Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:59, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктерін кәсіпорын мысалында талдай отырып тақырыпты зерттеу.
Жұмыстың алға қойған мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- Еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін анықтау;
- еңбек есебі және еңбекақыны нормативтік реттеу мәселелерін қарастыру;
- нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін қарастыру;
- еңбекақының түрлері мен нысандары;
- еңбекақыны ұйымдастыру механизмін анықтау;
- ҚР «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ – да еңбекақыны ұйымдастыруды талдау т.б.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптері.......................................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлері мен нысандары.........................................................8
1.3 Еңбекақыны ұйымдастыру механизмі.......................................................11

ІІ. ҚР «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ туралы жалпы сипаттама................................................................................................................14
2.2 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ еңбекақыны ұымдастыруды талдау...........................................................................................16
2.3 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ-да еңбекақыны ұйымдастыру барысында туындайтын негізгі мәселелері.............................19
ІІІ. «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша еңбекақы қорын талдау................24 3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру..........................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

галия курсавой.doc

— 305.50 Кб (Скачать)

Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптері.......................................................................................5

1.2  Еңбекақының түрлері мен  нысандары.........................................................8

1.3 Еңбекақыны ұйымдастыру механизмі.......................................................11

 

ІІ. ҚР  «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ туралы жалпы сипаттама................................................................................................................14

2.2 «Астана қаласы жер ғылымы  өндірістік өнеркәсібі» АҚ еңбекақыны ұымдастыруды талдау...........................................................................................16

2.3 «Астана қаласы жер ғылымы  өндірістік өнеркәсібі» АҚ-да еңбекақыны ұйымдастыру барысында туындайтын негізгі мәселелері.............................19

 

ІІІ. «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 «Астана қаласы жер  ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша еңбекақы қорын талдау................24 3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру..........................................................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ  

 

Курстық  жұмыстың өзектілігі. Еңбекақы - бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін, тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы. Жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің құнын анықтайтын еңбекақы мәнін осылай түсіну, қоғамның еңбекақы мөлшерінің негізделуіне қатынасын сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде бұл шама жұмыс табыстылығынан, жұмысшы еңбегінің саны мен сапасын есепке алып түзетіледі, бірақ мемлекетпен негізделген мөлшерден төмен болмауы керек. Еңбекақының нақты мөлшері жұмыс берушінің осы мақсаттарға бөлетін қаражаттарымен анықталады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 22 мамырдағы Еңбек  Кодексінде еңбекақы   мөлшерін   жұмыс   берушінің   өзі   белгілейді   және   жұмыс   беруші белгіленген   еңбекақы   мөлшері   Қазақстан   Республикасының   заңында   белгіленген «Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы»  Заңының   71-бабы   ең   аз   шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек.

«Қазақстан   Республикасының   Еңбек   туралы»   Заңының   7,8-бабына   сәйкес қызметкердің мынадай  құқысы бар:                                                 

  • қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;
  • қауіпсіздік   және   тазалық   (гигиена)   талаптарына   жауап   беретін   еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
  • кепілдік және өтемақы алуға және т.б.
  • Жұмыс берушінің құқықтары:
  • қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;                         қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.
  • Жұмыс берушінің міндеттері:
  • Қазақстан Республикасының нормативті құқықтың актілерінде, жеке еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақтылы және толық төлеу;
  • еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;
  • Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру;
  • қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын,  болуы мүмкін кәсіби ауруды  ескерту және т.б.                  

Еңбекақы   мөлшерін   жұмыс   берушінің   өзі   белгілейді   және   жұмыс   беруші белгіленген   еңбекақы   мөлшері   Қазақстан   Республикасының   заңында   белгіленген «Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы»  Заңының   71-бабы   ең   аз   шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек.

Осы «Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері»  атты курстық  жұмысының негізгі зерттелетін мәселесі – жұмысшылардың, қызметкерлердің еңбегіне төленетін еңбекақыны ұйымдастыру, яғни  бұл жұмыскерлерге оның  еңбегі  үшін  сапасына, санына және  шығарған  қажетті өнім көлеміне  сәйкес төленетін төлемінің есебін зерттеу.

Курстық  жұмыстың мақсаты. Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктерін кәсіпорын мысалында талдай отырып тақырыпты зерттеу.

Жұмыстың алға қойған мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:

  • Еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін анықтау;
  • еңбек есебі және еңбекақыны нормативтік реттеу мәселелерін қарастыру;
  • нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін қарастыру;
  • еңбекақының түрлері мен нысандары;
  • еңбекақыны ұйымдастыру механизмін анықтау;
  • ҚР  «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ – да еңбекақыны ұйымдастыруды талдау т.б.

Курстық  жұмыстың методологиясы. «Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері»  курстық  жұмысқа іздену барысында бірқатар экономист – ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдым. Мысалы, еңбекақының теориялық жағын зерттеу барысында Ө.Қ.Шеденовтың, Е.Н.Сағындықовтың, Б.А. Жүнісовтың және т.б. «Жалпы экономикалық теория», А.Әубәкіровтың «Экономикалық теория негіздері», М.Мауленованың «Экономикалық теория» т.б. еңбектерін, басшылыққа ала отырып зерттедім.

Курстық  жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Нарықтық экономика  жағдайындағы еңбекақының пайда  болуы және қалыптасу принциптері

 

Еркін  рынок   теориясы  («либерализм»  мектебі) өкілдері –  А. Смит мен  Д. Рикардоның  есептеуінше, жалақы  негізін  қалыптастырудың  принципіне  «өмір сүру  қажеттілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл  «деңгейлік»  жұмысшы  мен оның  отбасының  өмір сүруіне  қажетті болды.

Д. Рикардоның  ойынша,  «өмір  сүру қажеттілік  деңгейі» «еңбек  бағасының  табиғи  рыногы»  болып  табылады. Еркін  рынокты  жақтаушылардың  бірі – Жан Батист Сәй (1767 – 1823 ж.ж.) «Саяси  экономия тұрақты» (1803 ж.) еңбегінде «өндірістің үш факторы»  теориясын ұсынады.  Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың  қызметін  қолданғаны   (пайдаланғаны) үшін  жалақы,  пайда, рента төлем ретінде  жүзеге  асады.

 Рыноктың  экономиканы  реттеу  теориясынынң  негізін салушы  «кейнстік» мектебі, Дж. Кейнс  «Еңбекпен  қамту, пайыз   және   ақшаның  жалпы   теориясы» деген  еңбегінде  (1936 ж.) жалақыны  реттеудің   принципін   өндіріс  көлемі  және  тұрғындардың  еңбекпен  қамтуын тәуелді   екендігін ұсынды. Рынок жағдайында жалданып  жұмыс істейтін  адам  еңбегі К. Маркстың  пайымдауынша,  жұмыс күші «құнының» принципімен төленеді. Неміс социалисі Фердинанд Лассаль (1825 – 1864 ж.ж), бөлуді тепе – теңдік принципін ұсынды:  тең еңбек өніміне әркімнің  тең құқықтығы, яғни  бұрындары кездескен барлық  бөлу  принципі оның ойынша, бар мүліктің тепе – теңсіздігіне алып  барады. Бұл принципін сынға алынды. Өмір  игіліктерін тепе – тең бөлу  принципі К. Маркстың  ойынша,  қоғамдағы  деградацияға  алып келуі мүмкін. Сондықтан  да  бұл жағдайда  адал  жұмыскер де және  өз  жұмысына  немқұрайды (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне  сый – сияпатты тең  алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік  игіліктерді бөлудің бірден – бір мүмкін принципі «еңбегі бойынша»,  бөлу болмақ. Аталған принциптің  өзіндік кемшілігі бар және  әлеуметтік  әділеттілік критериіне толық жауап бермейді. «Еңбегі бойынша» бөлу тұрғындар табыс деңгейінің  теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік  былай  түсіндіріледі:  адамдар өзінің  күш – қайратымен  және  қабілеттілігмен, отбасы  жағдайымен  және  еңбеккке  қатынасымен   ерекшеленеді. Еңбектің  сандық (ұзақтығы  мен интенсивтігі) және  оның  сапалық (күрделілігі және   басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл  принциптің  артықшылығы  сонда,  әрбір  адамның еңбек нәтижесінде мүдделілігін қамтамасыз  етеді. Өзінің  біліктілігін көтеруге  мүдделілік  ол жеке  адамның  ғана емес,  кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді [1].

Қазақстан Республикасының  аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшуі жалдамалы  еңбекті қолдануды бағамдап, оның еңбек ақысын реформалауды қатар жүргізіп отырады.

Еңбек ақының жаңа жүйесінде мыналар  қарастырылған:

- еңбек ақы минималды деңгейінің  сапасы мең күрделілігіне байланысты  мемлекеттің кепілдігі. Бұл біркелкі  тарифтік сетканы (БТС) және  біркелкі жалпы республикалық  мамандық классификаторын ендіргенде  жүзеге асады;

- нақты еңбек ақы деңгейі біркелкі тарифтік сетка белгілеген деңгейден төмен болмауы керек;

- еңбекақыға кез келген  шектеуді (салықтан басқа) алып тастау;

- жұмыс беруші мен  жұмыскерлердің арасында еңбек  ақыға келісім-шарт принципін қолданады. Әрбір жұмыскер өзінің еңбек құқығын қорғауда кәсіподаққа жүгіне алады. Тарифтік жүйенің белгілі түрлері барлық шетелдерде қолданылады.

Жалақыны реттеу үш буындық  бағытта өрбиді:

- енбек рыногының көмегімен;

- мемлекеттің аралысуымен;

- ұжымдық келісімдермен.

Тариф бойынша "минимумды" мемлекет белгілейді, мемлекеттің рөлі осы ғана,  ал  басқасының барлығы  еңбек  рыногымен (жұмыс күшіне ұсыным мен сұраным) реттеледі.

Жалақының  көлемі төмендегідей белгіленеді:

  • жалдамалы жеке  келісім  деңгейінде;
  • мамандар үшін контрактлық деңгейде;
  • жұмыс берушімен ұжымдық келісім – шарт деңгейінде.

Жалақы  - еңбек  құнының (бағасының)  ақшалай  өлшемі. Қазақстан  Республикасының аралас  әлеуметтік  бағытталған  рыноктық экономикаға  көшу  кезінде   минимальды  деңгейдегі  еңбек  ақыны   мемлекет  кепілдендіреді және  жоғары  деңгейдегі еңбек  ақыға  шек  қойылмайды. Бұл еңбекті  материалды ынталандырудың және  еңбек  өнімділігін  арттырудың   басты   құралы болып,  қоғамдық  өндірісті тиімді  дамытуға  ықпал  етеді [5].

Еңбекақыны  дифференциялау және оның  принциптері. Еңбек  ақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және  аясына  қарай  өзіндік  ерекшілігімен айқындалып, ал бес принципке негізделген.

Бірінші  принцип, еңбектің  күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және  оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және  ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда  еңбек еткендерге  қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.

Үшінші  принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың  ең  қажетті салаларында басқаларына қарағанда   өсім мен ақы   төлеу жоғары болады.

Төртінші принцип, экономпикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық жағдайының  өзгешелігімен байланысты. Еңбек  ақыға  әртүрлі экономикалық  аймақтарда аудандық  коэффициент белгіленіп, жалақыға  қосымша  түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында  бұл коэффициент 1,15 – ті құрайды. Демек, елімізді барлық  салаларда жұмыс істейтіндер  жалақысына   15 % қосымша қосып алады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы  9 -  шы  қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика  саласындағы  жұмысшыларға  еңбек  ақы  төлеу  туралы»  қауылысына сай, жалақыны  есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер размері сақталады. Таулы, құмды және  сусыз   жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта  тұратындарға коэффициенттер сақталады.

Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін  жердегі және  жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.

Жалақыны ұйымдастырудың  негізгі  принциптері тарифтік  жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және  сапалығын есепке ала  отырып, тарифтік жүйе жалақыны  ұйымдастырады  және реттейді. Тарифтік  жүйеге тарифтік – квалификациялық  анықтама, тарифтік  сетка және  тарифтік өсім енеді.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын  шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны – 1,2,4,8,16,32 ж. т.б.».

  Ол халық санының  және өмір сүру әдісінің өсу  қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.

 Тұрғындардың қарқынды  өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда  екі есе өсуі) XVII-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғындар сан. Тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.      Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.        Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.)  осы тәуелділікті математикалық  тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек  ал «Филлипс қисығы»  аталды  (1 – суретте – көрсетілген).

Информация о работе Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері