Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа
Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38
Есеп саясатын өзгерту заңмен немесе есеп стандарттарын орнататын органдармен сәйкес орнатылады немесе ұйымның қаржылық есебіндегі операцияларда көрсетілетін жағдайлар тиімді болуына әкелсе қолдануы керек. Егер есеп саясатын өз еркімен өзгерткісі келсе, онда жағдайлар мен операцияларда көрінетін қозғалыстар тиімді әсер әкелетіндей және оны үнемі қолдана алатындай ретроспективті тәсілдерге сәйкес болуы керек.
Жаңа ХҚЕС қолданатын кезде есеп саясатына өзгертулер енгізген кезде арнаулы ауыспалы жағдайларға егер сәйкесінше стандартта бар болса өзгертіледі. Егер ұйым бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттар бойынша Комитетінің орнатқан жаңа ХҚЕС өтпесе есеп саясатындағы алдағы уақытта болатын өзгерістер сипатын ашуы қажет және бұл өзгерістердің таза табысқа немесе шығынға және қаржылық жағдайына әсерін анықтау керек.
Есеп саясатына
өзгерістер енгізген жағдайда алдағы
кезеңде пайда болатын
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалуы керек. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысуы керек. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрық құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктердің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктқа тоқтала келіп қандай нормативті құжаттар бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайыдалғандығы көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілетін өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен қағидаларға жауап беруді қамтамасыз етуі керек.
Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты пайдаланушыларға тапсыру болып табылады. Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы принциптерді негізге ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар:
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу қажет:
а)осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принципі);
б)ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принципі);
в)таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принципі);
г)дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың кашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылдың есебінде көрсетілетіндігін (сату принципі).
Қысқасы, ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлық процестерін қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын қалыптастыруға жауапты. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.
Бірінші бөлімде есеп саясатының мазмұны, яғни кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамту, сонымен қатар, бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындап, есеп саясатын құру кезінде әртүрлі методологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық жақтары қарастырылды. Есеп саясатын түсіндіру мен таңдауға әсер ететін факторлар: субъектінің құқықтық және ұйымдастырушы – құқықтық беделі, ағымдық және ұзақ мерзімді мақсаттар, қызметтің ерекшеліктері, кадрлық қамтамасыздандыру және олардың қасиеттері осы тарауда қарастырылған.
Екінші бөлімде бірінші бөлімде қарастырылған есеп саясатының аспектілері, оларда қолданылатын әдістер мысалдар келтірілу арқылы талданды. Сонымен қатар, есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары қарастырылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