Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа

Описание работы

Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 374.50 Кб (Скачать)

Коэффициенттік негіз құрау үшін екі жағы тілінген тақтайды шартты өлшемге аламыз.

Сонда: 1) екі жағы тілінген тақтай (1200:1200).......1,0

  1. шеті тілінбеген тақтай (960:120) ......0,8
  2. кесінді тақтай     (600:120) .......0,5

Осы мәліметтер негізінде өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялауға арналған есептеулер төмендегі 10 кестеде көрсетіледі.

 

 

10 кесте Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын калькуляциялау

 

Өнімдердің аталуы

Саны, куб.м

Коэффициенттер

Шартты өнімдердің саны, куб.м

Жекеленген өнімдердің өзіндік құны, теңге

Екі жағы тілінген тақтай

20000

1

20000

2000000

Тілінбеген тақтай

15000

0,8

12000

1200000

Кесінді тақтай

5000

0,5

2500

250000

Жинағы

X

X

34500

3450000


 

Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге қарағанда тілінген ағаш материалдарының шартты саны - 34500 куб.м. Бұл көрсеткіш материалдардың шартты санының өзіндік құнын шығаруға қолданылады. Ол үшін өнімнің барлығын өндіруге жұмсалған шығындар сомасы (3450000 тенге) коэффициенттер қолдану арқылы жинақталған шартты өнімнің санына бөлінеді. Яғни шартты өнім «екі жағы тілінген тақтайдың» 1 куб.м. өзіндік құн 100 теңгеге тең екендігі (3450000:34500=100) анықталды.

Ендігі жерде «екі жағы тілінген тақтай», «тілінбеген тақтай» және «кесінді тақтайдың» өзіндік құны тиісінше есептелінеді:

  1. екі жағы тілінген тақтай (20000 куб.м х 100)=2000000 теңге,
  2. тілінбеген тақтай (15000 куб.м. х 0,8) = 1200000 теңге,
  3. кесінді тақтай (5000куб.м. х 0,5) = 250000 теңге

Барлық жинағы 3450000 теңге. Қажет болған жағдайда әрбір жекелеген сорттағы ағаш материалдарының    1 куб. м. өзіндік құнын төмендегіше есептеп шығаруға болады:

  1. 20000000 : 20000 =100 теңге - екі жағы тілінген тақтай;
  2. 1200000 : 15000 = 80 теңге тілінбеген тақтай;
  3. 250000 : 5000 = 50 теңге кесінді тақтайдың өзіндік құны.

Нормативтік   калькуляциялау   әдісі.   Бұл   әдіс   өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын нормативтік мөлшер мен деңгейде есептейтін ұйымдар қызметіне арналған. Мұндай ұйымдар өнім шығару жоспарында қаралған және есепті жыл ішінде нормадан ауытқушылық факторлар мен өзгерістерді есепке алып отырады. Нормативтік калькуляция әдісі бойынша бүтіндей бұйымның өзіндік құны анықталады.

Мысал. 2010 жылдың сәуір айында машина жасау зауыты 110 желдеткіштер өндірді, өнімнің өзіндік құнын нормативтік әдіспен калькуляциялау үшін 11 кесте құрылады.

 

 

 

 

11 кесте 2010 жылы сәуір айында өндірілген желдеткіштердің өзіндік құнын нормативтік калькуляциялау әдісі бойынша есептеу

 

Көрсеткіштер

 

 

Калькуляциялық баптар

Шығындар

Желдеткіштің өзіндік құны

Бір дана желдеткіштің жоспарлы құны

 

 

Норма бойынша

Өзгеріс

Нормадан ауытқу

Жинағы

 

Негізгі материалдар

74470

680

+2

-5

677

685

Сатылып алынған жартылай фабрикаттар

9130

83

   

83

84

Қызметтер

4180

38

+ 1

-1

38

39

Қалдықтар

-330

3

-

-

3

39

Материалдар жинағы (қалдықсыз)

87450

798

+3

-6

795

805

Еңбек ақы

20570

181

+1

+5

187

190

Басқа да өндірістік шығындар

4510

45

-11

-5

41

46

Жалпы өндірістік шығындар

17710

159

+3

-1

161

159

Ақаулық шығындар

440

-

-

+4

4

-

Өндірістік өзіндік құн

130680

1183

+8

-3

1188

1200


 

Осы есептеулердің нәтижесінде өндірілген бір бұйымның нақтылы өзіндік құны - 1188 теңге екендігі және нормада көрсетілген 1183 теңгеден + 8,-3 теңге ауытқығандығы көрінеді. Егер осы бұйымның жоспарлы құны 1200 теңге болып жоспарланса, онда 17 теңгеге нормативтік мөлшерден артық болады.

Аралас калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс тікелей калькуляциялау және коэффициенттік калькуляциялау әдістерінің тәсілдерін біріктірген тұрғыда - өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеуге арналған.

Жанама шығындарды тарату тәсілдері:

  • еңбек ақы шығындары көлеміне;
  • тікелей шығындар көлеміне;
  • жұмысшылардың істеген адам-сағаты санына;
  • басқа  да  көрсеткіштерге  пропорционалды  жолдармен таратылады.

Жанама шығындарды өз мазмұнына қарай тарату процесі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың сенімділігін, сондай-ақ олардың қандай калькуляция объектілеріне жататындығын қамтамасыз етуі керек.

