Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:29, курсовая работа
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны......................……………………..………….5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері…………….…………………………..…..13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы….……………………………….....21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі………………………………………………………………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..…………….……………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..…………………31
Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар:
1. шаруашылықтағы субъеккт;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор қпараты, есебі;
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
1. Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсатты қарастырылуы қажет. Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.
2.
Мәлімет. Аудит жұмысы
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;
2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан.
3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қортынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.
4. Фактілерді жинау және бақлау. Аудитордың негізгі мақсаты ол – фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды .
5.
Аудит стандарты. Жиналған
6.
Аудитор ақпараты. Аудитор өз
жұмысының қорытындысын
Қорыта
келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің
міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит
жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті
мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін
білу қажет.
2.
Сыртқы аудит, оның
Сыртқы аудит – бұл бірге жүретін аудиторлық қызметтерді көрсету мақсатымен және қаржылық есептіліктің дұрыстығын бағалау мақсатымен ҚР-ң заңнама талаптарының сәйкестігі мен келісім шарт негізінде жүргізілетін жеке аудитордың (аудиторлардың) немесе аудиторлық фирманың кәсіптік (кәсіп иелік) қызмет.
Тексеріліп жатқан кәсіпорында ешқандай қызығушылығы жоқ тәуелсіз аудитор сыртқы аудит жүргізеді. Ал ішкі аудиттің талаптары есептіліктің есебі, ішкі бақылаудың (аудиттің) саясатқа сәйкес келуін бағалау, кәсіпорын қызметінің мақсаттары және т.б. болып табылады.
Сыртқы аудит ерікті түрде (кәсіпорынның, клиенттердің тілектері бойынша) және міндетті түрде (заң шығарушы актілеріне сәйкес болуы) бола алады. Міндетті аудит, сонымен қатар соттың немесе тергеу мүшелерінің шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыртқы аудит қаржылық есептіліктің дұрыстығын тексері үшін, оны бағалау үшін, Бухгалтерлік есептілікті жүргізудің дұрыстығы ҚР-ң заңнамасына қаншалықты сай келуін тексеру үшін, сонымен қатар тексерістің нәтижесі жайлы қорытынды жасау үшін аудиторлық компаниялардың өкілімен немесе жеке аудиторлармен жүргізіледі. Аудиторлық қорытынды – ол тексеріс нәтижелерін құрайтын және бекітілген нысанда берілетін ресми құжат. Өз кезегінде аудиторлық ұйым штаттағы бес аттестатталған мамандардан кем емес болып келетін сәйкес лицензиясы болуы тиіс. Қарсы болған жағдайда ҚР-ң Қаржы министрлігі аудиторлық қызметті жүргізу бойынша лицензия әрекетін тоқтатуға құқығы бар.
Аудиторлық тексерістерді көбінесе консультациялық қызметті (сауда, қаржылық қызмет, Бухгалтерлік есептілікті енгізу, ішкі бақылау ұйымдар бойынша сұрақтар, салық салу бойынша және басқа да сұрақтар негізінде) орындайтын арнайы аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Аудиторлық тексеріс міндетті, ұйымдасқан және ынталы тәртіпте болуы мүмкін. Осының негізінде міндетті тексерістер заң шығару актілерімен бекіткен жағдайда жүргізіледі, ал ынталы тексерістер банктің өзінің шешімі бойынша жүргізіледі. Міндетті аудитке барлық банктер жатқызылады.
Банк аудиті жалпы аудит сияқты тексеріс жүргізетін субъектіден тәуелді сыртқы және ішкі болып жіктеледі. Сыртқы аудит жан жақтан шақырылатын тәуелсіз аудиторлармен (аудиторлық фирмалармен) жүзеге асырылады. Ішкі аудит банктің өзінің күшімен жүргізіледі және сол үшін банк ішілік аудит бөлімі құрастырылады.
Сыртқы аудиттің негізгі мақсаты болып кредиттік ұйымдардың бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің нақтылығын бекіту (растау) және олармен орындалған операциялардың ҚР-ң заңнамасына сәйкес келуі.
Сыртқы аудит белгілердің толық тізімі бойынша ревизиядан айтарлықтай айрықша болып келеді.
Ревизия – бұл экномикалық субъект қызметінің заңдылығын және дұрыстығын тексеру мақсатымен жоғары тұрған немесе бақылаушы ұйыммен заңды тұлғаның қызметін зерттеу болып табылады.
Егер сыртқы аудиттің мақсаты қаржылық есептіліктің дұрыстығы, қызметтер көрсету, көмек көрсету, клиенттермен қарым-қатынас жасау жайлы пікір айту болса, ал ревизия мақсаты – ол жетіспеушіліктерді анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар және кінәлі адамдарды жазалау.
Қызметтік сипаты бойынша: сыртқы аудит – ол кәсіптік (кәсіп иелік) қызмет, ал ревизия – ол жоғары тұрған ұйымның (ведомстволық бақылау негізінде) немесе мемлекеттің (мемлекеттік қаржылық бақылау негізінде) өкімін орындайтын атқару қызметі.
Басқару байланыстары бойынша: сыртқы аудит – ол жазықтық (горизонтальды) байланыстар, еркіндік, клиентпен қарым қатынас негізіндегі теңдігі (тең құқылығы) және есеп беру, ал ревизия – ол тікелей (вертикальды) байланытар, мәжбүр ету, тағайындау, орындау бойынша жоғары тұрған бөлім алдында есеп беру.
Тәжірибелік талаптар бойынша: сыртқы аудит – ол клиенттің қаржылық жағдайын жақсарту, инвесторлар, кредиторларды тарту, клиентті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша көмектер көрсету, ал ревизия – ол активтердің сақтығы, теріс пайталануды бұлтартпау және алдын алу (сақтандыру).
Нәтиже бойынша: сыртқы аудит – ол клиенттер үшін аудиторлық қорытындылар және ұсыныстар, ақпараттың құпиялылығы, ал ревизия – ол ревизия актісі, ұйымдастырылған шешімдер, төлетулер, нұсқаулар, жоғары тұрған органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпаратты жария ету міндеттілігі, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария ету.
Мәртебе бойынша: сыртқы аудитор – ол тәуелсіз эксперт, ал ревизор – ол бақылау-ревизиондық фирмасының немесе басқару органының жұмыскері.
Сонымен қатар, қаржылық бақылауды екі түрін ұмытпауымыз тиіс, мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит – көбінесе бір айрықша белгінің екі жағын көрсетеді. Олардың арасында концептуалдық айырмашылықтар тізімі болса да, олардың арасында практикалық ортақ талап қойылған: экономиканың әр түрлі скторлардағы өзінің табысты қызметімен мемлекеттік әл-ауқатын күшейту (бекіту).
Сыртқы аудит (тәуелсіз) пен ішкі аудиттің (ішкі шаруашылық) арасында айырмашыдықтар бар.
Егер
ішкі аудиттің бағдары осы шаруашылық
жүйедегі функционалды және сызықтық
басқару бойынша қатынасқа
Ішкі аудит тексерісінің объектілері болып: шаруашылық операциялар, ресурстарды қолдану, бекітілген есеп саясаты және жалпы методикалық жағдайлар негізінде тексерілетін есептің, есептіліктің және шаруашылық бақылау жағдайы. Сыртқы аудитпен тексеріледі: есеп және есептілік жағдайы, ресурстарды қолдану тиімділігі және клиент есептілігі мен есеп мәліметтеріне бастапқы сенім білдіру деңгейі және сыртқы аудиттің масштабын анықтау мақсатымен ішкі шаруашылық бақылау деңгейі.
Егер
ішкі аудиттің тәуелсіздігі ревизияланған
объектілерден тек жазықтық (вертикаль)
бойынша құрастырылған
Бақылауды жүзеге асырудың кезеңділігінде айырмашылықтарды да белгілеп кету қажет: егер ішкі аудитті жүргізудің негізгі қағидаты (принципі) үздіксіздік болатын болса, онда сыртқы аудит көбінесе, жылдық үзілістермен (интервалдармен) жүргізіледі, бірақ кейде келісім-шартпен квартал бойынша аудиторлық тексерістерді жүргізу ұйымдастырылады.
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы көптеген түсініктер қарастырылады. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит сыртқы ұйымдары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі ол – шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушы ол – кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері.
Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізілсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі мақсаты Бухгалтерлік есептілік жұмысының жүргізілу жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің құқығын қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Кәсіпорын басшылары өзінің және кәсіпорын жұмысын, оның қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкіншілігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге құштар.
Сыртқы
аудиттер өз жұмысын сол елдегі заңды
түрде қабылданған аудит
Ақпаратты басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі кәсіпкерлігімен айналасуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіпорынның өткен уақытта тапқан табыс сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғни, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып танылады.
Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас кәсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басылымға шыққан материалдарды сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайластыққа сенімді екен деген қорытынды жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі функциясының бірі, пайдалануға дайындалған информацияның ролін атқаратын кәсіпорын ақпаратын бекітеді.
Информация о работе Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні