Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:51, дипломная работа
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.
1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері
1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
6.Синтетикалық және
аналитикалықесеп жазбаларының 1210/301»Алынатын
шоттар» және 6010 /701 «Дайын өнімді(тауарларды,жұмыс
Тауарлық-материалдық
қорларды түгендеумен оның
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін ,соның ішінде , материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары , көмекші материалдардың , шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және тағы басқа бар болуын растайтын басқада көрсеткіштерді келтіру қажет.
Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы , бұрынғы тексеру қоытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек .
Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға , олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық- материалдық қорларды қолданудың тиімділігін артыруға болады.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу , қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді . Тауарлық- материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне жеке әр бір атау бойынша кіргізеді . Тізімдеме бір дана болып жасалады .
Есепте ескерілмеген
материалдық құндылықтар
айқындалғанда , комиссия оларды
тізімдемеге кіргізуге тиіс .
Түгендеу біткен соң тізмдеме
салыстырмалы ведомость
Өндірістік іс-қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану анықталғанда рұқсатнамалар бақылау материалы ретінде пайдаланылады. Олардың мәліметтері шот- фактураларда жапсырмада және басқа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарылған құнды-лықтардың іс жүзіндегі санымен,ассортиментімен сапасымен және құнымен салыстырылады.
Тауарлық – материалдық
Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады.
Комиссия жұмысының іс-тәжірбиесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда , жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру,қалдықтарды қате санаудан тұрады.
3.2 Аудиторлық қорытынды
Аудит - дегеніміз жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруі болып табылады.
Олар тексеру жүргізген соң аудиторлық қорытынды жасайды.
Мұнда мына жағдайлар ескеріледі:
1.Жүргізілген
аудит нәтижелері бойынша
2.Аудиторлық қорытынды заңдарға сәйкес аудит жүргізуге міндетті аудиттелген субъектілердің қаржылық сәйкестілігінің ажырамас бөлігі болады.
3.Жеке кәсіпкер болып
табылатын аудитор жасаған
4.Аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысына атқарушы-аудитор қол қойып,оны жеке мөрімен куәландырады.
Аудиторлық
қорытынды-бухгалтерлік,салық
Аудиторлық
қорытындының бар болуы
Аудиторлық қорытындылар:
1.Сөзсіз(ескертпесіз жасалған қорытынды)
2.Шартты(ескертпемен жасалған қорытынды(
3.Жағымсыз қорытынды
4.Қорытынды жасаудан бас тарту болуы мүмкін.
Аудиторлық қорытынды
дашаруашылық жүргізуші
Аудит жүргізу Қазақстан
Республикасының заң
Аудиттің түрлері: міндетті аудит және бастамашылық аудит
Ұзақ мерзімді активтердің аудіті.
- Негізгі құралдардың жиыны-688673
- Ғимараттар мен үйлер-1169
- Көлік құралдары-2207458
- Басқада негізгі құралдар-2533
- Негізгі құралдардың тозуы-1862853
- Негізгі құралдардың қалдық құны-688673
Соның ішінде:
- Үйлермен ғимараттар-331405
- Машина және құралдар-9495
- Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздардың жиыны-688673
- Басқа да дебиторлық қарыздар-0
Ағымдағы активтердің аудиті.
- Тауарлық –материалдық қорлардың жиыны-12595
Соның ішінде:
- Материалдар-12595
- Аяқталмаған өндіріс-0
- Ағымдағы активтердің жиыны-12596
Міндеттемелер аудиті.
-Жарғылық капитал-6983034
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті.
-Кредиторлық қарыздар-7618748
-Басқа да кредиторлық қарыздар-58460
-Ағымдағы міндеттемелер жиыны-7684303
-Балансы-701269
Тауарлық-материалдық қорлар
Аудиторлық тексеру барысында ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болғ,ан жағдайда,бухгалтерлік есеп заңдылықпен,мемлекет бекіткен ереже-нұсқау талабына,бухгалтерлік аудиторлық стандарттарына сәйкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі.
Қаржы есебіне аудиторлық қорытынды жасадық,қаржы есебінің мәліметіне субъект басшысы жауапты.біздің міндетіміз сол қаржы есебіне тексеру жасап,аудиторлық қорытынды беру.біз аудиторлық тексеруді Қазақстанның аудит стандартына сәйкес жүргіздік.Онда анықталған мақсат бойынша,қаржы есебінің дұрыстығын,айтарлықтай келешегінің жоқ екенін анықтап бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін негізге ала отырып аудиторлық қорытынды мазмұнын анықтау.Сол үшін субъектінің шаруашылық барысының тапсырушы шартындакөрсетілген объектілер тексеріледі.
Нақты айтқанда,банк операциясы,касса операциясы,өндіріс процесі дайын өнім сату және қызмет көрсету әрекеттері,еңбек ақы төлем есебі,материалдық емес активтер несие алу тексеріледі.
Біздің
ойымызша тапсырушының есебі
31.12.05жылға,шаруашылық
Шаруашылық жүргізуші субъектілердін тауарлык-материалдық қорларының кұрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылык есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылык есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, кайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық кұндылыктардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды колданудың тиімділігін арттыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен дипломдық жұмысымды қорыта келгенде, дипломдық жұмысты үш бөлімге бөліп қарастырдым .
Бірінші бөлімінде Тауарлық – материалдық қорлар есебінің теориялық негізі қарастырылды. Тауарлық- материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады:өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар , материалдар , сатып алынған жартылай шикі заттар және құрастырушы бұйымдар ,отын, ыдыс, ыдыстық материалдар субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша,яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді.
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына , қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуінежәне жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Материалдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда олардың кірісі мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді.
Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің материалдық құндылықтар төменде көрсетілген әдіс негізінде бағаланады.
1.Арнайы есептеу әдісі
2.Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3.ФИФО әдісі.
4. ЛИФО әдісі
Арнайы есептеу әдісі әдетте бірімен бірі алмастыруға болмайтын нақтылы бір материалдық құндылықтардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдармен істелген жұмытардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған әр бір материалдық құндылықтардың кіріске алынғандығы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі .
ФИФО әдісі Есептен шығарылған материалдық құндылықтарды олардың алғашқы кезекте кіріскеалынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.
ЛИФО әдісі шаруашылық субъектісіне соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледінемесе жұмсалады деген қағида негізделген , яғни алғашқы жұмсалатын емесе шығыс етілетін материалдар шаруашылық субъектісіне ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында шаруашылық субъектісінде қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Информация о работе Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі