Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:59, реферат
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
- өнімді жөнелтудегі (босатудағы) баға;
- басқалары.
Мысал. Ағаш тілу зауытында дайындалған қарағайдан әр түрлі сорттағы: екі шеті тілінген тақтай, тілінбеген тақтай және кесінді тақтайлар дайындалады. Коэффициент анықтаудың негізіне өнімдерді жөнелтудегі баға алынған. Екі жағы тілінген тақтайдың 1 куб.м - 1200 теңге, тілінбеген тақтайдың 1 куб.м - 960 теңге, кесінді тақтайдың 1 куб.м - 600 теңге бағаланған.
Есепті ай ішінде осы зауыт ағаш тілуден 20000 куб.м екі жағы тілінген тақтай, 15000 куб.м тілінбеген тақтай және 5000 куб.м кесінді тақтай алды.
Өндірілген барлық өнімдерге жұмсалған шығындар 3450000 теңге болып анықталды.
Коэффициенттік негіз құрау үшін екі жағы тілінген тақтайды шартты өлшемге аламыз.
Сонда: 1) екі жағы тілінген тақтай (1200:1200)..........
2) тілінбеген тақтай (960:120) .................0,8
3) кесінді тақтай (600:120).....................
Осы мәліметтер негізінде өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялауға арналған есептеулер төмендегі 8.5 кестеде көрсетіледі.
8.5 кесте
Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын калькуляциялау
Өнімдердің аталуы | Саны Куб.м | Коэффи-циенттер | Шартты өнімдердің саны куб.м | Жекеленген өнімдердін өзіндік құны тенге |
Екі жағы тілінген тақтай | 20000 | 1. | 20000 | ? |
Тілінбеген тақтай | 15000 | 0,8 | 12000 | ? |
Кесінді тақтай | 5000 | 0,5 | 2500 | ? |
Жинағы | X | X | 34500 | 3450000 |
Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге қарағанда тілінген ағаш материалдарының шартты саны - 34500 куб.м. Бұл көрсеткіш материалдардың шартты санының өзіндік құнын шығаруға қолданылады. Мұның үшін өнімнің барлығын өндіруге жұмсалған шығындар сомасын (3450000 теңге) коэффициенттер қолдану арқылы жинақталған шартты өнімнің санына бөлеміз. Яғни шартты өнім «екі жағы тілінген тақтайдың» 1 куб.м. өзіндік құн 100 теңгеге тең екендігін (3450000:34500=100) есептедік. Ендігі жерде «екі жағы тілінген тақтай», «тілінбеген тақтай» және «кесінді тақтайдың» өзіндік құнын есептейміз. Ол үшін:
1) екі жағы тілінген тақтай (20000 куб.м х 100)=2000000 теңге,
2) тілінбеген тақтай (15000 куб.м. х 0,8) = 1200 000 теңге,
3) кесінді тақтай (5000 куб.м. х 0,5) = 250000 теңге,
Барлық жинағы 3450000 теңге - деп, жұмсалған шығындар
сомасын тілінген ағаштың әрбір сортына тараттық. Қажет болған жағдайда әрбір жекелеген сорттағы ағаш материалдарының 1 куб.м. өзіндік құнын төмендегіше есептеп шығаруға болады:
1) 20000000 : 20000 =100 теңге екі жағы тілінген тақтай;
2) 1200000 : 15000 = 80 теңге тілінбеген тақтай;
3) 250000 : 5000 = 50 теңге кесінді тақтайдың өзіндік кұны.
Нормативтік калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс өндірістік
шығындар мен өнімнің өзіндік құнын нормативтік мөлшер мен деңгейде есептейтін ұйымдар қызметіне арналған. Мұндай ұйымдар өнім шығару жоспарында қаралған және есепті жыл ішінде нормадан ауытқушылық факторлар мен өзгерістерді есепке алып отырады. Нормативтік калькуляция әдісі бойынша бүтіндей бұйымның өзіндік құны анықталады.
Мысал. 2004 жылдың сәуір айында машина жасау зауыты 110 желдеткіштер өндірді. Осы өнімнің өзіндік құнын нормативтік әдіспен калькуляциялау үшін 8.6 кестені құрамыз.
8.6. кесте
2004 жылы сәуір айында өндірілген желдеткіштердің өзіндік құнын нормативтік калькуляциялау әдісі бойынша есептеу.
Көрсеткіштер
Калькуляциялық баптар | Шығындар | Желдеткіштің өзіндік құны | Бір дана желдеткіштің жоспарлы кұны | |||
Норма бойынша | Өзгеріс | Нормадан ауытқу | Жинағы | |||
Негізгі материалдар | 74470 | 680 | +2 | -5 | 677 | 685 |
Сатылып алынған жартылай фабрикаттар | 9130 | 83 |
|
| 83 | 84 |
Қызметтер | 4180 | 38 | + 1 | -1 | 38 | 39 |
Қалдықтар | -330 | 3 | - | - | 3 | 39 |
Материалдар жинағы (қалдықсыз) | 87450 | 798 | +3 | -6 | 795 | 805 |
Еңбек ақы | 20570 | 181 | +1 | +5 | 187 | 190 |
Басқа да өндірістік шығындар | 4510 | 45 | -11 | -5 | 41 | 46 |
Жалпы өндірістік шығындар | 17710 | 159 | +3 | -1 | 161 | 159 |
Ақаулық шығындар | 440 | - | - | +4 | 4 | - |
Өндірістік өзіндік кұн | 130680 | 1183 | +8 | -3 | 1188 | 1200 |
Осы есептеулердің нәтижесінде өндірілген бір бұйымның нақтылы өзіндік құны - 1188 теңге екендігін және нормада көрсетілген 1183 теңгеден + 8, - 3 теңге ауытқығандығын көрдік. Егер осы бұйымның жоспарлы құны 1200 теңге болып жоспарланса, онда 17 теңгеге нормативтік мөлшерден артық болғандығын да көріп отырмыз.
Аралас калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс тікелей калькуляциялау және коэффициенттік калькуляциялау әдістерінің тәсілдерін біріктірген тұрғыда - өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеуге арналған.
Жанама шығындарды тарату тәсілдері:
- еңбек ақы шығындары көлеміне;
- тікелей шығындар көлеміне;
- жұмысшылардың істеген адам-сағаты санына;
- басқа да көрсеткіштерге пропорционалды жолдармен таратылады.
Жанама шығындарды өз мазмұнына карай тарату процесі өиімдердің езіндік құнын калькуляциялаудың сенімділігін, сондай-ак бұлардың қандай калькуляция объектілеріне жататындығын қамтамасыз етуі керек.
Мысал Ұйым әр түрлі тапсырыс дайындаумен айналысады. Таратылатын жанама шығындар 30639 теңге болып анықталды, Осы шығындарды еңбек ақы шығындары көлеміне қарай пропорциялық әдіспен тарату белгіленді. Мұның үшін әрбір тапсырысқа пропорциялық әдіспен таратылатын жанама шығындардың пропорциялық коэффициентін анықтау керек. Пропорциялық коэффициентті шығару үшін негізгі өндірістегі жұмысшыларға ай ішінде есептелген барлық еңбек ақының сомасы анықталады. Бүл сома 20426 теңге. Тарату коэффициенті - 30639 : 20426 = 1,5 болып анықталды. Яғни есептелген 1 теңге еңбек ақыға 1,5 теңге жанама шығындар таратылады. Бұдан соң анықталған коэффициентке сай жанама шығындар сомасы әрбір тапсырыстарға төмендегіше (8.7 кесте) таратылады.
8.7. кесте
Жанама шығындарды тарату
Тапсырыс нөмірлері | Тапсырыстар бойынша өндірістік жұмысшыларға есептелінген тікелей енбек ақы (теңге) | Тапсырыстарға таратылған жанама шығындар (тенге) (2 бағана х 1,5) |
1 | 4426 | 6639 |
2 | 10000 | 15000 |
3 | 6000 | 9000 |
Жинағы | 20426 | 30639 |
Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі:
- шығындардың тікелей баптары;
- материалдық шығындар сомасына;
- нормативтік (жоспарлы) өзіндік құн,
- шартты бірлік тәсілі бойынша бағаланады.
Аяқталмаған өндіріс шығындарыныц тікелей баптары әдісіне сай аяқталмаған өндірістегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмсалған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамында бағаланбайды.
Аяқталмаған өндірісті материалдың шығындар сомасына қарай бағалау өндірісі аяқталмаған бұйымдарға т.б. жұмсалған шикізаттар, материалдар жартылай фабрикаттардың нақтылы құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды.
Аяқталмаған өндірісті нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығындарымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.
Аяцталмаган өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша багалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.
Мысал. Керамикалық бұйымдар өндіру цехында шай кеселері дайындалады. 01.03.2004 жылдағы аяқталмаған өндірісте сомасы 32400 теңге 200 кесе қалды. Наурыз айы ішінде 273600 теңгенің шығындары жұмсалды. Осы ай ішінде 1700 кесе өндіріліп, мұның 1200 кесесі барлық өндірістік өңдеу кезеңдерден өтіп дайын өнімдер болып танылды. Қалған 300 кесе аяқталмаған өндіріс болып, келесі айда аяқталады. Осы мәліметтер негізінде 01.04.2004 жылға қалған аяқталмаған өндірісті бағалау керек. Сол үшін 8.8 кестені құрамыз.
8.8. кесте
Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілімен бағалау
Рет саны | Көрсеткіштер | Өлшеу бірлігі дана | Дайындалған дәрежесі | Дайындалған коэф |
|
1. | Айдың басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы | 200 | 40% | 04 | 80 |
2. | Дайындалған дайын өнімдер | 1200 | 100% | 1 | 1200 |
3 | Айдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы | 300 | 80% | 0,8 | 240 |
| Жинағы | 1700 | - | _ | 1520 |
Өндірілетін өнімдердің дайындалған дәрежесі түгендеу (инвентаризация) немесе аяқталмаған өндірісті актілеу жолдарымен анықталады. Енді шартты бірліктегі бір өнімге жұмсалған шығынды (273600 : 1520 = 180) есептеп көрелік. Дайын өнімдердің жекелеген құнына таратылатын және келесі кезеңдік аяқталмаған өндіріс көлемін бағалауға арналған барлық жиынтық шығындар сомасы 32400 + 273600 = 306000 теңге болады.
9. Берешек және алашақ қарыздар есебі. Есептің осы объектісі бойынша есеп саясатын жасау үшін мына әдістерді: күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер көлемінен пайыз құру, счеттарды мерзіміне қарай төлеу әдістері қолданылынады.
Қоюшы үйымдар өз өнімдері мен тауарларын женелте отырып, жүмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер т.б. үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады. Күмәнді қарыздардға белгіленген мерзімде жабылмаған (төленбеген) және заңдастырылмаған жағдайдағы берешектердің қарыздары жатады. Күмәнді қарыздарды жабу үшін резерв сомасын есептеуге екі түрлі әдіс қолданылады.
Біріншісі, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміне қарай пропорционалды пайыз құру әдісі бойынша өткен кезеңдегі берешектер қарызын талдау арқылы және берешектердің сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құрылады.
Екіншісі, счеттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне қарай классификациялық топтарға бөліп, күмәнді қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы счеттардағы сомалар төленіп отырады.
10. Еңбек ақы төлеу есебінің саясатында еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі, есептесу тәртібі, еңбек ұйымдастырудың қалыпты жағдайдан ауытқу факторлары, өндірістегі ақаулар мен тоқтап қалушылық себептері, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеу тәртібі, жеңілдік сағаттар, демалыс уақытына еңбек ақы төлеудің тәртібі, компенсациялар мен жәрдем ақы т.б. есептеу мен төлеудің жолдары мен ерекшеліктері қаралады.
Сонымен қатар есеп саясатында еңбек ақы өрісіне тән бухгалтерлік есеп счеттарының, субсчеттардың жүргізілу тәртібі, демалыс уақытын төлеу резервін құру, есептеу мен есеп айырысу құжаттарының тәртібі көрсетіледі.
11. Ақшаларға тән есеп саясатында кассалық операциялар жүргізу, шетелдік валютадағы ақшалар есебін жүргізу ерекшеліктері, дүкендер, сату нүктелеріндегі, жеке баланс жасамайтын филиалдардағы, кассадағы ақша қалдығын түгендеу
т.б. ақша қозғалысына тән ерекшеліктер қаралады.