Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:59, реферат
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ЛИФО әдісі
Ай-күні | Түскені, теңге | Сатылғаны, теңге | Қалдығы, теңге |
1 сәуір | - | - | 400 х 15 = 6000 |
5 сәуір | 300 х 17=5100 | - | 400 х 15 = 6000 300x17 = 5100 |
7 сәуір | - | 100 х 15= 1500 100 х 17= 1700 | 500 х 15 = 7500 |
1 5 сәуір | 400 х 13 = 5200 | - | 500 х 15 = 7500 400x13 = 5200 |
18 сөуір | - | 300x13 = 3900 | 500x15 = 7500 100x13= 1300 |
24 сәуір | 100x12=1200 |
| 500x15 = 7500 100x13=1300 100x12= 1200 |
Жинағы | - | 7100теңге | 10000 теңге |
ТМБ-ны бағалау әдістерін өзара салыстыру
Әдістер | Сатылғаны, теңге | Қалдығы, теңге | |
Орташа баға | 7560 | 9960 | |
Фифо әдісі | 7500 | 9000 | |
Лифо әдісі | 7100 | 10000 |
Салыстыру нәтижесінен, біздер бағаның өсуі жағдайында ФИФО әдісін қолдануда табыс сомасы көбейетіндігін, ал ЛИФО әдісі табыстың азаюын, сондай-ақ, біздер өзіндік құнаралық орта көрсеткіштері көрсететшдігін көрдік.
8. Өндірістік шығындар есебі және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау. Ұйымның өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдап алуы технологиялық және ұйымдық құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру және калькуляциялау жүйесінде әр түрлі тәсілдерден тұратын әдістер қолданылады.
Өндірістік шығындар және өндірілген өншнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін мына төмендегі әдістер қолданылады:
- процестер;
- тапсырыстар;
- нормативтік әдістер. Бұл әдістер - көп тараған және жиі қолданылатын әдістер.
Процестер бойынша қолданылатын әдіс мына төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:
- қысқа өндірістік циклдағы;
- шектелген номенклатурадағы өнімдер өндіруші өндірісте;
- көптеген жылдар бойы біртекті өнімдер өндіру өндірісінде;
- аяқталмаған өндіріс болмайтын өндірісте;
- есеп объектілері өте аз өндірісте;
- шығын объектілері мен өзіндік құн калькуляциялаушы
объектілер өзара сәйкес болған жағдайда.
Процестер бойынша қолданылатын әдіс негізінен тау-кен өндірісі, газ, мұнай, энергетика салаларындағы үйымдарда қолданылады. Осы салалардағы өндірісте өндірістік шығындар есебі бүтіндей ұйым қызметінің көлемінде немесе өндірістік процестер бойынша жүргізіледі.
Мысалы, қазып шығарушы өнеркәсіп саласында жұмыстар мен шығындар циклы жекелеген процестерден (бұрғылау, тазалау, экскаваторлау) тұрады. Осы ерекшеліктерге қарай қосымша бақылау мақсатында әрбір өндірістік цикядағы жүмсалған шығындарды есептеу технологияльщ ерекшеліктер мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізін құрайды.
Тапсырыстар бойынша қолданылатын әдіс мына төмендегі ерекшеліктері бар өндірісте қолданылады:
- ұзақ циклды;
- көп номенклатурадағы өнімдер өндіру;
- жекелеген сипаттағы өнімдер өндіруші (бүйымдар жәнг жеке тапсырыстағы жұмыстар орындау);
- көп үлес салмақтағы қолмен істелетін жүмыстар атқарушы;
- тапсырыстық негізге сай келетін шығындар объектілері мен калькуляциялау объектілері бірдей болатын жағдайда;
- шығындарды тапсырыстар бойынша топтастырушы өндірістерде.
Тапсырыстар бойынша жүргізілетін өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаушы тапсырыстық әдіс жеке және уақ сериялы өндірісте қолданылады. Тапсырыстық әдіспен қызмет атқаратын салаларға жөндеу, монтаждау, кеме жасау, эксперименталдық өндіріс, ұшақ жасау, баспаханалар т.с.с. өндірістер жатады. Тапсырыстық әдіспен жұмыс істеуші ұйымдарда есеп және калькуляциялау объектісінің негізі қабылдап алған тапсырысқа тікелей байланысты болады. Тапсырыстар ашу тапсырыс берушілермен жасалған келісім шартқа байланысты ашылады.
Тапсырыстардың нақтылы өзіндік құны орындалатын тапсырысты ашқан күннен бастап тапсырыстың орындалғанға немесе жабылғанға дейінгі жұмсалған барлық шығындар сомасының жинағымен анықталады. Тапсырыстарды орындауға дейінгі жұмсалған шығындар есепті осы жылдан келесі жылға көшірілсе, онда мұндай шығындар аяқталмаған өндіріс болып танылады.
Нормативтік әдіс бойынша өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калъкуляциялау әдісі. Бұл әдіс кез келген өндірісте қолданылып, төмендегі сипатта болады:
- қысқа циклды өндіріс;
- көп санды және көп номенклатурадағы өнімдер өндіру;
- көп санды есеп объектілері бар өндірісте;
- шығындар объектілері мен ендірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаушы объектілер сәйкес келмейтін өндірісте;
- аяқталмаған өндіріс.
