Табыс салығының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3

Негізгі бөлім.

1.1 Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі……………………...5

1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты

есеп айырылысулар…………………………………………………..15

1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар………………………………….25

Работа содержит 1 файл

Табыс салығының есебі.ЕСКІ.doc

— 394.50 Кб (Скачать)

Жоспар 

Кіріспе…………………………………………………………………………….3

Негізгі бөлім.

    1.1 Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі……………………...5

    1.2 Кейінге  қалдырылған табыс салығы және  сонымен байланысты 

          есеп айырылысулар…………………………………………………..15

    1.3 Төлем көзінен  ұсталатын салықтар………………………………….25 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе

     Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімің, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

     Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

     Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетгі болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы жөне басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

     Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

     Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

     Қазакстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.1. Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі.

     Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

      Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 "Салық бойынша міндеттемелер" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 3110 «Төленуге тиісті корпоративтік  табыс салығы", 3120 "Жеке табыс салығы", 3130 "Қосылған құн салығы", 3140 "Акциздер", 3150 «Әлеуметтік салық», 3160 «Жер салығы», 3170 «Көлік құралдарына салынатфн салық» 3180 Мүлік салығы, 3190 Басқадай салық шоттары кіреді. 
 
 
 
 
 
 

       Корпоративтік табыс салыгы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 "Төленуге тиісті табыс салығы" деген

пассивтік шотында жүреді.  
 

     Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жыдцық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жұзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

      Салық Жылдық   табыс    

        =                   - Шегерімдер

      Салынатын  табыс               жиынтығы 

     Жылдық  табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

     Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан  мыналарды шығарып тастау керек:

     - дививиденттер, ҚР занды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;  

     - кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;                                            

     -  мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

     - әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

     - мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың күны;

     -  зейнетакыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.

     Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

     Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.                        

     Жылдық  табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

     Қызмет  бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:

     - іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;

     - шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сіқы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

     - несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

      Жоғарыдағы  шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады: 
 
 
 
 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

     Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

     Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күменді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.

     Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы — негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

     Резервтік (провизиялық) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз қызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Taп осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні  Заңды тұлға-резиденттеріне төлейтін, марапаттау және шегерімге жатқызуға болатын сомасы қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттык банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша анықтайды.   

     Ғылыми  зерттеу, жобалық  және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалған шығындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс ілумен - байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде - конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.  

     Сақтандыру  жарналары (пайдасы) бойынша шығыстарға шегеріс жасау.Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесске қатысты болғандықтан, оларды календарлық қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызуына құқысы бар.                                                                      

     Әлеуметтік  төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер, Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдауына байланысты (мертігу т.б. с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

     Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау, жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортиациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

     Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады, ол кезде олардың:

     - пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;

     - жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.

     Теріс бағамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамының айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезігінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынаң шығады.                                                                                                

Информация о работе Табыс салығының есебі