Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны......................……………………..………….5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері…………….…………………………..…..13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы....................17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы….……………………………….....21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі………………………………………………………………………………..23
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………..…………….……………29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………..………..…………………31

Работа содержит 1 файл

курсовая по аудиту.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

    Қоғам тану ғылым саласында диалектикалық  процесс әсерінен экономикалық ғылым тобында менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есептілік, экономикалық талдау, статистика сияқты ғылым түрлері пайда болды. Қазіргі кезде осы топқа қосылатын жаңа ғылым саласы ол-аудит. Осы аталған ғылым салаларының ішінде аудит бухгалтерлік есептілікпен тығыз байланысты.

    Аудит және бухгалтерлік есептілік. Бухгалтерлік есептілік аудит үшін ең негізгі информация көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есептілік нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпкер шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есептілікке алынады. Бухгалтерлік есептіліктің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорынның қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық). Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудитор фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор Бухгалтерлік есептіліктің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есептілік мәліметің дұрыстығын анықтау үшін «алғашқы есеп» есеп құжаттарын тексереді. Одан кейін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.

    Қорыта  келгенде аудитор Бухгалтерлік есептілікті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.

    Аудит және экономикалық талдау. Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында «аудитті» экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде «қаржылық ақпаратының» экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, 12 нормативте «аналитикалық процедурада» айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы ақпаратының, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.

    Аудиторлық  қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын  шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің  қандай себептерден болғанын,  оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дұрыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау программасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық және оптималды жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын информация базасын анықтау;  экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.

    Аудит барысында қолданылатын бірнеше  экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.

    1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша информацияларға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.

    2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы  талдау әдісі. Шаруашылық саласындағы  бірнеше кәсіпорындар ақпаратын  салыстыру арқылы экономикалық  талдау жасаған кезде  олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әрбір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден боғанын анықтап оны нақты ақша өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.

    3. Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді  салыстырмалы талдау әдісі. Қазіргі  кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің  негізін анықтайды.

    А.Д. Шеремет пен В.П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:

    Аудиттің  түрлері

№  Критерийлер                     Түрлері
1 Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты Сыртқы

Ішкі

2 Заң талаптарына  қатысты Міндетті

Бастамашылық (ерікті)

3 Аудит объектілері  бойынша 1- банктік аудит

2-сақтандыру   компанияларының аудиті

3-биржалар, инвестициялық институттар мен  зейнетақы қорларының аудиті

4-жалпы  аудит;

5-мемлекеттік  аудит

4 Тағайындалуы  бойынша 1     қаржылық есептілік беру аудиті

салықтың  аудиті

сәйкестік аудиті

операциялық аудит 

арнайы (экологиялық, операциялық және т.б.)

5 Жүзеге асырылу  мерзімі бойынша Бастапқы                                   

Келісілген

6 Тексеру сипаты бойынша Дәлелдеуші

Жүйелі  бағытталған

Тәуекелдікке  негізделген аудит

 

    Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Ішкі аудит басқару  есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген  қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

    Ішкі  аудитордардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын  ірі кәсіпорындардың тексеруші  топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
  • жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
  • ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау;
  • басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

    Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің  сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын  бақылау да жүзеге асырылады.

    Сыртқы  аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.

    Сыртқы  аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есептілік берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.

    Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.

    Міндетті  аудит — тізімі заңмен белгіленген  кәсіпорындардың қаржылық қорытынды  есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.

    Бастамашылық  аудит оны жүргізу шартында көрсетілген  аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.

    Қаржылық  есептілік беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есептілік беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады:

  • Бухгалтерлік есептілікті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
  • салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
  • қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
  • қосымша кәсіби білім беру ретінде Бухгалтерлік есептілік, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;
  • Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту;
  • бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
  • адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.

    Бухгалтерлік  есептілікті жүргізу және қалпына келтіру. «Бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілікті беру туралы» заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.

    Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салық  салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар  дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер" жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын, мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.

    Бухгалтерлік  есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, Бухгалтерлік есептілікті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты.

    Заңмен  талап етілетін сыртқы аудитті жүргізетін аудитор үшін кәсіпорында ішкі аудиттің атқаратын ролін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық менеджмент қозғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына қарамастан мүмкін болады.

    Сыртқы  және ішкі аудиттің ортақтығы —  белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша  есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері  де бар:

  • түрлі міндеттерді орындау;
  • сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;
  • көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;
  • күнделікті шаруашылық-қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі;
  • есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық.

    Аудит анықтамасы көбінесе аудитті тексеру (проверка) деп анықталған. Ал аудиттің бақылау жасауға құқы жоқ. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін.

Информация о работе Сыртқы аудит түрлері, оның мақсаты мен мәні