Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа
Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады.
Қоймалардан түскен құжаттар жинақталып, жөнелту қағаздарымен бірге жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтермен салыстырылады. Құжаттардың бір данасы қоймада екіншісі тексеруде қалады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарлды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады. Жинақтаушы тізімдемесі қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдаланылады, ол материалдар есебінің Карточкасы мен материалдардың қалдық Кітабы бойынша жүргізіледі. Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайдаланылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі материалдардың қалдықтарын түсіріп қолын қояды.
Бухгалтерияда материалдардың жинақтама есебінің жинаушы тізімдемесінің немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдаық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалады. Тізімдеме екі бөлімде тұрады: бірінші бөлімінде, кәсіпорынға түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулары анықталды, ал екінші бөлімінде, «Материалдардың қозағлысы мен қалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады.
Қорлар шоты бойынша бухгалтерида келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады.
Р/с | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару | 7210 |
1310,1315 |
2 | Басқа ұйымға әрі қарай жөндеуге берілген материалдар | 1316 | 1310,1315 |
3 | Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөңдеуден алынған материалдарына | 1310,1315 |
1316 |
4 | Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома | 1310,1315 |
3310,3390 |
5 | Сатылған, есептен шығарылған материалдық қорлардың нақты өзіндік құны | 7450 |
1310,1315 |
6 | Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда | 7210 |
1310,1315 |
Қордың жағдайын анықтаудағы ішкі бақылау тестін қолданатын болсақ біз онда көптеген жетістіктерге жете аламыз яғни кәсіпкерліктің жоғарлауы шаруашылық субъектның табысының молаюы және де алдағы тұрған қиыншылықтар мен қателіктердң алдын ала аламыз.
Қорларды сатып алу циклі кезінде осы функционал аудит кезінде жүргізілген қаржылық есепті ұсынып және бір уақыт ішіндегі алғашқы құжаттарды қарамен бастау ұсынылады. Қойма шаруашылығы тқызметкерлері алғашқы есеп жүргізуде басты роль атқарады, өйткені олар алғашқы құжаттарды толтырады, тасу-түсіру жұмысын бақылайды, орналастыру және қозғалысты бақылайды, материалдық қордың амандығын, дұрыс пайдалануын қадағалайды.
Шаруашылық сатып алу цикілінде және дайын өнімді өткізу кезінде тексерудің нақты сатысы:
-
Ұйымның материалдық
-
Қорларды басқару жүйесіне
-
Қордың күй-жайын бағалау,
-
Қойма шаруашылығының күй-
-
Қорлардың дұрыстығын тексеру
операциясы кезіндегі
-
Қорларды қаттап тексерудің
Арнайы әділетті пайдалану негізінде және алдыңғы тәжірибелердегі еске ала отырып функционалды аудит шаруашылық субъектісінің қорды бақылау, есептеу және жүргізу ісінде үлгілі программа ұсынады.
Кесте Сауда
кестесі мен қорларды басқарудың функционалды
тексеру программасы
Ішкі бақылау тәртібі | Қайнар көзі және бағам барысы |
Мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуы және бухгалтерлік есеп сараптамасы | Жылдық, кварталдық, жедел түрде берілген хабар, сенім хат |
Алғашқы есепті ұйымдастыру жағдайын тексеру, бухгалтерлік тізбелер және қорлар қозғалысының есебі | ХҚЕС 2, 24және30, есеп карточкасы ТМҚ (ТМҚ-5), материалды қабылдау актісі, жетіспеушілік актісі, ТМҚ-ны жоғалту (фф ТМҚ-4, 4а, 4Б,5-7) |
Синтетикалық және аналитикалық есептің, ТМҚ есебінің жүргізілуін тексеру | Бас кітап, журналы-ордер 6,7,10 және т.б.; учетные регистры, СБУ 4-9,13,15,24, план шоттары |
Теңдіктегі қорлардың дұрыстығы | ХҚЕС 2-16, баланс, акты инвентаризации материалдық құндылықтар (фф ТМЗ-1-7) |
Қор қозғалысы, айналымы кезіндегі жағдайын бағалау | Есеп саясатының жарлығы, заттың қозғалысы есебін жүргізу ведомості ЖО 6,10 |
Басқа мекемелердің қорлардың жөнелту, сату берілу кезіндегі бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру | Шарт, калькуляция, сенім
хат, материалдық-транспорт |
кесте жалғасы | |
Әкімшілік шешіміне сараптау және жетіспеген қорларды жою документтері, бұзылу мен баға түсіру нормасын талдау | Әкімшіліктің заттарды жоюға шығарған шешімі акті, тізімдеу акті, нарық бағасы мен сатып алу бағасы жөнінде хабар және тағы да басқа |
Қайнар
көзі: Д.О. Абленов Основы аудита. Учебное
пособие. Алматы: Экономика, 2003.- 185 б.
Шаруашылық етуші субъектінің құрама элементтерінің бірі – дайын өнім. Өнімнің шығарулыуы, сақталуы және таратылуы шаруашылық етуші субъектінің жалпы қызмет жиынтығының процесі. Дайын өнімнің жай-күйінің бағаланымы функционал аудит аясында тауарлық материалдық қорлардың басқару арқылы жүргізілуі мүмкін, немесе жеке жүргізілу циклында ішінара тексеру аясында бағалануы мүмкін. Соңғы тексеру жағдайында бұл ішкі тексеру жүйесіне енуі мүмкін сол арқылы бұл ревизия (тексеру, санау) түрінде жатуы мүмкін.
Ішкі
бақылаушы дайын өнімнің
Шетел валютасымен экспорттық операцияда өнімнің таратылуын бағалау өз ерекшеліктері болады. Валюта курсының тербелуі курстың айырмашылыққа шартты эквиваленттік құн ұлттық валюта түрінде сатылған уақыты мен ақша құралдарының түскен күйі арасындағы айырмашылық есептеледі. Сол жағдайда курстық айырмашылық сатып алушының қарызын төмендетеді және мекеменің табыстары мен шығындарына әсер етеді.
Дұрыс курстық айырмашылққа жазылым:
Дт 1210 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» Кт 6250 «Курстық айырмашылықтан түскен табыс».
Жағымсыз курстық айырма жариялымы:
Дт 7430 «Курстық айырмашылыққа шығын» Кт 1210 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз»
Функционалды
аудит жүргенге дейін әдейі бұрмаланған
хабар болуы арасында маңызды
үлкен айырмашылық болуы
Функционалды тексеру кезінде тауар өндіру және сату бөлек шарасы болып - тауарлық материалдық қорларды талдау және оның нәтижесін сараптау болып табылады.
Материалдарды қаттау, талдау үшін талдаудың жұмысшы комиссиясы құрылады, оның құрамы өндіріс бастығының жарлығымен бекітіледі. Қаттама жүргізілер алдында қойма меңгерушісінен бухгалтерияға барлық кіріс, шығыс құжаттары өткізілгендігі жөнінде қолхат алынады. Әр түрлі жеке бөлектелінген орындарда қор қалдығы сақталса ол бір тауарғы жауапты адам қарамағында болса қаттау сол сақтау орнында сомалады. Тауар қорын санап алғаннан кейін қоймаға, сақталу орнына кіру шектеледі, есепке пломба салынып, комиссия келесі бөлмеге жұмыс істеуге кетеді. Материалдық құндылықтардың негізгі қорын санау, салмағын өлшеу, ұзындығын өлшеу жөнінде жүргізіледі. Тауарлы-материалдық қордың қаттамасының нәтижесі қаттама тізбесіне жеке-жеке жазылады. Тізбе бір дана болып жазылады. Кейбір жазылмай қалған құндылықтар кезіксе тізімге кіргізілуі керек. Қаттама аяқталған соң тізім бухгалтерияға ақпарат тізімін құру күнін жіберіледі.
Қаттау нәтижелері қаттама жүргізу комиссиясы отырысында қаралып, арнайы шешім қабылданады.
Артық шыққан сумма Дт «Материалдар» (1310-1317) және «Тауар» (1330) Кт 6260 «Табыс несиелейді» ал жетіспеуі Дт 7210 «Әкімшілік шығын» Кт 3130 ҚҚС сомасы жетіспейтін құндылық ертерек зачетқа алынған; Дт 2810 «Алып қойылған салық активі бірлескен салықпен». Кт 1310-1317,1330 «Дайын өнім» айыпкерге жіберілген Дт 2150 «Ұзақ мерзімді жұмысшылардың дебиторлық қарызы» Кт2160 «Жалға берудің ұзақ мерзімдік дебиторлық қарызы».
Қаттау немесе тексеру бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен материалдық құндылықтардың нақты есебіне сәйкес келуін қалыптастыру үшін жүргізіледі. Бұл жағдайда көрінуі мүмкін:
Осы материалдық қордың қаттамалануы, тексерілуі нәтижесінде тек бухгалтерлік есепті ғана емес мекеме әкімшілігіне жұмыстың нақты күй-жайымен де хабардар етіп отырылады. Жұмыс жоспарында жеке түрде қойманың материалдық құндылықтарды сақтауға жарамдылығы, өрт қауіпсізідігі ережесінің сақтталуы, сигнал беру нүктесінің болуы, таразы шаруашылықтары және басқа да өлшеу құралдарының болуы қаралады. Сонымен бірге шаруашылыққа материалдардың босатылуы, оның көлемін анықтау, цех әкімшілігі жағынан тексеру жүргізілуі барысы, алғашқы және құрамалы құжаттарда материалдардың босатылуы уақытымен және тойтарыс дәлдігі лайықты жүйесі тексеріледі.
Бақылаудың ажырамас бөлігінің бірі материалдық құндылықты сақтау үшін қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысы тәжірибесі барысында қома есебінің жүргізілуінде негізгі қателік болып қоймадағы жағымсыз қалдықтар немесе қызыл сальдо тауардың түскендігі жөніндегі жеке кіріс құжаттарының тотырылмауы, қойма есебі карточкаларындағы жазылымдардың сәйкес келмеуі, жойылуға тиіс заттардың құжатқа енгендегі көлемінің ұлғаюы, қалдықтың дұрыс саналмауы болып табылады.
Материалдық қордың кіріп шығу жүйесін тексері, Күзет қызметкерлерімен пропуск тіркеу, пайдаланылған пропускіні уақытымен өткізіп, тағы басқа заңдылықтарды орындау функционалдық тексеруді жүйелі түрде жүруге жеткізуді тексеруге болады. Мұнда әр түрлі тәртіп бұзушылық кездеседі мысалы: материалдық құндылықты бір пропускімен екі рет қайта шығару, пропускіге қол қоюға құқы жоқ тұлғаның қолын қою және тағы да басқа. Қордың амадығын бақылау тексерудің уақытымен өткізілуін, мекеменің жүргізген тексеруінің, қамтамасыз етуінің толықтығын, дұрыстығын қамтиды.
Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қалыпты жағдайда шаруашылық қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша құндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.
Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп сату принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымның өтеушілік қабілетінің мэліметтері қорытынды есептің бұл түрінде көрсетілмейді.
Табыстар және шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Ақша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп шоттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар мен шығындар сомасының өзгерісі капитал немесе бөлінбеген таза пайда есебіне арналған бухгалтерлік есеп шоттарын өзгеріске түсіреді.
Дайын өнімдерді, тауарлар көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тэжірибесіне сату(есептеу) принципі бойынша танылып тіркеледі.
Қаржылық қорытынды есеп даярлау мен тапсыру процесіне бухгалтерлік баланс сияқты Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есептің маңызы мен тигізетін әсері өте зор. Төменде Қазақстан Республикасында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылатын қаржылық есептің екінші үлгісі берілген