Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

 

Кестенің мәліметтері бойынша, өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) бір теңгесіне кеткен шығыны өткен жылғымен салыстырғанда 0,26 теңгеге (1,18-0,92) жоғарылады. 2006ж. өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) әрбір теңгесі 0,8 теңге кіріс келтірді (1-0,92), ал 2007 ж. өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) әрбір теңгесінен 0,18 теңге (1-0,80) шығын акелды. Бұл материалды ресурстардың үнемді пайдаланылмағанын, материалдар шығыны көлемінің жоғарылауын, бағасының қымбаттауын, сондай-ақ өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының біршама жоғарылауын білдіреді.

«Төлем қабілеттілігін, - деп жазды олар, - компанианың ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

«Төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесінүзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздардыөтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал матриалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент бірден 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сонасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлем қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тезайналды. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивте, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелермен қарыздар: Банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициентіанықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептеу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарастырайық.

Осы ақпараттың негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді анықтайық.

Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының ғана төлейді алатынын көрсетеді , қарыздарының төленбей қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалынуына әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.

Ағымдағы төлем қабілеттілігінің қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға бйланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту,активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту дегенді білдіреді.

Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгертуге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.

Кәсіпорынның перспективі (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс,қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.

Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Пайдалануына байланысты капитал ұзақ мерзімді тұрақты (перманентті) – баланс пассивінің бірінші және екінші бөлімі және ағымдағы – баланс пассивінің үшінші бөлімі болып бөлінеді. Меншікті капиталдың қажеттілігі кәсіпорынның өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Меншікті капитал кәсіпорын тәуелсіздігінің негізі болып табылады.

Нарық экономикасына көшу шаруашылық субьектілерден өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелік, ғылыми техникалық ілгеріс жетістіктерінің негізінде өнім шығару және қызмет көрсету, шаруашылық етудің тиімді нысандары мен өнеркәсіпті басқару, иесіздікке төзуді талап етеді. Осы тапсырманы жүзеге асыруда экономикалық талдаудың маңызы орасан зор. Экономикалық талдау оларды негізден, өндірісті ғылыми тұрғыдан басқарудың негізі болып табылады және оның обьективтілігі және тиімділігін қажет етеді.

 

Кесте 4 – «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық жағдайын бағалау

 

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Нақты

Ауытқуы

(+,-)

Жыл басына

Жыл соңына

1

2

3

4

5

6

1.

Ағымдағы активтер

мың тг.

1836

420

-1416

 

соның ішінде

 

 

 

 

1.1

Тауарлы-материалдық қорлар

мың тг.

1836

420

-1416

1.2

Дебиторлық қарыздар

мың тг

-

-

-

2

Ағымдағы міндеттемелер

мың тг.

2073

1401

-672

3

Көрсеткіштер

Жабу коэффициенті

(1 : 2) (Кж)

k

0,886

0,171

-0,715

 

Қаржылық жағдайының (төлем қабілеті) көрсеткішері жабу коэффициенті, жедел өтімділік коэффициенті және абсолюттік өтімділік коэффициенті болып табылады.

Кесте мәліметтерінен есеп беру жылында жабу коэффициентінің 0,886-ден 0,171 төмендеу байқалады, яғни 0,715 (0,171-0,886).

Ол ағымдағы кредиторлық міндеттемелер қандай мөлшерде материалдық айналым қаржыларымен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Кж қалыпты деңгейі 1,5 - 3 тең болуы қажет және 1,0 -ден төмендемеуі тиіс.

«Асыл-Дизайн» ЖШС -де жыл басында Кж = 0,886, ал жыл соңында Кж = 0,171 болды, яғни бұл коэффициент мәні қалыпты деңгейден жоғары.

Жалпы қаржылық жағдайын талдаудан шығатын қорытынды: «Асыл -Дизаин» ЖШС төлемге қабілеттіге жақын және серіктестіктің қаржылық жағдайы тиісті деңгейге жақын.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.

Меншікті айналым қаржылары есеп беру жылында өткен жылмен салыстырғанда 744мың теңгеге төмендеп, -981мың теңгені құрады. Ағымдағы активтердің кәсіпорын қаржыларындағы үлесі өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылында 67,2тармақтан 31,9 тармаққа төмендегені көрінеді.

 

Кесте 5- «Асыл-Дизайн» ЖШС меншікті айналым қаржыларын талдау

 

Көрсеткіштер

2007ж

2008ж

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қар-қыны, %

1.

Ағымдағы активтер, мың тг

1836

420

-1416

 

2.

Ағымдағы міндеттемелер, мың тг

2073

1401

-672

67,6

3.

Меншікті айналым қаржы-лары, мың тг (1-2)

-237

-981

-744

4,1

4.

Кәсіпорын қаржылары (баланс валютасы), мың тг

2731

1315

-1416

48,2

5.

Ағымдағы активтердің кәсіпорын қаржылары-ндағы үлесі, % (1 : 4)

67,2

31,9

-35,3

47,5

 

Кредиторлық қарыздар, банк несилерін санамағанда, ең қолайлы қаражат көзі, себебі оны «тегін» пайдалануға болады. Келтірілген қаражаттарды талдау барысында есеп тәртібін нығайту мақсатында оның құрамын, құрылымын, өзгерісін анықтау қажет. Қаржы-есептеу тәртібін бұзу нәтижесінде пайда болған мерзімінен өткен қарыздарға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кредиторлық қарыз келесі көрсеткіштермен зертеледі

 

Кесте 6 - Кредиторлық қарыздардың айналымдылығын талдау

 

Көрсеткіштер

2007ж

2008ж

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қар-қыны, %

1.

Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен кіріс, мың тг

2919

4049

1130

138,7

2.

Кредиторлық қарыздардың орташа шамасы, мың тг

2073

1401

-672

67,6

3.

Кредиторлық қарыздар айналымдылығы, айналым (1/2)

1,41

2,92

+1,51

207,1

4.

Кредиторлық қарыздардың орташа айналым уақыты, күн (360*2/1)

256

123

-133

48

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы