Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:59, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктерін кәсіпорын мысалында талдай отырып тақырыпты зерттеу.
Жұмыстың алға қойған мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- Еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін анықтау;
- еңбек есебі және еңбекақыны нормативтік реттеу мәселелерін қарастыру;
- нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін қарастыру;
- еңбекақының түрлері мен нысандары;
- еңбекақыны ұйымдастыру механизмін анықтау;
- ҚР «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ – да еңбекақыны ұйымдастыруды талдау т.б.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптері.......................................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлері мен нысандары.........................................................8
1.3 Еңбекақыны ұйымдастыру механизмі.......................................................11

ІІ. ҚР «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ туралы жалпы сипаттама................................................................................................................14
2.2 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ еңбекақыны ұымдастыруды талдау...........................................................................................16
2.3 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ-да еңбекақыны ұйымдастыру барысында туындайтын негізгі мәселелері.............................19
ІІІ. «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша еңбекақы қорын талдау................24 3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру..........................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

галия курсавой.doc

— 305.50 Кб (Скачать)

«Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ еңбек келісімшарты негізінде  олардың  біліктілігіне  сәйкес  қызметкерлердің  еңбек  төлемінің уақытылы  формасы қолданылады. Негізгі  және қосымша жалақыны есептеу қазіргі  заңдылыққа  сәйкес  атқарылады. Заңдылықпен қарастырылған  төлемнен  басқа «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны еңбек  келісімшарты жағдайында келісілген болса, қосымша төлемдер ұйымдастырылуы  мүмкін.

Кесте 4. «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» еншілес мемлекеттік кәсіпорында әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері

 

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  аты-жөні

Мамандық

дәрежесі

Жұмыс істеген 

сағаттарының саны

Тарифтік 

коэффициенті

Тариф бойынша 

есептелген еңбекақы сомасы (теңге)

Қосымша табыс коэффициенті

Жұмысшыларға есептелгенеңбекақы сомалары (теңге)

   

1

2

3

4(2х3)

5 6*/4*)

6(4х5)

1

Айбергенов Т.

1

175

1.76

308

26.1

8838.8

2

Амантаев Б.

2

160

2.06

329.6

26.1

8602.06

3.

ӘбдірахмановЖ.

3

165

2.35

187.75

26.1

10120.3

4.

БақтыбаевС.

4

154

2.64

406.56

26.1

10611.2

5.

Жұмашев М.

5

150

2.93

439.5

26.1

11471.0

6.

Талапов Ж.

6

164

3.23

529.72

26.1

13825.7

     

968

 

2401.13

 

62669.6


 

Қосымша табыс коэффиценті  бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/ 4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын)

Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен  орындағаны, жұмыс істеу барысында  ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты  атқарғаны және тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлерінің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропорционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда.

 

 

 

 

 

 

 

2.3 «Астана  қаласы жер ғылымы өндірістік  өнеркәсібі» АҚ – да еңбекақыны ұйымдастыру барысында туындайтын негізгі мәселелер

 

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыс-тар мен тапсырмаларды атқарған немесе орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:

•  Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;

• Мемлекеттік және    қоғамдық    ұйымдардың    конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;

•   Әскери комиссариаттың шақыруына бару

•   және тағы басқа  жұмыстар.

Кәсіпорынның  қызметкерлеріне есептелген еңбекақыны тарату. 3350 шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне (8013,8032,7210 т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек. Бұл мақсаттар үшін «Жалақыны тарату» деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланды, оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсіреді. Кесте төменде берілген.

Кесте 5.  Жалақыны тарату, 2012 жылғы қаңтар үшін

Цех. Шаруашылық                   №2 цех

Бөлінетіні 520656 теңге 90 тиын

Шоттардың дебетіне

 

Жалақы түрлері (кесімді, мерзімді)

Сомасы

Шоттың №

Баптар, тапсырыстар№

Кесімді

мерзімді

8012

8012

8012

8012

8012

8010

521

522

523

524

525

500

120736

130120

80620

70130

69850

13790

23920

12100

10121

6179

5950

4140

Барлығы

458246

62410

Оның ішінде цехтардан қабылданғаны                         №1

 

5984

 

№3

1406

 

Одан басқа цехтан бергені  №4

5237

 

№5

4123

 

Кесте 2012 ж. 6 ақпанда толтырылып бітті.


 

Түнгі уақытта  істеген немесе атқарган жұмыстары үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кешкі  сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген  жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып  есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру енеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағатгық еңбекақының 20% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметаерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді:

Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.

Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде  түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 7/6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы теленеді.

Жұмысшыларға  өзіне берілген разрядтан төмен  тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кесімді  еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядта (мамандық дәрежесінен) төмен тарифтелген  жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін (нормасын) орындаған уақытта төмен дәрежеді (разрядты) жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.

Мысалы: бесінші разрядты жұмысшы үшінші разрядты жұмысшыға  белгіленген жұмысты атқарған болса, онда оған үшінші разрядты жұмысшыға  төленуге тиісті еңбекақы және қосымша  үшінші разрядты жұмысшы мен бесінші  разрядты жұмысшының еңбекақыларының  арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.

Жұмысшылар  мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем

Ұйымдарда жұмысшылар мен  қызметкерлерге олардың кінәсінен  жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына  жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбек-ақы тарифтің 50% (пайызы) мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыруы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап  қалған  уақытында жұмысшылар  мен  қызметкерлер кәсіпорын әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тартатын болса, яғни берілген жұмысты орындамайтын болса, онда ол уақыт үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге ешқандай еңбекақы төленбейді.

Жұмысшылар мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болу керек, ол кітапқа ай сайынғы еңбек қаы мөлшері, ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай –ақ оларды кәсіпорын қызметкерлеріне қайтару уақыты кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.

 

Кесте 6. Берілмеген жалақының тізімі

2012 ж. Қаңтар үшін

Реттік №

Цех, бөлім

Тө-

лем ведомосы

Та-

бель-

дік

 

 

Тегі, аты әкесінің аты 

Қарыз болған күні

Беріл-

меген жалақы сомасы

 

а

ә

б

в

1

2

1

2

12

213

Жалғасбаев Таңат

5.01

2150

2

2

12

214

Қалиев Серік

5.01

1730

3

2

12

295

Салқынбаев Рамазан

5.01

1480

4

2

12

296

Аршабеков Нұрғали

5.01

0760

       

Барлығы

 

7120


 

Кассир қолы                              Тексерген бухгалтер: қолы

5 қаңтар 2006 ж. 5 қаңтар 2012 ж.

Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем

Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген  стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған  күйінде тікелей пайдалануға  жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің кінэсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай жарамсыз (ақау) болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50% (пайызынан), яғни жартысынан аспауы керек. Бұл төленетін төлем осы жріысқа мөлшерленген уақытқа ғана есептеліп төленеді. Кәсіпорындарда жұмысшылардың салақтығынан болған бұзылған өнімдердің, заттардың құны олардың еңбекақыларынан ұсталуы тиіс. Бірақ бұл ұсталуға тиісті соманың мөлшері сол жұмысшының орташа еңбекақысының 2/3 (үштен екі бөлігі) мөлшерінен аспауы керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда келтірілген зиянның сомасы заңда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Егер кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса, онда бүлдай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшьшар мен қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 2/3 (үштен екі бөлігі) мөлшерінде еңбекақы төленеді. Өндіріліп шығарған өнімдердің, дайындалған бұйымдардың  болуы ол өнімдерді өндіру үшін пайдаланылған материалдардың сапасының нашарлығьшан немесе олардың жарамсыздығының себебінен болса немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз болған ақау, өнімді немесе жұмысты ұйымның техникалық бақылау органдары қабылдағаннан кейін белгілі болса, онда ол өнімдерді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы толық тарифтік, яғни жарамды өнімдерге төленетін мөлшерде төленеді.

Шаруашылық үдерістері (процестері) жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқгалып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндетгемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

Информация о работе Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері