Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны......................……………………..………….5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері…………….…………………………..…..13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы….……………………………….....21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі………………………………………………………………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..…………….……………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..…………………31

Работа содержит 1 файл

курсовая по аудиту.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

    Арнайы  әдебиеттерде, т.б. ілімнің пәні мен  объектілері бірдей деп немесе бір-біріне уйқас деп айтылады, бірақта бұлт үсініктемелер бір-бірімен ұйқас  болғанымен, олардың мағыналары әртұрлі  болады. Сол себепті бұл мағыналарды ажырата білген жөн. Объекті дегеніміз, сол ілім оқитын пәннің шындығы.

    Мысалы, дәрігерлік ілімнің объектісі – адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің объектісі - мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал, аудитгің объектісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындәр т.б.).

    Аудит объекгілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы  жағдайлары.оллардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде  және  тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.

    Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың  міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің уқыпты түрде тексерілуі, олар-дың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орәй аудиттің міндеті - қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: "Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалынғандығын анықтау"алдында төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер қойылады:

  1. Субъектінің  (кәсіпорынның,   акционерлік  қоғамның, фирманың, бірлескен кәсіпорынның т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын қамтамасыз ету.
  2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлүматтарды жинастыру және оларды бағалау.
  3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық  көрсеткіштерін талдау.
  4. Бухгалтерлік  есепті  жүргізу және отчет  (есептілікті) женіндегі:   заңдардың,  қаулылардың,  нұсқаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау.
  5. Бастапқы  құжаттардың  белгіленген  нормаға  және нормативке сәйкестігін тексеру.
  6. Клиенттерге Бухгалтерлік есептілікті дұрыс жүргізу, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес беру.
  7. Өз клинттерінің санының көбеюіне және оләрдың нығаюына ат салысу.
  8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу.

    Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі аудиттің рөлі және оның негізгі функциялары (қызметтері)

    Нарық экономикасы кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметтердің бір тұрі ретінде басты роль атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

  • эксперттік;
  • аналитикалық;
  • кеңес беру;
  • өндірістік.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы

        ролі 
 

    Аудиттің  көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдеріәр  түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.

    Ежелгі  Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, Бас Аудитор  қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.

    Бір авторлар аудиттің пайда болуын Бухгалтерлік есептіліктің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды, Бухгалтерлік есептілік жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Почелли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның «Шоттар мен жазбалар туралы трактат» атты еңбегі шықты. «Қалай, неге және кіммен көп жерледе көпестік кітаптар куәландырылады» атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.

    1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің  адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға «батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында» - дейді.

    Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы  акционерлер, кредиторлар және салық  қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.

    Сыртқы  аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін.

    Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар «кіммен жұмыс жасауға болатынын» өздері шеше алады.

    Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық  қызметтің даму жолында жаңа ғылым  саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Сыртқы аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

    Аудитор латыннның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор»- «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. 
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: «бет көрсе-жүз ұялады», - деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған «сенемін»-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.

    Сыртқы  аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есептілік жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, Бухгалтерлік есептілік және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

    Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын  функциясы зерттеу қорытындысына: «бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді»-деп жазған.

    Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі  атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

    Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, Бухгалтерлік есептілік жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

    Сыртқы  аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

    Үшіншіден, сыртқы аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін, ақпарат (есеп) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

    Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

    Сыртқы  аудитқа қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:

  • инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  • кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
  • кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  • кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, «коммерциялық құпияны» сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Информация о работе Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні