Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа

Описание работы

Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 374.50 Кб (Скачать)

Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты – басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға, т.б. байланысты болады.

Ұйымдардың ішкі есеп саясаты  арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар  есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолдана  білу керек. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын  жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.

Ұйымдар өрісінде қалыптасқан  есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік  әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне (мысалы, өндірістік үрдістің ұлғаюы, нарықтық саудаға түсу, жаңа өнімдер өндіру технологиясы) тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражаттарының көбеюіне (мысалға, ұзақ мерзімге ұтымды жасалған жалдау процесі, пайда мен ақша қаражатының көбеюі) әсер етеді. Сонымен қатар, жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай,  ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.

Алайда, кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, төленетін дивидендтік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер  жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын, бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін (пайда көлемін) ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында  жан-жақты қаралуы керек. Әрбір жанама жағдайдағы оқиғалардың қайшы жағы (екінші) болатындығын, мұның өзі экономикалық қарама-қайшылық тудыратынын білген жөн. Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс. Әйткенмен де, есеп саясатының мазмұнын ашып көрсету арқылы дербес түрде шешімдер қабылдап, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі объективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

 

 

1.2 Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар

 

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде  есептің мынадай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдайды.
  3. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
  4. Маңыздылық – пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
  5. Мәні – ақпарат мәнді болуы тиіс. Егер біз қаржылық есепте қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  6. Растық – ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  7. Бейтараптық – қаржылық ақпарат тәуелсіз болуы қажет.
  8. Сақтық – активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылданған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау.
  9. Аяқталғандық – кепілдікті қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы керек.
  10. Дәйектілік – субъект таңдалған есеп саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер бір есеп саясаты таңдап алынып, келесі жылы басқа есеп саясаты таңдалынатын болса, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, яғни олар негізделуі тиіс.
  11. Салыстырмалылық – қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдеріндегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
  12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба – қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.

Бұл принциптер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау кәсіпорынның мүліктік және қаржы жағдайы туралы  көріністі бұрмалайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып табылады. Олар шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелер мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсынады.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.

Есеп саясатының ашылуы – бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру.

Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) процестер және басқа да көрсеткіштер белгіленеді.

Бұйрықпен рәсімделген есеп саясаты нормативті құжат болуы тиіс.

Кез келген ұйымның  өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама – қайшылықсыздығы  мен орындылық талаптарына сай  болуы керек.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнының қарастырылуы.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға  тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.

Қарама –  қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған  әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері

 

Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:

  • арнайы комиссия құрылып, оның мақсаты мен атқаратын міндеті;
  • есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда  ұйым басшысының бұйрығы шығарылады;
  • есеп саясатын сапалы жасау үшін жауапты есеп қызметкерлерімен қатар өнім өндіру технологиясын заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы жүйесі ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырылады;
  • есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп объектілерінің тізімі жасалынады;
  • есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, олардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:

- ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет атқару ерекшеліктері;

-  ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;

- акционерлермен өткізілетін жиналыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.

Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.

Есеп саясатының қысқаша мазмұны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте, есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады:

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
  • есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;
  • негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттық көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.

Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің, т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және ұйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.

Айтылғандарға орай, есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмұнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар   талабынан,   сондай-ақ   қаржылық   қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда ұйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.

Сонымен, есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілерінің мазмұны төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжат айналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының хаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, занды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады. Ұйым өзінің бастапқы құжаттары мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде дайындайды. Қаржылық есептілігін, есеп саясатын, есептік мәліметтердің электрондық өңделу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген кезең бойында сақтайды. Мысалы, ол төмендегідей нысанда болуы мүмкін.

 

Кесте 1 Ұйымның құжаттарды сақтауы

Құжаттың атауа

Сақталу мерзімі

1.

Ұйымның қаржылық есептілігі және оған түсіндірме жазбалар:

А. Жылдық

Б. Кварталдық

В. Актілер, қайта  бағалау мен негізгі құралдардың  тозу есебінің ведомостары

 

Ұдайы

5 жыл

5 жыл

2.

Дербес шоттары:

А.Жұмысшылар мен қызметкерлердің

Б.Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алатындардың

 

75 жыл

75 жыл

3.

Есептік (есептік-төлемдік) ведомостар

5 жыл


 

 

 

1-кестенің жалғасы

4.

Электрондық жеткізгіштердегі инвентарлық карточкалар

қызмет ету  мерзімі біткеннен кейін 5 жыл




 

5.

Ақша мен  ТМҚ алуға сенімхаттар (соның ішінде күші жойылған сенімхаттар )

5 жыл

6.

Кепілденген хаттар

кепілдену кезеңі біткеннен кейін 5 жыл

7.

Қосымша бақылау  кітаптары, журналдар, картотекалар, кассалық кітаптар, айналым ведомостары 

5 жыл

8.

Несиелерді  шығындау туралы мәліметтер:

А. Жылдық

Б. Кварталдық

 

5 жыл

3 жыл

9.

Қорлар есебі, еңбекақы мен олардың бөлінуін бақылау, еңбекақы бойынша қарыздар есебі, еңбекақыдан,әлеуметтік сақтандыру қаражаттарынан ұстап қалу, демалыс жәрдемақыларын төлеу, т.б. туралы мәліметтер

5 жыл

10.

Инвентаризация  туралы құжаттар

5 жыл

11.

Жәрдемақы, зейнетақы  төлеу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша еңбекке жарамсыздық  туралы құжаттар

75 жыл

12.

Үкім қағаздары (көшірмелері)

75 жыл

13.

Несиеге алынған  тауарларға тапсырма-міндеттер

5 жыл

14.

Оқу демалыстарын төлеу, салықтар бойынша жеңілдіктер және басқалары бойынша бухгалтерияға тапсырылатын анықтамалар

5 жыл

15.

Дебиторлық  берешек, жетіспеушілік, ұрлау бойынша  құжаттар

5 жыл

16.

Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша құжаттар

15 жыл

17.

Негізгі құралдардың  тозуын қайта бағалау және анықтау  актілері мен ведомостары

15 жыл

Информация о работе Есеп саясаты