Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа
Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А.Фаулики «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.
Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, бухгалтерлік есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның есеп саясатына байланысты.
Бюджеттік есеп
принциптері бойынша, кәсіпорынның
есеп саясаты деп ұйымның
Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек.
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның есеп саясатының мән-мағынасы, сүйенетін принциптері, оны дайындау, құрылуы туралы мәселелері қамтылған.
Тақырыптың
өзектілігі есеп саясатының сауатты
құрылуы кәсіпорын басқармасы мен
бухгалтериясының алдында тұрған маңызды
міндеттердің бірі болып саналатындығында.
Қабылданған есеп саясаты өнімнің
өзіндік құнының
Жұмыстың мақсаты - есеп саясатының кәсіпорынның қаржылық есептілігіне әсерін зерттеу. Мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
-ұйымның есеп саясатының мәні мен бағыттылығының негізін ашу;
-есеп саясатының
қалыптасу реттілігін
-есеп саясатында
қабылданған принциптердің
-есеп саясатында
қабылданған принциптердің
«Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС мақсаты – есеп жүргізудің саясатын таңдап алу критерийлерін және олардың өзгеріске түсуін анықтау, сондай-ақ бухгалтерлік бағалау мен жіберілген қателерді түзету болып табылады. Осы стандарт ұйымның қаржылық қорытынды есебінің маңыздылығын, сенімділігін жоғарылатуға және басқа ұйымдардың қаржылық қорытынды есебімен салыстыруға арналған.
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.
Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап келеді. Әр түрлі құрылымдағы ұйымдардың саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу, т.б. ерекшеліктерін зерделеуі қажет. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімді жолдарын таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының
Сондықтан, әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін, оған әсер етуші факторларды анықтау қажет.
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен оның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып табылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқығын сипаттайды.
Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделей білу керек. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік иелік, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтық принциптері жатады.
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай, есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын, т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда, есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері (мысалға, есеп процедурасының әдіснамалығы) мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген құрылымдағы ұйымдар, құқылы тұлғалар, өзара экономикалық қатынастарға түседі. Олардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларын, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен даярлап беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда есебінен резервтер құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты-қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болады.
Есеп саясатының атқаратын негізгі міндеті – ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, оның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі. Есеп саясатының міндеттері:
-есеп процедуралары
-нәтижелі көрсеткіштерге
есеп өрісінде қолданылған әр
түрлі әдістердің сандық және
сомалық әсер етуінің
-қаржылық қорытынды есеп
сенімділігін арттыру үшін
-ұйымдардың есеп варианттарын
таңдап алу процесінде ұзақ
және ағымдағы активтерді (негізгі
және айналымдағы) бағалаудағы,
-синтетикалық және
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттары әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалып корытылмайды. Көрсетілген есептіліктердің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды немесе қорытылмайды.