Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:59, реферат
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Есеп саясаты мен бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме хат әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме хат есеп саясатының мазмұнын толық және кысқартылған түрде баяндайды. Қазақстандық есеп әдіснамалары мен нұсқау-ережелерімен таныс емес тұлғалар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен ұйымдар талабын қанағаттандыру мақсатында жасалатын есеп саясатына қосымша берілетін түсіндірме хат толық түрде жазылуы керек. Қалған жағдайлардың барлығында түсіндірме хаттың қысқартылған вариантын орындап, есеп жүйесінде қолданылған әдістер мен тәсілдердің қысқаша мазмұны мен тізімі қаралады.
Қорытынды
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бүйрықтарын, хаттарын т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері (мысалға, есеп процедурасынын әдіснамалығы) мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржыльщ жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерш есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалык процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.
Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн. Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
- нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді (негізгі және айналымдағы) бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану т.б.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мүның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және үйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылык және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қоланылынады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.
Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады. Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.
Бірінші, «жоғарыдан» реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші, «төменнен» реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялык ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты - арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.
Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.
Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы үйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне (мысалы, өндірістік үрдістің үлғаюы, базарлы саудаға түсу, жаңа өнімдер өндіру технологиясы) тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялык процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне (мысалға ұзақ мерзімге ұтымды жасалған жалдау процесі, пайда мен ақша қаражатының көбеюі) әсер етеді. Сонымен қатар жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.