Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 09:58, курсовая работа

Описание работы

Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары, бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» атты 8 ХҚЕС-та есеп саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..............................................5
1.1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты........................................................5
1.2. Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар.............9
2. ЕСЕП САЯСАТЫН ТАЛДАУ........................................................................11
2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері..................11
2.2. Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру...................................14
2.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары............................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 374.50 Кб (Скачать)
  • дайын өнімдер;
  • тауарлар;
  • материалдар;
  • аяқталмаған өндіріс.
  1. Орындалған жұмыстар:
  • құрылыс-монтаж;
  • зерттеу-жобалау;
  • геологиялық барлау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • басқалар.
  1. Қызмет көрсету:
  • тасымалдау (жүктерді жеткізу, жолаушыларды тасымалдау);
  • байланыс;
  • коммуналдық және энергетикалық;
  • күзет және қоймалау;
  • жалдағы активтер бойынша (негізгі құралдарды уақытша пайдалану мен иелік ету, интеллектуалды меншік құқылығын көрсету);
  • делдалдық;
  • басқалар.

Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:

1)Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:

  • материалдық емес активтер;
  • негізгі құралдар;
  • инвестициялар;
  • ұзақ мерзімді берешектердің қарызы.

2)Дивидендтер:

- акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар бойынша;

-   басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан;

  • бірлескен қызмет нәтижесінен;

3)Пайыздық түрдегі табыстар:

  • берілген қарыздар мен займдардан;
  • сатылған қарыздардан;
  • басқалардан.

4)Басқа да табыстар:

  • шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым;
  • шаруашылық келісім шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың төлеген айыппұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары;
  • қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай;

- заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер;

- заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден;

  • есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы;
  • басқалардан.

5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалдық құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан, т.б. себептерге сай түскен табыстар).

Есеп саясаты жөніндегі құжатқа түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың (мамандар) жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.

  1. Қарыз каражаттары жөніндегі есеп саясаты. Мұнда қысқа және ұзақ мерзімді займдар сомасын, бухгалтерлік есеп шоттарына жазудың тәртібі, займдарды жабудың мерзімі, есептелінген пайыздар, акция ұстаушыларға белгілі соманы белгілі уакытта төлеу міндеттемесінің қарыздарын жабудың тәртібі көрсетіледі.

14. Салық есебінің саясаты. Салық және салық салымы жөніндегі есеп саясаты төмендегі сұрақтардың маңызын шешуге арналған:

  • пайдаға салынатын салықтың базалық көрсеткішін анықтауға;
  • бюджет алдындағы салықтық міндеттемелердің қалыптасуына;
  • мүліктерді бағалауға;
  • шеккен зиянды салық кезеңдеріне қарай таратуға.

Мұндай жұмыстарды  орындау үшін  ұйымдар  бухгалтериясында арнайы бөлім кұрылып, ол өз қызметіне тән құжаттар үлгісін жасап, салық есебін мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Салық есебіне тән есеп саясатын қалыптастыру барысында салық есебін жүргізудің ұйымдық-техникалық және әдістемелік аспектілері толығымен қаралып, мұндай шаралар Салық Кодексі заңының шеңберінде іске асырылады. Ол үшін:

  • салық есебін ұйымдастырудың тәртібі;
  • есеп ақпараттарын өңдеудің тәртібі;
  • салық есебін жүргізудің әдістері;
  • салық есебінің сенімді жүргізілуіне байланысты басқа да аспектілер толығымен қаралып, есеп саясатында зерделенуі керек.

Сонымен қатар, салық есебін жүргізуге арналған аналитикалык жіктеу мен тіркеу регистрларының үлгісі компьютерлік технологияға салынып, салық есебін өңдеу мен жүргізудің техникалық тәртібі қаралады.

Егер ұйымдар қызмет атқарудың бірнеше түрлерімен айналысатын болса, онда есеп саясатында табыстар мен шығындар өрісіндегі ерекшеліктердің мазмұны әрбір атқарылатын қызметтер бойынша толығымен көрсетіледі. Мұндай жағдайда өнімдер, тауарлар, жұмыстар сатудан түскен табыстардың (шығындар), сондай-ақ сату сыртында түскен табыстардың (шығындар) қалыптасу тәртібін ашып көрсету қажет.

Сонымен қатар, есеп саясатына табыстар мен шығындарды тану, мысалы, табыстарды (шығындарды) есепті кезеңде (салық кезеңінде) тану процесін түскен ақша, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және мүліктік иелік құқымен тікелей байланыстырып қаралады.

Салық есебіне тән табыстар мен шығындарды классификациялық топтарға бөлу принципі бухгалтерлік есепке тән классификациядан ерекше жағдайда болуы мүмкін. Салық есебін жүргізу үлгілерінде (форма) табыстар мен шегерімдер, тұрақты және уақытша айырымдардың тізімі жазылады.

Салық есебі саясаты жөніндегі ақпараттар мен мәліметтер қаржылық қорытынды есеп мазмұнын толық түсінуге бағытталуы қажет.

