Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:15, курсовая работа
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.
Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі құралдарды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер
Кәсіпорында негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдың әрбір түріне инвентарлық номер беріледі. Олар түрақты түрде белгіленеді. Инвентарлық номер негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдың өзіне бояумен жазылады.
Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвертарлық обьектілері бойыиша есебі типтік нысандағы Мүліктік (инвертарлық) карточкаларда жүргізіледі (№НҚ-6 нысанындағы). Құжат төменде келтірілді.
Инвентарлық объект деп - өзінің құрамына кіретін яғни өзіне тиісті жабдықтары мен саймандарымен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе біріктірілген бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті аткаратын бұйымдарды айтады.
Мүліктік карточкаға жазулар бастапқыда түгелдеу негізінде орындалады, ал одан кейінгі жазулар негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару құжаттарының, техникалық паспорттардың және тағы басқалар негізінде орындалып отырады.
Карточкаларда объектілердің қысқаша сипаттамасы мен жеке ерекшеліктері беріледі. Карточкалар әдетте бір дана етіп толтырылады.
Толтырылған мүліктік карточкалар "Негізгі құралдардың мүліктік карточкаларының тізімдемасінде" (№НҚ-10 нысанындағы) тіркеледі. Бұл құжат субъект бухгалтериясында бір данада негізгі құралдардың жіктік топтары бойышна жүргізіледі.
Объект есептен шыққанда тізімдемеде бұл жөнінде белгі жасалады, тиісті карточка жабылады. Барлық мүліктік карточкалар негізгі құралдардың карточекасында сақталады. Картотекада карточкалар жіктік (классифнкациялық) топтар және пайдалану орындары бойынша орналасады. Картотекамен жұмыс істеуді оңайлату үшін әр топ бір-бірінен арнайы бөлшектермен бөлінеді. Картотекада негізгі құралдардың әрбір жіктік тобының алдына. "Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу карточкасы "(НҚ-12 нысанындағы) орналастырылып, оңда әр топтағы объектілердің барлық қозғалысы көрсетіліп отырады. Бұл карточкаларда негізгі құралдардың есебі әр топ бойынша жиынтық сомамен ғана беріледі. Әрбір жіктік топ бойынша айдың басындағы қалдық көрсетіледі. Есеп беру кезеңінің (кварталдың, жылдың) аяғында жинақтары есептеледі. Бұл мәліметтермен қатар карточкада негізгі құралдарды қалпына келтіруге есептелген амортизациялық аударымдар сомасы мен күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар көрсетіледі. Сонымен аталған карточка негізгі құралдардың әрбір жіктік (классификациялық) тобы бойынша қозғалысын көрсететін аналитикалық шот десе де болады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар Бас шоттар жоспарының 12 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиісті спнтетикалық шоттарының дебеті бойынша кіріске алынады.
Ары қарай жоғарыда аталған әдістер бойынша кәсіпорынға алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құнын анықтауды және негізгі құралдардың кіріске алынуы бойынша операцияларын бухгалтерлік есепте тіркелуін қарастырамыз.
I. Нақты ақшаға сатып алынған негізгі құралдарды есепке алу
Жер, Жерді сатып алу кезінде оның құнынан басқа төленетін қосымша шығындар жиі пайда болын отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты 121 "Жер" шотының дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: агенгтерге төленетін ақы, адвокаттар кызметінің төлемі, сатып алушы төлейтін салық сомасы, жерді құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады.
Мысалы,
"Тұлпар" акционерлік қоғамы жаңа
қызметтің түрін ұйымдастыру
үшін жер учаскесінің сатып алды
делік. Ол жердің сатып алу бағасы
бойынша құнын-1700000 теңге төледі, брокердің
қызметін пайдаланғаны үшін 60000 теңге
төледі және адвокаттың қызметіне 20000
теңге төледі, сол жерде тұрған жойылу
құны 4000 теңге тұратын ескі ғимаратты
бұзу үшін 10000 теңге төледі, жерді тегістеу
үшін-10000 теңге төледі. Сөйтіп сатып алынған
жер учаскесінің өзіндік (бастапқы) құны
1806000 теңге болды.
ДТ |
КТ |
Сатып
алу бағасы бойынша
1700000
Брокер қызметінің акьюы 60000 Адвокат қызметінің ақысы 20000 Ескі ғимаратгы бұзу үшін төленді 10000 Минус: ғимараттың жойылу құны 4000 6000 Жррді тегістеу шығындары 10000 |
|
Жиынтығы |
Осы сомаға төмендегі шот корреспонденциясы анықталады:
ДТ КТ
121 'Жер" 1806000
441 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" 1806000
Ғимараттар және құрылғырлар. Дайын ғимараттарды сатып алу кезінде оның өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу бағасы жөндеуге және басқадай ғимаратты жұмыс істейтін жағдайға жеткізу үшін жұмсалған шығындар кіреді. Егер фирма гимаратты өзі салатын болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішінде обьектіге берілген несие бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсаттың құны) кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметі кажет болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан объектіні пайдалануға беруге қажетті шығындар да кіргізіледі.
Құрал жабдықтар. Құрал- жабдықтардың құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар (шот-фактура бойьшша құны, сақтандыру шығындары, салық сомасы, сатып алуға байланысты шығындар, монтаждау құны және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтың бағасы) кіреді.
Паушальдық төлем. Кейде жер және баска объектілер шаушальдық сома бойынша сатып алынады.
Паушальдық төлем - дегеніміз - қандай да болмасын жеке объект үшін емес, олардың жиынтыгы үшін төленген сома. Жерге амортизациялық аударым сомасының есептелінбеуіне байланысты, ол бухгалтерлік есепте жеке сиптетикалық шотта көрсетіледі Осы есебептен сатып алудың паушальдық бағасы жер мен онда түрған ғимараттың арасыңда пропорционалды түрде бөлінуге тиісті. Мысалы, ғимарат және ол тұрған жер учаскесінің паушальдық баға бойыиша 850000 теңгеге сатылып алынды. Егер де объектілер жеке - жеке сатылып алынған болса, аталған соманы - 850000 теңгені әрбір обьектінің бағасын анықтау жолымен пропорционалды түрде болуге, одан соң паушальдық құннан тиісті процентті есептеуге болады.
Мысалы,
егер олар жеке сатылып алынған болса,
жер 100000 теңгеге, ал онда тұрған ғимарат
900000 теңгеге бағаланар аді делік. Оңда
паушальдық құнның 10 пайызы немесе 85000
теңге жерін құны, ал 90 пайызы немесе 765000
теңге ғимараттың құны болады.
Бағалау | Проценттік үлесі | Паушальдық бағаны болу | |
Жер | 100000 | 10 | 85000 |
Ғимарат | 900000 | 90 | 765000 |
Жимнтығы | 1000000 | 100 | 850000 |
2. Несиеге алынған негізгі құралдарды есепке алу Негізгі құралдарды төлем жасаудың әдеттегі жағдайынан артм кезеңге төлемді кейінге қалдыру шартымен алынган кезде олардың өзіндік құны сатып алу бағасына тең болады. Осы шамамен төленетін соманың арасындағы айырмашылық несие болса онда процент төлеу шығыстары ретінде танылады (есепке алынады). Ал егер несие негізгі құралдар объектісін салу үшін алынатын болса, онда процент боймиша шығындар сол объектінің өзіндік құнына жатқызылады.
4. Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылған үлес ретінде кабылданған (акцияларға айырбастау арқылы алынғаи) негізгі құралдарды есепке алу
Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылған үлес ретімді кіріске алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құны олардың әділетті (нарықтық) құны бойынша не болмаса шығарылған акциялардың әділетті (нарқытық) құны бойынша анықталады. Мысалы, "Арман" акционерлік қоғамның акцияларына бұрын пайдалануда болған жабдық салынды дәлік. Жабдықтың техиикалық күйі жақсы, бірақ әдетте ол пайдалану мерзімі біткенге дейін сатылмайды. Сондықтан оның дұрыс нарықтық бағасын анықтау қиын. Жабдықтың төлемі ретінде "Арман" акцонерлік қоғамы әрқайсысының номиналдық құны 100 теңге болатын 2000 қарапайым акцияларды берді. "Арман" ационерлік қоғамы Қор Биржасында өзінің бір акциясын 120 теңге сатып-өткізеді. Демек, акцияға салынған жабдықтың өзіндік (бастапқы) құны — 240000 теңге болады.
5. Сыйға алынған және өкімет субсидясы ретінде қабылданған негізігі құралдарды есепке алу
Кейде
мемлекеттік органдардың
Өкімет субсидиясы — кәсіпорынның операциялық қызметімен байланысты белгілі бір шарттардың сақталуына айырбас ретінде оған ресурстар беру нысанындағы өкіметтің көмегі. Негізді бағалануы мүмкін емес өкімет көмегінің нысандары субсидияға жатпайды. Егер шарт орындалмаса алынған көмектің құнын қайтару талап етіледі.
Негізгі құралдардың сыйға және өкімет субсидиясы ретіде берілуі — бұл ресурстың бір бағытта берілуі. Бір жақты беру нәтижесінде алынған негізгі құрал сараптау (эксперттік) жолымен немесе берілген құжаттардың негізінде анықгалған активтің алынған (нарықтық) құнымен бағаланады.
Сыйға алынған немесе өкімет субсидиясы ретінде алынған активтерді (негізгі құралдарды) есепке алудың екі негізгі тәсілі бар.
Бірінші (капитал позициясына негізделген) әдіс бойынша сыйлық немесе өкімет субсидиясы ретінде есепке алыгған негізгі құралдар кәсіпорынның тікелей капиталын көбейтеді, таза табысына (пайдасына) әсер етпейді. Яғни, егеp сыйлау кезінде қандай да бір басқа шарттар қойылмаған болса, сыйға алынған активтің (негізгі құралдың) ағымдағы нарықтық құнын дұрыс бағалау негізінде активтер мен меншікті капитал шоттары көбееді.
Екінші (табыс позициясына негізделген) әдіс бойынша есепке алынған негізгі құралдардың әділетті нарықтық құны кәсіпорынның табысына (бір немесе бірнеше кезеңдегі) жатқызылады. Яғни, сыйға немесе өкімет субсидиясы ретінде алынған негізгі құралдар акционерлермен байланысты емес көздерден келіп түсетін активтер болып табылады, сондықтан оларды капитал шотына тікелей апаруға болмайды, Бұлар тиісті кезеңнің табысы ретінде танылуға тиісті. Отандық тәжірибеде сыйға тартылған немесе өкімет субсидиясы ретінде алынған негізгі құралдарды есепке алуда екінші әдіс (табыс позициясына негізделген) пайдаланылады.
3.4. Негізгі
құралдардың кәсіпорыннан
шығуының есебі
Негізгі кұралдар кәсіпорыннан мынадай жағдайларда есептен шығуы мүмкін:
1. То
зығы жетін, іске жарамай қалған негізгі құралдарды епетен шығару;
2. Жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде басқа кәсіпорындарға беру;
3. Ұзақ мерзімді жалға беру;
4. Басқа замды және жеке тұлғаларға сыйға тарту;
5.
Ересек малдардың тұқымдық не
өмім беру касиетін
6. Әр түрлі апаттардан (су тасқыны, өрт, жер сілкіну) шеккен зиян;