Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 16:55, курсовая работа
Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.
І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 7
1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген
көзқарасы және жалақының принциптері 7
1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен
есеп айырысулар шотының негіздері 11
1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі 15
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 22
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі 22
2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық
жалақысын есептеу жолдары 35
ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 46
ҚОСЫМШАЛАР 48
29185,2 : 72 = 405 (1 сағатқа төленетін мөлшері)
Жүктеме сағаты 1 жылға 1,5 ст. * 720 = 1080
1080 : 10 (ай) = 108,0 (норма 1 айға)
Маусым айының жалықысын есептелуі. Норма бойынша 26 күн, толық жұмыс істеген күні 26 күн. Толық 108 сағат. Коммерциялық тобында 28,1 сағат, бюджеттік топтарда 80,5 сағат.
2. Нақты еңбек ақы: коммерциялық тобында 28,1 * 405 = 11380,5
Бюджеттік топтарда 80,5*405=32602,5
11380,5 + 32602,5 = 43983
3. Қосымша ақылар: топ жетекшілігі үшін 8712 * 25% = 2178
Дәптерлерді тексергені үшін: Коммерциялық топтар=
= БЛЖ: 1 ставка жылына = Х * ком.топтарда толық өткізген сағатына* 20%
8712:720=12,1*281*20% = 680
Бюджеттік топтар =
= БЛЖ:1 ставка жылына = Х*бюдж.топтарда толық өткізген сағатына* 20%
8712:720=12,1*805*20% = 1948
2178 + 680 + 1948 = 4806
Нақты еңбек ақы + қосымша еңбек ақы = есептелген сома
43983 + 4806 = 48789
4. Ұстап қалу:
1) Міндетті зейнетақы қоры 48789*10% = 4878,9
2)ЖТС (жеке табыс салығы) = Есептелген сома – МЗҚ – еңбек ақының ең төменгі мөлшері *10%
(48789 – 4878,9) – 9752 * 10% = 43910,1 – 9752 *10 % = 3415,81
3) Кәсіподақ жарнасына 48789*1% = 487,89
4878,9 + 3415,81 + 487,89 = 8782,6
5. Аудару сомасы = есептелген сома – ұстап қалу сомасы + сальдо
48789 – 8782,6 + 0,75 = 40007,15
3 – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ
Жұмысшылармен және қызметшілермен жалақыны төлеудегі есебін тексерудің негізгі міндеті есептеудегі актілердің сақталуын тексеру болып табылады, жалақыны есептеудегі ұсталатын салымдардың бухгалтерлік есебінің нормативтік – құқылы актілерде дұрыс жүргізілгендігі тексеріледі.
Бақылау процесінде қолданылатын ақпараттың көзі 180 қосалқы шоты «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар» есеп бойынша аналитикалық және синтездік берілгендері, жалақыны төлеу және жұмыс есебін жүргізген алғашқы құжаттар (еңбек еткен уақытының есебін жүргізген табельдер, нарядтар және т.б.), уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы қағаздары, демалысты төлеуге есеп айырысулар және т.б., бұл операцияларды реттейтін нормативті құжаттары – «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы туралы әдістемелік нұсқаулар, жұмысшылардың орта жалақысын есептеудің тәртібі туралы инструкция және де басқалар.
180 қосалқы шоттың есеп бойынша алғашқы сандар ведомостағы жазулар мен бухгалтерлік баланстағы даталардың бірдейлігін тексерумен бастаған дұрыс.
Бұл үшін барлық салықтардың, зейнетақының ұстаған сомаларын ескере отырып, дұрыс есептегендігін бақылап, кейіннен есептеу – төлем ведомостының қорытынды сомаларымен салыстыру керек.
Алшақтық болған жағдайда олардың себептерін білу керек. Сонымен қатар мәліметтерді депонирлі жалақының есебі туралы ведомость көрсеткіштерімен салыстыру керек.
Содан кейін бірінші реттегі құжаттар, олардың дұрыс толтырулары, жалақыны есептеу және беру туралы нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексерілуде.
Уақытылы жалақы болғанда тариф ставкаларының қолданылу дұрыстығын немесе еңбек шартының, ал кесімді жалақының сандық және сапалық көрсеткіштерінің орындауын, нормалар мен аударуын қолдану дұрыстығын тексеруі керек.
Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысу есебінің бірінші реттік құжаттарды тексергенде, жауапты адамдардың қолының барлығы, орындалған жұмыстың есебіне жауаптыларды, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылуын, құжаттарда түзетілген жерлері жоқ па т.б. көңіл аудару керек.
Нарядтар мен жұмыс күнінің есебі туралы табельдерді, сонымен қатар жалақыны есептеуге керекті бірінші реттік құжаттарды тексергенде, бөгде адамдардың тіркелегені жоқ па, соны қарау керек. Бұл үшін нарядтардың берілу күніне байланысты даталардың сәйкестігін анализдеу керек, жеке құрам есебінің берілгендерімен жұмыс уақытының есеп табелдері мен нарядтарындағы жұмысшылардың фамилияларын салыстыру.
Бірінші реттік құжаттар бойынша төленген сомалары қайтадан төленген жағдайлар болған жоқ па, бір адамның есептік – төлем ведомостысында аты – жөні қайталану болған жоқ па екендігін міндетті түрде тексерілуі керек.
Әсіресе, кәсіпорынның тізімдік құрамына кірмейтін және аз уақыт жұмыс істеген жұмысшыларға жазылған нарядтар, сонымен қатар төменгі сапалы орындалған, қайта жасалған жұмыстарға жазылған нарядтарға аса назар аудару керек.
Бірінші реттік құжаттар мен есептік – төлем ведомостарын тексергенде арифметикалық есептеулердің дұрыстығына баса назар аудару керек.
Аудиторлық тексерудің келесі кезеңдері:
1. Жалақыны есептеудің дұрыстығын таңдап тексеру;
2. Жұмыстың қалыпты жағдайынан өзгеріс болған жағдайда қосымша жалақының төлеудің тәртібі;
3. Тұрып қалған жағдайдағы жалақының құжаттар бойынша рәсімдеу тәртібі;
4. Өнімнің шығынын құжат арқылы рәсімдеу және оның төлемақысы;
5. Түнгі уақыттағы жұмысшылардың төлемақысы;
6. Жұмыс уақытынан тыс уақыттағы істелген жұмыстың жалақысы;
7. Мереке күндеріндегі жұмыстардың жалақысы;
8. Заңға сәйкес, жұмыс істелмеген уақыттың (еңбек демалысының төлемақысы, демалыс пособиялар т.б.) төлемі;
9. Уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша төлемақысын есептеу;
10. Жалақыдан ұсталатын төлемдердің дұрыс ұсталғандығын тексеру.
Заңға сәйкес жалақыдан келесі ұсталымдар ұсталуы мүмкін: ЖТС (жеке табыс салығы), зейнетақы, алдын – ала берілген аванстан берешегін жабу, арифметикалық қате кеткен жағдайда артық төленген сомасынан ұстап қалу, есептеген сома бойынша берешекті жабу, ақшалай есептеулер, газет пен журналдарға жазылғаны үшін, орындалған құжаттар бойынша, өнімнің шығыны үшін. Басқа да ұстанымдар қызметкердің келісімімен жалақыдан ұсталынады.
Мысал (1). «Бұйрық № 141. № 286 – ІІ 29.01.2002 жылы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және № 338 1.03.2000 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша: №19 – 3 – 7/713 30.04.2002 жылдың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бақылау комитетінің тапсырмасын орындау үшін берілген бұйрық:
Басшы – маман, басшы – контролер, ревизор Р.Д. Ракишева.
Мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларға еңбекақы төлеу жүйесі туралы 11 қаңтар 2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің толықтырулар мен өзгерістер енгізген №41 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын тарификациялау бойынша Астана қалалық «Медициналық колледжінде» тексеру жүргізілсін. Бақылауды өткізу мерзімі 2002 жылдың 5 маусымнан 2002 жылдың 8 маусымына дейін.
Тексеру бойынша анықталды:
2001 жылы 111 ерекшелігі «Негізгі жалақы» бойынша қаржыландыру мен нақты шығыстар объектінің есебі бойынша жұмыс берушілердің ақша салымдары 13719,0 мың теңге (11352 + 2367,0) құрайды, 2002 жылға 111 ерекшелік бойынша жұмысшылардың жұмыс берушілердің ақша – салымдары 15003,0 мың теңгеге жоспарланған.
Сипаттамаларды салыстырғанда жалақы фондының өсуі 1284,0 мың теңге құрайды немесе 10%, яғни өсу фондының 25% төмен.
Қазақстан Республикасының 11.01.02 № 41 қаулысына байланысты 2002 жылға жасалған трафикациялауды есептеулер жүргізілуін тексеру барысында жалақыға жіберілген сомасы 14085,2 мың теңге. Жалақының бекітілген фондысымен (12618,0 мың теңге) салыстырғанда 1467,2 мың теңгеге ауытқығаны байқалды.
Жыл бойына қосымша ақылар, премия мен материалдық көмек беру жүргізілген жоқ, еңбек ақы фондының экономиялау бекітілмеген.
2001 – 2002 оқу жылында штаттар мен контингенттер туралы мәліметтердің берілуіне штаттың бірліктерінің саны 129.
21.02.02 №105 «Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын білім және ғылым ұйымдар жұмысшыларының, ұйым жұмысшыларының мамандығы бойынша еңбек стажын анықтау ережесі» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығының бұзылғандығы, педагогикалық өтілінің дұрыс есептелмегендігі 5 жағдайда кездесті, нәтижесінде 2002 жылдың сметалық ассигновацияның 35,5 мың теңгеге (көтерілгені) жоғарлағаны байқалады. Сонымен қатар, 01.01.02 – 01.06.02 дейінгі кезеңде жоғары көрсетілген жағдайға байланысты 8,5 мың теңгеге артық төленген.
Бюджеттен қаралған өлшемінен (25 %) өскендігі анықталмаған».
Мысал (2). «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкысының №21 лицензиясымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің берілген №0000078 мемлекеттік лицензиясының негізінде іс жасайтын жауаптылығы шектеулі «Финаудит» фирмасымен №049 17 наурыз 2005 жылғы келісім – шарт негізінде, маман Жиенбаева Жанна Кожахметовамен ашық акционерлік қоғам «Массагет» 2004 жылғы финанс есебі бойынша аудит жүргізілді.
Аудит ашық акционерлік қоғам «Массагет» әкімшілігінің жауапкерлігіне сай, көрсетілген құжаттар мен аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілді.
Аудиторлық стандарттар финанстық есептің көп өзгеріссіз екендігіне көз жеткізу мақсатында аудиторлық тексерістің жоспарлы түрде өтіуін талап етеді.
Аудит мына негіздерге сәйкес өткізілді:
«Аудиторлық іс - әрекет туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
«Бухгалтерлік есеп пен финанстық есеп туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
Финанстық есептің халықаралық стандарттары;
Финанстық есептің концептуалдық негізін құру және көрсету;
«Бюджеттегі міндетті төлемдер және салымдар туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексі;
Аудиттің халықаралық және Қазақстандық стандарттары;
Басқа да нормативтік актілер;
Аудиторлық тексеріс өткізгеннен кейін, анықталды: «Қоғам» бірлестігі жеке тұлғаларға бюджетке төленетін әкімшіліктік штраф «Қоғам» бірлестігіне сәйкес салықты есептемей шығарған шығындарына жатқызады. Әкімшілік штраф жеке тұлғаға салғандықтан, оның «Қоғам» бірлестігінің төленуі Салық Кодексінің 151 бабының 4 тармағына сәйкес жұмысшының кірісі болып табылады. Жұмысшының бұл кірісі, Салық Кодексіне сәйкес, жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы қоры және әлеуметтік салық болып табылады. Аудиторлық тексеріс барысында қателіктер жойылды. Ұсынылған түзетулер бухгалтерлік есеп түзетілеріне сәйкес келеді».
ЖТС (жеке табыс салығы) салығын ұстап қалу Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Зейнетақы фонды жалақыдан 10% мөлшерінде ұсталады. Несиеге сатылған тауарлардың төлемақысын ұстау, жұмысшыларға тауарларды ұзақ мерзімге несиеге беру ережесінде қарастырған міндет қағаздарының негізінде жасалады.
Тексерудің қорытындысы бойынша бекіту керек:
Шығындардың еңбекақы фондысына дұрыс енгізуі;
Өнімнің шығымы бойынша кейбір жалақылардың дұрыстығы (жұмыстарды, қызметтерді);
Жалақы фондысы бойынша проводкалардың дұрыс құрылуы;
Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысу кезіндегі толтырылатын құжаттардың дұрыстығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалақы – еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғары деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес, жеке меншік секторда өсуге тиіс. Осыған орай биылғы 1 шілдеден бастап, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің, сондай – ақ бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің жалақысын биылғы 1 шілдеден орта есеппен 32 пайызға, ал 2007 жылдан бастап тағы да 30 пайызға көтеру, сөйтіп біртіндеп оның мөлшерін жеке меншік секторына жақындата беру керек деп санаймын».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Бюджет саласындағы жалақы 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап 30% арттырылды. Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыра беру қажет.
Олардың мәртебесін арттыру, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты саларада кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығайту үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап, бір лауазымдық оклады мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілсін».