Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.

Содержание

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_901794684.doc

— 362.50 Кб (Скачать)


І. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ  ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

                                                       НЕГІЗІ

      

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық  қорлар есебінің                                            ұйымдастырылуы

1.2 Тауарлы-материалдық  қорлар есебінің әдістері

 

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау

1.4. Тауарлы  материалдық қорлардың қозғалысының  құжаттық                   рәсімделуі

ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ  ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Тауарлық -материалдық  қорларды талдаудың міндеттері мен көздері

2.2 Кәсіпорынның шаруашылық  қызметіне талдау

2.3 Кәсіпорында  Тауарлық- материалдық қорлар есебін  жетілдіру                                                                                                                                     жолдары

ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ  ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

      

3.1 Тауарлы-материалдық  қорлар аудиті

3.2 Аудиторлық қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ

 

          Менің   дипломдық  жұмысымның  тақырыбы  « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру  жолдары »  Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың  өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.

          Тауарлық-материалдық қорлар –бұл  шаруашылық субъектісінің өнімді  өндіру, қызмет көрсету немесе  жұмыстарды орындау мақсатындағы  шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.

       Тауарлық-материалдық  босалқылар келесідейактивтер түрінде  болады: өндірісте пайдалануға немесе  жұмыстар мен қызметтерді орындауға  арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.

          Тауарлық-материалдық қорлардың  ауыстырылатын және ауыстырылмайтын  түрлері бар. Мысалға энергияны  өндірістік қажеттілік үшін көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал, таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын қорларға жатады.

   Материалдық қорлардың  негізгі және көмекші деген  екі түрі болады:

           Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін  көмекші материалдар  негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

          Дипломдық жұмыстың мақсаты –  Тауарлық-материалдық қорлар туралы  сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық  рәсімделуін толықтай қарастыру.

     Материалдарды  келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет етіледі.

         Қорларды кешенді пайдалану,олардың рационалды шығысталуы, арзан және тиімді материалдарды пайдалану өнімді шығаруды көбейтудің маңызды бағыты және қаржылық жағдайының жақсаруы болып табылады.

        Қазіргі  уақытта тек табиғи  қорлар ғана емес, сонымен қатар кең түрде жасанды, синтетикалық қорлар қолданылады. Соңғыларының ішінде ең көп пайдаланылатыны полимерлер,тамақ ауыстыратындар,ағаш плиталар, синтетикалық маталар және т.б.

                 Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс  жасауының  маңызды сипаты  материалдық   қорларға қажеттіліктерді жабу көздерімен толық қамтамасыз  ету болып табылады . Олар ішкі  және  сыртқы болуы  мүмкін. 

        Сыртқы көздерге сәйкес  келісім   шартқа отырылғанмердігерлерден   келіп  түсетін материалдық   қорлар  жатады . 

      Ал, ішкі  көздер  - бұл  шикізат  қалдықтарын  азайту , шикізатты  екінші  рет  пайдалану  ҒТП жетістіктерін енгізу нәтижесінде  материалдарды  үнемдеу.

     Халықаралық   қаржылық есеп  беру  стандарттары  бойынша тауарлық – материалдық   қорлар  мына  шоттар да  корреспонденцияланады :

1310 /201 шикізат пен материалдар

1310/ 202 – жартылай  фабрикаттар

1310/203 – отын

1350/204 – Ыдыс және  ыдыс  материалдары

1310/205 – қосалқы   бөлшектер 

1350/206 - өзге  материалдар

1310/207 – қайта  ұстауға   берілген  материалдар

1310/208 – құрылыс   материалдары

1340/211-213 – Аяқталмаған   өндіріс

1320/221 – Дайын  өнім

1330/222-223 - Тауарлар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

І. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

                                                       НЕГІЗІ

      

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық  қорлар есебінің                                            ұйымдастырылуы

 

    Материалдар  өздерінің сақталып тұрған жері  бойынша, яғни шаруашылық  субъектісінің  қоймасында  және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді.  Материалдық  құндылықтардың  коймадағы  есебінің  дұрыс  ұйымдастырылуы  олардың  дұрыс  сақталуына,  қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың    қалай    қойылғандығына    байланысты.     Қоймада    материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы,  сорты,  көлемі,  номенклатуралық  номері,  өлшем  бірлігі,  сақталып тұрган  материалдардың мөлшері  және тағы да  басқа көрсеткіштері  картон  немесе  фанерге  жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі.   Қоймада  материалдық  құндылықтардың  тек   қана  сандық  есебі жүргізіледі.  Материалдардың әрбір номенклатуралық номері  бойынша бөлек үлгілі   түрі   М   -   17   карточкасы   ашылады. 

       Бұл   карточкада   материалдық құндылықтардың аты, мөлшері, көлемі ,   өлшем бірлігі,  номенклатуралык номері   және   есептеу   бағасы   көрсетіледі.   Бұл   карточканы  жаңадан   кіріске  алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап,  одан кейін  кіріс  ету ордерімен  (реестр)  бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс -   шығысының   сорттық  -   сандық   есебі   сол   материалдарға  жауапты   адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы  басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.

      Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына   материалдар   есебін   тиісті   түрде   жүргізуге   дайындалып   жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.

     Қоймашы белгілеген   тәртіп   бойынша   толтырылған   алғашқы   құжаттардың   негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

     Айта кететін жағдай, ай соңында  бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік –жинақтама  карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік – жинақтама  карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады.

     Қоймалық сорттық карточканың дұрыс  жүргізілуін  бухгалтерия  бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі - жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері  есеп  карточкасының тиісті  жолына қол қояды. Қоймалық - сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі.

     Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға  тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М - 18А қабылдау - өткізу регистрына тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мүндай жағдайда құжаттарды қабылдау - өткізу регистрын жасаудың керегі болмайды.

    Егер  орталық қойма немесе цех қоймасы  шаруашылық субъектісі басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп картасын дұрыс жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және  шығыс  ету құжаттары белгіленген уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға табыс  етілуі  керек. 

    Шаруашылық  субъектісінің орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдың ай соңындағы қалдық ведомосын (тізімін) тапсыру керек. Ведомость құрамыда өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір данасы жіберілген қателер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.

   Материалдардың  есебін жедел   оперативтік,   бухгалтерлік,   қалдықтық   әдіспен   жүргізген   жағдайда қоймалық есеп карточкамен қатар үлгілі түрі М - 20 қоймадағы материалдар қалдығын    есептеу    ведомосы    жүргізіледі.  

       Қойма   меңгерушісі    (бастығы) карточкалардағы      әрбір      ай      ішіндегі      жиынтық      деректері      бойынша материалдардың келесі  айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға    топталған    күйінде    көрсетіледі.    Бухгалтерияда    материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары   аз   болған   жағдайда  материалдарды   алған   адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар   тек   1    (бір)   айға   ғана   ашылып,  ай   соңында   бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының    құрылыс    басындағы    бөлімшелері    қоймалық    -    сорттық карточкасының   орнына   ай   сайын   материалдардың   кірісі,   босатылуы   және қалдығы жайлы үлгілі түрі М -19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл      есепте      материалдарға      жауапты      адамның      жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі.

            Материалдық ресурстардың бухгалтериядағы  есебін        ұйымдастыру.

   Материалдардың  аналитикалық есебін ұйымдастыруда  олардың кірісі мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді. Мұндай есептік ұйымдастырылудың көп қиындығына байланысты аналитикалық есептеу жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.

  Есеп жұмысына  есеп регистірінің мүлде ұжымдық  жаңа түрлері еңгізіліп, есеп  жұмысының тәртібі жақсартылып,  есеп мамандарының қайталап есеп беруі жұмысын біртіндеп қысқартады.

 Соңғы кезге дейін бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық бағаларының есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Номенклатуралы нөмірлері карточка бөлек ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр бір құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін әр карточка бойынша материалдардың кірісі мен шығысының қорытындысын шығарып, олар жылдық айналым ведомостына жазылады.

    Сөйтіп, бухгалтериядағы карточка қоймадағы жазылған деректер қайталанады. Айырмашылығы қоймадағы карточкада сандық есеп жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.

Информация о работе Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі