Тауарлы материалдық қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады.

Работа содержит 1 файл

1 Тауарлы материалдық қорлардың түрлері.doc

— 279.00 Кб (Скачать)
  • сауда үстемесі-бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.

      Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша  ескереді.Бұл жауапты тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей қалған жағлайда;сол тауарды өтеуіне тура келеді.

      Келіп түскен тауарды есепкеалу айтарлықтай қиындық туғызбайды, өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен рәсімделеді(шоттармен, тауарлы-транспорттық накладноймен т.б. құжаттармен).Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттармен жазылады.Қиындық тек, бөлшек сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады. Бұның басты себебі: сатып алынған тауардың сомасына тек бақылау – кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады.Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:

  Сатылған                   Жұмыс күнінің               Сатып алынған            Жұмыс соңына

 тауардың  құны         басына  сатып                  бағасы бойынша           сатып алынған

 сатып  алынған   =      алынған  бағасы        +      түскен тауарлардың  +  бағасы бойынша

 бағасы  бойынша       бойынша  тауардың                  құны                       қалған тауардың  қалдығы            қалдығы                                                     тауардың  қалдығы           

       Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен аныөтауға тура келеді, ал ол көп уақытта қажет етеді.Басқадай жағдайда, қалдықтың деңгйін анықтау мүмкін емес.

      Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады.Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңдге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегңмен жүзеге асыруына болады.Штрихтық кодтар, әдетте, он үш саннан тұрады, оның алғашқы екеуі өнімді – дайындаушы (немесе өнімді – сатушы ) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі - өнімді әзірлеуші – кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі – тауарға сипаттама береді ( атауы, мөлшері, т.б.) жәнеи ең соңғы біреуі – бақылаушы болып саналады.

      Магазинге тауарлар келіп түсткенде оның атауы, айрықша белгісі, саны және сатып алынған бағасы туралы жадында сақталады.одан әрі қарай тауарды сату кезінде компьютер қандай санда (мөлшерде) сатылғаны туралы мәліметті тіркейді, осының негізінде, сатылған тауарлардың сатып алынған құнын анықтайды.Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжатталмаса немесе компьютерде тіркелмесе, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.

      Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептер бойынша штрихтық кодтауға жатпайды, онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда крсетілген формула бойынша анықтайды. 

   1.2 Тауарлы материалдық  қорлардың қозғалысын  құжаттық рәсімдеу 

     Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгендеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорында жүргізеді. Түгендеу комиссиясы тауарлы- материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы- материалдық құндылықтардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгендеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады. Тауарлы – материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді. Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімін салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық құндылықтарды түгендеу, әдетте, белгілі бір қоймада, үй- жайында тұрса ғана жүргізіледі.

     Түгендеу  кезінде түскен тауарлы- материалдық құндылықтарды материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясы мүшелерінің көзінше қабылдап алады және түгендеу аяқталғаннан кейін түскенін енгізіп, кіріске алады.

     Түгендеу  ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде, ерекше жағдайларда және кәсіпорын  басшысы мен бухгалтердің жазбаша рұқсатымен ғана түгендеу процесінде тауарлы – материалдық құндылықтарды материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының мүшелерінің көзінше босата алады. Бұл құндылықтар «Түгендеу кезінде босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар» деген атпен жеке түгендеу тізіміне енгізіледі. Түгендеу тізімі түгендеу кезінде түскен тауарлы- материалдық құндылықтарға арналған құжаттарға ұқсас рәсімделеді.

     Жол үстіндегі тауарлы- материалдық  құндылықтарды түгендеудің нәтижелері «Жол үстіндегі материалдар мен тауарларды түгендеу актісімен» рәсімделеді. Жол үстіндегі тауарлы- материалдық құндылықтарды түгендеу актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынадай деректер келтіріледі: атауы, саны мен құны, тиеу күні, сондай-ақ осы құндылықтардың тиісті шоттарда есепке алынуына негіз болған құжаттың тізбесі мен нөмірі.

    Тауарлардың шығыны - лимитно-заборная карта, ауыстыру жөнінде талап актілерімен, тауарларды босату жөніндегі талап-накладнаясымен, топтастырылған ведомость пен, раскрой  карталарымен толтырылады.

    Лимиттік- жинақтама картасы. Тауар дайындау кезінде жиі қолданылатын материалдарды  босату кезінде, өнеркәсіпке қажетті  қорларды босату кезінде арнайы лимиттерді сақтауды бақылау кезінде тауар  қорларын қоймадан босату үшін арнайы толтырылатын құжат. Лимиттік-жинақтама картасымен өнеркәсіпте пайдаланылмаған қайтару қорлардың есебі де жүргізіледі.

    Тауарды ауыстыру жөніндегі талап актісі. Қоймадан қорларды босату кезінде айырбастау не нормадан тыс алынған тауарды  жоққа шығару үшін толтырылады.

    Ішкі  алмасу кезінде тауар босатылатын тауарға талап құжаты болады.. Бұл субъектінің өз ішіндегі және сырттағы өз шаруашылығына не бөтен шаруашылық субъектға босатылған қорлардың есебін жүргізіп отыру үшін толтырылады.

    Тауар қорларын кірістеу актісі. Ғимараттарды бөлшектеп бұзу кезінде алынған іске жарамды заттық қорларды сұрыптап, тәртіпке келтіріп жарамдысын өндірісте қайта қолдану үшін толтырылады.

    Халықаралық қаржылық есеп стандарттары –  қордың әр түрлі топтарына әр түрлі есептесу формаларын қолдануға жағдай жасайды, тіпті бір топ екінші топтан айырмашылығы болса да әсер етпейді.

    Қорларды  өндіріске босату не сату кезіндегі  қорлардың құны (бағалануы) төмендегі  тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады.

     Басқа кәсіпорында қайта өңдеуде тұрған тауарлы- материалдық құндылықтарға арналған тізімдерден өңдеуші кәсіпорынның атауы, құндылықтардың атауы, саны, есепке алынған деректері бойынша нақты құны, құндылықтардың қайта өндеуге берілген күні, құжаттардың нөмірлері мен күні көрсетіледі.

     Түгендеу  нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгелдеу тізімдерінің негізінде тмқ ды түгелдеу нәтижелерін салыстыру ведомостволарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы бар қорларды ғана тіркейді.

     Түгелдеу  кезінде бухгалтерияда мынандай тәртіппен реттейді:

  • артық қалдықтар мен жетіспеушіліктің өзара есебі «Материалдар шотының өзара дебеті мен кредиті бойынша белгілейді»;
  • артық болып шыққан құндылықтар кірістелуі тиіс және оларды пайда болу себептері мен кінәлі тұлғалары ашылады;
  • табиғи кемуінің салдарынан нормалардың шегінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін өндіріс қалдықтарына есептен шығарады;
  • кему нормаларынан тыс жетіспеушілік құндылықтардың бүлінуінен болуы мүмкін  зиядар сондай ақ құндылықтардың ұрлануынан болуы мүмкін және соған себепті болған тұлғалар табылмауы мүмкін, сондықтан оған жауапты адамға қойылған талап негізсіз болған жағдайда шығындарға жатқызу арқылы есептен шығарылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II бөлім. Тауарлы материалдық қорлардың есебі  

    2.1 Тауарлы материалдық  қорлардың қоймадағы  және бухгалтериядағы  есебі

              

Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен жұмысын атқаратын есепшілер материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларда жүргізеді. Қорларды әрбір номенклатуралық нөміріне жекелеген карточкалар ашады, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылау толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлаауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдықтарынан  ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі матерериалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасалады. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

                    Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

            Материалдардың шығысы мынадай  құжаттар бойынша рәсімделеді:

Лимиттік  – жинақтама картасы; материалдарды  айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.

      Жабдықтаушылар  тауарларды босатқан кезде әрбір  жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың  нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

                Лимиттік  - жинақтама картасы  - өнімді дайындауда үздіксіз  пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

                Қоймашының лимиттік – жинақтама  картасын цех өкілі, ол цехтың  лимиттік – жинақтама картасына  қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.

          Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген  лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды. Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады. Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлар