Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 16:55, курсовая работа
Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.
І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 7
1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген
көзқарасы және жалақының принциптері 7
1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен
есеп айырысулар шотының негіздері 11
1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі 15
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 22
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі 22
2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық
жалақысын есептеу жолдары 35
ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 46
ҚОСЫМШАЛАР 48
Егер төлем құжатының сомасы ұсынылған тiзiмнiң сомасынан артық болып шықса, онда артық соманы мемлекеттiк мекеменiң талап етуi бойынша Банк/Агент келесi банк күнiнен кешiктiрмей қайтарады.
Егер мемлекеттiк мекеменiң қызметкерi Банк/Агенттен ақша сұраған кезде дербес шот нөмiрiнiң деректерiнде немесе аты – жөнi мен әкесiнiң атында дәлсiздiктер табылса, онда салым бойынша дербес шоттан қаражат төлеу мемлекеттiк мекемеден аударылған деректердiң жазбаша растамасы алынғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Егер жалақы есептеу кезiнде мемлекеттiк мекеме арифметикалық қателер жiберсе және жалақыны салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алуға арналған тiзiмге дұрыс емес сома енгiзген болса, онда мүндай қателердi мемлекеттiк мекеме келесi айда қайта есептеу жүргiзу жолымен жояды.
Алушыларға салымдар бойынша дербес шоттан жалақы төлеу оның жеке басын куәландыратын құжатты және оған белгiленген тәртiппен Банк/Агент берген салым кiтапшасын ұсынуы бойынша, ал карт – шоттан төлеу – Банк шығарған жеке карточкалар бойынша жїргiзiледi.
Алушының қалауы бойынша, салымдар бойынша дербес шоттарға есепке алынған жалақының сомасы сенiмхат негiзiнде оның сенiм бiлдiрiлген тұлғаларына төленуi мүмкiн. Мұндай сенiмхат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделуi мүмкін.
Ақшалай төлемдердi алушылар үшiн қызмет көрсету саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылы 28 қыркүйекте № 1464 қаулы етеді:
Мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, алушының таңдауы бойынша, банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi – ұйымдар) арқылы жалақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудi жүзеге асырсын.
Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк мекемелер 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт – шоттарға аудару жолымен төлеудi жүзеге асырсын.
Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары мен акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың қызметкерлерiне жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт – шоттарға аудару жолымен төлеуге көшу жөнiнде жұмыс жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
2000 жылғы 1 қарашадан бастап республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ұйымдарда, алушылардың таңдауы бойынша, жеке шоттарға есептеу арқылы;
2000 жылғы 1 шілдеден бастап аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi – мекендерде заңдарда белгіленген тәртіппен тендердi жеңiп алєан ұйымдар арқылы зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі 2000 жылғы 1 маусымға дейiн аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi – мекендерде аталған ұйымдар арасында зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған тендер өткiзсiн.
Жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджеттің есебінен жїргізілсін.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдан бастап мемлекеттiк мекемелердi ұстауға жұмсалатын шығыстардың құрамында ақшалай төлемдердi алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөнiндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеуге қаражат көздесiн.
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi – мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi – уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;
мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар;
Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес мыналар белгiленедi:
1) Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардан; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен көзделген өтемақылардан белгiленедi;
Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берiлген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгiленген мөлшерiне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақылары негiзге алына отырып белгiленедi;
2) Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) олардың лауазымдарының лауазымдар санаттарына жататындығына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған бiлiктiлiк разрядтарына (мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшылары үшiн) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) (ЛЖ) есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшерiне көбейту жолымен белгiленедi;
Педагог қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бiр аптаға белгiленген нормативтiк оқу жүктемесiне қарай белгiленедi. 1 – 4 сыныптарға аптасына 20 сағат, 5 – 11 сыныптар аспасына 18 сағат;
Жекелеген республикалық мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшiлер емес мамандары мен қызметшiлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың мамандары мен қызметшiлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу коэффициенттерiнiң белгiленген мөлшерiне 1,72 жоғарылататын коэффициенттi қолдана отырып айқындалады;
3) Еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбiр жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледi; заңнамалық кесiмдерде белгiленген қосымша ақылардың жекелеген түрлерi ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне қарай есептеледi; Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер: біліктілік разряды 1 – коэффициент 1,39, 2 – 1,49, 3 – 1,59, 4 – 1,70, 5 – 1,82, 6 – 1,95, 7 – 2,09, 8 – 2,23.
4) Өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi;
Мемлекеттiк басқару органы белгiлеген тәртiппен мыналар белгіленеді:
1) Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне арналған еңбек жағдайы үшiн осы қаулыда белгiленген шекте қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардыѕ нақты мөлшерi заңнамаға сәйкес салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актiсiнде белгiленедi;
2) Бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесiнiѕ мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналып белгiленген еңбек жағдайы үшін қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылар, басқа қызмет салаларында тиiстi лауазымдарда iстейтiн және мамандығы бойынша жұмысты орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне де қолданылады;
3) Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесiне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесi бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайда төленедi;
4) Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшелiктерiн ескере отырып) есептеудiң тәртiбi мен шарттарын орталық атқарушы және тиiстi қызмет салаларындағы өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) белгiлейдi;
5) Медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң шарттары мен мөлшерi көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен белгiленедi деп белгiленсiн.
Мемлекеттiк басқару органдарына:
Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сондай – ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша, мемлекеттiк басқару органы белгiлеген тәртiппен материалдық көмек көрсету;
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына:
Мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай – ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру;
Кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы:
Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген базалық лауазымдық жалақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерiнiң тиiстi мөлшерлерiн ескере отырып анықталады.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан пайыз есебiмен анықталады.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшiн төленетiн ақыны да ескередi.
Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесi үшiн берiлетiн қосымша ақыны ескередi.
Жоғары бiлiмi бар жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне негiзгі лауазымы бойынша жұмыс күнiнен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбек ақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.
"Халық" деген құрметтi атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшiн көзделген мөлшерлерде, ал "Еңбек сiңiрген" құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшiн көзделген мөлшерлерде белгiленедi.
Конкурстар мен байқаулардың әдiлқазылар алқасының мүшелерiне, сондай – ақ конкурстық жұмыстар рецензенттерiне еңбек ақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетiн адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргiзiледi.
Жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшiн;
Тiлдердi үйрену жөнiндегi курстардың оқытушыларының еңбегiне ақы төлеу үшiн;
Университеттердің, педагогикалық, инженер – педагогикалық институттардың (факультеттердiң) студенттерi педагогикалық практика өтетiн оқу – тәрбие мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелерiне, сондай – ақ өндiрiстерден тартылатын мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;
Егер студенттерге өздерi берген пәндер бойынша мемлекеттiк емтихан қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшiсi бола отырып дипломдық жобаны қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттiк емтихан комиссиясына қатысқаны үшiн ректорлар мен проректорлардың еңбегiне ақы төлеу;
Сағат бойынша жұмыс iстейтiн оқытушылар өнер және мәдениет жоғарғы оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргiзу кезiнде;
Медбикелердi даярлау үшiн азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлерiн, қоғамдық кәсiптер факультеттерiне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшiн;