Тауарлы материалдық қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады.

Работа содержит 1 файл

1 Тауарлы материалдық қорлардың түрлері.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

      Кесте Табыстар мен шығындар жөніндегі қаржылық есеп     

                                                                мың теңге

    Көрсеткіштердің аталуы 
Жолдардың

кодтары

2006 2007 2008 2008 ж ауытқу
2006 2007
Өнімдер және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыс 010 10340 11490 11300 +960 -190
Сатылған  өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 020 5310 5660 5630 +320 -30
Жалпы табыс (010жол-020жол) 030 5030 5830 5670 +640 -160
Қаржыландырудан түскен табыстар 040 80 85 82 +2 -3
Басқалай  табыстар 050 3440 5720 557 +213 -15
Өнімдерді және көрсетілген қызметгерді сатудың  шығындары 060 410 462 408 -2 -54
Әкімшілік шығындары 070 1885 1981 2428 +543 +447
Қаржыландыруға  арналған шығындар 080 3 15 9 +6 -6
Басқалай  шығындар 090 140 175 180 +40 +5
Үлестік қатысу әдісімен есептелінген пайдада 100 185     -185 -185
Қызметі жалғасқан кезеңдердегі пайда (шеккен зиян) (03 0жол+040жо л+05 Ожол-О6Ожол-070жол-080жол-090жол) 110 3201 3854 4100 +899 +246
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (шеккен зиян) 120 -        
Салық салғанға дейінгі пайда (шеккен зиян) (110жол+/-120жол) 130 3201 3854 4100 +899 +246
Корпоративтік табыс салығы бойынша шеккен зияндар 140 950 1150 1200 +250 +50
Дивидент  төлеуге дейінгі кезеңдегі жиынтық  пайда(шеккен зиян) (ІЗОжол-ібОжол) 150 2250 2704 2900 +650 +196
Төленген  дивиденттер 160   164 154 +154 -10
Есепті  кезеңдегі жиынтық пайда (ІЗОжол-ібОжол) 170 2250 2540 2740 +490 +200

      Қайнар  көзі: 2006-2008 ж қаржылық есептемесі

    Қаржылық  талдаудың нәтижесінде есепті жыл  аралығында (2006-2008 ж) шаруашылық субъектінің таза пайдасы 490 мыңға артып, жалпы қаржы-шаруашылық жағдайының жақсарғандығы көрінді.

      Экспорттық тәжірибесі талдау  негізгі бұрмалау тәсілдерін  анықтайды, бұл тәсіл шикізат  және материалды ұрлауға электронды  есептеуіш машиналарды өңдеу кезінде пайдаланылады.

    Бұл тәсілге негізінен:

  • кірісті төмендетіп не шығынды жоғарлату жолымен машинограммада бұрмалау.
  • Алғашқы құжаттарды кодтау кезінде әдейі қателіктер, шикіліктер жіберу.
  • Электронды есептеуіш машинаға енгізілген шикізат пен материалдық есебін бұрмалап ертерек өтіп кеткен құжатты өңдеу, немесе жалған құжаттарды енгізу.
  • Алғашқы құжаттан мәлімет алу кезінде берілгенді бұрмалау .

    Ішкі  бақылау жүйесін құру ішкі аудит  мақсаты емес, ол тікелей менеджмент міндеті болады.

    Ішкі  тексеру жүйелі  қалыптастыру  кезінде кеңес беру көмегін ғана көрсете алады, бұл реттеме компанияға баға жетпес пайдасын тигізеді, бірақ ол тексеру жүйесін құруға, сүйемелдеугеешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды. Сондықтан ішкі аудит – бұл экономикалық субъектпен ұйымдастырылған басшылықтың пайдасына жұмыс істейтін, ішкі құжаттармен регламенттелген бақылау ұйымы. Ол арнайы ұсатлағн тәртіпке және ішкі бақылау жүйесінің сенімді ұйымы. Жұмыс сапасынан және ішкі аудитұйымының тәуелсіздік дәрежесі жоғарғы менеджменттен  ішкі бақылау ортасының нәтижелілігі көрінеді және әр дәрежедегі басқарудағы менеджерлер жұмысының нәтижелігі меншік иелерінің қабілеттілігі сенімділігі артады. Осыған орай мекеменің типтік бағдарламаларын өңдеу мақсаттары, ішкі бақылауды толық жетілдіру немесе әр түрлі мекеменің түріне, қызмет масштабы мөлшгеріне, ұйымдастыру жүйесіне қарай ерекше өзекті мәселе болып қалады. Бұндай жоспарды шаруашылық жағдайына, қабеліттілігіне қарай ел экономикасы тенденциясының дамуына қарай, тұстастай және жұмыс істейтін механизімдерінің функциялануына орай пайда болатын ұлттық және жергілікті салтқа, менталитетке қарай есепке ала отырып осы бағдарламаны өңдеп, іске асыруға болады. Келе-келе Қазақстанда әр-түрлі типтік шарттарға арналған осындай бағдарламадағы «Библиотека» құралуы керек. Бүгінгі күні ішкі аудит үшін өзінің мүмкіндіктерін жариялап және жеке меншік иесіне де, шаруашылық субъект менеджментіне де керек екендігін дәлелдеп алу үшін жақсы жағдай жасалған. Ал жеке меншік иесі мен компания менеджементі үшін өзінің кәсіпкерлік нәтижелілігін жетілдіру үшін қуатты аспап пайда болады. 

 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қорытындылай  келе, қор №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарттары – 2 нормативіне сәйкес бұл активтер. Олар жұмыс нормалы орындалып тұрған жағдайда сатылуға шикі зат түрінде де, зат түрінде де шаруашылық процессінде пайдалануға арналған. Қорлардың түрлері: шикі зат және заттар, аяқталмаған өндіріс қорлары, дайын өнім қорлары, тауарлардың қорлары.

    Заттық  қорлардың есебін алу үшін мынадай  міндеттер жүктеледі:

  • қордың толық және уақытымен есепке алынуы;
  • Сақтау орындарына дұрыс сақталуын бақылау;
  • Олардың қозғалысы жөніндегі құжаттардың толық және уақытымен жүргізіледі;
  • Транспорттық-дайындау шығындарын дұрыс анықтау, дайындалған қорлардың өзіндік құнын анықтауды бақылау;
  • Қоймалық қорлардың жай-күйін бақылау;
  • Ішкі қорларды мобилизациялау мақсатында субъектіге қажетсіз заттық қорларды тауып, таратуды бақылау;
  • Сақтау орындағы қорлардың қалдығы жөнінде, оның қозғалысы жөнінде толық мәлімет алу.

    Шаруашылық  ісі барысында қорлар функционалдық атқаратын ролі мен тағайындалуына қарай негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі қорлар – ол дайындалатын өнімге кірушілер және оның заттық негізін құрушылар. Қосалқылар - дайындалатын өнім құрамына кіреді, бірақ негізге қарағанда оны қосалқы компоненттер ретінде сапалы өнім беру үшін пайдаланылады немесе өндіріс процесіне көмекші ретінде пайдаланылады.

    Қор - термині мекеменің меншігіндегі тауарлардың немесе заттың немесе тұтынушыға сатылатын, не шаруашылық процесінде пайдаланылатын заттың белгіленуі.

     Тауарлы-материалды қорларға - бұларға: өнімдер өндіруге қажетті материалдар, шикізаттар, тауарлар, отындар және аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлы-материалды қорларды бағалау үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ФИФО, ЛИФО және орташа өлшеу әдістері қолданылады. 7-ҚБЕС- ның 12- тармағы 4 әдісті ұсынды: өлшенге орташа құн, ФИФО, ЛИФО және ерекше бірегейлендіру. Бірақ 2-ХҚЕС бізге 3 әдісті ұсынады. Себебі ЛИФО әдісіне 2-ХҚЕС –да тиым салынған. Оны қолдану есептіліктің көрсеткіштерін бұрмалайды және компанияның шығындарын дұрыс көрсетпейді деп есептейді. Арнайы жобалар үшін шығарылған және сатып алынған қордың өзіндік құны жеке шығындарды ерекше бірегейлендіру арқылы айқындалуға тиіс. Бұл әдіс қорларды және өндірістің әрбір жеке бірлігі бойынша өткізілген тауарлардың өзіндік құнын бағалау үшін аса тиімді негіз болып табылады. Бұл шығыстардың кірістерге дәл сәйкес келуін қамтамасыз етеді және есептік күнге қорлар құнының бағасы да дұрыс болады. Қалған қорлар үшін «алғашқы келіп түсу- алғашқы босату» әдісі (ФИФО) немесе өлшенген орташа құн әдісі пайдалануы мүмкін. ФИФО әдісі- босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген - бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді.  Артықшылықтары: қорлардың өзіндік құны есептік кезеңнің аяғында ағымдағы бағаларға жуықтайды. Кемшіліктері: бағалар көтерілген кезде - пайда өседі; төмендеген кезде- пайда кемиді. ЛИФО әдісі- қорларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.

   Орташа  өлшенген құн әдісі. Бұл әдіс кезінде  материалдық қорлардың құны- ай басындағы  қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі. 

   Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы:

                       Орташа  құны= ∑м.қ. +∑ алын.           Км.қ.ал.         

     Мұндағы: ∑м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың

                                қалдық құны; 

                   Км.қ.- есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың

                               қалдық саны;

                              алын. – алынған материалдардың құны;        

                    К алын. – алынған  материалдардың саны.         

   Артықшылықтары - бағалардың өзгеру ықпалын есептік  кезеңнің ішінде қорлардың өзіндік  құнына жұмсауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда барлығы кәсіби пайымдау мен өндірістің ерекшеліктеріне (өзгешелігіне) байланысты.

    Қорларды  орташа өзіндік құнымен бағалау  қорлардың әр бір топтарымен жеке жүргізіледі. Ол үшін қорлар тобының  жалпы өзіндік құнын оның жалпы  қалдық санына бөлу жолымен яғни бастапқы кездегі қалдық санымен осы есептеу кезеңінің аралығында түскен түсімді қосқандағы көрсетілімді қосумен шығарылады. Қорлардың жарамсыздығының сумасы теңдік көрсеткішке балнсы өз әсерін тигізеді; есептеу (санау) уақыт аралығындағы сатылған өнімнің өзіндік құнының мөлшері арқылы қаржылық көрсеткіштерге әсер етеді, сондықтан таңдалған тәсіл мекеменің есептік саясатында тіркеліп, жазылып қойылуы керек.

    Бухгалтерияда материалдардың жинақтама есебінің жинаушы тізімдемесінің немесе материалдық  жағынан жауапты адамдардың материалдаық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалады. Тізімдеме екі бөлімде тұрады: бірінші бөлімінде, кәсіпорынға түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулары анықталды, ал екінші бөлімінде, «Материалдардың қозағлысы мен қалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады.

    Жалпы тауарлы материалдық қорлар активтердің ажырамас бір бөлігі болып табылғандықтан ұйымның қызметін бағалауына берілген баға нәтижесі болып табылады. Осыған орай  қорларды жетілдіру мақсаты шаруашылық субъектілерде ерекше орын алады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан  Республикасының «Дүниежүзілік  қаржылық дағдарыс салдарын азайту мақсатында жасалған 2009-2011 жылдар аралығына жасалған шаралар»

2. Махамбетов А.С.Необходимость, значение и общие подходы к        организации службы внутреннего контроля // Вестник КазНУ  2006.-№1 (53) –110б.

3. Новодворский  В.Д., Р.Л. Сабанин: Учебник. Москва,2006. – 122-123бб. 

4. Родостовец  В.В. Бухгалтерский учет на  предприятии: Учебник. Алматы: Центр аудит – Казахстан, 2002. –169 бб.

5. Байдыбекова  С.К. Бухгалтерский учет: Учебное  пособие – Талдыкорган, 2007. –72-82бб.

6. Толпаков  Ж.С. Бухгалтерский учет: Учебник для вузов. – Караганда, 2003. – 17-20бб.

7. Назарова  В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих  субъектов: Учебник – Алматы: Экономика, 2003. – 93б.

8. Каверина О.  Оценка запасов и учет затрат на производство продукции //    ББ МСФО -  2005. - № 6(18). – 72-73 бб.

9. Сосненко  Л.С, Федяй Е.С. Анализ материально-производственных  запасов //Экономический анализ: теория и практика. – 2007. - №  3(84). – 24б.

10. Савицкая  Г.В. Анализ хозяйственной деятельности  предприятия: Учебное пособие. - Минск: 2002. – 539-544 бб.

11. Пожидаев Т.А, Круглов А.А. Роль внутрихозяйственного контроля в управлении эффективностью производства // Экономический анализ: теория и практика  – 2006. - № 19(76) – 23б.

12. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология). – Алматы: Экономика, 2000. – 139б.

13. Закон РК  «О бухгалтерском учете и финансовой  отчетности» от 22.06.2007 № 221 – 111 // Бюллетень «Финансы и право» - 2007.- № 40-41- 2-16 бб.

14.Зырянова  Т.В., Терехова О.Е. Внутренний аудит как оценка надежности и эффективности системы внутреннего контроля // Экономический анализ: теория и практика. – 2006. - № 16(73) – 11 б.

15. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – Алматы – 1998 –160-162 бб.

16.Зырянова  Т.В., Терехова О.Е. Трансформация  методов финансово-хозяйственного  контроля в условиях реформирования  экономики // Экономический анализ: теория и практика: 2007. - № 10(91) –25 б.

17.Абленов  Д.О. Основы аудита: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2003. –185-195 бб.

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлар