Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.

Содержание

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_901794684.doc

— 362.50 Кб (Скачать)

    Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кей кездері кешігіп қалып отырады. Мұндай есеп материалдарға дер кезінде көмек жасауға жетілдірілген айналым ведомостін пайдаланып, жүргізілген сорттық, сандық есебінде орын алады.

    Есептін бұл әдісін қолданылған кезден бастап бухгалтерияда соттық, сандық, бағалы карточкалар пайдаланылмайтын болады. Шығысталған материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық айналым ведомосында жазылады.

      Бұл әдісті пайдалануда бухгалтерия жұмысын жеңілдеткенмен кемшіліктер кездеседі. Ол  кемшілік қоймадағы материалдардың сандық есебі мен бухгалтерияда осындай есеппен қатар жүргізіледі.    Материалдардың  бұл екі есебі көбіне бір - бірімен есеп байланыссыз материалдар есебін одан әрі жүргізу негізінде жедел бухгалтерлік, оперативтік, салыстырмалы  есептеу әдісі пайда болады.

    Егер  ай бойы материалдарға кіріс,  шығыс болса, онда саны мен 

сапасы келесі айға жазылады. Материал қалдықтарының қойма карточкасы М -20 ведомосында сандық өлшемде көрсетілген материалдар жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың әр бір есептелу топтары мен синтетикалық шарттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Материалдардың сомалық есебі синтетикалық шарттар бойынша олардың ішінде әр бір материалдық топтары бойынша жүргізіледі. Өндірісте алдымен әр цех бойынша және шарттар материалдардың кіріс - шығыс №11 ведомоста топтастырылады. Ал №10 ведомоста өндіріске пайдалануға келіп түскен материалдар сонымен қатар сатылатын     материалдар     синтетикалық     шарттар     бойынша     көрсетіледі.  Пайдаланылған, сатылған материалдар №10 ведомость негізінде үлгілі түрі 10 -1 шығындарды есептейтін журналға жазады.

    Құрылыста материалдардың бухгалтерлік жедел әдісі көбінесе үй қүрылыс комбинаттарында, өндірістік - технологиялық жинақтау басқармаларында, орталық қоймада тағыда басқа жерлерде қолданылады. Құрлысқа жүмсалатын материалдардың мөлшері ай аяғында қалдықтарды түгендеумен анықталады. Жедел бухгалтерлік әдіспен есеп жүргізбейтін кейбір ұйымдар орталық қоймада тек материалдар бойынша айлық есеп береді. Бухгалтерия қызметкері қойманың есеп беруімен бірге алғашқы құжаттарды да тексеруі керек. Есеп бергендегі ай бойы құрамында өзгеріс болмаған материалдардың ай басындағы саны мен сомасы сол күйінде келесі айға жазылады. М — 20 түрлі ведомостағы әр бір материалдар қалдықтары оның қоймадағы карточкадағы қалдықтарына әр қашан тең болуы шарт. Сондықтан бухгалтерия материалдардың әр бір номенклатурасы бойынша М - 20 түрлі ведомостағы материал қалдықтарының қойма қалдықтарына сәйкестігін жиі тексеру керек. Реестрге тапсырылған құжаттар таксировкалауға, қорапқа жинау және ярлыктармен белгілеуге жіберіледі. Құжаттардың алғашқы данасы ұзақ мерзімді есептік өңдеуге жіберіледі, ал екіншісі номенклатуралық номерімен құндылықтар топтары бойынша сақталу орнында қалады. Бұлар бухгалтериямен қоймада анықтамалық мақсатта қолданылады.

     Жинақтау ведомосты материалдар  есебі карточкасы мен материалдар қалдықтары кітабының берілгендерін бухгалтерия және қойма есебін салыстыру үшін жасалады.

Материалдар қалдықтар кітабы ай бойы бухгалтерияда  қолданылып, ай соңында қоймаға беріледі. Онда қоймашы материал қалдықтарын жазып келесі айдың 1 - 3 - і аралығында бухгалтерияға қайтарылады. Жинақтау ведомостындағы материалдар қалдықтары кітабымен салыстырылады.

 Бухгалтерияда жинақтау  ведомостың негізге ала отырып (сальдолық әдіс қолданбаса) «Материалдар қозғалысының ақшалай көрінісі» ведомоста жазылады. Бұл ведомоста қоймадағы материалдар қозғалысы мен қалдықтары және ТЗР - ның орташа проценттік есебі көрсетіледі. Бұл ведомость екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорынға келіп түскен материалдардың нақтылы құны мен есептік бағасы және сомалары көрсетіледі. Екінші бөлімде «Материалдардың синтетикалық есебін жинақтаушы ведомость» немесе «Материалдардың қозғалысы мен қалдықтары туралы есебі» негізінде құрылады. Бұл бөлім берілгендері 20 - «Материалдар» бөлімдерінің шартары бойынша құрылған. Бас кітаппен салыстырылады. Бұдан көретініміз транспорт дайындаушы шығындары немесе шығысталған материалдардың нақты өзіндік құны мына бөлімдердің дебет шоттарында көрінеді: 8011/ 901 «Материалдық шығындар», 8031/921 «Материалдық шығындар»,8041/931 «Қосымша өндірістің  материалдық шығындары», 8011/901 «Материалдар шығындар» шотына көшіріліп жазылады.

Бухгалтерияда шығысталған материалдардың алғашқы  құжаттарын негізге ала отырып «Материалдардың  шығысталуын бөлу» таблицасы  құрылады. Бұл кестеде тұтынушылардың цехы және шоттары, тапсырыстары, шығын статьялары, есептік басқадай объектілері немесе колькуляциясы және есептік бағасы бойынша материалдардың шығысы көрсетіледі.  Осы кесте бойынша Цех шығындары» ведомостына мынадай жазбалар жасайды: Дебет 8011/901, 8031/921,8041/931 шоттар, кредит  1310/201, 1311/202,1312/ 203, 1313/204,1314/ 205, 1315/206,1317/ 208.

    Бухгалтерияда  құндылықтардың сақталуына жүйелі  түрде бақылау жасау мақсатымен  әр бір материалдар қалдықтарына  бақылау - таңдамалық тексеру  жүргізілуі тиіс. Бухгалтерияның ең маңызды шешімдерінің бірі өндіріске материалдарды қолдануға бақылауды ұйымдастыру.

  Ай соңында  цехта қолданылмай қалған материалдарды  өндірістік шоттарға сәйкес материалдар шоттарының берілгендерінің инвентаризациясы бағалауы есебімен шығарылады (дебет шоттар 20 «Материалдар» бөлімі, кредит  8011/901, 8031/921,8041/931). Жаңа айдың бірі күні бүл материалдар қалдықтары мынадай бухгалтерлік жазбалармен өндірістік шоттар есебіне жазылады. Дебет шоттары: 901, 921, 931. Кредит шоттар 20 «Материалдар» бөлімі.

  Өндіріске  қолданылатын материалдарға бақылау  жасау үшін мынадай әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу, партия бойынша есеп, инвентаризация (түгендеу әдісі).

 Нормадан  ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу  шоттардың бір түрін екіншісімен ауыстыру, нормадан тыс материалдарды босату жағдайында М -10 үлгілі түрдегі «Материалдарды алмастыру талап актісі» толтырылады.

 Материалдардың  әр партиясы бойынша ауытқуларды  анықтауда партия бойынша есеп әдісі қолданылады. Бүл есеп цехтың жоспарлы кезекшілік бюрасы, мастер - распридителдермен іске асады. Есептік картада берілген партияны ашу нәтижесінде қандай көлемде және қандай детальдар алу керек екендігін және норма бойынша қалдықтар саны көрсетіледі. Нәтижелерді анықтау үшін нақты алынған детальдар саны нормативпен салыстырылады. Норма бойынша материалдар шығысы өңделген өнім санын шығын нормасына көбейту жолымен анықталады. Үнемдеу немесе шектен тыс шығын шығысталған материалдардың нақты санын нақты шығарылған өнімнің шығын нормасына салыстыру арқылы анықталады. Есептік картада ауытқу себептері мен материалдарға жауапты тұлға көрсетіледі. Партиялық есепті қолдану мүмкін болмаған жағыдайда ауытқушылық материалдың әр түрлі әр орындаушылар, бригада, бөлім немесе цех бойынша кезекті түгендеу көмегімен анықталады.

  Цехтың ағымдық есебінің берілгендері негізінде бухгалтериядағы өндіріске материалдардың қолданылған, нормадан ауытқушылығы, үнемдеу немесе шектен тыс шығыстау себептері көрсетіліп рапорттар мен отчеттар тапсырылады.

Материалдардың  қозғалысының есебі бойынша шотаралық байланыстарды қарастырсақ:

       1. Жабдықтаушылардан қосымша құн салығысыз келіп түскен материалдар   құны 
Дебет 1310/201, 1315 206,1317/ 208;

► Жабдықтаушылардың сальіқ счет - фактурасына қосылған қосымша құн салығы сомасына Дебет 1420/ 331 «Қосымшы құн салығы». Кредит 4110/671 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесу» счет - фактураның жалпы сомасына қоймаға материалдар түсіп кірістеледі.

Егер салық  счет — фактурасы болмаса және Қазақстан Республикасының есебінде қосымша құн салығы бойынша есепте тұрмаған жеткізушілермен төленген қосымша құн салығы есепке алынбайды, яғни 1420/331 шот дебетіне қатысы жоқ. 

      2. Негізгі   құралдарды   жоюдан   түскен   материалдар:  1315/ 206   «Басқадай материалдар»   дебеттеліп, 6160/  727   «Қаржыландырудан түскен басқада кірістер  шоты кредиттеледі.

    3. Өндірістегі ақаудан алынған,  өндіріс қалдықтары, өндірістен  қоймаға материалдар кірістеледі. .     .

Дт:   1310/201 «Шикізаттар мен материалдар», 1311/202 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар,   бұйымдар,   конструкциялар»,   1312/203   «Отындар»,   1314/205   «Қосалқы бөлшектер», 1315/206 «Басқадай материалдар».

Кт:      2930/ 126   «Аяқталмаған   құрылыс»,  7440/ 821    «Жалпы   және   әкімшілік шығындар»,   6312/ 862 «Табиғи   апаттардан    болған    табыстар    (шығын)»,    6313/863 «Тоқтатылған   операциялар   табысы»,   8011/901   «Материалдық   шығындар»,  8031/ 921«Қосымша өндірістің материалдық шығындары»,

        4. Қоймада сақтауға, тиеп - түсіру, тасмалдауға  кеткен шығындар төленеді. Дебет:1310/201-1317/208.

Кредит:  4110/671   «Жабдықтаушылар мен, мердігерлермен есептесу», 2150/333  «Жеке тұлғалар берешегі», 1060/441 «Есеп айырысу» шоты, 1010/451 «Кассадағы ұлттық валюта», 3350/681 «Еңбек ақы бойынша есептесу», 3440/687 «Басқадай кредиторлық есептесу» бөлімінің шоттары.

     5. Қоймадан материалдарды шығыстау: 20 «Материалдар» бөлімі шоттары 1310/201 -1315/ 206,1317/ 208 кредиттеледі .

Дебет: 1316/207 «Өңдеуге берілген материалдар», 8011/901 «Негізгі   өндірістік   материалдың шығындары»,   8031/921    «Қосымша   өндірістік материалдардың    шығындары»,    8041/931     «Әлеуметтік    саланың    материалдық шығындары».

 Кредит: 7210/821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» жөндеу және ғимаратты ұстауға кеткен, басқару және шаруашылық бағыттағы шығындар, 7450/845 «Негізгі емес қызметтің басқадай шығындары» - дебеттеледі, нақты құнымен жіберілген еншілес кәсіпорынмен есептесу. 

Келісілген  бағамен өткізілген материалдар  — 1350/301 «Сатып алушылармен есеп айырысу»,        1210/ 322      «Тәуелді кәсіпорындардың    бережағы»,    2110/323    «Бірлесіп    бақыланатын    ұйымдардың берешегі және 6130/ 727 «Негізгі емес қызмет табысы» шот кредиттеледі

            «Табиғи апаттар мен тоқтатылған  операциялардан болған табыс  (зиян)» бөлімінің шоттары дебеттеледі, табиғи апат салдарынан жоюға материалдарды босату. Жұмсалған материалдарды тұтынушылар шотынан есептен шығару олардың нақты өзіндік құнымен есептеледі.

 Өткізілетін  материалдардың өзіндік құны  есепті кезеңдегі (шығын ретінде)  табыс пен байланысты шығын ретінде есептелінеді. Барлық есептен шығару сомалары өткізудің таза құнымен материалдардың жетіспеушіліктері есепті кезеңдегі есептен шығару немесе шығыны болып есептеледі. Өткізудің таза құны қарапайым шаруашылық қызметінің барысындағы болжамдалған бағадан оларды сатуды ұйымдастыру мен жинақтауға кеткен шығындары алып тастағанға тең.

                  

1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің  әдістері

 

   Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс корларды бастапкы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО"); корларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО").

             Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

 Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың кұны — ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын косып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны =  

Мұндағы:

       - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

      - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

       - алынған материалдардың құны;

      - алынған материалдардың саны.

Біздің мысалда  цементтің орташа өлшемцік (немесе өлшенген) құны мынаны құрады:

         Орташа өлшем құнын, жұмсалған  материалдың санына көбейтсек [3232,35х(15+10+12)=119596,95 теңге], ода біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп — қалдық құнын аламыз.

Цементтің ай соңына қалған қалдық құны — 100203,05 теңге құраған (31 тонна х 3232,35теңге немесе 60 000+159800-119596,95).

Тап осындай  жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз

                     

  Жұмсалған  бензиннің құны 45,63 теңге х (50+150+300+100+100+100)= =36504теңге. Қалдық кұны 300x45,63 теңге немесе 4500+45700-36504=13696 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Цемент

Бастапқы  каддык: 20 тонна х 3000 бағасы = 60000 теңге

1-кесте

    Кіріс

 

   Шығыс

10т *3100=31000

2т *3200=6400

17т *3400=57800

19т *3400=64600

15т *3000  = 45000

10т *5 20-15 *3000=15000

5т *3100=15500

Жиыны- 30500

12т -5т(10-5)*3100=15500

2т *3200=6400

5т *3400=17000

 

Жиыны -38900

Информация о работе Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі