Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:59, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктерін кәсіпорын мысалында талдай отырып тақырыпты зерттеу.
Жұмыстың алға қойған мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- Еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін анықтау;
- еңбек есебі және еңбекақыны нормативтік реттеу мәселелерін қарастыру;
- нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптерін қарастыру;
- еңбекақының түрлері мен нысандары;
- еңбекақыны ұйымдастыру механизмін анықтау;
- ҚР «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ – да еңбекақыны ұйымдастыруды талдау т.б.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақының пайда болуы және қалыптасу принциптері.......................................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлері мен нысандары.........................................................8
1.3 Еңбекақыны ұйымдастыру механизмі.......................................................11

ІІ. ҚР «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ туралы жалпы сипаттама................................................................................................................14
2.2 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ еңбекақыны ұымдастыруды талдау...........................................................................................16
2.3 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ-да еңбекақыны ұйымдастыру барысында туындайтын негізгі мәселелері.............................19
ІІІ. «АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖЕР ҒЫЛЫМЫ ӨНДІРІСТІК ӨНЕРКӘСІБІ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «Астана қаласы жер ғылымы өндірістік өнеркәсібі» АҚ жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша еңбекақы қорын талдау................24 3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру..........................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

галия курсавой.doc

— 305.50 Кб (Скачать)


     

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығы да басқа  нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе – теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті  ұсыным  қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

                                                           

           

 

 

Сурет № 2.  Жекеленген еңбек нарығы

     

2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе – теңдік  деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының  жылжуына және жалақының тепе – теңдік мөлшерінің  өзгеруіне әкеліп соқтырады (W/P).

Еңбекті  ұсыным  жалақы  динамикасына кері  пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа  өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:

  • халықтың мөлшерімен;

  -  тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың үлесімен;

  • жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс  сағатының орташа санымен;
  • жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының  мамандық деңгейімен / квалификациясымен /.

Жалақының тепе – теңдік деңгейін орнықтырудың  автоматты тенденциясы болады. Тепе – теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды. Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе – теңдік жағдайы көбінесе  мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді.

 

1.2  Еңбекақының түрлері мен нысандары 

Жалпы жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы—жұмысшылар  мен қызметкерлердің нақтылы  жұмыста болған уақытына, яғни олардың  істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

1.  Мерзімді және  кесімді еңбекақы.

2.  Сыйлықтар мен  сыйақылар.

3.   Үстеме сыйлықтар

Қосымша ецбекақыға —  еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып  белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек демалысы үшін төленетін  төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің  мемлекеттік, қосымша жұмыстарды  атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3.   Жас сәбилі  аналарға берілетін демалысқа,  баланы тамақтандыру үшін берілетін  үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің  қысқартылған жұмыс уақытына  төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің  кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6.  Тегін көрсетілген  немесе тегін берілетін қызметтер  мен заттың құны.

7.  Жоғары немесе  арнаулы оқу орындарында және  басқа да мамандығын көтеру  курсына жіберілген уақытына  байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

8. Әскери жиындарға  қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс  немесе мейрам күндері кезекшілік  атқаратын адамдарға төленетін  төлемдер және тағы да басқалар  жатады.

Өндіріс пен құрылыста  халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген  уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені  немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына  қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне  және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының  төмендегідей түрлері бар:   1. Жай мерзімді;   2. Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте  немесе штатта көрсетілген мөлшері  бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының  мынадай жүйелері бар:

- тікелей кесімді;

- кесімді сыйлықты;

- үдемелі кесімді;

- аккордтық;

       -  жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді  жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жріысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар  өндірісте өнім өндіруді санымен  сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен  материалдарды, отындар мен энергияны  үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да - күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының  аккордтық жүйесі — ұйымдарда  жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді.

Мерзімді еңбекақыны есептеу

Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің  түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша телем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

 

Кесімді еңбекақыны есептеу

Кәсіпорындарда кесімді  еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен келемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға кебейтеді.

1.3 Еңбекақыны  ұйымдастыру механизмі

 

Қызметкерлердің бір цехтан (бөлімнен, учаскіден) екіншісіне ауыстырғанда “басқа жұмысқа ауыстыруы туралы бұйрық” (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орындағы құрылымдық бөлімше бастығы бұрыштама соғады да шаруашылық объектісінің бастығы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі және карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілер соғады. үлгінің сыртқы жағына қызметкерлердің бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік-материалдық және басқа да бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

Заң актілері мен ережелеріне, ұжымдық шарттар мен демалыстар кестелеріне сәйкес, қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа  түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін “Демалыс беру туралы бұйрық” (№ Е-6 үлгі) қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен шаруашылық субъектісінің басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық” (№ Е-7 үлгі) қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерлерге екі дана етіп толтырады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы немесе шаруашылық субъектісінің бастығы қол қояды. Бұйрықтың (№ Е-8 үлгінің) негізінде бухгалтерия қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.

Жұмыс істелінген уақыт  көрсеткіші жұмысшы қызметкерлердің  еңбек уақытына қарай есептеуге. Оларға өндірілген өнімнің өнімділігін  есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің белгіленген нормасын орындау барысын анықтауға сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшы қызметкерлердің жұмысқа келуімен жұмысқа қайтуы арқылы бақылау жүргізіледі. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшы қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істеуі, жұмыстың тоқтап қалуы, және де жұмысқа келмеген жұмысшы қызметкерлердің категориялары бойынша табельдердің алфавиттік номерінің реттік санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшы қызметкерлердің еңбекақы бойынша арналған.

үлгілі түрі № 12 табель – еңбекақы жайлы есептік мәліметтерді есептегіш машиналарға санауға  арналған.

үлгілі түрі № 13 табель тек қана жұмыс істеген уақытты есептеп санауға арналған.

үлгілі түрі № 14 табель тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы  қызметкерлердің жұмыс істеген  уақытын есептеуге арналған.

Бұл табельдер шаруашылық субъектісінің әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшы қызметкерлердің жұмысқа келгені, жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны тағы да басқа жағдайларға байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркелінеді. Жұмысшы қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс сапарында болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгілермен белгіленеді. Табельде жұмысшы қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай олардың жұмысқа кешіккенін мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын жұмыс істеудің белгіленген уақытын тағы басқа себептерді яғни жағдайды есептеу үшін белгілер қойылады. Бұл ретте шартты белгінің қасына белгіленген жұмыс уақытын ауытқулар жазылады. Жұмыс істелінген уақыттағы ауытқыған уақыт табельге жазылмас бұрын арналған алғашқы құжаттарға жазылуы қажет.

Шаруашылық  субъектiсiндегi жұмысшы қызметкерлердiң  еңбекке уақытша жарамсыздығына және оларға сырқаттанған жанұя мүшелерiнiң  күтiмi үшiн берiлетiн уақытқа жәрдем ақы төлеу: “Әлеуметтiк қамсыздандыру мәселесi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” 2005 жылдың 17 желтоқсанындағы №323-1 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру “Мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiгi ” бойынша борыштарды өтеу бағдарламасына сәйкес мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнiң өтелiнетiн яғни өтелiнетiн яғни төленiлетiн болып бекiтiлдi.

Информация о работе Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері