Тауарлы материалдық қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Субъекті қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады.

Работа содержит 1 файл

1 Тауарлы материалдық қорлардың түрлері.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

   КІРІСПЕ 

    Субъекті  қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс  істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі қорлар жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады. Егер, шаруашылық субъект әкімшілігінің міндеті, құқығы мен жауапкершілігі көрсетілмеген болса, бақылау әдістері дұрыс, айқын ұйымдастырылса онда шаруашылықтың қызметінің, әрекетінің ешқандай тиімділігі, нәтижелілігі болмайды. Шаруашылықты басқару оның құрылтай құжаттарымен және заңдылықтарымен сәйкес келген жағдайда ғана іске асады. Субъект өзінің басқару структурасын және қанша шығын кететінін өзі анықтайды.

    Субъектінің ұйымдық құрылымын құрастырушы  адамдар өз ара бірлесіп әрекет қылғандықтан көлденең және тік байланыстардың айқын  үйлесімділік пен дұрыс қалыптастыруды талап ететін байланыстардың кең тармағы қалыптасады. Бұл үшін көздеген мақсатқа жеткізетін басқару жүйесінің қызметінің көмегі керек. Яғни заттық және ақшадай құралдардың қауіпсіздігіне, оның сақталуына босатылуына, есеп және санақ жұмысына және алғашқы құжаттардың толтырылуына жауапты адамдарды бөліп, әркімнің өз міндетін білуін қалыптастыру керек. Нәтижелі бақылау жұмысын жүргізудің керекті шарттарының бірі-ұйымдастыру структурасының болуы. Толық интеграцияланған ұйымдастыру структурасы болса бақылау жұмысының нәтижесі мен тиімділігі жоғары болады.

    Қор №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарттары – 2 нормативіне сәйкес бұл активтер. Олар жұмыс нормалы орындалып  тұрған жағдайда сатылуға шикі зат  түрінде де, зат түрінде де шаруашылық процессінде пайдалануға арналған. Қорлардың түрлері: шикі зат және заттар, аяқталмаған өндіріс қорлары, дайын өнім қорлары, тауарлардың қорлары.

    Заттық  қорлардың есебін алу үшін мынадай  міндеттер жүктеледі:

  • қордың толық және уақытымен есепке алынуы;
  • Сақтау орындарына дұрыс сақталуын бақылау;
  • Олардың қозғалысы жөніндегі құжаттардың толық және уақытымен жүргізіледі;
  • Транспорттық-дайындау шығындарын дұрыс анықтау, дайындалған қорлардың өзіндік құнын анықтауды бақылау;
  • Қоймалық қорлардың жай-күйін бақылау;
  • Ішкі қорларды мобилизациялау мақсатында субъектіге қажетсіз заттық қорларды тауып, таратуды бақылау;
  • Сақтау орындағы қорлардың қалдығы жөнінде, оның қозғалысы жөнінде толық мәлімет алу.

    Шаруашылық  барысында әр түрлі шаруашылық қорларды пайдаланатындықтан оларды төмендегі  топтарға бөледі: шикізаттар менматериалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және жинақталған бұйымдар, конструкция және бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қажетті бөлшектер, арнайы материалдар,  өндіруге берілген материалдар, құрылыс материалдары және тағы да басқалары.

    Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – тауарлы материалдық қорлар активтердің ажырамас бір бөлігі болып табылғандықтан ұйымның қызметін бағалауына берілген баға нәтижесі болып табылады. Осыған орай  қорларды жетілдіру мақсаты шаруашылық субъектілерде ерекше орын алады.

    Курстық жұмыстың мақсаты – тауарлы материалдық қорлар шаруашылық субъектілерде ұйымдастырылуының ерекшеліктерін зерттеп, талдап,  тиісті қорытындылар жасау.

      Бұл мақсатқа жету үшін алға  қойылған міндеттері:

  • қорлардың мәні мазмұны, қажеттілігі және құрылымы мен оның элементтерін қарастыру
  • Тауарлы материалдық қорлар жүйесін бағалау әдістемелерін жіктеу
  • Тауарлық-материалдық қорлар мен оның жіктемесін талдау.

    Курстық жұмыс кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

          Бұл жұмыстың теориялық негізін отандық ғалымдардың еңбектерінен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен бухгалтер бюллетендерінен, сонымен қатар баспасөз басылымдарынан алдық. Онда Қазақстан Республикасындағы негізгі құралдар түрлерін, мақсаттары мен жүйелерін, сонымен қатар олардың бағалану есебін қарастырдық.

            Курстық жұмыста Отандық  және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері  пайдаланылды. Атап айтқанда, В.Л.Назарова, В.К.Радостовец, Ә.Әбдіманапов, С.Т.Міржақыпова, Қ.К.Кеулімжаев. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I бөлім. Тауарлы материалдық қорлардың түрлері, рөлі,  маңызы, мазмұны, жіктелуі бағалануы, түгендеу және құжаттық рәсімдеу 

    1.1 Тауарлы материалдық  қорлардың жіктелуі, бағалануы, рөлі, маңызы 

    Субъекті  қызметі ерекшелігіне сай, жұмыс істеу ауқымына сәйкес жүйелі және нәтижелі ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі шаруашылық әкімшілігінің басышылығына тәуелді болады. Егер, шаруашылық субъект әкімшілігінің міндеті, құқығы мен жауапкершілігі көрсетілмеген болса, бақылау әдістері дұрыс, айқын ұйымдастырылса онда шаруашылықтың қызметінің, әрекетінің ешқандай тиімділігі, нәтижелілігі болмайды. Шаруашылықты басқару оның құрылтай құжаттарымен және заңдылықтарымен сәйкес келген жағдайда ғана іске асады. Субъект өзінің басқару структурасын және қанша шығын кететінін өзі анықтайды.

    Субъектінің ұйымдық құрылымын құрастырушы  адамдар өз ара бірлесіп әрекет қылғандықтан көлденең және тік байланыстардың айқын  үйлесімділік пен дұрыс қалыптастыруды талап ететін байланыстардың кең  тармағы қалыптасады. Бұл үшін көздеген мақсатқа жеткізетін басқару жүйесінің қызметінің көмегі керек. Яғни заттық және ақшадай құралдардың қауіпсіздігіне, оның сақталуына босатылуына, есеп және санақ жұмысына және алғашқы құжаттардың толтырылуына жауапты адамдарды бөліп, әркімнің өз міндетін білуін қалыптастыру керек. Нәтижелі бақылау жұмысын жүргізудің керекті шарттарының бірі-ұйымдастыру структурасының болуы. Толық интеграцияланған ұйымдастыру структурасы болса бақылау жұмысының нәтижесі  мен тиімділігі жоғары болады.

    Экономикалық  субъектінің жұмысына қатынасушы әр жұмысшыға жауапкершілік жүктеліп, олардың білімін көтеруіне, аттестациядан  өтуіне жағдай жасау керек.

    Бұл істің бәрі еңбек келісім шарттарында  тіркеліп, көрсетіліп тұруы керек. Заттың қордың бақылау мақсаты оның түрінің қанша қалғандығы, бар жоғы, складына қанша уақыт сақталғандығы, тауар қорының өндіріс қызметінде үздіксіз қаматамасыз етіліп отыру туралы әкімшіліктің хабардар болуында. Бұл міндет шапшаң түрде тауар қорының көлемін анықтау барысында, басшылықтың хабардар болуына және қордың тапсырысқа молынан жетуіне орындалады. Шаруашылық жұмысшының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету барысында тауар қорының таусылмай тұрып келесі партиясының уақытымен жетуіне қамтамыз ету міндеті туады. Заттық қордың сақталуын бақылау. Бұл міндет:

  • заттың қорды қабылдап алу және босатуды бір адамға жүктеу, затқа жауапкершілік;
  • Жиі-жиі тауар қорларының қалдықтарын қаттап, санап отыру.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару;
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау;
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау;
  4. Материалдарды өндірісте пайдаланылған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
  5. Материалдардың  өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау;
  6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

    Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдарыдың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс  сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын текеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

    Материалдардың  есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

  • материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
  • бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету;
  • Сонымен қатар материалдарды уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

    Қорлардың құрылуын және колданылуын бакылау  дайын өнім мен оны сатудың  немесе өткізудің жергілікті аудиті. Тауарлы-материалдық корлардың аудиті және оны тексеру.  Сатып алу циклінің функционалдық тағайындалуы

    жүргізілудің  толықтығы бойынша тереңдетілген  аудит кешенді, функционалды және жергілікгі болуы мүмкін. Аудитгің бүл түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері  бар. Функционалды аудит - әр түрлі сатылар, процестер, циклдер және шаруашылық қызмет түрлері шеңберінде анықталған басқару функцияларының орындалуының мақсаты бақылуы. Берілген операциялық аудит түрінің маңызды қасиеттерінің ішінде басқару бизнесінің әр түрлі функциясы бойынша аудиторлық еңбектің мамандану мүмкіндігі және зерттеудін терендігін бөліп көрсеткен жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау функцияларының орындалуын тексеру және қаржы, еңбек және материал ресурстарын басқару жағдайына ішкі-шаруашылық бақылау жүргізіледі. Функционалды аудит өндірістік ресурстарының процестік, кезеңдік және циклдік құрылуы және колданылуы бойынша жүргізілуі мүмкін. Шаруашылық субьекг қызметінің қаржы-жөнелтуде, өндірісте және қамтамасыз етуде өндірістік ресурстардың басқару функциясының орындалғандығын зерттеу және кешенді көзқарас маңызды болып табылады.

    Тауарлы-материалдық  қорлардың функционалды аудитін  анықтаған кезеңде алғашқы құжаттардың  қозғалысын және қаржылық есептілік көрсеткіштерін зертгеуден бастау ұсынылады. Алғашқы есепті ұйымдастыру кезінде басты орынды қойма шаруашылығының қызметкерлері алады. Себебі олар тікелей материалдық ресурстарды қабылдайды, қағаз  толтырады, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізеді, қозғалысты және орналастыруды бақылайды, дұрыс жұмсалуын және сақталуын қадағалайды.

    Сатып алу, өндіріс және дайын өнімді сату циклі функционалды ішкі бақылаудың  маңызды кезеңдері болып табылатындар:

    - Материалдық ресурстармен қамтамасыз  етуді ұйымдастыруды тексеру.

    - Тауарлы-материалдық құндылықтардың  басқару жүйесін талдау.

    - Қорлар жағдайын және қолдану  деңгейін бағалау.

    - Қойма шаруашылығьш ұйымдастыруды  зертгеу.

    - Тауарлы-материалдық    құндылықтармен    болатын операциялардың есепте  дұрыс көрсетілуін тексеру.

    - Қорларды инвентаризациялаудың  дұрыстығын және кезеңділігін  зертгеу.

    - Тауарлы-материалдық  құндылықтарды   қолданудың ішкі бақылауын бағалау.

    Қамтамасыз  ету және дайындау қызметінін талдауын және бақылауын, есебін жүргізуді дамыту бойынша әдістемелік ұсынылымдар.

    Қорлардың құрылуын және қолданылуын бақылау. Тауарлы-материалдық құндылыктарды  құру және сақтау белгілі бір шығындармен  байланысты болады. Осылайша, Қазақстанда  өндіріс саласындағы шаруашылық субъектдарда қамтамасыз ету және дайындау бойынша шығындардың жалпы сомасы құрылған материалдық ресурстар құнының 30%-ын құрайды. Қорытындылай келе, шаруашылық жүргізуші субьектілердің материалдық ресурстарға қажетгілігін ең аз шығындар арқылы қамтамасыз ету мақсаты қойылып отыр.

    Тауарлық-материалдық  қорлардың жіктелуі. Заттық қорлардың тиімді пайдалануын бақылау. Мекеме әкімшілігі заттық қорлардың шығындау нормативтерін бекітеді. Бухгалтерлік есеп көрсетілген шығындану нормативтерін қадағалап, норматив бұзылған жағдайда уақытымен хабардар етуге бағытталған. Бұл міндет лимитті-жіктеме карта беру арқылы шешіледі. Онда қордың ең көп мөлшерде беруі көрсетіледі. Картада көрсетілген мөлшер біткен жағдайда бухгалтерлік есеп бұл фактіні тіркеп, әкімшіліктің шапшаң түрде лимиттің жоғарлап кеткен себебін анықтауына және керекті шараларды қолдануына  көптеген жағдайлар жасалынады.

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлар