Жұмысшылырмен есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.

Содержание

І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 7
1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген
көзқарасы және жалақының принциптері 7
1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен
есеп айырысулар шотының негіздері 11
1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі 15
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 22
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі 22
2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық
жалақысын есептеу жолдары 35
ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 46
ҚОСЫМШАЛАР 48

Работа содержит 1 файл

жумысшылармен есеп айырысу.doc

— 291.50 Кб (Скачать)


Тақырыбы: «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар»

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ                                                                                                                                                          3

 

І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ                                                        7

1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген

көзқарасы және жалақының принциптері                                                                      7

1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен

есеп айырысулар шотының негіздері                                                                                    11

1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі              15

 

ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ                                                                       22

2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын

есептеу тәртібі                                                                                                                                            22

2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық

жалақысын есептеу жолдары                                                                                                  35

 

ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ                                                                      38

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                                                            44

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                                    46

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                                                48

 

 

 

КІРІСПЕ

Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.

Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 6-шы ақпанындағы №170 «Қазақстан Республикасында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1997 жылдың 13-ші ақпанында бекіткен қаулыны қолдану бойынша түсініктемелерге сәйкес ұжымдық келісімшартты бекіту барысындағы меншік түріне қарамастан материалдық салаларды ұйымдастыруда қабылданған салалық және аймақтық келісімдерде еңбекақы қорының шегінен аспайтындай етіп тарифтік мөлшерлемелерді, үстеме ақылар мен қосымша ақыларды көтеруге болады.

Тарифтік мөлшерлемені көтеру осы мақсатқа арналған қолма – қол қаражат есебінен бір мезгілде барлық қызметкерлер үшін іс жүзіне асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24 – бабында былай делінген:

«1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда да немес соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей кемітусіз сыйақы алуына, сондай – ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі».

Өнеркәсіптерде еңбектің саны мен сапасы ескерілетін мерзімдік – сыйақының еңбекақы жүйесі кеңінен тараған. Бұл жүйені қолдану барысында жұмысшының жауапкершілігі мен жеке материалдық мүдделілігі артады. Жұмысшыға сыйлықақы уақытты үнемдегені үшін, жұмысшылардың және жабдықтардың жұмыс істемей бос тұрып қалғанын азайтқаны және жойғаны үшін, машиналарды, агрегаттарды, цехтарды апатқа ұрындырмағаны үшін, материалдарды үнемдегені үшін беріледі. Сыйлық пен сыйлықақы көлемі кәсіпорындарда (ұйымдарда) әзірленген сыйлықақы беру туралы Ережемен анықталады.

Сондай-ақ, бұл жүйеде жұмысшыларға нақты істеген уақытты үшін жай мерзімдік еңбекақы төленеді. Алайда, жұмысшыларға нақты істеген уақыттары үшін есептелетін еңбекақыларына процентінде белгіленетін қосымша сыйлықақы беріледі.

Осы «Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлермен және жұмысшылармен жалақы төлеудің рәсімдері» атты курстық жұмысының негізгі зерттелетін мәселесі – жалақы, яғни бұл жұмыскерлерге, қызметкерлерге, оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған  қажетті өнім көлеміне сәйкес төленетін төлем мәселесін ескере отырып, мына қағидаларды басшылыққа алдым:

            Қандай  да болмасын  кәсіпорындарға  өнім шығарудың артуы,  соның  есебінен  олардың экономикасының дамуы жалақының  дұрыс жолға  қойылуына тікелей байланысты.

            Нарықтық жағдайда  жалақыға деген  көзқарас  өзгеруде, «Кім  көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс».

            Тауарды сатудан  түскен  қаржылар  тауар өндірушілердің  еңбектерінің сандық  және сапалық  бағалылығының және  жеке  табыстарының  негізгі көздері жоғары өлшеміне  айналады.

