Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:59, реферат
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.
Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары ұйымдар қызметінің барлық объектілері деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар заң актілеріне қайшы келмейтін бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» стандартының 2-ші тарауындағы 19-шы бапта қаралған.
Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.
Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады:
- шаруашылык операциялары мазмұнын экономикалық тұрғыда топтастыру;
- бухгалтерлер арасында атқаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп счеттарын қолданудың тәртібін белгілеу;
- құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;
- түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері.
Қысқасы ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлык процестерін қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын қалыптастыруға жауапты екендігін тағы да қайталаймыз. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.
Есеп түрлерін бөліп қарау мен бұлардың көптігі (оперативтік, бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық, салық, статистика) барынша жоғары дәрежеде есеп ақпараттарын пайдаланушы әр түрлі топтарының мүддесін, есеп саясатын жасау мен қалыптастыру арқылы қанағаттандыру болып табылады.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері есеп саясатының әдіснамалық жекелеген аспектілерінен тұрады.
Төменде іс-тәжірибеде қолданылынатын, бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұнын жекелеген объектілер бойынша ашып көрсетуді мақсат тұттық.
1. Негізгі кұралдарды бағалау мен бұларға амортизация есептеу. Есеп саясатының осы объектісі бойынша түгелімен тозған, пайдалануға жарамайтын негізгі құралдарды бағалаудың әдісін таңдап алу керек. Түгелімен тозған негізгі құралдарға тән бағалау
әдісін қолданудың мақсаты, бүларды қайта жөндеп, алдағы уақытта пайдалану мүмкіндігін анықтауға байланысты. Тозған негізгі құралдарды бағалап, бүлардың құнын анықтаған кезде амортизациялық сомалар мен салық салу базасы көбейеді. Түгелімен тозған негізгі қүралдарды бағалау кезінде мына әдістердің бірі: ағымдағы нарықтық бағамен бағалау немесе жою құнымен бағалау колданылынады.
2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өткізу әдісі. Есеп тәжірибесінде индекстік және тікелей бағалау әдістері қолданылынады. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік баланс сомасы да өзгертіліп, негізгі құралдар күнын барынша дәлдікке келтіріледі. Негізгі құралдар құнын жоғарылатудың әсерінен есепті жылдың шығындары (амортизациялық соманың көбеюі есебінен) көбейіп, тиесінше таза пайданың көлемі азайтылады, сондай-ақ баланстық сома мен төленбеген капитал сомалары да көбейіп отырады. Негізгі құралдар құнын төмендетудің әсерінен есепті жылдың шығындары да азайып, баланстық сома мен салық салу базасының сомалары да азайып отырады.
3. Негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу тәсілдері бірқалыпты түзу сызықты, өндірістік, құнын шапшаңдатып есептен шығару (бұл тәсіл қалдығын азайту және комулятивтік тәсілдерді қолданудан тұрады) тәсілдерін қолданудан тұрады. Негізгі құралдардың тозуы нәтижесін көрсететін есептелінген амортизациялық сома есепті жылдың шығындарын (өнім өндірудегі өндірістік шығындарды және кезеңдік шығындарды) көбейтіп, табыс көлемі мен баланс сомасын азайтады.
Мысалдар келтіріп, жоғарыда айтылғандарды дәлелделік.
1-ші мысал Құны 950000 теңге тұратын, пайдалану мерзімі 5 жыл болып анықталған негізгі құрал пайдалануға берілді. Осы объекті бойынша есептелінген амортизациялық соманы, қалдық құнды және жиынтықталған амортизациялық сомаларды анықтау үшін төмендегі кестені құрамыз:
8.1. кесте
Негізгі құралдарға бірқалыпты түзу сызықты амортизация есептеу тәсілі
Жылдар | Бастапқы құны | Бір жылдық амортизация сомасы | Жинақталған амортизация сомасы | Қалдық құн сомасы |
Бірінші Екінші Үшінші Төртінші Бесінші | 950000 950000 950000 950000 950000 | 190000 190000 190000 190000 190000 | 190000 380000 570000 760000 950000 | 760000 570000 380000 1900000 0 |
Көрсетілген осы тәсіл арқылы амортизациялық сома негізгі құралдардың бастапқы құны және бұлардың амортизациялық нормасы бойынша осы объектіні пайдалану мерзіміне қарай есептелініп шығарылғандығын көруге болады.
2-ші мысал Мына төмендегі көрсеткіштерге қарай негізгі құралдарға шапшаңдату «амортизацияланбаған» қалдықты анықтау немесе қалдықты азайту әдісімен амортизация есептеудің тәсілі 8.2. кестеде көрсетілді.
8.2 кесте
Қалдықты азайту немесе шапшаңдату тәсілімен амортизацияны есептеу
Жылдар | Бастапқы құны | Жылдық амортизациялық сома (Шығындар счетының дебеті) | Жинақталған амортизация сомасы | Қалдық кұн сомасы |
Бірінші Екінші Үшшші Төртінші Бесінші Жинағы | 950000 950000 950000 950000 950000 X | 380000 228000 136800 82080 73872 123120 | 380000 608000 744800 826880 950000 X | 570000 342000 205200 123120 0 X |
Мұның үшін шапшаңдату коэффициентін 2-ге тең деп алып, негізгі құралды жоюдың құны 73872 теңге болып анықталды. Жылдық амортизациялық сома (ЖА) мына формула бойынша анықталады:
ЖА = Нқ х Ан;
Мұндағы ЖА - жылдық амортизацияның сомасы; НҚ - негізгі құралдардың қалдық сомасы; Ан - амортизациялық норма.
Бүдан амортизациялык норма төмендегі формула бойынша анықталады.
Мұндағы Ан - амортизациялық норма; К - шапшаңдату коэффициенті; Пм- негізгі құралдарды пайдаланудың анықталған мерзімі.
Яғни, ЖА = НҚ х формуласына сай 8.2 кестенің құрылғандығын көреміз.
Біздің мысалымызда амортизациялық норма 40% қүрады (яғни коэф. 2x1:5). Бұдан бірінші жылғы амортизацияның сомасы 380000 теңге (950000x40%); екінші жылғы - 228000 теңге (570000x40%) ж.т.с.с.
3-ші мысал Мына төмендегі көрсеткіштерге сай негізгі құралдарға сандық жиынтық және пайдалану мерзіміне қарай амортизацияны есептеу тәсілі (8.3 кесте).
8.3 кесте
Сандық жиынтық (кумулятивтік) және пайдалану мерзіміне қарай амортизацияны есептеу тәсілі
Жылдар | Бастапқы Құны | Жылдық амортизациялық сома | Жинақталған амортизация сомасы | Қалдық құн сомасы |
Бірінші Екінші Үшінші Төртінші Бесшші | 950000 950000 950000 950000 950000 | 316700 253300 190000 127000 63000 | 316700 570000 760000 887000 950000 | 633300 380000 190000 63000 0 |
Біздің мысалымызда пайдалану мерзімінің (жылдарының) сандық жиынтығы 15 (1+2+3+4+5) болды. Мұның негізінде бір жылдық амортизация 5:15-ке, екінші жылдағы - 4:15-ке, үшінші жылдағы - 3:15 т.с.с. бөлгендегі сомаға тең болып анықталды. Осы тәсілді қолдану нәтижесінде «амортизацияланбаған» сома бойынша қалдық қалмайды.
Негізгі құралдарға өндірілген өнімдер көлеміне қарай пропорционалды тәсілмен амортизацияны есептеу, есепті жылдағы өндірілген натуралды өнімдер (жұмыстар) көлеміне және негізгі құралдардың бастапқы құнының сомасы қатысына пропорционалды негізде, сондай-ақ негізгі құралдар объектісін пайдаланудың барлық мерзіміне қарай есептелінеді.
4-ші мысал. Бастапқы құны 3000 000 теңге тұратын, нормативтік жүру шақырымы 1 200 мың шақырым болып анықталған жүк машинасына бір жыл ішіндегі жүрген барлық шақырымы 200 мың шақырымды құраған жағдайда, осы жүк машинасына амортизация есептеудің тәсілі төмендегіше болады.
4. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының резервін жасау есебінің тәсілі екі тәсілмен жүргізіледі. Олар:
1) Негізгі құралдарды толық жөндеуден өткізуге дейінгі жинақталған шығындар сомасы «Алдағы кезең шығындары» счетында кіргізіліп, жөндеу жұмысы толығымен аяқталғаннан соң бұл шығындар «Аяқталмаған өндіріс» счетына ауыстырылады.
2) Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының сомасы өндірілген өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны құрамына тікелей жазылып, осы кезеңнің шығындары болып есептелінеді. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының қалдығы осы есепті жылдан келесі есепті жылға көшіріліп отырады. Мұндай жағдайда осы жылдың шығындары көбейіп, алдағы жылдардың түсетін табысының сомасы азайып отырады.
5. Материалды емес активтер және бұлардың амортизациясы. Материалды активтер мазмұны және бұларды пайдаланудың мерзімі нақтылы объектілер бойынша арнайы құжаттар мен білгір мамандардың тұжырымдамасының нәтижесі
бойынша анықталады. Егер материалды емес активтерді пайдаланудың нақтылы мерзімі анықталмаған жағдайда, арнайы заң актілеріне сәйкес 10 жыл болып белгіленуі мүмкін.
Материалды емес активтер амортизациясы мына төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
- материалды емес активтердің бастапқы құны және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай бірқалыпты түзу сызықты тәсілмен;
- материалды емес активтердің баланстық қалдық құнымен және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай қалдықты азайту тәсілімен;