Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа
Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады.
1316 - өңдеуге берілген материалдар
1317 – Құрылыс материалдары және тағы да басқа.
Қорларды сатып алу кезінде 1300 шот бөлімшелері кореспонденцияда осыған сай келетін шоттың кредиттымен дебетке түседі.
Мысалы: материал қорын сатып алу үшін: қолма-қол есептескенде Дт1310, 1320, 1330, - Кт1010.
Бөлек және біріккен мекемеде Дт 1310, 1320, 1330 – Кт4120, 4130
Заңды тұлға мен жеке тұлға – Дт 1310, 1320, 1330 – Кт 3310, 3390.
Заңды тұлға мен жеке тұлғадан алынған материал: Дт – 1310, 1320, 1330 – Кт 6220, 6230.
Тексеру кезінде артық шыққан қорды қайта есепке енгізу. Дт – 1310, 1320, 1330, - Кт 6280
Қорларды жою, жоққа шығару кезінде 1300 шотында кредитке корреспонденцияға ұшырап дебетке арнайы сәйкестеліп түседі.
Мысалы:
Құрылысқа жұмсалған Дт 1340 – Кт 1310
Қайта өңделуге жіберілген Дт 1350 – Кт 1310, 1320, 1330.
Дайын өнімді сатумен байланысты операция Дт 7010 – Кт 1320.
Әкімшілік ісіне қарай Дт 7210 – Кт 1310, 1320, 1330.
Негізгі, қосалқы өнеркәсіп қажеттілігі үшін накладной шығындары Дт 8010, 8030, 8040, - Кт 1310, 1320, 1330.
А) қамтамасыз ету ақысы төленген соң: Дт 1010, 1040, 3310 – Кт1310, 1320, 1330.
Б) ақы төленгенге дейін Дт 3310 – Кт 1310, 1320, 1330.
5. Аяқталмаған өнеркәсіп құны.
Дт 1340 – Кт 8010,8030,8040.
Тауарлы-материалды қорларға - бұларға: өнімдер өндіруге қажетті материалдар, шикізаттар, тауарлар, отындар және аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлы-материалды құндылықтар ағымдағы активтердің негізгі бөлігін құрайды. Тауарлы-материалды қорларды дұрыс бағалау - үлкен мәселе. Бағалау үшін тауарлы-материалды қорларды түгендеп, қолда барын анықтау керек. Бастапқыда тауарлы-материалды қорлар сатып алу бағасымен бағаланып, бұл баға тауарлы-материалды қорлардың бастапқы құны болып есепке алынады. Тауарлы-материалды қорларға тән қасиет: бұлардың қанша көлемі осы жылғы өндіріске жұмсалғандығы, қаншасы келесі жылға қалғандығы жөнінде, толық мәліметтер алып, дұрыс бағалау мүмкіндігі әрқашан да бола бермейді. Бұлардың бухгалтерлік есебін жүргізуші бухгалтерлер көбіне тауарлы-материалды қорлар қозғалысы мен қолда барын ортақ өлшемге келтіру арқылы бағалайды. Тауарлы-материалды қорларды бағалау үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ФИФО, ЛИФО және орташа өлшеу әдістері қолданылады.
7-ҚБЕС- ның 12- тармағы 4 әдісті ұсынды: өлшенге орташа құн, ФИФО, ЛИФО және ерекше бірегейлендіру. Бірақ 2-ХҚЕС бізге 3 әдісті ұсынады. Себебі ЛИФО әдісіне 2-ХҚЕС –да тиым салынған. Оны қолдану есептіліктің көрсеткіштерін бұрмалайды және компанияның шығындарын дұрыс көрсетпейді деп есептейді.
Арнайы жобалар үшін шығарылған және сатып алынған қордың өзіндік құны жеке шығындарды ерекше бірегейлендіру арқылы айқындалуға тиіс. Бұл әдіс қорларды және өндірістің әрбір жеке бірлігі бойынша өткізілген тауарлардың өзіндік құнын бағалау үшін аса тиімді негіз болып табылады. Бұл шығыстардың кірістерге дәл сәйкес келуін қамтамасыз етеді және есептік күнге қорлар құнының бағасы да дұрыс болады.
Қалған қорлар үшін «алғашқы келіп түсу- алғашқы босату» әдісі (ФИФО) немесе өлшенген орташа құн әдісі пайдалануы мүмкін.
ФИФО әдісі- босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген - бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Артықшылықтары: қорлардың өзіндік құны есептік кезеңнің аяғында ағымдағы бағаларға жуықтайды. Кемшіліктері: бағалар көтерілген кезде - пайда өседі; төмендеген кезде- пайда кемиді.
ЛИФО әдісі- қорларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.
Орташа өлшенген құн әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны- ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы:
Орташа құны= ∑м.қ. +∑ алын. Км.қ.+Кал.
Мұндағы: ∑м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың
Км.қ.- есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың
қалдық саны;
∑ алын. – алынған материалдардың құны;
К алын. – алынған материалдардың саны.
Артықшылықтары - бағалардың өзгеру ықпалын есептік кезеңнің ішінде қорлардың өзіндік құнына жұмсауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда барлығы кәсіби пайымдау мен өндірістің ерекшеліктеріне (өзгешелігіне) байланысты.
Қорларды орташа өзіндік құнымен бағалау қорлардың әр бір топтарымен жеке жүргізіледі. Ол үшін қорлар тобының жалпы өзіндік құнын оның жалпы қалдық санына бөлу жолымен яғни бастапқы кездегі қалдық санымен осы есептеу кезеңінің аралығында түскен түсімді қосқандағы көрсетілімді қосумен шығарылады. Қорлардың жарамсыздығының сумасы теңдік көрсеткішке балнсы өз әсерін тигізеді; есептеу (санау) уақыт аралығындағы сатылған өнімнің өзіндік құнының мөлшері арқылы қаржылық көрсеткіштерге әсер етеді, сондықтан таңдалған тәсіл мекеменің есептік саясатында тіркеліп, жазылып қойылуы керек.
бірінші түсу – алғашқы бостау (ФИФО) орта салмақты құнымен.
Өзгеріске көңіл аударамыз: 2 ХҚЕС – «Қор» ЛИФО немесе соңғы түсім-бірнші босатылады, өндіріске босатылу не сатылу негізінде қорлардың бағалау әдістерінің құрамынан шығарылып тасталған.Яғни оны пайдалану теңдік көрсеткіштерді бұрмалайды. Шығындардың ерекше теңестіру жолымен бағалау тәсілі яғни әрбір бірліктің өзіндік құнымен; бірінші босатылу материалдардың уақыт аралығындағы қалдығымен іске асады; екінші босатылу – алғашқы жеткізіліммен, үшінші босатылу – екінші босатылудан (жеткізілммен), төртінші босатылу – үшінші жеткізіліммен жүзеге асады. Сатып алынған қордың өзіндік құны (ФИФО тәсілі) қордың шаруашылық субъектға түскен уақытымен алғашқы қордың өзіндік құнын бірге есептеген жағдайда бағаланады. Бұл тәсілді пайдаланған кезде қордың есептеу уақытының соңындағы құны қордың соңғы сатысы алынған кездегі өзіндік құнның есебімен шығарылады, ал сатылып кеткен тауардың, өлшемінің өзіндік құнында тауардың ертерек сатып алынған кездегі өзіндік құны есепке алынады.
Өнеркәсіпке босатылған тауардың әрбірінің өзіндік құны бойынша (индентификациясы бойынша ) бағалаймыз = 14 000 + 20 000 + 4 500 + 11 000 = 49 500 д.е.(200 шт.х 70 + 200 шт. х 100 + 50 шт. х 90 + 100 шт. х 110).
Орташа өзіндік құн есебімен өнеркәсіпке босатылған тауардың құнын шығару 67 000/700 = 92,86 д.е. (14 000 + 20 000 + 9 000 + 22 000) : 700 шт.).
Кесте-1 Тауарлық материалдық қорлардың өзіндік құны есебі
Көрсеткіштер | Саны | Құны, (тенге) | Материалдың жалпы құны,тенге. |
Түсімдер | |||
1 партия | 200 | 70 | 14000 |
2 партия | 200 | 100 | 20000 |
3 партия | 100 | 90 | 9000 |
4 партия | 200 | 110 | 22000 |
Барлығы | 700 | 92,56 | 67000 |
Шығыс | 550 | ||
Кезең аяғына қалдығы | 150 |
Қайнар
көзі: шаруашылық субъектінің тауарлық
есебі 2006
Материалдардың ортақ сомасы шығындалғаны 51 073 д.е. (92,86 х 550 шт.).
ФИФО
әдісімен өнеркәсіпке жіберілген тауардың
құны 14 000 + 20 000 + 4 500 + 4 500 + 5 500 = 48 500 д.е. (200 шт.
х 70 + 200 шт. х 100 + 50 шт. х 90 + 50 шт. х 110). Әр түрлі
бағалауда тауардың шығынын салыстырамыз.
Кесте-2 Тауарлық-материалдың қор шығындарының бағалануы
Материалдардың шығынын бағалау тәсілі | Материалдық шығынның бағасы, тенге |
Әр бір шығын идентификациясы | 49500 |
Орташа өзіндік құны | 51073 |
ФИФО әдісімен | 48500 |
Қайнар көзі:
шаруашылық субъект Есеп саясаты 2006
Қорлардың жарамсыздығының сомасы теңдік көрсеткішке балнсы өз әсерін тигізеді; есептеу (санау) уақыт аралығындағы сатылған өнімнің өзіндік құнының мөлшері арқылы қаржылық көрсеткіштерге әсер етеді, сондықтан таңдалған тәсіл мекеменің есептік саясатында тіркеліп, жазылып қойылуы керек.
Қорлардың өзіндік құны алғашқы қабылдаудан кейін теңдікте (баланс) төмендегі тәсілдердің бірімен анықталады:
тиісті бағамен есептеу әдісі
Тауар – материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады.Сатып алынған тауарлардың есебі үшін (Алынған тауарлар) және (Басқа да тауарлар) шоттары қолданылады. Бұлар мүліктік – активті шоттар. Бұл шоты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау – сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.
Тауарды бағалау есептік бағаны талдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады.Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкін.Есептік бағаны талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына қатысты үйлестірілуі керек.
Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын,
баж салығын, комиссиондық марапаттауын;т
жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін
төлемдерін;транспорттық-
Сату бағасы – бұлтауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы.Сату (бөлшек) бағаның құрамына мыналар кіреді:
Қосылған құн салығы мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне белгіленеді:0 % (нольдік пайызы бойынша) – экспортталған тауарларға (заңда қаралғандардан басқасы) 12 % - барлық тауар түрлері бойынша (ққс – босатылғандардан басқасы) :