Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 14:59, курсовая работа
Есеп Айырысу Шоты (ЕАШ)
Ай аяғындағы
сальдо ____________________ тенге
Журнал-ордер
және ведомость
200__жылғы «____»_______________аяқталды
Шифры ашылған парақтардағы деректер мен сальдосы салыстырылған
Бас кітапта
айналымдар сомасы көрсетілген
200___жылғы «_______» ___________________________
Орындаушылар:
______________________________
Бас бухгалтер
______________________________
№ 2 журнал-ордер және № 2 журнал-ордерге ведомостьтегі жазбалар банк көшірмелерінің және оларға қосымша ақша документтерінің тиісті корреспонденттік шоттарының негізінде жасалады.
Корреспонденттік шоттар банк көшірмелерінде және де оларға қосымша ақша документтерінде көрсетіледі. № 2 журнал-ордер және № 2 журнал-ордерге ведомостьте көрсету үшін сомаларды топтастыру банк көшірмелеріндегі келтірілген бухгалтерлік жазбаларға сәйкес тиісті деректерді есептеу арқылы жасалады.
№ 2 журнал-ордер және № 2 журнал-ордерге ведомостьтегі “Күні” бағаны ай ішінде келіп түскен банк көшірмелерінің алғашқы және соңғы күндерін көрсетуге арналған. Кредитпен немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоттар тобының дебеті бойынша корреспонденттелген тиісті шоттар тобының атауы мен кодтары журнал-ордердің 1-16 және ведомостьтің 1-12 тиісті бағандарына енгізіледі. Ай соңында 17 бағанында (№ 2 журнал-ордер) және 13 бағанында (№ 2 журнал-ордерге ведомость) әр жолына қорытынды жасалады, сонымен қатар әр бағанға корреспонденттелген шоттар топтарымен бірге «Жиыны» шығарылады, олардың жиынтық, әр бағанның және әр жолдың қорытындысы шахматтық тәртіпте сәйкес келуі тиіс. Шығарылған сомалар кредиттік (№ 2 журнал-ордерде) және дебеттік (№ 2 журнал-ордерге ведомостьте) айналымдардың сомалары болып табылады, олар Басты кітапқа көшіріледі.
№ 2 журнал-ордерге ведомостьте ай басындағы шоттар бойынша қалдықтар көрсетіледі. Ай аяғындағы шоттар бойынша кредит және дебет айналымдарының сомаларын есебімен шығарылады. Бұл қалдықтар келесі айда ашылатын Басты кітап пен № 2 журнал-ордерге ведомостьке көшіріледі.
№3 қосымша
Аудиторлық
қорытынды актісі
Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директор кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Қорытынды есептің жекелеген баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізу тиісті:
Аудиторлық қорытынды құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масшатабын анықтау бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.
Аудиторлық қорытынды есептің жергілікті ережелер мен келісім - шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорын директорлар кеңесіне арналып құралады.
Аудиторлық қорытынды есептің аудиті ХАС немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады