Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.
Бөлім 1. Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Глоссарий (сөздік, анықтама):
«Қырғи қабақ соғыс» - бұл жаһандық геосаяси, экономикалық, және идеологиялық тұрғыдағы АҚШ пен Кеңес Одағының қарама-қайшылықтары. Ол 1940 жылдардың ортасынан 1990 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.
Тақырып 1. Кіріспе
Дәріс мақсаты: Халықаралық және аймақтық шиеленістердің класификациясы сипаттама беру болып табылады.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Халықаралық және аймақтық шиеленістердің класификациясы.
2 Курс мақсат, міндеті
3 Тарихнамасы мен түпдеректерін сипаттама
4 Негізгі ұғымдарына сипаттама
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші. Қақтығыс, келіспеушілік, қайшылық, шиеленіс туындағаннан бастап, оның әрі қарай дамуына жол берілмеу, бейбіт жолмен шешу, қақтығыстардың алдын алу арқылы шешіледі.
Қақтығысты тереңірек зерттеген сайын, ол адамға басын иіп, бағынады деген сөз емес, ол адамның қулығының көрсеткіші.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1 Халықаралық және аймақтық шиеленістердің класификациясы.
2 Курс мақсат, міндеті
3 Тарихнамасы мен түпдеректерін сипаттама
4 Негізгі ұғымдарына сипаттама
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.
Тақырып 2. Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Дәріс мақсаты: Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесімен таныстыра отырып жаөандастыру процесінің тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап баға беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Соңғы жылдары қақтығыстардың түрлерін – халықаралық, этнос аралық, діни және еңбек қақтығыстарын зерттеуге аса назар аударылып жатыр. Ғылыми көз-қарас бойынша, қақтығыстар шешілу жолын оңайлықпен таба алмаудың бір себебі – қақтығыс проблематикасының нашар дамығандығы және қақтығысты қадағалап, ол үшін жауап берушілердің нашар дайындығы. Қақтығысты өз қол астына алып үйренген елдер мен қауымдастықтар тәжірибесі бойынша, олар қоғамдық өмірді бұзып, қатерлі нәтижелер туралы эскалация тудырмайды, бұл проблематиканы шешуге арналған жеке ғылыми ұйым болады. Олардың міндеті қабылданған қадамдардың нәтижесін сұрыптау, қоғамдық және мемлекеттік туындап келе жатқан қайшылықтарды табатын механизмдер құру, олардың эскалациясының алдын алып, шешу жолдарын ұсыну.
Қақтығыс табиғаты бойынша, қай жерде туындаса да, кімдерді қатысушы ретінде итермелесе де, ол аса жауапкершілік пен салмақтылықты талап етеді, және де сенімсіз жеңіс үшін қаруын шығарып, кімді болсын құртып жіберуге дайын болу бұл жерде артық. Жеңіс болып мұндай жағдайда тек жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке ала отырып қабылданған шешім және тіптен керек емес зардабы мен зияны көп конфронтацияны жою саналады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1 Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Әдебиеттер: 1,2, 4, 6, 12,20,22,23.
Тақырып 3. Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері
Дәріс мақсаты: Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға, нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот, арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады.
Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады.
Делдал жақтардың келісімімен ешнәрсеге мүдделі емес, барлық жақтарға да бірдей көз-қарасты болуы керек. Ол қандай да мемлекет, ұйым немесе тұлға болуы мүмкін. Мәнісінде делдал шешім қабылдау барысында жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке алуы керек, өйткені бұл келісім қақтығысушы жақтардың “саудасы”, және ол барлық жақтарға тиімді келісім болуы керек. Келісімге қақтығысушы жақтар қол қоя салысымен қақтығыс сөнеді.
Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.
