Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:59, реферат

Описание работы

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Содержание

Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Есеп саясат.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

12. Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатының мазмұнында негізгі қызметтен және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек.

Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:

1)              Тауарлы-материалды босалқылар:

-  дайын өнімдер;             
              -тауарлар;             

-  материалдар;

-  аяқталмаған өндіріс.

2)              Орындалған жұмыстар:

-  құрылыс-монтаж;

-  зерттеу-жобалау;       

-  геологиялық барлау;             

-  ғылыми-зерттеу;             

-  басқалар.

3)              Қызмет көрсету:             

-  тасымалдау (жүктерді жеткізу, жолаушыларды тасымалдау ж.б.);

-  байланыс;             

- коммуналды және энергетикалық;

- күзет және қоймалау;

- жалдағы активтер бойынша (негізгі қүралдарды уақытша пайдалану мен  иелік ету,  интеллектуалды меншік құқылығын көрсету);

- делдалдық;

- басқалар.

Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:

1). Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:

- материалды емес активтер;

- негізгі құралдар;

- инвестициялар;

- ұзақ мерзімді берешектердің қарызын.

2)              Дивиденттер:

- акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар бойынша;

- басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан;

- бірлескен қызмет нәтижесінен;

3)              Пайыздық түрдегі табыстар:

- берілген қарыздар мен займдардан;

- сатылған қарыздардан;

- басқалардан.

4)              Басқада табыстар:

- шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым;

- шаруашылық келісім-шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың       төленген айып-пұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары;

- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай;

- заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер;

- заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден;

-  есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы;             

-  басқалардан.

5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар).

Есеп саясаты жөніндегі құжатка түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың (мамандар) жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.

13.  Қарыз каражаттары жөніндегі есеп саясаты. Мұнда қысқа және ұзақ мерзімді займдар сомасын, бухгалтерлік есеп счеттарына жазудың тәртібі, займдарды жабудың мерзімі, есептелінген пайыздар, акция ұстаушыларға белгілі соманы
белгілі уақытта төлеу міндеттемесінің қарыздарын жабудың тәртібі көрсетіледі.

14.  Салық есебінің саясаты. Салық және салық салымы жөніндегі есеп саясаты мына төмендегі сұрақтардың маңызын шешуге арналған:

-   пайдаға салынатын салықтың базалық көрсеткішін анықтауға;

-   бюджет   алдындағы   салықтық   міндеттемелердің қалыптасуына;

-   мүліктерді бағалауға;

-              шеккен зиянды салық кезеңдеріне қарай таратуға.
Мұндай      жүмыстарды      орындау      үшін      ұйымдар бухгалтериясында арнайы бөлім кұрылып, бұл бөлім өз қызметіне тән кұжаттар үлгісін жасап, салық есебін мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Салық есебіне тән есеп саясатын қалыптастыру барысында салық есебін жүргізудің  ұйымдық-техникалық және әдістемелік аспектілері толығымен қаралып, мұндай шаралар Салық Кодексі заңының шеңберінде іске асырылады. Мұның үшін:

-  салық есебін ұйымдастырудың тәртібі;

-  есеп ақпараттарын өңдеудің тәртібі;

-  салық есебін жүргізудің әдістері;

-  салық есебінің сеншді жүргізілуше байланысты басқа да аспектілер толығымен қаралып, есеп саясатында зерделенуі керек.

Сонымен қатар салық есебін жүргізуге арналған аналитикалык жіктеу мен тіркеу регистрларының үлгісі компьютерлік технологияға салынып, салық есебін өңдеу мен жүргізудің техникалық тәртібі қаралады.

Егер ұйымдар қызмет атқарудың бірнеше түрлерімен айналысатын болса, онда есеп саясатында табыстар мен шығындар өрісіндегі ерекшеліктердің мазмүны әрбір атқарылатын қызметтер бойынша толығымен көрсетіледі. Мұндай жағдайда өнімдер, тауарлар, жұмыстар сатудан түскен табыстардың (шығындар), сондай-ақ сату сыртында түскен табыстардың (шығындар) қалыптасу тәртібін ашып көрсеткен жөн.

Сонымен қатар есеп саясатына табыстар мен шығындарды тану, мысалы, табыстарды (шығындарды) есепті кезеңде (салық кезеңінде) тану процесін түскен ақша, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және мүліктік иелік құқымен тікелей байланыстырып қараған жөн.

Салық есебіне тән табыстар мен шығындарды классификациялық топтарға бөлу принципі бухгалтерлік есепке тән классификациядан ерекше жағдайда болуы мүмкін. Салық есебін жүргізу үлгілерінде (форма) табыстар мен шегерімдер, тұрақты және уақтылы айырымдардың тізімі жазылады.

Салық есебі саясаты жөніндегі ақпараттар мен мәліметтер қаржылық қорытынды есеп мазмұнын толық түсінуге бағытталуы қажет.

Есеп саясатының сапалы және оңтайлы әдістерін таңдап алып, тәжірибеде ұтымды жолдармен қолдана білудің маңызы зор.

Мұндай шаралар іске асырылған жағдайда ұйымдар қызметінің нәтижесін, бұлардың қаржылық жағдайын шындық және объективтік тұрғыда бағалау мүмкіндігі қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

        

         2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері

 

2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері

 

Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:

- арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндеті;

- есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін    мазмұнда    ұйым    басшысының    бұйрығы
шығарылады;

- есеп  саясатын  сапалы  жасау үшін  жауапты  есеп қызметкерлері мен қатар өнім өндіру технологиясын заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы жүйесі
ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырыл ады;

- есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті   құжаттар   мен   есеп   объектілерінің  тізімі жасалынады;

- есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.

Есеп саясатының үйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:

-              ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет атқару ерекшеліктері;

- ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;

-              акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.

Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.

Есеп саясатының қысқаша мазмүны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:

- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

- есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;

- негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.

Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және үйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.

Айтылғандарға орай есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмүнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда үйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім-шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.

Сонымен есеп саясатының ұйымдык және техникалық аспектілерінің мазмүны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.

Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.

 

 

 

2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

 

Есеп саясатының мазмұны мына төмендегі жағдайларда: ұйымның стратегиялық бағыты, мұның қайта құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі:

-   Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;

-   Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;

-   заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);

-   меншік иесі мен жаңа бағыт үсынған басшылардың өзгеруіне;

-   активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және каржы нэтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар ұйымдар қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек.

Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық және бухгалтерлік корытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнык сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

Есеп саясаты үзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, мүның маңызы қосымша ережелер, нүсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар мен басқа да ақпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі» делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша түсіндіруге арналған ақпаратты - түсіндірме хат (пояснительная записка) деп атайды.

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге және үйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар (пайдалы қазба байлық) мен міндеттемелер т.б. мазмүнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп күрамына қосымша түрінде берілетін түсіндірме хат ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және бухгалтерлік баланстың маңызды баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылык және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі.

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында есеп саясатының мазмұнын түсіндірме хат арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі падаланушыларға арналады. Ал ресми мазмұндағы есеп саясаты негізінен сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай үйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар белгілеуі керек.

Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың қабылдайтын шешімдерінің қысқаша мазмұны түсіндірме хатта жазылуы керек. Түсіндірме хаттың мазмұны жекелеген тараулар мен атауларға бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме хатта жазылып көрсетілген тараулар мен атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы немесе бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат пен дәрежеде болмасын түсіндірме хатты сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды есептің тұнықтылығы мен сапасын жақсартуға аса зор үлес қосуы керек.

Информация о работе Есеп саясаты