Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:15, курсовая работа
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.
Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі құралдарды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер
Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі
құралдарды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткігіш тетіктер, машианалар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
А) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; және
Ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйеден топтастырудың экономсиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал – саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстың үй – жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатқызылады. Экономиканың саларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық – техникалық жабдықтау, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек және тағы да басқа салар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономиканың саларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізгі алынады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.
Негізгі құралдарды
2 тарау. Кәсіпорынның
техника экономикалық
сипаттамасы
2.1.
Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
МАБ «Тимур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастады. Ол Алматы қаласы, Абай даңғылы, Розабакиева көшесі №157, офис №14, 6 шы қабатта орналасқан.
Бұл жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ашылғанына
Негізінен, бұл жауапкершілігі
серіктестіктің қызметі –
Бұл МАБ «Тимур» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі қазіргі кезде
бірнеше игі істердің орындалуына қаржы
жағынан қал ұшын беруде.
2.2. Бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізүші субъект туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есептің міндетті қызметі – басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізүші субъект туралы қаржылық сипттағы сандық ақпараттарды дайындау. Демек, қазіргі заманғы бухгалтер тек шоттарды жүргізүмен ғана айналысып қоймайды, сонымен бірге жоспарлау мен шешім қабылдаудан, бағалау мен субъект қызметіне шолу жасаудан және аудит өткізүден тұратын кең көлемді қызметті жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
Яғни, бүгінгі күнгі бухгалтерлік
ақпараттарды
Субъектінің шаруашылық
Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің арасындағы айырмашылықты көбінесе адамдар түсіне бермейді. Шоттарды жүргізу – бухгалтерлік есепті жүргізу процессі, шаруашылық операцияларын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. Бұл өзінен-өзі бірнеше рет қайталанатын жұмыс - пайдаланушыны қанағаттандыратын ақпараттық жүйені құру кірүші бухгалтерлік есептің бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – ақпараттарды талдау, түсіндіру және пайдалану.
Көптеген кәсіпорындар, сондай – ақ, қаржылық емес ақпараттарды пайдаланады. Сан түрлі ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әдетте, басқару ақпараттық жүйе құрылады. Бұл жүйе кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпараттарды берүші, өзара байланысты кіші жүйелерден тұрады. Экономикалық мәліметтер легін басқаруды және оларды кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне сонымен бірге кәсіпорыннан тыс жердегі мүдделі тұлғаларға бағыттауда жетекші роль атқаратындықтан, бухгалтерлік кіші жүйелер маңыздырақ болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
Бухгалерлік есептің
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығы. Онда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және жүргізүдің, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық ережелері мен жалпы принциптері; заңды және жеке тұлғалардың, басқару қызметкерлерінің бұл саладағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері; бухгалтерлік ақпараттарының дұрыстығын қамтамасыз ететін шаралар; активтермен міндеттемелерді бағалау тәртібі, бухгалтерлік ақпараттар есебінің әдістері айқындалған.
Екінші деңгей – есептің халықаралық стандарттарына негізделіп жасалынған Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар жүйесі.
Мысалы, бухгалтерлік есептің 6 «Негізгі құүралдардың есебі» деп аталатын Қазақстандық стандарты кәсіпорын басшысының таңдауына амортизацияны есептеудің төрт түрлі әдістерін ұсынды. Кәсіпорын басшысы, өз өндірісінің нақты жағдайын, ерекшелігін және динамикасын біле отырып, негізгі құралдардың пайдаланылуын объективті түрде көрсете алатын амортизацияны есептеу әдісін таңдауға тиісті.
Бухгалтерлік және қаржылық
Үшінші деңгей – бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып көрсететін, субъектілердің қандай салаға жататындығына, көлеміне, типіне және құқықтық – нормативтік құжаттарда көрсетілген басқадай факторларға байланысты оларға бухгалтерлік есепті тікелей өздері ұйымдастырудың варианттарын ұсынатын әдістемелік ұсыныстармен нұсқаулар.
Жоғарыда атап көрсетілген үш деңгейдің құжаттары әмбебап, олар бухгалтерлік есепті уйымдастыру мен жүргізүдің жалпы ережелерін анықтайды және де ол құжаттарды меншіктің түрімен шаруашылық жүргізү тәсілдеріне қарамастан, заңды тұлға болып есептелетін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонымен қатар заңды тұлға түрінде құрылмай – ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар пайдалана алады. Сонымен бірге, олардың негізінде шаруашылық жүргізүдің ұйымдық – құқықтық нысанына, көлеміне, салалық ерекшеліктеріне, қызметінің саласымен сипаттамасына және басқадай міндеттеріне байланысты кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің және бақылаудың нақты нысандары мен әдістерін өз бетінше таңдап алу құқығы қарастырылған.