Мысал. Ұйым әр түрлі тапсырыс орындаумен айналысады. Таратылатын жанама шығындар 30639 теңге болып анықталды. Осы шығындарды еңбек ақы шығындары көлеміне қарай пропорциялық әдіспен тарату белгіленді. Әрбір тапсырысқа пропорциялық әдіспен таратылатын жанама шығындардың пропорциялық коэффициентін анықтау керек. Пропорциялық коэффициентті шығару үшін негізгі өндірістегі жұмысшыларға ай ішінде есептелген барлық еңбек ақының сомасы анықталады. Бұл сома 20426 теңге. Тарату коэффициенті: 30639 : 20426 = 1,5 болып анықталды. Яғни есептелген 1 теңге еңбек ақыға 1,5 теңге жанама шығындар таратылады. Бұдан соң анықталған коэффициентке сай жанама шығындар сомасы әрбір тапсырыстарға төмендегіше таратылады.

 

12 кесте Жанама шығындарды тарату

 

Тапсырыс нөмірлері

Тапсырыстар бойынша өндірістік жұмысшыларға есептелінген тікелей еңбек ақы (теңге)

Тапсырыстарға таратылған жанама шығындар (теңге)          (2 бағана х 1,5)

1

4426

6639

2

10000

15000

3

6000

9000

Жинағы

20426

30639


 

Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі:

  • шығындардың тікелей баптары,
  • материалдық шығындар сомасына,
  • нормативтік (жоспарлы) өзіндік құн,
  • шартты бірлік тәсілі бойынша бағаланады.

Аяқталмаған өндіріс шығындарының тікелей баптары әдісіне аяқталмаған өндірістегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмсалған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамына жатпайды.

Аяқталмаған өндірісті материалдық шығындар сомасына қарай бағалау өндірісі аяқталмаған бұйымдарға т.б. жұмсалған шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттардың нақтылы құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды.

Аяқталмаған өндірісті нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығындарымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.

Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша бағалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.

Мысал. Керамикалық бұйымдар өндіру цехында шай кеселері дайындалады. 01.03.2010 жылдағы аяқталмаған өндірісте сомасы 32400 теңге 200 кесе қалды. Наурыз айы ішінде 273600 теңгенің шығындары жұмсалды. Осы ай ішінде 1700 кесе өндіріліп, мұның 1200 кесесі барлық өндірістік өңдеу кезеңдерінен өтіп, дайын өнімдер сапасында танылды. Қалған 300 кесе аяқталмаған өндіріс болып, келесі айда аяқталады. Осы мәліметтер негізінде 01.04.2010 жылға қалған аяқталмаған өндірісті бағалау керек.

 

13 кесте Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілімен бағалау

 

Көрсеткіштер

Өлшеу бірлігі, дана

Дайындалған дәрежесі

Дайындалған коэффициент

 

Айдың басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы

200

40%

0,4

80

Дайындалған дайын өнімдер

1200

100%

1

1200

Айдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы

300

80%

0,8

240

Жинағы

1700

-

 

1520


 

Өндірілетін өнімдердің дайындалған дәрежесі түгендеу (инвентаризация) немесе аяқталмаған өндірісті актілеу жолдарымен анықталады. Енді шартты бірліктегі бір өнімге жұмсалған шығынды (273600 : 1520 = 180) есептеу қажет. Дайын өнімдердің жекелеген құнына таратылатын және келесі кезеңдік аяқталмаған өндіріс көлемін бағалауға арналған барлық жиынтық шығындар сомасы 32400 + 273600 = 306000 теңге болады.

9. Берешек және алашақ қарыздар есебі. Есептің осы объектісі бойынша есеп саясатын жасау үшін мына әдістерді: күмәнды қарыздар бойынша резервтер құру, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер көлемінен пайыз құру, шоттарды мерзіміне қарай төлеу әдістері қолданылынады. Ұйымдар өз өнімдері мен тауарларын жөнелте отырып, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер, т.б. үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелділікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен 
болашақтағы күмәнды қарыздарды жабу резервін құруына болады. Күмәнды қарыздарға белгіленген мерзімде жабылмаған (төленбеген) және заңдастырылмаған жағдайдағы берешектердің қарыздары жатады. Күмәнды қарыздарды жабу үшін резерв сомасын есептеуге екі түрлі әдіс қолданылады:

Біріншісі, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміне қарай пропорционалды пайыз құру әдісі бойынша өткен кезеңдегі берешектер қарызын талдау арқылы және берешектердің сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құрылады.

Екіншісі, шоттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне қарай классификациялық топтарға бөліп, күмәнды қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы шоттардағы сомалар төленіп отырады.

10. Еңбек ақы төлеу есебінің саясатында еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі, есептесу тәртібі, еңбек ұйымдастырудың қалыпты жағдайдан ауытқу факторлары, өндірістегі ақаулар мен 
тоқтап қалушылық себептері, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеу тәртібі, жеңілдік сағаттар, демалыс уақытына еңбек ақы төлеудің тәртібі, компенсациялар мен жәрдемақы, т.б. есептеу мен төлеудің жолдары мен ерекшеліктері қаралады.

Сонымен катар, есеп саясатында еңбек ақы өрісіне тән бухгалтерлік есеп шоттарының, субшоттардың жүргізілу тәртібі, демалыс уакытын төлеу резервін кұру, есептеу мен есеп айырысу құжаттарының тәртібі көрсетіледі.

  1. Ақшаларға тән есеп саясатында кассалық операциялар жүргізу, шетелдік валютадағы ақшалар есебін жүргізу ерекшеліктері, дүкендер, сату нүктелеріндегі, жеке баланс жасамайтын филиалдардағы, кассадағы ақша қалдығын түгендеу, т.б. ақша қозғалысына тән ерекшеліктер қаралады.
  2. Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатының мазмұнында негізгі қызметтен және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек.

Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:

  1. Тауарлы-материалдық босалқылар:

Информация о работе Есеп саясаты