдайда гарнизон қарсыласуды оңай жүзеге асыруы мүмкін еді. Бірақ солтүстіквьетнамдық армияны басқарып отырған генерал Зиап мемлекеттің бірнеше аймағында бірнеше сәтті шабуылды жүзеге асырып, француздықтардың әрекеттерін шектеді. Сонымен қатар Дьенбьенфуда 50 мыңға жуық армияны Қытайдан алынған қарумен жасақтады.1954 жылдың 13-ші наурызында Вьетмин әскерлері Дьенбьенфуға шабуылды жүзеге асырды. Бірінші мамырда вьетнамдықтар шешуші қадамға көшуді ұйғарып, бір аптадан соң қарсыласты әлсіретті. 13 мыңдық гарнизоннан 6 мыңы қайтыс болды, ал 7 мыңы басшылығындағы Кристиан де Кастриспен тұтқындалды. Дьенбьенфудағы вьетнамдық шығын 23 мың қайтыс болған және жараланған адаммен есептелді. Бұл жеңілістен кейін Франция өзінің Үндіқытайдағы әскери тұрақтануынан бас тартты. 1954 жыл жиырма бірінші шілде күні Женевада Лаос пен Камбожда тәуелсіз мемлекет атанып, ал Вьетнам 17-ші параллель бойынша коммунистік Солтүстік және батысшыл Оңтүстікке бөлінген келісімдерге қол қойылды. Десек те Хо Ши Мин өкіметі Оңтүстік Вьетамдағы партизандар мен Лаостағы коммунистік көтерілісші топтарға қолдау көрсетуді тоқтатпады. Камбоджада билікке оңтүстіквьетнамдық партизандарды өз мемлекетінің территориясы арқылы қамсыздандыруға келісім берген ханзада Нолродом Сианук келді. 1956 жылы Вьетнамның екі бөлігінде де болашақтағы мемлекеттердің бірігуіне бағытталған бастама болатын еркін сайлау өткізілмек еді. Бірақ Оңтүстік Вьетнамның президенті Нго Динь Дьем американдықтардан қолдау тауып, Солтүстіктегі сайлау демократиялы түрде өтпеді деген сылтаумен Хо Ши Мин өкіметін мойындауға келісім бермеді. 1957 жылы коммунистік партизандар ендігіде Вьет-Конг деген атауды иемденіп Оңтүстік Вьетнамда кең ауқымды операцияларды қайта жандандырды. 1962 жылдың соңына қарай америкадық әскери кеңесшілер саны 9 мыңға жетті, бірақ антипартизандық операциялардың тиімділігіне ешқандай әсерін тигізбеді. 1963 жылдың қарашасында Нго Динь Дьем оңтүстіквьетнамдық армия басшыларымен биліктен құлатылды. Бірақ Оңтүстік Вьетнам территориясында бақылау орнату олардың да қодарынан келмеді. Кейінен Вашингтонда кең көлемді американдық әскери интервенция жайлы шешім қабылданды. 1964 жылы 2 тамызда Тонкин шығанағында американдықтарға вьетамдықтар тұсынан шабуыл жасалады. Бірнеше күннен соң АҚШ Конгрессі Оңтүстік Вьетнамға американдық әскерді жіберуді санкциялап, американдық авияциямен Солтүстік Вьетам бомбардировкасын бастап кетті. Тек 1968 жылы АҚШ-та Тонкин оқиғасы алдын-ала жоспарланған провокация, ал солтүстіквьетнамдық торпедалық катерлер ролінде Оңтүстік Вьетнам катерлері болғандығын көрсеткен Пентагонның құжаттары басылымға шықты. 1969 жылдың қаңтарына қарай, жаңадан сайланған АҚШ президенті Р.Никсон Вьетнам соғысына қатысып отырған американдық әскер санын азайту үрдісін бастады. Бұл кезеңде Оңтүстік Вьетнамда олардың саны 540 мың адамға жеткен болатын. 1964-1973 жылыдар аралығында өткен Үндіқытайдағы соғысты жүргізуге АҚШ барлығы 352 миллиард доллар жұмсады. Шиеленіске АҚШ-тың жаяу әскерінің 68 пайызы, теңіз әскерінің 60 пайызы, жарты стратегиялық және үштен бір тактикалық авияциялық әскер қатысты. 1965 жылы 8-ші ақпанда американдық ұшақтар Вьет-Конгке көмекке кедергі болу үшін, Солтүстік Вьетнам территориясына бомбалар тастауды бастады. Кеңес Өкіметі Вьетнам Демократиялық Республикасына АҚШ-ты үлкен шығынға әкелген «земля-воздух» ракеталарымен және МиГ истребительдерін орналастырып отырды. Қытай жағынан да қарумен, әскермен қамтамасыз ету жүзеге асты. 1965 жылдың орта шенінде Уэстморленд талабы бойынша президент Линдон Джонсон жердегі операцияларға американдық жаяу әскерді кең көлемде пайдалануға келісім береді. Алғашқы ірі шабуылды американдықтар 1965 жылдың  қазанында өткізді. Оған қатысушылырды 200 мың американдық солдат, 500 мың Оңтүстік Вьетнам өкіметтік армиясы солдаттары мен америка жақтастары – австралиялықтар, филиппиндіктер, таиландтықтар, оңтүстіккореялықтардан жасақталған 28 мың солдат құрады. Шабуыл екі бағытты қамтыды: Орталық Вьетнамның кеме тұрақтарынан Лаос, Камбоджа шекарасына және оңтүстікте Сайгоннан камбоджалық шекараға дейін. Американдықтардың жеке жеңістеріне қарамастан, олар Вьет-Конгтың негізгі күштерін жоя алмады. Себебі, біріншіден оңтүстіквьетнамдық өкіметтік әскердің әскери дайындығының төмендігі, екіншіден, американдықтар мен жақтастарының тропикалық орман жағдайында соғысқа дайын болмағандығы және соы жағдайға байланысты қару-жарақпен қамтамасыз етудегі қиындықтар. Келесі Вьет-Конг позицияларына шабуыл 1966 жылы болды. Жаңа шабуыл Сайгоннан солтүстікке қарай орналасқан Вьет-Конгтың негізгі топтамасына бағытталды. Онда 410 мың американдық, 500 мың оңтүстіквьетнамдық және 54 мың одақтас елдер әскерлері қатысты. Қарсы тұрушылар саны 160 мың вьетконгтіктер және 90 мың солтүстіквьетнамдықтар болды. Американдықтардық тікелей соғысқа қатысқан әскері тек 70 мыңға жуық болды. Американдық және оңтүстіквьетнамдық армия ауыр шайқастардан соң, Камбоджамен шекараға дейін жетті. Бірақ қарсыластың күшін талқандауға қол жетпеді. Сол тәрізді өзге де 1967 жылғы шабуылдар ешбір маңызды нәтижелерге әкелмеді. 1968 жылдың 30 қаңтарында Тет вьетконгтік мен солтүстіквьетнамдық әскерлер Сайгон және тағы сол тәріздес ірі қалалар, Оңтүстік Вьетнамның әскери базаларына шабуыл жүргізді. Шабуыл барысында соглтүстіквьетнамдықтар мен партизандардың, американдық санақ бойынша, 50 мыңы қайтыс болған және жараланған, бірақ бұл олардың әскери күшін әлсіретпеді. 1968 жылы сәуірде Америка президенті Солтүстік Вьетнамды бомбалауды тоқтату бұйрығын берді. Мамырда Демократиялық Вьетнам Респубдикасы мен АҚШ арасындағы келіссөздер басталды. Президент Джонсонның орнын басқан Ричард Никсон соғыс саясатын «вьетнамдандыру» бағытына көшті. 1969 жыл Үндіқытайдағы американдық әскер санының біртіндеп кеми бастауымен сипатталады. Енді солтүстіквьетнамдықтар мен партизандарға қарсы күрестің ауырлығы оңтүстіквьетнамдықтарға түсті.  1969-1971 жылдар аралығында Солтүстік Вьетнамнан Вьетконгті жабдықтау жолдарын қиып өту үшін, Лаос пен Камбоджа территорияларында жүргізілуге бағытталған, американдық әскердің қатысуымен жүзеге асатын бірнеше операцияларды жүзеге асыру алға қойылады. Дегенмен «Хо Ши Мин жолын» оқшаулау орындалмайды. 1970 жылдың наурызындакамбоджилік ханзада Сианук тақтан құлатылып, орнына америкашыл көңіл-күйдегі генерал Лон Нол отырады. Камбоджаның орасан зор аумағы коммунистік партизан «қызыл кхмерлерге» өтеді. Өкіметтік билік қарамағында астанасы Пномпень мен өзге де ірі қалаларды сақтау үшін американдық авиация күшіне жүгінуге тура келді. 1971 жылдың соңына қарай Вьетнамдағы американдық әскер 160 мың адамға қысқарды. Қарсы жақ бұл жағдайды пайдаланып, 1972 жылдың 30-шы наурызында солтүстіквьетнамдық әскер вьетконгтердің қолдауымен кең ауқымды басқыншылық әрекеттерге кірісті. АҚШ Солтүстік Вьетнам территориясын бомбалауды қайта бастады. Қазанның  соңғы шенінде париж келіссөздеріндегі ілгері жылжуларға байланысты Солтүстік Вьетнамды бомбалау тоқтап, келіссөз нашарлағанда қайта жанданып он екі күнге созылған болатын. 1973жылдың 27-ші қаңтарында Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және ондағы бейбітшілікті қалпына келтіру туралы Келісімге қол қойылады. АҚШ шабуылдарын тоқтатып, наурызда әскерін әкетеді. Елде 20 мың американдық әскери кеңесші ғана қалады. Париж келісімі Вьетнамда екі армия мен екі бақылау аймағы – Сайгон мен Вьетконгтағы өкіметтерді мойындайды. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталып, 1974 жылы сәуірде үзіледі. АҚШ Уотергейттегі дауға және америкалық атқарушы өкіметінің позицияларының күрт әлсіреуіне байланысты Оңтүстік Вьетнамға көмекті қысқартады. Бұны пайдаланып 1975 жылдың наурызында Солтүстік Вьетнам армиясы оңтүстікке шабуыл жасайды. Американдықтар тек Сайгондағы өкіметке жіберілетін қару көлемін ұлғайтты, бірақ бомбалауға көше алмады. Себебі АҚШ-тың конгресі бұған үлкен наразылық танытты. 1975 жылы 30 сәуірде солтүстіквьетнамдық және вьетконгтік соққылар нәтижесінде Сайгон құлайды. Солтүстік пен Оңтүстік Вьетнам Социалистік Республикасына біріктіріледі.  Осы тұста Лаоста билікке коммунистік Патет-Лао, ал Камбоджада «қызыл кхмерлер» келеді. 1978 жылдың соңына қарай елде Пномпенде Хенг Самрин өкіметін орнатқан вьетнамдық әскер енгізіледі. «қызыл кхмерлерге» одақтас Қытай жауап ретінде 1979 жылдың ақпанында үш солтүстіквьетнамдық провинцияға шабуыл жасауды шешіп, бір айдан соң оларды иемденіп алады. Бұл шабуылдың мақсаты Камбоджадағы вьетнамдық әскерді екі жаққа бөлу, санын азайту болды. Вьетнамдықтарды әлсірете алмағандықтан наурыздың аяғында қытайлық әскерлер басылып алынған территорияларды тастап кетеді. 1989 жылы халықаралық қысым нәтижесінде Вьетнам әскерлері Камбождадан кетеді, бірақ ондағы вьетнамдық жүйе сақталып қалады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