            Жалақының  нысаны мен жүйесі жалақының  шамасы,  еңбектің  саны  мен сапасы  арасындағы  байланысты   белгілейді және  өз  еңбегінің қорытындысына  байланысты  жалақының  белгілі  тәртібін  есептейді.

            Мекемелерде  жұмыс істейтін  жұмысшылардың еңбек өнімділігінің  өсуі – ол  жалақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда  кейбір  кәсіпорындарда  жалақының өсуі еңбек  өнімділігінің өсуіне  қарағанда  әлдеқайда шапшаң. Бұл дұрыс емес. Еңбек  өнімділігі  әр  уақытта   одан жоғары  болуы тиіс.

            Мекемелерде   жалақыны  есептегенде  мыналар еске  алынуы керек:

1)     әділдік  принципі, яғни  тең еңбекке  тең  ақы; 

2)     атқарылатын  жұмыстың күрделілігі  және еңбек біліктілігі;

3)     заңды   жұмыс жағдайы  және ауыр  қол еңбегі;

4)     еңбектің  сапалылығын  ынталандыру  және  еңбекке адалдықпен қарау \ақаулыққа жол берген  және өз міндетіне  жауапсыздықпен қарайтындарға материалдық жаза; 

5)     инфляция деңгейіне  сәйкес  жалақыны  индекстеу;

6)     кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыратын еңбекақының  үдемелі нысаны  мен жүйесін қолдау , т.б .

 

 

Берілген жұмысты жазуда, келесі мақсаттарды қойдым:

1.      Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысу туралы теориялық негізін талдау.

2.      Жалақының формалары мен жұмысшылармен есеп айырысу түрлерін анықтау.

3.      Жүргізілген зерттеулердің негізінде қорытынды жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдарының жалақыға деген көзқарасы және жалақының принциптері

 

Еркін  рынок   теориясы  («либерализм»  мектебі) өкілдері – А. Смит мен  Д. Рикардоның  есептеуінше, жалақы  негізін  қалыптастырудың  принципіне  «өмір сүру  қажеттілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл  «деңгейлік»  жұмысшы  мен оның  отбасының  өмір сүруіне  қажетті болды.

Д. Рикардоның  ойынша,  «өмір сүру қажеттілік  деңгейі» «еңбек  бағасының  табиғи  рыногы»  болып табылады. Еркін  рынокты  жақтаушылардың  бірі – Жан Батист (1767 – 1823 ж.ж.) «Саяси  экономия тұрақты» (1803 ж.) еңбегінде «өндірістің  үш факторы»  теориясын  ұсынады.  Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы  факторлардың  қызметін  қолданғаны   (пайдаланғаны) үшін  жалақы,  пайда, рента төлем ретінде  жүзеге  асады.

Рыноктың  экономиканы  реттеу  теориясынынң  негізін салушы «кейнстік» мектебі, Дж. Кейнс «Еңбекпен  қамту, пайыз  және   ақшаның  жалпы  теориясы» деген  еңбегінде (1936 ж.) жалақыны  реттеудің   принципін  өндіріс  көлемі  және  тұрғындардың  еңбекпен  қамтуын  тәуелді   екендігін ұсынды. Рынок жағдайында жалданып  жұмыс істейтін  адам  еңбегі К. Маркстың  пайымдауынша,  жұмыс күші «құнының» принципімен

төленеді. Неміс социалисі Фердинанд Лассаль (1825 – 1864 ж.ж), бөлуді тепе – теңдік принципін  ұсынды:  тең  еңбек  өніміне  әркімнің  тең  құқықтығы, яғни  бұрындары кездескен барлық  бөлу  принципі оның ойынша, бар  мүліктің тепе – теңсіздігіне алып  барады. Бұл  принципін сынға  алынды. Өмір  игіліктерін  тепе – тең бөлу  принципі К. Маркстың  ойынша,  қоғамдағы  деградацияға  алып келуі мүмкін. Сондықтан  да  бұл жағдайда  адал  жұмыскер де және  өз  жұмысына  немқұрайды (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне  сый – сияпатты тең  алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік  игіліктерді  бөлудің бірден – бір  мүмкін принципі «еңбегі бойынша»,  бөлу болмақ. Аталған принциптің  өзіндік  кемшілігі бар және  әлеуметтік  әділеттілік  критериіне толық  жауап  бермейді. «Еңбегі  бойынша» бөлу тұрғындар табыс  деңгейінің  теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік  былай  түсіндіріледі:  адамдар өзінің  күш – қайратымен  және  қабілеттілігімен, отбасы  жағдайымен  және  еңбекке  қатынасымен   ерекшеленеді. Еңбектің  сандық (ұзақтығы  мен интенсивтігі) және  оның  сапалық (күрделілігі және   басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл  принциптің  артықшылығы  сонда,  әрбір  адамның еңбек нәтижесінде мүдделілігін қамтамасыз  етеді. Өзінің  біліктілігін көтеруге  мүдделілік  ол жеке  адамның  ғана емес,  кәсіпорын, тіпті  қоғамның мүддесіне жауап береді.

Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшуі жалдамалы еңбекті қолдануды бағамдап, оның еңбек ақысын реформалауды қатар жүргізіп отырады.

Жалақының жаңа жүйесінде мыналар қарастырылған:

– еңбек ақы минималды деңгейінің сапасы мең күрделілігіне байланысты мемлекеттің кепілдігі. Бұл біркелкі тарифтік сетканы (БТС) және біркелкі жалпы республикалық мамандық классификаторын ендіргенде жүзеге асады;

– нақты еңбек ақы деңгейі біркелкі тарифтік сетка белгілеген деңгейден төмен болмауы керек;

– еңбекақыға кез келген шектеуді (салықтан басқа) алып тастау;

– жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында еңбек ақыға еңбек – шарт принципін қолданады. Әрбір жұмыскер өзінің еңбек құқығын қорғауда кәсіподаққа жүгіне алады. Тарифтік жүйенің белгілі түрлері барлық шетелдерде қолданылады.

Жалақы – еңбек  құнының (бағасының)  ақшалай  өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік  бағытталған  рыноктық экономикаға  көшу  кезінде минимальды деңгейдегі  еңбекақыны мемлекет  кепілдендіреді және  жоғары  деңгейдегі еңбек ақыға  шек  қойылмайды. Бұл еңбекті  материалды ынталандырудың және  еңбек  өнімділігін  арттырудың   басты   құралы болып,  қоғамдық  өндірісті тиімді  дамытуға  ықпал  етеді.

Жалақыны  дифференциялау және оның  принциптері. Жалақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және  аясына  қарай  өзіндік  ерекшілігімен айқындалып, ол бес принципке негізделген.

Бірінші  принцип – еңбектің  күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда  молдау құнды құрайды және  оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек  жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және  ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты  жағдайда  еңбек еткендерге  қарағанда, ауыр әрі  зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.

Үшінші  принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың  ең  қажетті  салаларында  басқаларына  қарағанда   өсім мен ақы   төлеу  жоғары болады.

Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық  жағдайының  өзгешелігімен байланысты. Еңбек  ақыға  әртүрлі экономикалық  аймақтарда аудандық  коэффициент белгіленіп, жалақыға  қосымша  түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында  бұл коэффициент 1,15 – ті құрайды. Демек, елімізді барлық  салаларда жұмыс істейтіндер  жалақысына   15 % қосымша қосып алады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы  9 – шы  қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика  саласындағы жұмысшыларға  еңбек  ақы  төлеу  туралы»  қауылысына сай, жалақыны  есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер размері сақталады. Таулы, құмды және  сусыз   жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта  тұратындарға коэффициенттер сақталады.

Информация о работе Жұмысшылырмен есеп айырысу