Негізгі құралдарды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі құралдарды талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер

Работа содержит 1 файл

ДР ОФ каз..doc

— 245.00 Кб (Скачать)

      13 "Негізгі құралдардың тозуы"

      бөлімшесіиің  тиісті шоттары   25600

 

Негізгі құралдарлы жөндеу шығындарының есебі.

 

             Кәсіпорындағы негізгі құрал  жабдықтар шаруашылық процессіне  қатынасып отыру нәтижесінде  тозады, ал кей жерлері жөндеуді  қажет етеді. Оларды үнемі жұмысқа  жарамды күйінде сақтап отыру  үшін жөндеу жүргізіледі. Жөндеу  жұмыстары көлеміне байланысты қарапайым және күрделі жөндеуге бөлінеді.

Қарапайым жөндеу деп - әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады.

Күрделі жөндеу деп – үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектерімен деталдарының бәрін ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.

      Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес жөндеу шығындары актив өнімділігінің алғашқы есептелінген нормативтеріне сәйкес кәсіпорын күте алатын келешек экономикалық пайданың сақталуы немесе қалпына келтірілуі үшін жүзеге асырылады. Мұндай сапада олар әдетте туындауына қарай кәсіпорынның шығыны ретінде танылады.

Кәсіпорын өндірістік негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды өндіріс шығындарына жатқызады.

Кәсіпорында жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға біркелкі енгізіп отыру үшін хөндеу қорын  құруына болады. Бұл қорға кәсіпорынның өзінде бекітілген нормативтер бойынша  жарналар есептелініп, өнімнің өзіндік құнына енгізіліп отырады.

                  Субъектіде жөндеу жұмыстары  мердігерлік әдіспен және шаруашылық  әдіспен орындалуы мүмкін.

 Жөндеу жұмыстары  шаруашылық әдіспен жүргізілгенде  барлық жұмыстар шарушылықтың  өз күшімен орындалады.

         Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс және жөндеу мекмелері орындайды.

Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың  қандай әдіспен орындалғандығына байланысты.

Мердігерлік әдіспен  орындалған жөндеу жұмыстарына шығарылған шығындар жөндеу қоры есебінен жабылады. Ал кәсіпорында бұл қор құрылмайтын болса жөндеу шығындары тиісті өндірістің шығындарына енгізіледі.

Жөндеу жүргізілген  негізгі құралдарды субъектіге арнайы тағайындалған комиссияның шешімі бойынша қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында №НҚ -2 нысанындағы «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау – тапсыру актісі» толтырылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілген болса, онда   №НҚ – 2 нысанындағы «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектіледі қабылдау – тапсыру актісі» екі дана етіп толтырыладыда, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген субъектіге беріледі.

               Негізгі құралдардың пайдалану  тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз етү үшін оларды мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және күтімнің де дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану қарқына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге кететін шығындарының сметасы жасалынады.

            Жөндеу жұмыстарының сипатына және күрделілігіне байланысты оларды:

                 - техникалық күтім

                 - ағымдағы жөндеу

                 - күрделі жөндеу деп бөледі.

Негізгі құралдардың  қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің  басты шарттарының бірі күтімін дұрыс ұйымдастыру.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             3.6.  Негізгі құралдарды түгелдеу

 

      Негізгі кұралдарды тугендеу олардың сақталуьн бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен №6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарьна сәйкес жүргізіледі.

    Сондай – ақ, «Бухгалтерлік есептің ұйымдастыру» деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес барлық шаруашылық жүргізүші субъектілер бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгелдеу жүргізіп тұрулары қажет.

    Түгендеу  басталмас бұрын техникалық құжаттардың  бар-жоғьш тексеру керек -кұжаттар жоқ болса, оларды алу немесе ресімдеу қажет. Субъект құрған комиссия міндетті түрде объектіге байқап қарайды жэне «Негізгі құралдарды түгелдеу тізімдемесіне» олардың толық атауын, белгіленген міндетін, мүліктік нөмірін және негізгі техникалық жэне пайдаланылатын көрсеткіштерін жазады. Есепке альнған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп регистірін оларды сипаттайтьн мәліметтер жоқ болса немесе дұрыс көрсетілмесе, комиссия түгелдеу тізімдемесіне және мүлік карточкаларына жетіспейтін, соньмен қатар сол объектілер бойьшша дұрыс мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті.

                Әрбір түгелдеу жүргізілгенде  тексерілетін мүліктердің тізімін кәсіпорынның өзі айқындайды.

                 Негізгі құралдар бойынша түгелдеу  міндетті түрде мыныдай жағдайларда  жүргізіледі:

      • негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
      • негізгі құралдар ұрланған, жоғалған, бүлінген жағдайда;
      • өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
      • щаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және таратылғанда, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқадай жағдайларда.

            Кәсіпорында негізгі құралдарға  түгелдеу жүгізу үшін тағайындалған  комиссия жұмыс жүргізүден бұрын  мыналарды толық тексеріп алулары  қажет:

      • мүліктік карточкалардың, мүліктік кітапшалардың, мүліктік тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
      • негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;
      • жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.

            Егер ондай тиісті құжаттар  болмаған жағдайда негізгі құралдарға  жауапты адамдардан ол құжаттарды  табуын талап ету қажет. Егер  бухгалтерлік есептің регистрлерінде  немесе техникалық құжаттарда  қателіктер жіберілген болса,  онда ол қателіктерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгелдеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгелдеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, мүліктік номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құнымен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгелдеу барысында кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай – ақ есеп регистрлерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгелдеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгелдеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, ғимараттың жарым жартылай бұзылуын немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар түгелдеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсүінің немесе кемүінің нақты сомасын анықтап, оларды түгелдеу тізіміне енгізу керек. Сонымен қатар комисся бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп регистрлеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.

            Кәсіпорында негізгі құралдарға  түгелеу жұмысы жүргізілетін  уақытта басқа жақта болатын  объектілерге басқа жақа жібермей  тұрып, алдын ала тексеріп түгелдеу тізіміне енгізу керек. Машиналармен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгелдеу тізіміне мүліктік номері, зауыттық номері тағы да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.

         Біртектес, құндары бірдей, бір  уақытта кәсіпорынға кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгелдеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыт пен тозудың себептері жазылып бөлек акт жасалынады.

        Шаруашылық субъектісінің меншігіндегі  негізгі құралдармен қатар жалға  алынған негізгі құралдарына  да түгелдеу жүргізіледі. Бұл  объектілерге түгелдеу жүргізу  жалға алғандағы тізім бойынша  жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жылдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгелдеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалған берген иесіне жіберіледі.

        Шарушылық субъектісінің бухгалтериясы  негізгі құралдарға түгелдеу  жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру ведомосын жасайды. Бұл ведомост түгелдеу барысында анықталған мәліметтермен ақпараттарға және де оның есеп мәліметтеріне сәйкес келмейтін, сондай – ақ бұрын есепке алынбаған артық шаққан және кем шыққан негзгі құралдарға жасалынады. Түгелдеу жүргізүші комиссия өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады.

            Бұл шешімді кәсіпорын басшысы  бекітуі керек. 

    

       

Информация о работе Негізгі құралдарды талдау