Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 16:55, курсовая работа
Біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының өзгеруіне сәйкес және нарықтық экономика жүйесіне ену жағдайында жұмысшыларды немесе қызметшілерді әлеуметтік жағынан қолдау және қорғауда жалақысын төлеуде мемлекеттік саясат түбегейлі өзгерді. Бұл саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің көптеген өз бетімен еңбекақысын төлеу формалаларын, жүйесін, мөлшерін қоятын кәсіпорындарға берілді.
Нарықтық қатынастарға көшу өмірге ақша кірістерінің алудың жаңа көздерін әкелді. Кәсіпорынның меншігіндегі еңбек ұжымының мүшелеріне акциялар мен үлестерін төлеу түрлері (дивидендтер, проценттер). Әрбір еңбек етушінің еңбек кірісі, кәсіпорынның соңғы нәтижесін ескере отырып, жеке қосқан үлесімен анықталады, салықпен реттеледі және мөлшері шектелмейді. Барлық ұйымдастырушылық – құқылы түрдегі кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысының минималды мөлшері заң шығаратын (ұжымдар) федералдармен бекітіледі.
І – бөлім. ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 7
1. 1. Ұлы – ғұлама ойшылдардың жалақыға деген
көзқарасы және жалақының принциптері 7
1. 2. Жұмысшылармен және қызметшілермен
есеп айырысулар шотының негіздері 11
1. 3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі 15
ІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 22
2.1. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын
есептеу тәртібі 22
2.2. Мемлекеттік мекемедегі 1 жұмысшының айлық
жалақысын есептеу жолдары 35
ІІІ – бөлім. ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕКСЕРІСІ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 46
ҚОСЫМШАЛАР 48
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді.
1.2. Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар шотының негіздері
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің бұйрығымен бекітілген, жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 27.01.1998 жылғы №30 нұсқаулығына сәйкес шоттар жоспарының VІІ – бөлім «Есеп айырысу» бөлімінде «Жұмысшылармен, қызметкерлермен және стипендиаттармен есеп айырысу» 18 шоттың қосалқы шоты 180 «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар» болып табылады.
180 «Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар» қосалқы шотында бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен жасалатын есеп айырысулар ескеріледі.
Жалақы төлемдерін есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күнгі есебінде көрініс табады.
Жалақы төлемдерін есептеу үшін: штаттық кесте мен жалақы төлемдерінің сәйкес бекітілген қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, орын алмастыру туралы бюджеттік ұйым бойынша бұйрық, жұмыс уақытын пайдалану табелі және жұмыс уақытын пайдалану және еңбекақыны есептеу табелі 421 – н., Жұмысқа арналған өңдеу есебінің картасы 423 – н., Нарядтар мен басқа да құжаттар 424 – н. бойынша басқалар негізгі құжат болып табылады.
Табелдерді бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған адам белгіленген үлгі бойынша жүргізеді. Айдың соңында табель бойынша атқарылған күндердің, сондай – ақ жұмыс жасалған сағаттардың жалпы саны айқындалады. Тиісті қол қойылып толтырылған табель мен басқа құжаттар белгіленген мерзімде жалақы төлемдерін есептеу үшін бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Бөлімшілері саны көп мемлекеттік мекемелерде, кассирден басқа, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалатын тұлғалармен жалақыларды, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыларды төлеу мемлекеттік мекеме басшысының жазба бұйрығы бойынша жүргізілуі мүмкін. Сенімді тұлғаларға кассалардан қолма – қол ақша беру кезінде кассир беру есебін жалақылар мен стипендияларды төлеуге арналған ақша таратушыға берілген есеп журналында № 320 – н. жүргізіледі.
«Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеудің тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.1999 жылы №1464 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер салымдар бойынша дербес шоттарға немесе Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 17.11.2000 жылғы № 488 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және стипендианттарға екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер төлеу туралы нұсқаулыққа сәйкес карт – шоттарға олардың сомасын есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда, облыстық қазынашылық басқармасы, Астана, Алматы қалалары қазынашылық басқармасы және қазынашылық аумақтық бөлімшелері басшысының жазбаша рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 17.11.2000 № 488 бұйрығымен бектілген қазынашылық аумақтық бөлімшілерінің чектерін мемлекеттік мекемелердің пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес қазынашылық комитетіне кейіннен хабарлай отырып, жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді беруге арналған қазынашылық аумақтық бөлімшілерінің чектері бойынша ақша беруге жол беріледі.
Қызметкерлерге айдың бірінші жартысы үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте ұстауға жататын салық сомаларын шегеріп, айлық жалақы төлемдерінің 50% көлемінде аванс беріледі.
Ай үшін жалақы төлемдерін есептеу және айдың екінші жартысы үшін төлем жасау, әдеттегідей, н. 49 есептік – төлем ведомості бойынша жүргізіледі. Есептік – төлем ведомостысына табелдердің нөмірлері, қызметкердің тектері инициалдары, есептелген жалақы төлемдердің сомалары және жәрдемақылар, берілген аванс, ұсталған салықтар және басқа сомалар жазылады.
Есептік – төлем және төлем ведомостарына бұл ведомостарды әзірлеген және тексерген адам қол қояды. Жалақы төлемдерін төлеу үшін рұқсатқа ұйымның жетекшісі және бас бухгалтер қол қояды.
Есептік – төлем және төлем ведомостарын төлем мерзімі біткен бойда жалақы төлемдері алынбай қалған адамдардың тегінің тұсына кассир штамп соғуға немесе «Депонирленген» деп қолмен белгі соғуға және депонирленген сомалардың реестрін жасауға міндетті. Ведомостың соңында кассир нақтылы төленген сома туралы және жалақы төлемдерінің алынбаған сомасы туралы жазба жазуға, бұл сомаларды есептік – төлем және төлем ведомостары бойынша жалпы жиынымен салыстыру және жазбаны өзінің қолымен қуаттауы керек. Егер ақшаны кассир емес басқа адам берген болса, онда ведомостқа «Ведомост бойынша ақшаны берді – қызметі, қолы, қолының шифрленгені» деген қосымша жазба жазылады. Есептік – төлем және төлем ведомостарына кассир жасаған белгіні мұқият тексергеннен және берілген және депонирленген сомаларды қайта есептегеннен кейін жалақы төлемдерінің берілген сомасына белгіленген тәртіпте толтырылатын және кіріс және шығыс құжаттар тіркелетін журналға тіркеліп шығыс кассалық ордер толтырылады. Төлем және есеп – төлем ведомостарына касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргізілген шығыс кассалық ордерінің күні мен нөмірі қойылады.
Қызметкердің өткен кезең үшін жалақы төлемі туралы мәліметті алу үшін түрлер бойынша жалақы төлемінің сомасы көрініс табатын қызметкер туралы жалпы мәліметтен басқа н. 417 карточка – анықтамалық жүргізіледі.
Есептелген жалақы төлемінің сомаларына 180 қосалқы шот кредитіне және 08, 20, 21, 17 шоттардың тиісті дебетіне жазба жазылады.
Төленген жалақы төлемдерінің және жәрдемақылардың, белгіленген тәртіпте ұсталған сомалары 180 қосалқы шот дебетіне және 120, 160 қосалқы шоттардың кредитіне және 17 және 18 шоттардың тиісті қосалқы шоттарына жазба жазылады.
Есептік – төлем ведомостары негізінде 5 мемориалдық ордер әзірленеді.
Аурухана парақтары (еңбекке жарамсыздық парағы) жеке папкаға тігіледі және жыл басынан бастап хронологиялық тәртіпте нөмірленеді. Есепке қосып есептеу үшін оның әр парағына есептік – төлем ведомостарының нөмірі қойылады.
Қызметкерге жалақының тиындарымен төленбеген сомасы өтпелі қалдықпен (оң немесе теріс) 180 қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 «Қолма – қол тиындары ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу» қосалқа шотына есепке алынады.
1.3. Жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны аудару тәртібі
"Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдер төлеудiң тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1464 қаулысына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне және стипендианттарға (бұдан әрi – алушылар) екiншi деңгейдегi банктер және немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi – Банк/Агент) арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер төлеудiң тәртiбiн реттейдi. Алушыларға жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдердi (бұдан әрi – жалақы, стипендия) төлеу Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, олардың сомаларын алушының қалауы бойынша, салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу жолымен Банк/Агент арқылы жүзеге асырылады.
Жалақыны, стипендияны салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу жолымен төлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруы.
Жалақы, стипендия алушы Банк/Агентпен дербес салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу жолымен өзiне тиесiлi соманы төлеу жөнiнде жеке шарт (бұдан әрi – Шарт) жасасады.
Шарт екi данада жасалады, оның бiрiншiсi алушыда қалады, екiншiсi Банк/Агентте қалады.
Банк ақша алушымен қызметтер көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырудың бүкiл тәртiбiн, сондай – ақ Банктiң карточкаларын пайдалану тәртiбiн нақты түсiндiредi.
Банк/Агенттің жалақыны, стипендияны және басқа да ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарға немесе алушылардың карт – шоттарына есепке алу жөнiндегi қаржылық қызметтерiне мемлекеттiк бюджеттен ақы төленедi.
Алушы мемлекеттiк мекемеге негізiнде Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шоттың нөмiрiн немесе карт – шоттың нөмiрiн, Шарттың нөмiрi мен жасалған күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып, жалақының, стипендияның тиесiлi сомасын аударуға арналған өтiнiштi бередi.
Мемлекеттiк мекеме әрбiр Банк/Агентпен алушыларға қызмет көрсету жөнiнде Агенттiк келiсiм жасасады және оған қол қою құқығы мен мөр таңбасы бар лауазымды тұлғалардың қолдарының үлгiлерi бар құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы ақша алушыларды салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға жалақының, стипендияның аударылғаны туралы ақпараттандырып отыратын жауапты тұлғаларды анықтайды.
Мысалы: «2007 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 19 банк және «Казпочта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard –«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, TemirCard – «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard - «Казпочта» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.
2007 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 4.8 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 4.6 млн. адам болған (2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 26.5% және 27.3% артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 95.8%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 4.2%. 2006 жылдың 1-ші шiлдеында бұл арақатынас 89.3% және 10.7% құраған болатын.
2007 жылдың шiлдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 160.5 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың маусым айымен салыстырғанда 56.6%). 2007 жылдың маусым айында транзакциялардың саны 7.2 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 30.8%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1.1 млн. транзакцияға дейін немесе 64.6%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (6.1 млн транзакцияға дейін немесе 26.2%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады».
Жалақыны салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға аудару тәртiбi:
Алушыларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк келiсiм жасалғаннан кейiн мемлекеттiк мекеме Банк/Агенттермен келiсiлген нысан бойынша жалақының тиесілi сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу үшiн өтiнiш берген өздерiнiң қызметкерлерiнiң тiзiмдерiн қалыптастырады.
Қажет болған кезде мемлекеттiк мекеме Банк/Агенттермен электрондық қолдар алмасу туралы Агенттiк келiсiм жасасады.
Тiзiмнiң электрондық нысанының мынадай деректемелерi болуы тиiс:
– Салымдар бойынша жеке дербес шоттың немесе карт – шоттың нөмiрi;
– Алушының аты – жөнi, әкесiнiң аты толығымен;
– Есепке алынатын сома;
– Алушының СТН – i.
Бағдарламалық қамтамасыз етудi мемлекеттiк мекеме өздерiмен Агенттiк келiсiм жасасатын тiкелей Банк/Агенттер ұсынады.
Тiзiмдер мемлекеттiк мекеме мен Банк/Агенттер арасындағы уағдаластық бойынша электрондық нысанда ақпаратты магниттiк тасымалдаушымен файл түрiнде және қағаз түрiнде, бюджеттiк және "Ақылы қызметтерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттары бойынша жеке берілуi мүмкiн. Қағаз түрiндегi тiзiмдерге бiрiншi басшы мен бас бухгалтер қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен куәландырылады. Мемлекеттiк мекемеде бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлiк техника болмаған кезде оларды Банк/Агенттер тегiн беруi мүмкiн.
Тиесiлi жалақыны салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу үшiн Банк/Агенттерге сома аударуды мемлекеттiк мекеме жалақыны төлеудiң белгіленген мерзiмiне дейiнгi бiр күн бұрын шартқа сәйкес жеке төлем құжатымен тиiстi шоттардан Банк/Агенттiң қаржылық қызметтерiнiң сомасын (карт – шоттарға есепке алу кезiнде карточкаларға ай сайынғы қызмет көрсетудi қоса алғанда) аудара отырып, бюджеттiк шоттардан (120, 130, 132, 141 "Мақсатты қаржыландыру шоты", 724 "Уәкiлеттi және төленбеген аударымдардың ағымдағы шоты") және "Ақылы қызметтерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттарынан жүргiзедi.
Жалақының сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алуды мемлекеттiк мекеме Банктi қосалқы корреспонденттiк шотына немесе Агенттiң арнайы шотына аударған қаражаттың шегiнде келесi банк күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi, төлемдер алушы мен Банк/Агент арасында жасалған шартта белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
Электрондық нысандағы тiзiм сомасының қағаз нысанның сомасымен немесе Банктiң қосалқы корреспонденттiк шотына немесе Агенттiң арнайы шотына аударылған сомамен алшақтығы болған жағдайда, жалақының, мемлекеттiк мекеме қажеттi қаражатты толық аударғанға не түзетiлген тiзiмдi ұсынғанға дейiн сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт – шоттарға есепке алу жүргiзiлмейдi.