Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа
Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38
Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.
2.2 Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру
Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп қағидалары мен оның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары мен атқарушы бухгалтерлер айтылған мәселелер өрісін терең түсіне бермейді.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері есеп саясатының әдіснамалық жекелеген аспектілерінен тұрады.
Төменде іс-тәжірибеде қолданылынатын, бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұны жекелеген объектілер бойынша ашып көрсетілген.
1 мысал. Құны 950000 теңге тұратын, пайдалану мерзімі 5 жыл болып анықталған негізгі құрал пайдалануға берілді. Осы объекті бойынша есептелінген амортизациялық соманы, қалдық құнды және жиынтықталған амортизациялық сомаларды анықтау үшін төмендегі кесте құрылады:
2 кесте Негізгі құралдарға бірқалыпты түзу сызықты амортизация есептеу тәсілі
Жылдар |
Бастапқы кұны |
Бір жылдық амортизация сомасы |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық құн сомасы |
Бірінші |
950000 |
190000 |
190000 |
760000 |
Екінші |
950000 |
190000 |
380000 |
570000 |
Үшінші |
950000 |
190000 |
570000 |
380000 |
Төртінші |
950000 |
190000 |
760000 |
1900000 |
Бесінші |
950000 |
190000 |
950000 |
0 |
Көрсетілген осы тәсіл арқылы амортизациялық сома негізгі құралдардың бастапқы құны және олардың амортизациялық нормасы бойынша осы объектіні пайдалану мерзіміне қарай есептелініп шығарылғандығын көруге болады.
2 мысал. Мына төмендегі көрсеткіштерге қарай негізгі құралдарға шапшаңдату «амортизацияланбаған» қалдықты анықтау немесе қалдықты азайту әдісімен амортизация есептеудің тәсілі 3 кестеде көрсетілді.
3 кесте Қалдықты азайту немесе шапшаңдату тәсілімен амортизацияны есептеу
Жылдар |
Бастапқы құны |
Жылдық амортизациялық сома (Шығындар шотының дебеті) |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық кұн сомасы |
Бірінші |
950000 |
380000 |
380000 |
570000 |
Екінші |
950000 |
228000 |
608000 |
342000 |
Үшінші |
950000 |
136800 |
744800 |
205200 |
Төртінші |
950000 |
82080 |
826880 |
123120 |
Бесінші |
950000 |
73872 |
950000 |
0 |
Жинағы |
X |
123120 |
X |
X |
Шапшаңдату коэффициенті 2-ге тең деп алынып, негізгі құралды жоюдың құны 73872 теңге болып анықталды. Жылдық амортизациялық сома (ЖА) мына формула бойынша аныкталады:
ЖА = Нқ х Ан;
Мұндағы ЖА-жылдық амортизацияның сомасы, НҚ-негізгі құралдардың қалдық сомасы, Ан-амортизациялық норма. Бұдан амортизациялық норма төмендегі формула бойынша анықталады:
Ан = K x 1/Пм
К-шапшаңдату коэффициенті, Пм-негізгі құралдарды пайдаланудың анықталған мерзімі.
Яғни кесте ЖА = Нқ x K/Пм формуласына сай құрылды. Мысалда амортизациялық норма 40% құрады (яғни коэф. 2x1:5). Бұдан бірінші жылғы амортизацияның сомасы 380000 теңге (950000x40%), екінші жылғы - 228000 теңге (570000x40%) және т.с.с.
3 мысал. Төмендегі көрсеткіштерге сай негізгі құралдарға сандық жиынтық және пайдалану мерзіміне қарай амортизацияны есептеу тәсілі.
4 кесте Сандық жиынтық (кумулятивтік) және пайдалану мерзіміне қарай амортизацияны есептеу тәсілі
Жылдар |
Бастапқы құны |
Жылдық амортизация сомасы |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық кұн сомасы |
Бірінші |
950000 |
316700 |
316700 |
633300 |
Екінші |
950000 |
253300 |
570000 |
380000 |
Үшінші |
950000 |
190000 |
760000 |
190000 |
Төртінші |
950000 |
127000 |
887000 |
63000 |
Бесінші |
950000 |
63000 |
950000 |
0 |
Мысалда пайдалану мерзімінің (жылдарының) сандық жиынтығы 15 (1+2+3+4+5) болды. Осының негізінде бір жылдық амортизация 5:15-ке, екінші жылдағы - 4:15-ке, үшінші жылдағы - 3:15 т.с.с. бөлгендегі сомаға тең болып анықталды. Осы тәсілді қолдану нәтижесінде «амортизацияланбаған» сома бойынша қалдық қалмайды.
Негізгі құралдарға өндірілген өнімдер көлеміне қарай пропорционалды тәсілмен амортизацияны есептеу, есепті жылдағы өндірілген натуралды өнімдер (жұмыстар) көлеміне және негізгі құралдардың бастапқы құнының сомасы қатысына пропорционалды негізде, сондай-ақ негізгі құралдар объектісін пайдаланудың барлық мерзіміне қарай есептелінеді.
4 мысал. Бастапқы құны 3000 000 теңге тұратын, нормативтік жүру шақырымы 1 200 мың шақырым болып анықталған жүк машинасына бір жыл ішіндегі жүрген барлық шақырымы 200 мың шақырымды құраған жағдайда, осы жүк машинасына амортизация есептеудің тәсілі төмендегіше болады:
Амортизация = 200 мың км x 3000 000/1200 = 500000 теңге.
4. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының резервін жасау есебінің тәсілі екі тәсілмен жүргізіледі. Олар:
1)негізгі құралдарды толық жөндеуден өткізуге дейінгі жинақталған шығындар сомасы «Алдағы кезең шығындары» шотында жүргізіліп, жөндеу жұмысы толығымен аякталғаннан соң бұл шығындар «Аяқталмаған өндіріс» шотына ауыстырылады.
2)негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының сомасы өндірілген өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны құрамына тікелей жазылып, осы кезеңнің шығындары болып есептелінеді. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының қалдығы осы есепті жылдан келесі есепті жылға көшіріліп отырады. Мұндай жағдайда осы жылдың шығындары көбейіп, алдағы жылдардың түсетін табысының сомасы азайып отырады.
5. Материалдық емес активтер және олардың амортизациясы. Материалдық емес активтер мазмұны және оларды пайдаланудың мерзімі нақтылы объектілер бойынша арнайы құжаттар мен білгір мамандардың тұжырымдамасының нәтижесі бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтерді пайдаланудың нактылы мерзімі анықталмаған жағдайда, арнайы заң актілеріне сәйкес 10 жыл болып белгіленуі мүмкін.
Материалдық емес активтер амортизациясы мына төменде келтірілген тәсілдердің бірімен негізгі құралдарға тән әдістермен бірдей сабақтастықта жүргізіледі:
-материалдық емес активтердің бастапқы құнымен және оларды пайдаланудың мерзіміне қарай өндірілетін өнімдер көлемінің сомасына пропорционалдық тәсілмен тарату.
6. Инвестицияларды
бағалау. Мұнда
екі түрлі тәсіл қолданылады: бастапқы
өзіндік құн немесе нарықтық бағалау тәсілі.
Инвестициялардың өзіндік құны, оларды
сатып алу күнгі ағымдағы нарықтық бағадан
және сатып алуға байланысты жұмсалған
шығындардан (делдалдық сыйақы, қаламақы,
баж салығы, банктің комиссиялық алымы
т.б.) қалыптасады. Инвестицияларға нарықтық
бағаның қолданылуы олардың құнын
реттеу мен нарықтық баға деңгейіне келтіру
үшін ұйымдардың есеп саясатында анықталып
көрсетіледі.
Инвестицияларды ағымдағы құнмен бағалау - баланстағы инвестициялар құнын (құнды қағаздар нарығындағы есеп бойынша) ұдайы реттеп отыру үшін қолданылынады. Инвестициялардың баланстық құнын реттеу (корректура) әсерінен орын алған фактінің сомасы есепті кезең ішіндегі табыстар мен шығындар көлеміне де әсер етеді. Яғни инвестициялар құнын реттеу нәтижесінің сомасы табыстар немесе шығындар көлеміне қосылып немесе азайтылып жазылады.
Есеп тәжірибесінде инвестицияларды бастапқы кезде сатып алғандағы және ағымдағы құнының ең төменгі дәрежесімен бағалау тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл кұнды қағаздар бағамының тез арада төмендеп кетуіне байланысты мүмкін болатын шеккен зиянды тіркеу үшін де қолданылады. Құнды қағаздар бағамының жоғарылауы нәтижесіндегі түскен табыс есепке алынбайды. Алайда, инвестициялардың ағымдағы құны, оларды сатып алудағы құннан артық болған жағдайдағы есепті кезең ішінде сатылған инвестициялар құны табыстар немесе шығындар сомасын өзгертеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау тәсілі. Оларды сатып алу немесе қайта бағалаудағы күнмен есепке алынып, сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Инвестицияларды сатып алу бағасымен бағалау - инвестициялардың бастапқы баланстық құнын өзгертпейтін дәрежеде көрсетіліп, инвестицияларды сатып алуға жұмсалған қосымша шығындар сомасынан тұрады. Инвестицияларды қайта бағалау құнымен бағалау (инвестициялардың әділетті құны) - инвестициялардың есептегі құнын ағымдағы (нарықтық) бағаға келтіру үшін инвестициялардың жеке түрлерін қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын мерзімдік аралықтарда өзгертіп отыруға негізделген. Нақтылы құнымен бағалау тәсілін қолданушы ұйымдар барлық ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудың есебін жасап, қайта бағалау жүргізудің тәртібін инвесторларға хабарлап отыруға міндетті. Әділетті құнмен бағалаудың нәтижесінде қайта бағаланған инвестициялар мен есептегі инвестициялар құнының айырымы шығарылып, әділеттік құн дәлелденеді.
1 мысал. «Асан ж К» ұйымы 1 сәуір 2010 жылы «Дәулет» акционерлік қоғамынан 150000 теңгенің (мүмкін облигация) инвестициясын сатып алды. Оның номиналдық құны 140000 теңге. Осы инвестиция бойынша жылдық табыс алу 7%. Пайыздық сома әр жылы 4 рет төленеді (әр тоқсанда). «Асан ж К» ұйымы 3% инвестицияның құнын алады. Инвестицияны жабу 5 жылдан соң 30 сәуір 2015 жылға белгіленді. Осы мысалдар негізінде төмендегі жазулар жазылады:
Дт «Қаржылық инвестиция» 150000 теңге.
Кт «Есеп айырысу шотындағы ақша» 150000 теңге.
Дт «Берешектердің басқа да қарыздары» 4200 теңге (140000x3:100)
Кт «Қаржылық инвестиция» 500 теңге (150000-140000): (5x4)
Кт «Негізгі қызметке жатпайтын табыс» 3700 теңге (4200-500)
Кт «Берешектердің басқа да қарыздары» 4200 теңге.
«Асан ж К» ұйымының 1 қаңтар 2011 жылға жасаған бухгалтерлік балансында инвестициялар құны 149500 тенгені (150000-500) көрсетеді.
2 мысал. Есепті жыл ішінде «Асан ж К» ұйымы «Дәулет» компаниясынан әркайсысының құны 3700 теңге тұратын 4000 акция және «Дархан» компаниясынан құны 2900 теңге тұратын 3000 акция сатып алды. Есепті жылдың аяғына қарай инвестициялардың нарықтық бағасы өзгерді. «Дәулет» компаниясының 1 акциясының құны 3300, ал «Дархан» компаниясының 1 акциясының құны 3100 тенге болып келісілді (котировка). Осы көрсеткіштерге сай 5 кесте құрылады.
5 кесте «Асан ж К» ұйымының акцияларды сатып алуы бойынша операциялары
Компаниялар |
Акциялар саны |
Акцияларды сатып алу құны |
Бір акцияның нарықтық бағасы, теңге |
Бірінші жылдың аяғындағы барлық акциялардың нарықтық құны, теңге |
Акцияларды сатып алу құны |
«Дәулет» |
4000 |
3700 |
3300 |
13200000 |
14800000 |
«Дархан» |
3000 |
2900 |
3100 |
9300000 |
8700000 |
Барлығы |
Х |
Х |
Х |
22500000 |
23500000 |