Номативтік әдіс негізінен көп сериялы, көп массалы және күрделі өндірістік сипаттағы ұйымдарда жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құнының қалыптасуын күнделікті байқап, дер кезінде жағымсыз факторлардың болмауын қадағалауға болады.
Нормативтік әдістің ең негізгі принципі - шығындар деңгейін бірқалыпты тексеріп отыру. Тексеру арқылы шығындардың нормативтік деңгейінен ауытқымауы қадағаланады. Өндірілген өнімдердің нормативтік өзіндік құн калькуляциясын жасау шығындардың технико-экономикалық нормасының деңгейіне байланысты болады. Нормативтік калькуляция калькуляциялық объектілер бойынша есептелінеді. Технологиялық нормалар прогрессивті технологиялардың және өндірістік процесті тиімді ұйымдастыруға байланысты қайта қаралып отырады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық шығындар екі вариантпен — жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз әдіспен жинақталады1 . Бұл варианттар өндірістік шығындарды жинақтау тұрғысынан қарағанда шығындардың баптары және бұларды шығындар объектілері бойынша бөлшектеп көрсетуге арналған.
Жартылай фабрикатты әдіс жекелеген ауыспалы кезеңдер бойынша өңделген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға арналған әдіс. Жартылай фабрикатты әдіс кезеңдік технологиямен өндірілетін өнімдерге жұмсалған шығындар есебі мен бұлардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін «Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер (фабрикаттар)» счеты белгіленген.
Кейбір өндірісте бір мағынадағы фабрикаттар әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, тоқыма өнеркәсібіндегі иірілген жіп, жүн маталарын өндіруге жұмсалуы және сыртқа сатылуы мүмкін. Жиһаз өндіру өнеркәсібінде бір пішімдегі тақтайлы жиһаздар әр түрлерін (орындықтар, төсектер, шкафтар т.с.с.) өндіруге жұмсалса, мүның белгілі бір бөлігі сатылуы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын жартылай фабрикатты әдісті шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолдануға болады. Ұйымдар бухгалтертериясында жүргізілетін синтетикалық счеттарда дайын өнімдер мен бұлардың қозғалысы, сондай-ақ өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар есебі тіркеледі.
Жартылай фабрикатсыз әдіс. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір стадиясынан екінші (басқа) стадиясына ауыстырылып отырылуына байланысты шығындарды ауыспалы кезеңдер бойынша есептеуге арналған әдіс.
Жартылай фабрикаттар қозғалысы тек қана сандық өлшеммен өлшеніп, бұлардың өзіндік құны калькуляцияланбайды. Калькуляциялауға цехтар ішінде жинақталған шығындар сомасының негізінде дайындалған дайын өнімдер ғана жатады.
Ұйымдар бухгалтериясындағы синтетикалық счеттарда тек қана дайын өнімдер қозғалысының есебі, ал әр стадиялар ішіндегі өндірілген өнімдер есебі тек қана оперативтік тәртіппен есепке
1 «Фабрикат» (латын) термині өнеркәсште толығымен өндірілген, кайта өңдеуді қажет етпейтін дайын өнімдерді сипаттайды алынып, бұлар бухгалтерлік есеп счеттарына тіркелмейді. Яғни жартылай фабрикатсыз әдіс әр стадиялар бойынша сандық есеп жүргізуге арналған.
Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау әдістері. Өндірістік шығындар есебін жүргізу және өндірілген өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктеріне қарай мына төмендегі әдістер өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін қолданылады:
- тікелей есептеу;
- коэффициенттік калькуляциялау;
- нормативтік калькуляциялау;
- шығындарды сомалау;
- аралас калькуляциялау әдістері.
Жоғарыда келтірілген әдістер өзіндік құн шығару әдіснамаларына қарай бір-бірінен айрықша жағдайда қаралады. Әрбір әдістердің өздеріне тән белгілі дәрежедегі күрделілігі және алынған нәтиженің сенімділік дәрежесі сипатталады.
Тікелей есептеу әдісін қолдану аркылы өнімдер әндіруге жұмсалған барлық шығындар сомасын өндірілген өнімдердің натуралды көлеміне бөліп, өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өндірілген өнімнің нақтылы өзіндік құны мына формула бойынша шығарылады:
Өқ= Жш : Нс, Мұндағы: Өк - өнімнің өзіндік құны;
Жш - жұмсалған барлық шығындар;
Нс - өндірілген өнімдердің натуралды саны;
Мысал. Тау-кен өндірісі саласындағы ұйым бір ғана өнімнің түрін өндіреді. Өнімнің аталуы - темір рудасы. Есепті ай ішінде 40 тонна темір рудасы өндірілді (шартты цифрлар). Жұмсалған барлық шығындардың сомасы - 40000 теңге. Бір тонна өндірілген темір рудасының өзіндік құны
40000 : 40 = 1000 теңге.
Коэффициенттік калькуляциялау әдісі бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құны арнайы коэффициенттерді қолдану жолдарымен есептелінеді. Коэффициенттер құрудың негізі мына төмендегі базистік көрсеткіштерден тұруы мүмкін:
- бір өлшемдегі өнімнің нормативтік өзіндік құны;
- өнімнің сметалық ставкасы;