Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:51, дипломная работа
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.
1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері
1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жарғылық капитал- Құрылтайшылар құратын суъектінің жарғылық
қорына бастапқы капитал ретінде салынған мүлік,құқық, ақша және т.б.
Қосымша капитал- негізінен айналымға қатыспайтын меншік иелерінің салымдарының және жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен әр- түрлі актілерден меншікті бағалы қағаздарды сатудан құралады.
Резервтік капитал- кәсіпорынның арнаулы ақшалай қоры, ол кәсіпорынның таза табыс есебінен құрылады. Резервтік капитал ықтимал залалды жабу мақсатымен есепті кезеңінде табысты кем алған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша девиденттерді төлеу үшін құрылады.
Бөлінбеген табыс- меншік иелер арасында девидент түрінде бөлінбеген таза пайда.
Мақсатты қаржыландыру мен салымдар- мақсатты қорлар кәсіпорынның иелігінде қалған табыстың есебінен немесе тегін жарнамалардан құралады.
Жарғылық капитал мен резервтік капиталдар мәні жоқ.
Жыл басында бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомасы -3945683 мың тенгені құрады яғни 83% болды. Жыл соңында бұл сома 3037351 мың тенгеге кеміп тұр,үлестік көрсеткіші – 4%яғни 6983034 мың тенге.
Меншік капиталдың жыл басындағы сомасы - 3920119 мың тенгені құрап үлес салмағы 100% ,ал жыл аяғында бұл сома - 3062915 мың тенгеге кеміп, - 6983034 тенгені, яғни 100% құраған.
2.3 Кәсіпорында
Тауарлық- материалдық қорлар есебін
жетілдіру
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес қорлар – мына активтер:
- Қалыпты қызмет барысында сату үшін арналған;
-Осылай сату үшін өндіріс процесінде, немесе
-Өндіріс процесінде немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін арналған шикізат немесе материалдар түрінде.
Демек , қорлар анықтамаға сәйкес мынадай үш санатқа бөлінеді:
Қорлар кәсіпорын балансында актив ретінде танылады . Егер кәсіпорынға болашақта экономикалық пайдалар ағысының ықтималдығы болса қорлардың құны немесе сеніммен өлшене алатын бағасы болады. Әдетте кәсіпорын қорларының құрамына олар бойынша меншіктің заңды құқығы сатып алушыға көшкен қорлар енеді .
Алайда стандарттар да қарастырылған белгілі бір ережелер қолданылатын бірқатар жағдайлар болады . Жыл аяғындағы олардың заңдылық құқық сатып алушыға көшкен жолдағы тауарлар есепті кезеңнің қорлары ретінде көрсетіледі:консигнацияға берілген тауарлар консигнаттағы қор ретінде көрсетіледі .
Қорларды есепке алудың аса маңызды мәселелерінің бірі оларды бағалау болып табылады. 2-ХҚЕС –ына сәйкес қорлар өткізу мүмкіндігінің өзіндік құны мен таза құны сияқты екі шаманың ең азы бойынша бағалануы тиіс. Яғни кәсіпорындар қорларды қаржы есептілігінде төменгі баға ережесі бойынша көрсетуге тиіс. Оның мәнісі – байыппен қарау қағидасына орай қорлар мүмкін болатын құндарының ең кемі бойынша бағаланады.
Кәсіпорын бухгалтері қорлардың өзіндік құнына нелер қосылатынын және қорлардың өзіндік құнынан шығарылатын әрі олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын тізбесін білуге тиіс.
Кәсіпорынның есеп саясатында қызмет ерекшелігіне қарай кәсіпорын қорларының өзіндік құнына қосылатын шығындар тізбесі белгіленуі тиіс.
Қаржы есептілігін ХҚЕС - ына сәйкес жасайтын ұйымдар шоттардың жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне орай Нұсқаулыққа сәйкес жасалатынын қазақстандық кәсіпорындардың бухгалтерлері біледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес , Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен қызмет қажеттілігіне қарай ұйым синтетикалық және талдамалы шоттар ашады.
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады.Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды,құжатта рәсімдеуді,тиеу-тасу жұмыстарын,материалдық ресурстардың қозғалысын,сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатын алу,өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
1.Материалдық ресурстармен
жабдықтауды ұйымдастыру
2.Қалыптасқан тауарлық-
3.Қорлардың жағдайынжәне олрдың қолданылу деңгейін бағалау.
4.Қойма
5.Тауарлық-материалдық
қорлармен жасалатын
6.Қорларды түгендеудің
жүйелілігімен
7.Тауарлық-материалдық құндылықтардықолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
8.Жабдықтау-дайындау
іс-қызметі есебін,басқаруды
Тауарлық-материалдық
қорларды құру мен сақтау
7 кесте
Қорларды сатып алу мен
бағдарламасы
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері |
1 |
2 |
1Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету мен |
Жылдық,тоқсандық және
ағымдағыесеп,сонымен жедел |
2.Бастапқы есепті,қорлардың
қозғалысы туралы есеп беру жағ |
4-9 БЕС қойма есебі
карточкалары ТМҚ жоғалту |
3.ТМҚ синтетикалық
және аналитикалық есебінің |
Бас кітап,6,7,10,журнал ордер есеп регистрлері |
4.Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру |
4-7,30 БЕС, материалдық құндылықтарды түгендеу актісі |
5.ТМҚ бар болуымен
сақталуын,уақтылығымен |
Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар,бастапқы құжаттар,түгендеу актілері |
6.Қойма шаруашылығын
ұйымдастырудың дұрыстығын |
Техникалық құжаттама,қойма шар |
7.Қойма есебін,ТМҚ
қозғалысы бойынша бастапқы |
Бастапқы құжаттар,қойма есебініңкартокалары |
8.Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау |
Стандарттар,нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар |
9.Түскен материалдарды алуды тексеру |
Бастапқы құжат, шот-фактура,кіріс ордері |
10.Өніммен жабдықтау,жұмыспен
қызметті орындау,сақталуын |
Бас кітап,шарттар,нарядтар,сертифи |
11.ТМҚ-ны өндіріске
босату жөніндегі |
10журнал ордері,бас кітап
7-кестенің жалғасы |
12.ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын тексеру |
6,10 журнал ордер, |
13Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру |
Ішкі тәртіп,4-10,13,24,30 БЕС |
14.ТМҚ өткзу мен қайта өңдеуге беру дұрыстығын тексеру |
Сенім хаттар,кіріс ордері,24,30 БЕС |
15.ТМҚ табиғи кему,бүліну
және оларды арзандатудағы |
Түгендеу актісі, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер |
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдың құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың ұй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салман өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдың жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдың құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық құндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі кар-точкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомоске көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдың құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің №17-нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдың сандық өлшеммен енгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен қарточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жү-зеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері №17-нысанының тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерия бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері №18-нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысна түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттың есеп кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың №20-нысанындағы ведомосі) қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдың құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бұл әдіс кезінде:
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық әдіске тән қасиет — қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс — материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (құрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша №19А-нысанындағы материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 20 (материалдар)-бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтыра-ды. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Алғашңы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға тапсырылады, Онда оны жасау-дың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің тауарлық-
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп мыналарды анықтауы тиіс:
1.Дайын
өнімен жабдықтауға арналған
шарттар жасалған ба және
2.өнімді
тиеуге арналғанқұжаттарды
3.Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
4. Дайын өнімді тиеу
өткізу есебінжүргізудің
5.Өнімді тиеу мен
өткізужөніндегі
Информация о работе Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі