Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны......................……………………..………….5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері…………….…………………………..…..13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы….……………………………….....21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі………………………………………………………………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..…………….……………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..…………………31

Работа содержит 1 файл

курсовая по аудиту.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

    Сыртқы  аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының жағдайына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінін, тиімділігін, сенімділігін, оның аудит процесіндегі ролін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншылықты аудит күдігін (риск) жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.

    Сыртқы  аудит соңғы жылдары тек қана қаржы ақпаратын тексеріп қана қоймай кәсіпорын шаруашылығына экономикалық талдау жасап, оның кәсіпкерлігінің табыс сомасына баға береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде «Заңды аудит» - деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана ол сыртқы информация мен пайдаланушылар алдында ғана жауапкершілікте. 
 
 

    3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы 
 

    Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтің дамужолындажаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді.  Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

    Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

    Орта  ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді аудитор деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез келген жазба құжаты қолдан әртүрлі етіп жазуға өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: «бет-көрсе-жүз ұялады»,-деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін»-деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді ақтаймын»-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.

    Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет  елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есептілік жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негізболатын, Бухгалтерлік есептілік және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп танылған.

    Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру және қаржылық есептіліктемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықгық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі пайда болады.

    Бухгалтерлік  есептілік күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады.

    Барлық  елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін Бухгалтерлік есептілік аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:

  • салық заңын қамтитын заң;
  • Бухгалтерлік есептілік пен аудит стандарттары, кәсіби органдар білдіретін пікірлер мен түсіңдірмелер;
  • қор биржасының талаптары.

    Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән ағылшын  тілді АҚШ пен Австралия сияқты елдерде негізгі акцент заңға  емес қаржылық есептілік стандарттары бюросы (АКДІ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.

    Көптеген  еддерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірнеше кәсіби ұйымдар  бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай  алты ұйым бар.

    Көптеген  елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:

    а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;

    ә) практикалық және теориялық емтихаидарды не кәсіби органдар не сәйкес үкіметгік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби біліктілік. Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі жиі талап етіледі;

    б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі;

    в) «қажетті және сәйкес» мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты қылмыстарға қатысты болмауы керек.

    Біздің  елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті.

    Шаруашылық  есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекетгік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.

    Бірегей құрылым ретіңде «Инаудит» сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.

    1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық  қызмет туралы заң актілерін  қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бүл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционерлік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.

    Қазақстанда сыртқы аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайыңдаушысы және оның министрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

    1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

    Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар  мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан  Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173 «Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы» бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы №290 «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС, «КПМГ Жанат» ЖШС, «ЭрнстЭндЯнг» ЖШС, «ВДО Қазақстан-аудит» ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.

    Қазақстан Республикасында аудит фирмасы  алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес  өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы  бойынша құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.

    Еліміздегі  аудит жұмысының тиянақты дамуына  бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап  отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен «Қазақстан Республикамыздағы аудиторлық қызмет» туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.

    Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық  «үлкен алтылық» тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.

    Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа  көшу барысында тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет  ел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты  қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Немесе «ойын тәртібі» сақталмаған елде экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету, екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу, үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу . Келесі сызбада аудит қызметіне сипаттама берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы  
 

    Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа салалардағы  ілімнен айырмашылығын, оның ездеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау  үшін қажет.

    Тану  теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның-пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға бай-ланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қатынастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

    Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау, т.б. шаруашылық жұргізуші субъектілердің орындаған жұмыстәрының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл белу.

    Осы келтірілген аудит пәнінін анықтамасы біздің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Информация о работе Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні