Жұмысшылырмен есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.

Содержание

І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 7
1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген
көзқарасы және жалақының принциптері 7
1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен
есеп айырысулар шотының негіздері 11
1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі 15
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 22
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі 22
2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық
жалақысын есептеу жолдары 35
ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 46
ҚОСЫМШАЛАР 48

Работа содержит 1 файл

жумысшылармен есеп айырысу.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

Оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезiнде;

Практикалық қызметiнде шет тілін қолданғаны үшiн жалақыға үстемеақыларды алатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнен шет тiлi бойынша емтихан қабылдау алу кезiнде;

Шет тiлiн жедел меңгеру жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргiзу кезiнде;

Басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердiң далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшiн қолданылуы мүмкiн.

Мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшiн тартатын оқу орындарының профессорлық – оқытушылар құрамы мен мамандардың еңбегiне ақы төлеу үшiн;

Диссертациялық зерттеулердiң консультанттары ретiнде тартылатын басқа ұйымдардың жетекшi ғалымдары мен мамандарының еңбегiне ақы төлеу үшiн (бiр докторантқа жылына 50 сағат);

Басшы қызметкерлердiң және мамандардың білiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу;

Халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция) өткiзгенi үшiн еңбек ақы төлеу үшiн қолданылуы мүмкiн. 

Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын
және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететін және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi

      Техникалық қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс істеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажы белгiлi бiр лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатымен есептеледi. 

      1. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк – бiлiктілік кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай – ақ: 
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген; 

2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағыныѕ сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;

3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағыныѕ прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, соттарында, КСРО – ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;

4) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген;

5) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, сондай – ақ заңнамаға сәйкес берiлген, баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;

6) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк органдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың ішiнде мемлекеттiк органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;

7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкілдi органдары депутаттарының өкiлеттіктерiн тұрақты негiзде жүзеге асырған;

8) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк органда жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң мемлекеттiк органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;

9) ұйымдарда мемлекеттiк органдардағы мамандықтармен бiрдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейiнгi жұмыс iстеген уақыты кiредi.

3. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады. 

4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын құрамын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия анықтайды.

Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi данада жасалады және: бiр данасы – кадр қызметiне, екiншiсi – бухгалтерияға берiледi. 

              5. Еңбек кiтапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзiндiлер, қызмет тiзiмi мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн негiзгi құжат болып табылады. Жұмыс істеген кезеңдері туралы қажетті жазбалар болмаған немесе қате немесе анық емес жазбалар болған жағдайда жұмыс стажын растау үшін анықтамалар, дербес шоттар және жалақы беру тізімдемелері және заңнамада көзделген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгердің мәліметі бойынша растау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

              Мемлекеттік мекемдегі жұмысшылар мен қызметшілерге келесідей қосымша еңбек ақы түрлері енгізілген:

      Педагогтар үшін:

      Сынып жетекшілгі: 1 – 4 сыныптар БЛЖ – дан 25 %

                                       5 – 11 сыныптар БЛЖ – дан 30 %

      Дәптер тексергені үшін: 1 – 4 сыныптар БЛЖ – дан 20 %

                                               5 – 11 сыныптар орыс тілі, қазақ тілі мен басқа ұлтық пәндер бойынша БЛЖ – дан 25 %, басқа қалған пәндер бойынша БЛЖ – дан 20 %

      Кабинет меңгергені үшін: БЛЖ – дан 20 %

      Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) үшін:

                  Білім беру мекелерінің оқытушылары мен басқа қызметкерлерінің кешкі, сырттай оқу білімдеріне, бойынша білімдерге меңгергені үшін БЛЖ – дан 30 %.

                  Педагогикалық қызметкерлерге    мектепке (сыныптарға), оның iшiнде директор лауазымы көзделмеген музыкалық, көркемөнер өнер және т.б. басшылық жасағаны   үшін БЛЖ – дан 20 %.

                  Бiлiм беру мекемелерiнiң кiтапхана оқушыларына оқулықтардың кiтапханалық қорымен жұмыс    iстегенi үшiн БЛЖ – дан 20%.

                  Оқытушыларға, өндiрiстiк оқыту шеберлерiне және оқытушылық жұмыс жүргiзушi басқа да қызметкерлерге әдiстемелiк циклдық және пәндiк  комиссияларға басшылық еткенi үшін БЛЖ - дан 25%

      Еңбектің ерекше жағдайлары үшін:

            Әскери мектеп – интернаттардың педагог қызметкерлерiне БЛЖ - дан 25%

            Жабық үлгідегi арнайы оқу – тәрбие мекемелеріндегі жұмыс үшін БЛЖ – дан 30% 

            Мектепке дейiнгi балалар мекемелері тәрбиешілерiнің көмекшiлерiне жұқпасыздандырушы заттармен жұмыс істегені үшін БЛЖ – дан 34%

      Ғылыми дәрежесі үшін:   

Ғылым кандидаты – АЖТМ (заңнамалық кесiммен белгiленген айлық жалақыныѕ ең төмен мөлшерi)   ақы бойынша төленеді. Ғылым докторы - АЖТМ   біліктiлiгi жоғары ғылыми кадрларды аттестациялау саласындаєы уәкiлеттi органы берген тиiстi дипломы болғанда және негiзгi жұмысы бойынша төленедi.

            Денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметкерлеріне  және білім беру  (стационарлық және амбулаторлық түрдегі) мекемелерінің медицина қызметкерлеріне:  туберкулездік интоксикацияға шалдыққан, туберкулездің бастапқы және басылып бара  жатқан түрлерімен  ауыратын, дене дамуында ауытқуы бар, психикасы сақталып статодинамикалық, сенсорлық функциялары мен  бөліс функциялары бұзылған балаларды; инфекциялық-паразитарлы, гериатриялық ауытқушылықтары   бар  тері-венерологиялық (хоспис, медбикелер күтім көрсететін үй)  психотерапевтік  бейінді аурулармен ауыратын науқастарды емдеу, оңалту және сауықтыру үшін БЛЖ-дан 20%

      Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің қызметкерлеріне БЛЖ-дан 20%

      Аса қауіпті   індеттер қоздырєыштарымен және оларды жұқтыруы мүмкін материалдармен жұмыс істейтін қызметкерлерге; Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне БЛЖ-дан 22%

      Бараоперация жасау бөлмесінде үнемі жұмыс істейтін қызметкерлерге БЛЖ-дан 22 %

      Жедел медициналық жәрдем станцияларыныңѕ (бөлімшелерінің), арнайы бригадалардың қызметкерлеріне БЛЖ-дан 22 %

      Интенсивті бақылаудағы мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханалардың қызметкерлеріне БЛЖ-дан 60 %

      Сот-психиатриялық сараптама қамауға алынєан адамдарға арналған) бөлімшелерінің; сот медицинасы орталығыныѕ (бөлімшелерінің) қызметкерлеріне БЛЖ-дан 60% 

      Паталогоанатомиялық бюролардың (бөлімдердің, бөлімшелердің) мәйітін, тінін ағза мүшелерін және тері дайындау бөлімшелерінің қызметкерлеріне БЛЖ-дан 20 %

       Денсаулыќ сақтау ұйымдарының басшы дәрігерлеріне және олардың дәрігер – орынбасарларына өздері штатына кіретін ұйымдарда негізгі қызметі бойынша жұмыс уақытының шегінде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі тиісті мамандық дәрігері лауазымдық жалақысының 25% дейін

      Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін дефектологтар мен логопедтерге БЛЖ-дан 30%

      Орта медициналық персонал: хирургиялық бейін медбикесі БЛЖ-дан 50%

      Паталогоанатомиялық бюро (бөлімшелердің),  сот – медициналық сараптама орталықтарының мамандары: жалпы сараптамалық зерттейтін сот - медициналық сарапшы; паталогоанатом, оның ішінде балалар паталогоанатомы БЛЖ-дан 150%

      жедел және шұғыл медициналық жәрдем; БЛЖ-дан 150%.

      Қазақстан Республикасының кiтапхана лар қызметкерлерiне БЛЖ-дан  30%

      Театр, опера және балет, концерт ұйымдастыру әртістеріне ЛЖ-ның 50%-на дейін

      Олимпиадалық, Параолимпиадалық ойындарға: бiріншi орынға ЛЖ-дан  12 % екіншi орынға ЛЖ-дан 10%, үшiншi орынға ЛЖ-дан 9%, төртiншi орынға ЛЖ-дан 7%, бесiншi орынға ЛЖ - дан 6%, алтыншы орынға  ЛЖ-дан 5% 

      Әлем чемпиондығына: бiріншi орынға  ЛЖ-дан 8% екіншi орынға ЛЖ-дан 6%,үшiншi орынға ЛЖ-дан 4%

      Азия, Азия Параолимпиадалық ойындарға әлем кубогына: бiріншi орынға  ЛЖ-дан    5%    екіншi орынєа ЛЖ-дан  4%    їшiншi орынєа   ЛЖ-дан  3,5%

      «Спорт шеберi"  БЛЖ-дан 10%

      Әскери комиссариат: 1 жылдан 2 жылға   БЛЖ-дан      дейін  10%      2 жылдан 4 жылға    БЛЖ-дан      дейін 15%      4 жылдан жоғары БЛЖ-дан 20%    үшін  үстемеақы.

      "Кеме қатынасы тіркелімі"  ММ, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының»," Облжолзертхана" ММ кызметкерлеріне ЛЖ-дан 50 % дейін.

      Су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, "Облжолзертхана" ММ мамандары мен қызметкерлеріне ЛЖ-дан 50% дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық жалақысын есептеу жолдары

 

              Тақырып бойынша жинақтаған теориялық материалдар негізінде практикалық жұмыс жасадым. Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар» болғандықтан, оның негізгісі жалақы, оны есептеу және оны аудару тәртібі болып табылады. Сондықтан да теорияны практикамен ұштастыра отырып зерттеу объектісіне мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын оқытушылардың жалақысының қалай төленетіндігін зерттедім.

              Зерттеудегі мақсатым: мемлекеттік мекемедегі жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысының ай сайын белгілі бір нормативті – құқылық актілерге сай, қазіргі заманғы экономикалық қатынастар талаптарын орындай отырып, төленетіндігін және компьютерлік жүйенің қолданылуы тәртібін анықтау.

              Зерттеу объектісі: Астана қалалық медициналық колледжінде жұмыс істейтін оқытушы. Аты – жөні Бозбаева Гүлімжан Оңайқызы. Химия – биология пәнінің оқытушысы. Еңбек стажы 30 жыл. Мен, осы оқытушының жалақы туралы мәліметтерін ала отырып, бухгалтерия осы оқытушының айлық жалақысын қалай есептейді, онымен қалай есеп айырасатынын зерттедім.

              Есептік – төлем ведомосында №40 2007 жылдың 26 маусымда (қосымша) Бозбаева Гүлімжан Оңайқызына аударылды 48789,00 теңге, соның ішінде ЖТС (жеке табыс салығы) және зейнетақыға ұстап қалу сомасын ескере отырып, барлығы 8782,60 теңге ұсталынған. Нәтижесінде 40007,15 теңге карт – шотқа аударылды.

              Жалақыны есептеу тәртібі: Мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларға еңбекақы төлеу жүйесі туралы 11 қаңтар 2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің толықтырулар мен өзгерістер енгізген №41 қаулысы сәйкес G – 7 тобына жатады, стажы 20 жылдан асқандықтан, коэффициенті 3,35 болып табылады.

              8712 – БЛЖ (базалық лауазымдық жалақы)

1. Негізгі еңбек ақы 8712 *3,35 = 29185,2

1 ставка = 720 сағат (1 жыл), айына – 72 сағат

Информация о работе Жұмысшылырмен есеп айырысу