 «Қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы шиеленістерді шешу?

 Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.

 

Тақырып 5. Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация

Дәріс мақсаты: Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1 Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Шиеленістерді бейбіт жолмен шешу құқығы - бұл, мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу тәртібін анықтайтын принциптер мен нормалардың үйлесімділігі.

Халықаралық негізгі  мәселелердің бірі - халықаралық жэне аймақтық шиеленістер болып табылады. Бұл дәлелдеген және соңғы онжылыдқтың алдында тұрған мақсаттарды тіршілікке талпыну және термо-ядролық апаттарды болдырмауды жүзеге асыру. Кез келген қарулы қақтығыс ол саяси шиеленістердің шектетн шыққан көрінісі ретінде ғана. Оның жоғарғы сатысы шиеленіс себебін реттеу тэсілін зертттеуі, әсіресе, оны оңай шешуге болатын кезінде тек теориялық қана емес, сондай-ақ алып тәжірибелік мағынасы бар.

Жалпы алғанда аймақтық шиеленіс территория мен ресурстар  үшін екі немесе одан да көп мемлекеттер арасында бэсекелестік іс-әрекет болып табылады. Бүл іс-әрекет эр түрлі жолмен жүргізіледі. XX ғасыр адамзат тарихында қантөгіс пен қирату жағынан ең қиыны болды. Аймақтық соғыс дегеніміз — шектелген шиеленіс. Ол аймақтар территориясында шоғырланған, алайда, саяси-экономикалық салдары оның шекарасынан элдеқайда шығып кетуі мүмкін.осындай шиеленістерде ешқандай қатысы доқ мемлекеттер мен ұйымдар аралысуы мүмкін.

 

Өзін тексеруге  арналған тапсырмалар:

    1. Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация?

Әдебиеттер: 1,2, 12,15, 20,22,23.

 

Бөлім  2. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары

 

Глоссарий  (сөздік, анықтама):

Саяси қақтығыс – саяси үрдіс элементі. Қақтығысты қадағалау – саяси үрдістің қандай да бөлігін қадағалау деген сөз. Үшінші жақ үшін қақтығыс саяси үрдісті қадағалау механизмі потенциалын жоғалтпайды, тіптен қақтығыс түпкі тарихын білмей тұрып, оған тиімі де көп болып келеді.

Келістіруші әдістер-тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шиеленістерді шешуде мағызды роль атқарады. Бұл әдістің негізі шиеленісуші жақтарды тікелей қарым-қатынас жасап, келісімге келуінде. Бұндай әдістерге: келісімдер, кеңестер, қайырымды қызмет көрсету,татуластырушылық, фактті анықтау.келісу болып табылады.

Келісімдер- шиеленісуші жақтардың келісімге келу мақсатында тікелей қарым-қатынас жасауы. Іс жүзінде шиеленістер дипломатиялық каналдар арқылы шешіледі. Келісім жүргізу арнайы дайындықты қажет етпейді. Келісім арқылы саяси және заңды мәселелер шешіледі. Келісімдер екі жақты.көп жақты болады.

Кеңестер-келісімдердің бір түрі. Кеңестер ресми келіссөзге дейінгі шиеленісті шешу әдісі болып табылады.

Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің қатысушылары берілген үсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді. Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бүл осы жағдайдағы ең жақсы шешім болып табылады.

 

Тақырып 6. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары

Дәріс мақсаты:  Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

1 Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Халықаралық шиеленісті бейбіттүрде шешу

Халықаралық шиеленісті бейбіт түрде шешу ұғымы. Халық аралық шиеленісті бейбіт түрде шешу принципінің негізі шиеленістерді тек бейбіт жолмен шешу болып табылады.Екінші принципі ерікті түрде шиеленісті шешудің жолын таңдау.Халықаралық қақтығыстарды бейбіт түрде шешу туралы алғаш жалпы Конвенция 1899 жылы әлемдік Гааг конференциясында қабылданған болатын.Сол кезден бастап осындай актілер бірнеше рет қабылданған.Осыған сәйкес VI тарау Б¥¥ -ның жарғысында бар.Б¥¥-ң Бас Ассамблеясының резолюциялары әлденеше рет қабылданған.Бұның ішінен 1982 жылы халықаралық шиеленісті бейбіт түрде шешу туралы Манил декларациясын айтуға болады.

Халықаралық шиеленіс термині 2 түрде қолданылады

Бірінші жағдайда тек  нақты қатысушылары бар.нақты өзара  талабы бар.нақты бір мәселеге байланысты жағдайды айтуға болады.Екінші жағдайда әрбір мемлекет аралық шиеленіскен жағдай немесе қақтығыс.Кейінгі кездегі Б¥¥-ның жарғысының ерекше категориясы бұл-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұрған жағдайлар.

Шиеленіс  пен жағдай айырмашылығы арасында заңды  мағына бар. Қауіпсіздік кеңесінде шиеленісті қарастырған жағдайда шиеленіске қатысушы кеңес мүшесі дауыс бермеуі тиіс ал жағдайды қарастырған жағдайда тиіс емес. Бейбітшілікке қауіп төндіретін шиеленістерде кеңестің ерекше құқығы бар. Кеңес өзінің инициативасымен әрбір шиеленісті тергей алады.шиеленісті шешу үшін   жағдай   жасап.реттеудің   тиісті   процедурасын   жүргізе алады. Сонымен қатар жарғы шиеленістің екі категориясын бөліп көрсетеді:заі-іды және де басқалар. Халықаралық сот заңы заі-щы шиеленістерге мыналарды жатқызады: халықаралық құқыққа байланысты келісімді талқылау мәселесіне байланысты халықаралық міндеттің бұзылғанына байланысты. Практика жүзінде саяси шиеленістерде заңды емес шиеленістөр әсіресе маңызды мемлекеттік мүдделермен байланысты болады. Мемлекеттер осындай жағдайда шиеленісті үшінші жақтың қатысуынсыз шешкенді қалайды. Б¥¥-ның жарғысына сәйкес шиеленіске қатысушы жақтар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төніп тұрған жағдайда, ең алдымен шиеленісті келісім, тексеру, арбитраж, татуластырушылық, сот арқылы шешуге немесе аймақтық ұйымдарға жүгіну керек немесе басқа да бейбіт жолмен шешу керек.

Информация о работе Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері