Негізгі құралдарды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі құралдарды талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер

Работа содержит 1 файл

ДР ОФ каз..doc

— 245.00 Кб (Скачать)

    7. Үрлану немесе жоғалту нәтижесінде болған жетіспеушілік;

    8. Өнідіріске кажеті жоқ құрал-жабдықтарды сату және тағы басқалар

    Солардың  ішіндегі негізгілері: жойылғанда, сатып-өткізілгенде және басқадай активтерге айырбасталғанда есептен шығуы.

    Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен (жолдармен) есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар

    бойынша тозу (амортизация) есептелінеді. Содаіг кейіи барын олардың бастапқы құны мен жинақталған тозу сомасы тиісті шоттардан есептен шығарылады.

    Кәсіпорыидағы негізгі құралдардың тозу дәрежесін анықтау үшін тұрақты комиссия құрылады. Оның құрамына кәсіпорын басшысының орынбасары, бас мамандар, бас бухгалтер тағы басқалар кіреді. Комиссия іске жарамай калған құралдардың тозу дәрежесін, оның себентерін анықтайды. Негізгі құралдарды есептен шығару жөнінде шешім қабылданғаннан кейін олардың түрне қарай тиісті акт толтырылады.

    Қазіргі кезде бұл мақсаттарға "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі"(№НҚ-3 нысанындағы) пайдаланылады.

    Тұрғын-үй, қора-жайлар есептен шыққанда олардың  бастапқы құны қанша рет және қанша  сомаға жөндеу жүргізілгені, не себептен істен шығарылатыны көрсетілді.

    Құрал-жабдықтар, көлік құралдары есептен шығарылган актіге мына мәліметтер тіркеледі: машина маркасы, заводтің номері, шаруашылыққа қабылданған мерзімі, пайдалану кезінде орындаған жұмыс төлемі, баланстық құны, жүргізілген күрделі жөндеу саны және оған кеткен шығын мөлшері.

    Сатып-өткізілген, жойылған негізгі кұралдардың тозу құны 13 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің тиісті шоттар дебеті, 12 "Негізгі құралдар" бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша есептен шығарылады. Нақты жағдайларға байланысты сатып-өткізудің нәтижесі таза табыс (найда) немесе зиян болу мүмкін.

    Егер  актив белгіленген мерзімнен ұзағырақ жұмыс істейтін болса және толық амортизацияланған болса, онда оған тозу (амортизация) есептелінбейді, және де кәсіпорыннан шығуынын ақырғы сәтіне дейін есептен шығарылмайды. Амортизацияны мәні негізгі құралдардың құнын оның барлық жұмыс істеуі мерзіміне бөліп таратуда болып табылады. Сонымен жинақталы тозудың жалпы сомасы еш уақытта бастапқы құннын жалпы сомасынан артық болмауға тиісті (яғни негізгі құралдар қайта амортизацияланбайды). Негізгі құралдар объектісінің әлі пайдаланылып жүргендігі бухгалтерлік шоттарда оның құны мен жинақталған тозу сомасының көрсетілетіндігімен дәлелденеді. Егер негізгі құрал өндіріс процессіне енді қатынаспайтын болса, оны құны мен жинақталған тозу сомасы есептен шығарылады.

    Жоғарыда  негізгі құралдың кәсіпорыннан әртүрлі жағдайлармен шығарылатындьғын айтқан болатынбыз. Осы жағдайлардың әрқайсысында негізгі құралдардың есептен шығуын тіркеу үшін мысал келтірейік. Мысалы, жиһаз жасаумен айналысатын "Арман" акционерлік қоғамы 2001 жылы 1 қаңтарда 500000 теңгеге ағаш кесетін станок сатып алды делік, станоктың тиімді қызмет етy мерзімі 10 жыл деп алынып, оған бірқалыты (түзу сызықты) әдіс бойынша амортизация есептеліне бастады. 10 жыл мерзім өткеннен кейін станоктың жойылу құны 5000 теңге болуға тиісті. 2001 жылгы 1 қаңтарда тиісті шоттарда төмендегі сальдолар болды.

    

    Станок  сол жылдың тамызында сатып өткізілді делік. Төменде келтірілген мысал бойынша толық емес жыл үшін, яғни 8 айға есептелінген амортизацияның және негізгі құралдардын шығуынын бухгалтерлік есепте бейнеленуін карастырайық.

    Негізгі құралдың кәсіпорыннан шығуынан бұрынғы  толық емес жыл  үшін есептелінген амортизация сомасы.

    Негізгі құралды сатып-өткізген немесе жойған кезде сатып-өткізу мерзіміне дейінгі  толық емес жылға есептелінген тозу (амортизация) сомасын бухгалтерлік есепте көрсету қажет.

    Негізгі құрал кәсіпорыннан шыққанға дейін  пайдалануда болғандықтан, сәйкестік  ережесі бойынша, есепті кезенде  амортизация есептелінуге тиісті.

    30 тамызда сатып өткізілген станок үшін 8 айта амортизация сомасы былайша есептелінеді:

    500000-5000      9

                                *          =37125

    10 жыл               12 

    Есептелінген (8 айга) амортизация сомасы бухгалтерлік есепте мәндегі жазу арқылы көрсетіледі:

                                                                          ДТ            КТ

    2420 "Негізгі құралдардың  тозуы" 37125

    132 "Машиналар мен жабдықтардың тозуы "           37125

    Амортизация есептелгеннен кейінгі тиісті шоттардағы сальдо:

      

    Негізгі құралдар объектісі оның кәсіпорыннан шығуы кезінде немесе активті пайдалануды тоқтату жөнінде шешім кабылданған жағдайда және оның шығуынан ешкандай экономикалық табыс күтілмеген жағдайда баланстан есептен шығарылуға тиісті.

    Барлық  болжамды пайдалану мерзімі ішіиде қызмет көрсететін негізгі құралдар өте сирек. Егер негізгі құралдар тиімді қызмет ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін де, яғни қалдық құны жойылу құнына тең болған кезде де пайдаланылатын болса, онда оны амортизациялаибайды. Ал егер тозығы жеткен негізгі құралдың жойылу құны нольге тең болса, онда қалдық құн мүлікті есептен шығарған (жойған) сәтіне дейін нольге тең болады. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалымызда есептен шығарылған жабдықтын (станоктың) қалдық құны 416375 (500000-83625) теңгені құрап отыр.

    Негізгі құралдар объектісінің кәсіпорыннан шығуынан немесе пайдаланудан алынуынан туындайтын таза табыс немесе зиян активтің баланстық (қалдық) құны мен оның кәсіпорынның шығуынан алынатын таза түсімдердің айырмасы ретінде анықталады.

    Біздің  мысалымыздағы негізгі құрал  (станок)  кәсіпорыннын шыққан сәтте, оның қалдық құнына тең болатын станокты есептен шығарудан    кәсіпорынның    шеккен    зияны    бухгалтерлік    есепті төмендегі жазулар аркылы көрсетіледі:

    30 тамыз

                    Дт       Кт 
132
"Машиналар мен жабдықтардың тозуы"                  83625

    842 "Негізгі құралдардың сатып-откізу бойынша шығыстар"                       416375

    123 "Машиналар мен жабдықтар"             - 500000 

    Негізгі құралдарды есептен шығару нәтижесінде пайда болған табыс немесе зиян кәсіпорынның Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі корытынды есебінде көрсетіледі. 

    Негізгі құралдардың сатып-өткізілуін есепке алу 

    Негізгі құралдарды нақты ақшаға сатып-өткізу кезінде жоғарыда келтірілген бухгалтерлік жазулар сатып-өткізуден түскен түсім сомасы бойынша жазумен толықтырылады.

    1) Жоғарыдағы мысалымыздағы негізгі құралдың (станоктың) сатып-өткізу құны - 416375 теңге оның қалдық құнына тең, сондықтан бұл операция бойынша таза табыс (пайда) немесе зиян сомасы анықталған жоқ.

    30 тамыз

    а) сатып-өткізілген станок қалдық (баланстық) құны бойынша есептен шығарылғанда:

                                                                                         ДТ                   КТ

    112 "Машиналар мен жабдықтардың тозуы"           83625

    842 "Негізгі құралдарды сатып-өткізу бойынша шығыстар"             416375

    123 "Миналар мен жабдықтар"        500000 

    ә) станокты сатып-өткізуден түскен түсімнің сомасына:

    дт     кт

    1030 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша"           416375

    722 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс"                416375 

    Бұл жерде 842 "Негізгі құралдарды сатып-өткізу бойынша шығыстар" және 722 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс" шоттарының сомалары бірдей - 416375 теңге. Негізгі құрал (станок) 400000 теңгеге сатып өткізілді делік, яғни станоктың сатып-өткізу құны оның қалдық кұнынан төмен. Кәсінорынның станокты сатып-өткізуден шеккен зияны —16375 теңге құрайды. Бұл операция төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы көрсетіледі: 30 тамыз

    а) сатып-өткізілген станок қалдық (баланстық) құны бойынша есептен шығарылғаңда:

    Дт     КТ

    132 "Машиналар мен жабдықтардың тозуы"           83625

    842 "Негізгі құралдарды сатып-өткізу бойынша шығыстар"           416375

    123 "Машиналар мен жабдықтар"         500000 

    ә) Станокты сатып-өткізудегі түскен түсімнің сомасына:

    дт     кт

    1030 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша"          400000

    22 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс"               400000

    Бұл жерде станокты сатып-өткізуден түскен түсімнің сомасы (722 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс" шотының сомасы-400000 тг.) оның қалдық (баланстық) құнынан (842 "Негізгі құралдарды сатып-өткізу бойынша шығыстар" шотынын сомасы -416375 тг.) 16375 теңгеге төмен. Ол кәсінорынның станокты сатып-өткізуден шеккен зиянын көрсетеді.

    3) "Арман" акционерлік қоғамы аталмыш станокты 430000 тенгеге сатып-өткізді делік, яғни кәсіпорынның станокты сатып-өткізуден алған таза табысы (пайдасы) 13625 теңгені құрайды. Оны былайша көрсетуге болады: 

    30 тамыз

    а) сатып-өткізілген станок қалдық (баланстық)  құны бойынша есептен шығарылғанда:

    ДТ         Кт

    132 "Машиналар мен жабдықтардың тозуы"                83625

    842 "Негізгі құралдирды сатып-өткізу бойынша шығыстар "   416375

    123 "Машиналар мен жабдықтар"                                        500000

    ә) станокты сатып-өткізуден түскен түсімнің сомасына:

    Дт      Кт

    441 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша"                                    430000

    722 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс"                     430000 

    Станокты  сатып-өткізуден түскен түсімнің сомасы (722 "Негізгі құралдарды сатып-өткізуден түскен табыс" шотының сомасы-430000 тг.) оның қалдық (баланстық) құнынан (842 "Негізгі құралдарды сатып-өткізу бойынша шығыстар" шотының сомасы-416375 тг.) 13625 теңгеге артық. Бұл сома кәсіпорынның станокты сатып-өткізуден алған таза табысын (пайдасын) көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі 
 

        Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың барлық түрі шаруашылық процессіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.

 Тозу дегеніміз — негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (касиетін) жоғалтуы.

  Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процессінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады.

  Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналар  мен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық прогресстің нәтижесі. Техникалық прогресстің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналардың табиғи тозығы жетпей-ақ ескіріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

Информация о работе Негізгі құралдарды талдау