Есеп саясатының сапалы және оңтайлы әдістерін таңдап алып, тәжірибеде ұтымды жолдармен қолдана білудің маңызы зор. Мұндай шаралар іске асырылған жағдайда ұйымдар қызметінің нәтижесін, олардың қаржылық жағдайын шындық және объективтік тұрғыда бағалау мүмкіндігі қалыптасады.

 

2.3 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары

 

Есеп саясатының мазмұны төмендегі жағдайларда: ұйымның стратегиялық бағыты, қайта құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар, қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі:

  • Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;
  • Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
  • заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);
  • меншік иесі мен жаңа бағыт ұсынған басшылардың өзгеруіне;
  • активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және қаржы нәтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар, ұйымдар қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек.

Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнық сапада сипатталады. Сонымен қатар, есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

Есеп саясаты ұзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, оның маңызы қосымша ережелер, нұсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен «Қаржылық корытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық корытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар мен басқа да ақпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі» делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша түсіндіруге арналған ақпаратты - түсіндірме жазба (пояснительная записка) деп атайды.

Түсіндірме жазба тәуекелділік пен кейбір маңызы толық ашылмаған белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге және ұйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар (пайдалы қазба, байлық) мен міндеттемелер, т.б. мазмұнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп құрамына қосымша түрінде берілетін түсіндірме жазба ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және бухгалтерлік баланстың маңызды баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін болса, онда мұндай фактілер түсіндірме жазбада қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі. 

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында есеп саясатының мазмұнын түсіндірме жазба арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі пайдаланушыларға арналады. Ал ресми мазмұндағы есеп саясаты негізінен сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай, ұйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар белгілеуі керек.

Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың қабылдайтын шешімдерінің қысқаша мазмұны түсіндірме жазбада жазылуы керек. Түсіндірме жазбаның мазмұны жекелеген тараулар мен атауларға бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме жазбада жазылып көрсетілген тараулар мен атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат пен дәрежеде болмасын түсіндірме жазбаны сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды есептің тұнықтылығы мен сапасын жақсартуға аса зор үлес қосуы керек.

Есеп саясаты мен бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме жазба әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме жазба есеп саясатының мазмұнын толық және қысқартылған түрде баяндайды. Қазақстандық есеп әдіснамалары мен нұсқау-ережелерімен таныс емес тұлғалар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен ұйымдар талабын қанағаттандыру мақсатында жасалатын есеп саясатына қосымша берілетін түсіндірме жазба толық түрде жазылуы керек. Қалған жағдайлардың барлығында түсіндірме жазбаның қысқартылған нұсқасын орындап, есеп жүйесінде қолданылған әдістер мен тәсілдердің қысқаша мазмұны мен тізімі қаралады.

Ұйым басшысы  қаржылық есеп бергенде ХҚЕС талаптарына  сай келетіндей есеп саясатын таңдап, оны қолдануы керек. Егер қандай да бір ХҚЕС есеп саясатының екі немесе одан да көбі қарастырылса, және ол варианттың ішінен біреуін қолдану есеп объектісін сол стандарт немесе интерпретация, классификациялауға белгілі топ бойынша есеп саясатының әртүрлі варианттарының қатынасы. Егер қандай да ХҚЕС есеп объектісі белгілі топ бойынша классификациялауға жататын болса, әр топ қатынасына сәйкес есеп саясатын таңдап қолдану керек. Егер операциялардың көрініс тәртібі нақты ХҚЕС-та көрсетілмеген болса, онда басшы қаржылық есеп пайдаланушылары үшін тиімді ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есеп саясатын құруға өз көзқарастарын пайдалану керек:

  1. ХҚЕС талаптары мен әдістемесінің осы сұраққа қатысты болуы;
  2. «ХҚЕС концепциясында» бекітілген активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығындарды қабылдау мен өлшеу сындары;
  3. жоғарыда аталып кеткендерге сәйкес ұйымдардың қарыздары, есеп стандартын орнататын және салалық тәжірибені қабылдау.

Әр кезеңде  бір есеп саясаты қолданады, өйткені  қаржылық есепті пайдаланушылар осы  есептің белгілі уақыт аралығында қаржы есеп мәліметтерін салыстыра  отырып, қаржылық есептің өзгергенін, іс - әрекеттерінің және ақша қаражаттар қозғалысының қаншалықты өзгергенін білу үшін қажет.

Есеп саясатын құру үшін ұйымның қызметі ерекшелігіне қарай басшы бөлімшелер бойынша  бухгалтерлік, қаржылық, заңгерлер  мамандарының ішінен жақсысын таңдай отырып, комиссия құрады. Комиссия активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар мен шығындарға қатысты есеп саясатын құру қажет:

  • бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп құрудың ең тиімді тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды анықтау, талдау және бағалау қажет.
  • есеп саясатының құрылған жағдайын түсіндіру.
  • басшының бөлек бұйрықтарымен құралатын құжат айналымының схемасын, жиналыс шешімдерін, жағдайын және инструкциясын жетілдіру.

Информация о работе Есеп саясаты