Қақтығыс қатысушылары. Әрине, қатысушыларсыз қақтығыстар болмайды. Құрамындағы қатысушылар бойынша қарапайым халықаралық қақтығыс – мемлекет құрылымының, яғни дипломатия, әскери күш, саяси партиялар, парламент толық қатысуымен екі мемлекет арасындағы болған қақтығыс. Құрамындағы қатысушылар бойынша күрделі қақтығыс болып құрамы, біріншіден, мемлекеттер топтарынан, олардың коалициялары немесе ресми емес құрылымдардан; екіншіден, халықаралық ұйымдар мен блоктардан; үшіншіден, қақтығыс жақтары ретінде тек ресми құрылымдардан ғана емес, сонымен қатар, ресми емес құрылымдардан – құпия ұйымдардан, қылмыстық ұйымдардан тұратын қақтығыс түрі. Қазіргі заманда қақтығыс қатысушылары біркелкі емес, бірақ ең қиыны олардың артында келесі жақ тұр ма, жоқ па, генезисі бойынша жеке мекен, әлде қандай да аса державаның мақсатын орындап отыр мекен деген сұрақтарға жауап беру керек. Сонымен қатар, қатысушылар қаншалықты заңды анықталғаны, олармен құқық базасы негізінде жұмыс істеуге бола ма екенін анықтау да маңызды. Келісім кезінде олардың мүдделерін, келісімге отыруға қаншалықты даярлығын білу қажет.
Қақтығыс құрылымы. Бұл мәселеде маңызды сұрақтар:
Қақтығыс құрылымының келесі түрі:
Қақтығыс даму үрдісі. Ол:
Бұл жерде екі тарау ерекше мағынаға ие болады: біріншіден, өршу кезеңі және асып өршу кезеңі, яғни төңкеріс, екіншіден, қақтығысушы жақтардың сырттан біреумен бірлесе отырып, немесе онсыз жасаған шешім қабылдау кезеңі. Қақтығыстың асып өршу кезеңі, ең алдымен, өзінің күрделігі үшін және шешу барысында халықаралық аренада әртүрлі ұлыдержавалар мен ұйымдарды өзіне қарата бастағандықтан ерекше қызықты кезең болып табылады.
Келесі жақ, ол қақтығыс үрдісінің дамуы қоршаған дүние үшін қарқынды дипломатия саласын көздеді. Өйткені, қақтығыс тудыра алатын қандай-да мәселе, әлеуметтік немесе этникалық топтар мүдделеріне нұқсан келтіру жылдар бойы өмір сүріп, дамып, өрши алды.
Қатысушы жақтар стратегиясы. Қақтығыстың ең қызық материалы. Өйткені, осы бір стратегия ішінде: мақсаттары, мүдделері, ойлау типі, мақсаттарына жету жолдары, саяси үрдіс ұйымдасуы, күш қолдануға жүгінуі, келіссөздерге қатынастары және басқа да аспектілер көрініс табады. Бірақ кейбір жағдайларда бұл стратегия түбінде, тіптен, үшінші мемлекеттер тұрып, өздеріне тиімді жақпен мәселені шешіп алады. Қандай-да стратегия қабылдағанда, ең маңыздысы, қарсыласушы жақтың жауапты стратегиясы, оған басқа үшінші жақ мемлекеттерінің көз-қарасы мен жауапты реакциялары.
Нәтижесі. Ерекше анализді талап етеді. Қақтығыс нәтижесі тек, әскери күш арақатынасымен, экономикалық потенциалмен, әскери күшті қолдануға даярлығымен, басшылардың саяси еркімен ғана анықталмайды. Мемлекеттің әскери күші қанша мықты болғанымен немесе неше есе қарсы жақтан әскер күші көп болғанымен, ол осы қақтығысты жеңеді деп нақты айта алмаймыз.Сондықтан күшке де сене беруге болмайды. Өйткені ертең қай мемлекет саясаты үшін қарсыласыңа көмек көрсететіні белгісіз. Болжап қана қоймай, барлық жоғарыда айтылған мәселелерге назер аударып, жүйелестіру керек.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер: 1,2,7,8,10, 12,20,22,23.
Тақырып 4. «Қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы шиеленістерді шешу
Дәріс мақсаты: «Қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы шиеленістерді шешу туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 «Қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы шиеленістерді шешу
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
«Қырғи қабақ соғыс» - бұл жаһандық геосаяси, экономикалық, және идеологиялық тұрғыдағы АҚШ пен Кеңес Одағының қарама-қайшылықтары. Ол 1940 жылдардың ортасынан 1990 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.
АҚШ пен КСРО еш уақытта
бетпе-бет күреске
Қарапайым қарудан бастап үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудыруы мүмкін ядролық қаруларының көлемін ұлғайту жарысы – салқын соғысқа тән үрдістің негізгісі болып табылады. Аса танымал оқиғалардың бірі ретінде 1962 жылғы Кариб дағдарысын атауға болады. Бұл шиеленіс кезіндегі жаппай қарулану жарысы екі державаны экономикалық опатқа әкеле жаздаған. Соның салдарынан екі мемлекет 1970 жылдары халықаралық жағдайды «реттеу» мен қарулануды шектеу бойынша жұмыстар атқаруға көшті.
80-ші жылдардың соңына
қарай КСРО-да аса ауыр экономи
Корея соғысы. Бұл Солтүстік Корея, КСРО мен Қытайдың Оңтүстік Корея, АҚШ және оның бірқатар американдық одақтастарымен арасындағы Корей жарты аралында бақылау орнату мақсатымен болған соғыс. Ол 1950 жылы 25 маусымда Солтүстік Кореяның (Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының) аяқ астынан Оңтүстік Кореяға шабуылдауынан басталған еді. Бұл шабуыл Кеңес Одағының келісімі мен тікелей қолдауы негізінде жүзеге асты. Солтүстік Кореялық әскер екі мемлекетті бөліп тұрған 38-ші параллельға қарай жылдам жылжып, үш күннен соң Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулға дейін жетті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянды агрессор ретінде мойындап, БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттерін Оңтүстік Кореяға көмек көрсетуге шақырды. АҚШ-тан басқа Кореяға өз әскерлерін жіберген мемлекеттер арасында Англия, Турция, Бельгия, Греция, Колумбия, Индия, Филиппина және Таиланд болды. Кеңестік өкіл бұл кезеңде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қарсылық білдіріп, өзінің вето құқығын пайдалана алмады. Солтүстіккорейліктер өз әскерін демаркациондық сызықтан әкетуден бас тартқан соң, бірінші шілдеден бастап Кореяға американдық дивизияларды орналастыра бастады. Олардың біреуі талқандалып, ал әскербасы тұтқынға түскен болатын. Өзгелері болса, оңтүстіккорейлік әскермен бірлесіп, Пусан кеметұрағында құрылған плацдармға қарай шегінді. Шілде айының соңына қарай бұл Корей жартыаралындағы БҰҰ-ның әскерінің арқасында сақталып тұрған жалғыз аймақ болған болатын. Олардың Жоғарғы әскербасы ретінде Тынық мұхиттағы Жапонияға қарсы соғыс батыры генерал Дуглас Макартур тағайындалды. Ол Инчхон кеметұрағында жүргізуге арналған ірі десанттық операция жоспарын құрды. Пусан плацдармында тұрақтап тұрған оңтүстіккорейлік әскер коммуникациясының табыстылығы жағдайында жойылу қаупі туындар еді. 15 қыркүйекте американдық және оңтүстіккорейлік теңіз әскері Инчхонда орналасты. Американдық флот теңізде билік құрса, авиация – әуені иемденді. Сондықтан солтүстіккорейліктер десанттарға еш кедергі көрсете алмады. 28 қыркүйекте Сеул басылып алынды. Пусанда шайқасты жүзеге асырып отырған солтүстіккорейлік әскердің бір бөлігі тұтқындалып, бір бөлігі таудағы партизандық соғысқа көшті. 1 қазанда БҰҰ-ның әскері 38-ші параллельден өтіп, 19 қазанда солтүстіккорейлік астана Пхеньянды қолға алды. 27-сі күні американдықтар корей - қытайлық шекарадағы Ялуцзян өзеніне дейін жетті. Американдық және оңтүстіккорейлік әскер табыстары Қытайды үрейлендірді. Қазан айы бойына майданға 180 мың «қытай ұлттық еріктілері» аталған адамдар аттандырылды. Шындығында олар басшылардың бұйрығы негізінде әрекет етуші тұрақты әскер солдаттары болған еді. Бір айдан соң олардың саны жарты миллионға жеткен болатын. 27 қарашада қытайлық әскер американдықтарға қатысты күрт шабуылға көшіп, олардың 38-ші параллелін ығыстырды. Осы кезден бастап Солтүстік Корея тұсынан соғыс қытайлық әскер басымдылығымен жүргізілді. 1951 жылдың қаңтарынан бастап қытайлық және солтүстіккорейлік күш Сеулды қайта қолға түсірді, бірақ айдың аяғында американдық 8-ші әскер контршабуылдауға кірісті. Наурыздың соңында қытайлық әскер демаркациондық сызықтың арғы жағына қайта ығыстырылды. Дәл осы уақытта американдық әскери-саяси басшылықта қарама-қайшылықтар көріне бастаған еді. Макартур Ялуцзян өзенінен солтүстікке қарай орналасқан қытайлық аймаққа ядролық қаруды пайдаланудан бас тартусыз соққы жасауды ұсынды. Генерал сол арқылы Кореядағы қытайлық әскерді қамтамасыз ету базасын жоюға ұмтылыс танытты. Президент Трумэн бұл жоспарды мақұлдамады, себебі ол арқылы АҚШ Қытай мен Кеңес Одағына қарсы үшінші дүниежүзілік соғысқа тап болуы мүмкін деген болжамнан қауіптенді. 1951 жылдың сәуірінде әскери басшы Макартурдың орнын 8-ші әскердің басқарушысы болған генерал Мэтью Риджуэй басты. Сәуірдің соңында қытайлық және солтүстіккорейлік әскерлер жаңа шабуылды басшылыққа алды, бірақ 38-ші параллельден солтүстікке қарай 30-40 шақырымға алшақтатылып кетті. Бұдан кейін, яғни 1951 жылдың 8-ші шілдесінде соғысушы жақтардың өкілдері арасындағы алғашқы келіссөздер жүргізіле бастады. Соғыс болса миналы алқаптарды және сым қоршауларды кең көлемде пайданумен сипатталған позициялық түрге ие болды. Басқыншылық операциялар енді тек тактикалық мақсаттарға негізделді. Қытайлардың сандық басымдылығының орны американдық қарулық басымдылықпен жабылды. Кеңестік ұшқыштар тұсынан жақсы қарсылық көрсетілгенімен американдық авиация әуедегі басымдықты бұрынғыша сақтап тұрды. Сталин Ким Ир Сен мен Мао Цзэдунға Солүстік Корея және Маньчжурия әуе кеңістігін қорғау мақсатымен бірнеше авияциялық дивизия жіберген болатын. Кеңестік ұшқыштарға олардың тұтқынға түсу қаупін алдын алу үшін майдан сызығынан асуға қатаң тыйым салынды. 1953 жылдың басында Ақ үйде Гарри Труменды Дуайт Эйзенхауэр алмастырды. Ол Пекин Кореядағы бейбітшілік орнатуға қарсылық танытса, Қытайға қарсы ядролық қару пайдалануы мүмкіндігін жария етеді. 1953 жылдың 27-ші шілдесінде 38-ші параллельге таяу маңайдағы Пханьмыньчжон аймағында соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізіледі. Корея 38-ші параллель бойынша Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және Корея Республикасы болып екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстік пен Солтүстік арасында қазіргі күнге дейін Бейбіт келісім жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша корей соғысындағы жалпы адам шығыны 2,5 миллионға тең. Бұның бір миллионға жуығы қытай әскеріне тиісті болып табылады. Американдық әскердің 33 мыңы қаза тауып, осыдан 2-3 есеге көбірек жараланғандармен, ал БҰҰ-ның жалауымен соғысқан өзге мемлекеттер шығындары бірнеше мың қаза тапқандармен шектеледі. Корея соғысы «салқын соғысты» тереңдеткен шиеленістердің бірі болып саналады. Бұл соғыс өзге мемлекеттердің мүдделеріне де теріс әсерін тигізді. Солардың бірі ретінде КСРО-ны атап айтуға болады. Оның салдарынан Мәскеу Вашингтонмен қарым-қатынасын мүлдемге нашарлатты, Сеулмен қатынасын реттеу мәселесінің қақпасын жауып тастады. Ал ҚХР болса халықаралық аренада шектеулерге тап болды, оны ондаған мемлекеттер мойындаудан бас тартты, БҰҰ-на мүшелік етуне кедергі жасады. Қытайды американдық әскери базалар қоршауға алды, ал Тайвань аралын батпайтын ҚХР-на қарсы қаруға айналдырды. АҚШ керісінше бұл шиеленісті Азия Тынық Мұхит Аймағында өзінің әскери-саяси гегемониясын орнатуға пайдаланды. Бұл шиеленіс, негізінен, қазіргі таңда да өз өзектілігін жоғалтпаған мәселе және ірі шиеленіс ошақтарының бірі болып танымал екендігін атап өту керек.