Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:29, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны......................……………………..………….5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері…………….…………………………..…..13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы….……………………………….....21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі………………………………………………………………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..…………….……………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..…………………31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Аудит
оның түрлері мен мазмұны......................…
2. Сыртқы
аудит, оның ерекшеліктері……………
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің
пәні, объектісі және функциясы….…………
5. Сыртқы
аудиттің мәні және оның
ролі……………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..………
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..……………
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен (тексерілген субъект жекелеген жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Соңғы жылдары елімізді тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудит бойынша енгізілген оқулықтар мен тәжірибелік құралдар саны аз болды. Аудит тарихы, проблемалары, оның даму жән қалыптасу тәжірибелерін экономистер мен практиктер әр түрлі журналдар мен басқа мерзімді басылымдар орыс тілінде ғана шығады. Бұл жерде республикамыздың жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілде оқитын студенттер санын жылдан жылға көбейту мәселесін шешкен жөн деп ойлаймын.
Аудит ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «Аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай деңгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда, ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық заңдылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы елдегі тауар бағасын тұрақты етіп нарықтық қатынасқа көшу заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша салық сома төлеу керек екенін, «салық есебінің» дұрыс жүргізілгенін аудит арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалық проблема ол-салықтың тиісті көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан «салық есебін» жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана «салық есебіне» аудит жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.
Соңғы
жылдары баспабан шыққан арнайы әдебиеттерде
«аудит» түсінігі шаруашылық қызметін
бақылаудың жаңа бағыты ретінде кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржы шаруашылық және
комерциялық қызметін қаржылық бақылаудың
жаңа ұйымдастырушы түрі ретінде анықталады.
Менің көзқарасым бойынша бұл түсінік
«қаржылық бақылау» түсінігімен біршама
тең болып келеді. Өйткені, ол көрсеткіштердің
дұрыстығы тексертуді ғана емес, сондай-ақ
шығындарды рационализациялау мен пайданы
заңдық негізде оптимизациялау мақсатымен
шаруашылық қызметін жақсарту жөніндегі
ұсыныстарды дайындауды қамтиды. Сонымен
қатар аудитті тексерумен, аудиторларды
тексерушілермен теңестіруге болмайды.
«Ревизия» термині латынның «revision» сөзінен
аударғанда «қызметті зерттеу» дегенді,
ал «ревизор» термині ревизияны жүргізуші
адам” деген мағынаны білдіреді. Тексеру
мен аудит мазмұны жағынан жақын болса
да бір түсінік емес. Аудит тексеру мен
бақылаудың түрлі әдістері мен тәсілдерін
қолдана отырып, сонымен бірге өзіне тән
ерекшеліктері бар.
1.
Аудит оның түрлері мен мазмұны
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес Қаржылық есептілік берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні Қаржылық есептілік беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, Бухгалтерлік есептілік жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есептілік беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есептілік құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептіліктің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептіліктеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам).
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есептілік беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
Қаржылық есептілік берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
Қаржылық есептілік беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық
қызметтің негізгі міндеті
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық
фирмалардың маңызды
Аудит және оған сыбайлас ғылым түрлері. Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.
Аудит экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады, оған қоса нарықтық қатынас экономикасында, оның заңдылықтарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін тигізетін нақты функцияларды орындайтын ғылым саласы. Аудит-фундаменталдық емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым саласы. Ол жалпы ғылым тану теориясына сүйене отырып жұмыс бабында адамдарға экономикалық білім жолын анықтайтын, шаруашылықтың білімділігін бағалап, оның келешегіне болжау жасауға негіз беретін ғылым саласы. Аудит жеке ғылым сала ретінде өзіне сыбайлас ғылым түрлерінің әдістерін қолдана отырып, шаруашылық субъектілерінің жұмысын зерттеп,оны әділ бағалап, тапсырушыларға өзіне тиімді шешім қабылдауды анықтап береді.
Информация о работе Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні