Негізгі құралдарды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі құралдарды талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер

Работа содержит 1 файл

ДР ОФ каз..doc

— 245.00 Кб (Скачать)

           Ал төртінші деңгейі – жарлықтың, бухгалтерлік есеп стандарттарының және бухгалтерлік есеп бойынша өкілетті органдар дайындап шығарған басқадай нормативтік актілердің негізінде дайындалған субъектінің өзінің бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлықтары, бұйрықтары, кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын құрайтын шешімдері.

                Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетүге мүмкіндік береді. Ол, әрине, жалпы еліміздің экономикасын көтерүге оң әсерін тигізеді.

       Бухгалтер өзінің міндетті қызметін орындау кезінде ақпараттар мен байланысты көптеген әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        3. Тарау    Негізгі құралдардың есебі 

 3.1. Негізгі құралдардың есебі 

            Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттті қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

    1. Жер (кәсіпорында пайдаланылатын  барлық жерлер);

    2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;

    3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш  тетіктер;

    4. Көлік құралдары;

    5. Басқадай негізгі құралдар.

    Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде  екендігіне қарай меншікті және жалға  лаынған болып екіге бөлінеді.

    Бугалтерлік есептің халықаралық стандартына  сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері бар:

    - Өзіндік (бастапқы) құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақшақаражаттары эквиваленттерінің не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.

    - Амортизацияланушы (тозушы) кұн –  жойылу құнын тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнының орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.

    - Жойылу құны – негізгі құралдардың  тиімді қызмет ету мерзімінің  аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға  байланысты жұмсалатын шығындарды  алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза соам.

    - Әділетті (сатып - өткізу) құн –  бір – бірінен жақсы хабардар  тәуелсіз жақтардың арасында  операцияны жүзеге асыру кезінде  активті ( негізгі құралоды) айырбастауға  болатын сома.

    - Құнды төмендетуден шеккен зиян  – актвитің (негізгі құрал) баланстық құнының оның төлеген құнынан артық сомасы.

    - Баланстық құн – жинақталған  тозу мен құнды төмендетуден  шеккен зиянды алып тастағаннан  кейінгі актив (негізгі құрал)  баланста есепке алынатын сома.

    Бухгалтерлік  есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануға тиісті.

    Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың  өзіндік құндары тек мына жағдайларда  ғана өзгертіледі:

    а) Негізгі құралдардың пайдалы  қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына  әсер ететін қосымша күрделі қаржы  жұмсағанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.

    ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық  алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай ақ активті  белгілі бір мақсатқа пайдалану  үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізүге байланысты тікелей шығындар кіреді, сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.

     Тікелей шығындарға төмендегі  шығындарға жатады:

               а) алаңды (құрылыс жүргізүге арналған  участокты) дайындау шығындары;

              ә)   тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;

              б)   орнатуға байланысты шығындар;

              в)  архитекторлардың және инженерлердің  жұмыстары сияқты кәсіби қызмет  көрсетудің құны.

         Кәсіпорынның өзінде шығарылған  негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез келген ішкі таза табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.

         Негізгі құралдар алғаш есепке  алған кезде оның өзіндік құны  мен қалпына келтіру құны тең  болады, себебі оны есепке алған  уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұиысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өдіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдың баланыстық құнының әдәлеттіқұннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды оқтын – оқтын қайта бағалап тұру қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.

       Қайта бағалау жүргізілген күні  кәсіпорында негізгі құралдарға  есептелінген тозу соммасы олардың  құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау соммасы негізгі  құралдардың пайдалану мерзіміне  қарай субъектіде қолданылатын  амортизациялық аударым сомасын есептеу әдәсіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

        Бухгалтерлік есепте негізгі  құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.

         Негізгі құралдардың есебін жүргізуде  екі маңызды міндет айқындалады.  Бірінші ағымдағы есеп беру  мерзіміндегі негізгі құралдар  құнының қандай бөлігі шығынға  жатқызылатындағы айқындалады. Екінші баланста көрсетілетін қалдық құнды есептеу.

                  Қаржы есептемесі мынандай  ақпаратты  ашып көрсетуге тиіс:

      а) негізгі құрал – жабдықтардың қозғалысын есепке ала отырыпң, оларды әрбір түрі бойынша кезеңнің бас кезіндегі және аяғындағы бастапқы құны туралы :

        - іске қосу ;

        -  шығып қалу;

        -  бастапқы құндағы өзгерістер, өзгерістердің себептері;

    б) негізгі құрал – жабдықтардың әрбір түрі бойынша амортизация есептегенде:

         - амортизация есептеуде пайдаланылған әдіс ;

         - амортизацияланатын негізгі құрал – жабдықтардың есепті кезеңнің бас бас кезіндегі және аяғындағы бастапқы немесе ағымдағы құны;

         - есепті кезеңнің бас кезіндегі  және аяғындағы жинақталған амортизация  сомасы;

   в) қайта бағалау жүргізген кезде:

         - негізгі құрал – жабдықтардың әрбір түрінің есепті кезеңнің бас кезіндегі және аяғындағы құны;

         -  қайта бағалудың негіздемесімен кезеңдігі;

         -  қайта бағалаудың жүргізілген күні;

         -  қайталап бағалауды жүргізу әдісі;

         -  сараптау бағасын беруші.

               Бұған қоса қаржы есептемелерін  пайдаланушылар үшін сондай-ақ есепті кезеңнің аяғында мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет:

     а) уақытша пайдаланылмай отырған  негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы және ағымдағы құны;

     б) амортизация толық есептелген, бірақ әлі де болса пайдаланылып  птырған негізгі құрал – жабдықтардың  бастапқы немесе ағымдағы құны;

    в) міндеттемелер үшін кепілдік  ретінде аманатқа берілген негзгі құрал – жабдықтардың бар жоғы және олар жөнінде меншік құқығына қойылатын шектеулер;

    г)  негізгі құрал – жабдықтарды сатып алу жөнінде өтелмеген міндеттемелер;

   д) есепті кезеңнің аяғындағы  аяқталмаған құрылыстың құны;

   е) пайдаланудан шығып қалған, бірақ оларды бұдан әрі өткізу мақсатында негізгі құрал – жабдықтардың құрамында есепте тұрған негізгі құрал – жабдықтардың жекелеген түрлерінің есепті кезеңнің аяғындағы құны;

  ж)  негізгі құрал – жабдықтарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындарға байланысты есеп жүргізу саясаты.

            Негізгі құралдар өндірістік  процестерде еңбек құралдарының  қызметін атқарады, демек, олар  адамдардың белгілі мақсатқа  бағытталған іс - әрекеттерін еңбек бұйымдарына жеткізүшілік қызметін орындайды, еңбек құралдары арқылы адамдар еңбек бұйымдарының керекті бағытта өзгеруіне ықпал жасайды.

           Негізгі құралдардың, оларды тиімді  пайдаланудың бухгалтерлік есептерінің  алдына маңызды міндеттер қойылған. Олар:

  1. Негізгі құралдардың амандығы мен түгелдігін ұдайы қадағалап отыру және қамтамасыз ету.
  2. Негізгі құралдардың кіріс, шығыс және пайдалану операцияларын дер кезінде тиісті құжаттармен куәландыру.
  3. Нкгізгі құралдардың тозу дәрежесін дурыс анықтап, олардың құндарының қайтарымын дұрыс анықтап, олардың құндарының қайтарымын дұрыс есептеу.
  4. Негізгі құралдарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, олардың жөндеу жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қадағалау.
  5. Негізгі құралдарды жоюдың нәтижелерін финанстық тұрғыдан дұрыс анықтау.

                   

                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           3.2.  Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 

    Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:

    а) нақты ақша қаражаттарына сатылып  алынады;

    б) несиеге алынады;

    кәсіпорынның  жарғылық капиталына салынған салым  ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;

    в) басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік  органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;

    г) салу (құру), жасау арқылы алынады;

    д) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.

    Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін" (№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына мәліметер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылдакан объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Құжат төменде келтірілді.

Информация о работе Негізгі құралдарды талдау