Есеп айырысу шоты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 14:59, курсовая работа

Описание работы

Есеп Айырысу Шоты (ЕАШ)

Работа содержит 1 файл

курсовая Есеп айырысу шоты (ЕАШ).doc

— 323.00 Кб (Скачать)

         1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша  қаржыларының қозғалысы есепке  алынады. Аккредитив – клиенттің  тапсыруымен өзі келісімге отырған  контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

        Аккредитивтің келесі түрлері  ашылады: 

        жабылатын (депоненттелген); қайтарып  алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген  және трансферабельдік (аудармалы)  болып бөлінеді.

        Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті  ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

       Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

        Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық  жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

        Бенефициар аккредитивтің пайдалануын  өз мерзімінен бұрын тоқтата  алады, егер де бұндай жағдай  шартта қаралса.

        Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

        Трансферабельдік (аударма) аккредитив  – бұл бенефициардың өзінен  басқа (екінші бенефициар болып  саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

        Аккредитив тек бір ғана бенефициармен  есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу  тәртібі және оның мерзімі  бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

        Егер аккредитив қысқа мерзімге  берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары"  шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

         Аккредитивтің мерзімінің өтуіне  байланысты жабдықтаушыға қызмет  көрсететін банктегі аккредитив  жабылады. Аккредитивтің жабылғаны  жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі [5, 172 - 174].

        Аккредитивтің жабылғаны жөнінде  банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

         1060" Өзге ақша қаражаты " шоты  бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы  чектер арқылы есепке алынады.  

        Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

        1060"Өзге ақша қаражаты" шотында  айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

       1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады [6].  
 
 
 

   2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің

   бланкілерін түгендеу 

        Кассаны түгендеу кезінде кассада  тұрған ақша белгілері мен  басқа да құндылықтардың нақты  бар болуы тексеріледі. Қатаң  есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады.

        Түгелдеу актісінде ақша қаржысының  бар болуы түгелдеу күні жасалған  есепке алудың мәліметтерімен  салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

        Кәсіпорын кассасында сақталатын  құнды қағаздар мен ақша құжаттарын  түгелдеу оларды парақтап қайта  есептеу жолымен жүргізіледі.  Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

        Жол үстіндегі ақша қаражаттарын  түгелдеу осы шотта тұрған  сомаларды: банк мекемелері, байланыс  бөлімшелері берген квитанцияларының  деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

        Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады [7, 30].       

   3 Есеп айырысу операцияларының синтетикалық есебі 

    Бухгалтерлік  есептің журнал-ордерлі нысаны есептің бас-журнал нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне ие, арнайы журналдардағы бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша жалпы бірыңғай операциялар туралы ақпарат жинақтау, бір тіркелімде синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіру, бас кітапта синтетикалық шоттар мен сальдо және тағы басқалар бойынша ағымдағы айналымдарды көрсету.

    Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп нысанының  жай немесе жеңілдетілген (кәсіпорын  мүлігін есептеу тіркелімдерін  пайдалану арқылы) түрін қолдана  алады.

    Есептің жай нысаны шаруашылық операцияларын есептеу кітабында қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды қамтиды, сондай-ақ синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті біріктіреді, яғни біріктірілген тіркелім болып табылады. Бұл қүжатқа жазылатын ақпараттар алғашқы (бастапқы) құжаттардан алынып, хронологиялық тізбекте бір уақытта шоттар бойынша топтау арқылы жүргізіледі.

    Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі) мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің  барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп айырысу төлем тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.

    Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы. Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына сай).

    Бастапқы  құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап  және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде - шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде - корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.

    Жеке  тізімдемелердегі қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).

    Кәсіпорынның  бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады [8, 78 - 80].

    "Есеп  айырысу шоты" 1030 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен Қазақстанның елшiлiктерi мен басқа да ұйымдар алған бюджет қаражаттарының есебi жүзеге асырылады.

    Түскен  сомалар 1030 қосалқы шоттың дебеті және "Ұйымдардың және басқа да шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есеп айырысулар"  қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi, жүргiзiлген шығыстарға 1030 қосалқы шот кредиттеледi және тиiстi қосалқы шоттары дебеттеледi. 1030 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында жүргiзіледі.

      Шетел мекемесінің есептік шотына  жолдағы есептелген сома түскен  кезде 1030 қосалқы шотының дебеті және  қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.  

         3.1 Есеп айырысулар 

           Осы бөлiмде тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу, әлеуметтiк салық жарналары және басқа да төлемдер бойынша бюджетпен, есеп беретiн адамдармен, жұмысшылармен және қызметшiлермен, стипендиаттармен, депоненттермен, мектеп-интернаттарда және басқа балалар мекемелерiнде балаларды ұстағаны үшiн ата-аналармен, өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысу және есеп айырысудың басқа да түрлерi ескерiледi.

          Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық  мәмілелері Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысымен бекітілген  Бюджетті атқару және оған  кассалық қызмет көрсету ережесінде  анықталған тәртіппен тіркеуге жатады.

          Республикалық және жергілікті  бюджеттердің қаражаты есебінен  тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді)  сатып алуға азаматтық-құқықтық  мәмілелер жасасқан мемлекеттік  мекемелер оларды Қазынашылықтың  аумақтық бөлімшелерінде тіркейді.

          Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мекеме жасайтын, бiрақ қазынашылықтың аумақтық органдарынан тiркеуден өтпеген шарттар бюджеттiк қаржы бөлумен қамтамасыз етілмейдi және аяқталмаған болып саналады.

          Мемлекеттiк мекеме жоспарлы тағайындаулар көлемiнен немесе қабылданған міндеттемелерден тыс қарызға алған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бюджеттiк ақша есебiнен төлеуге жатпайды.

          Бекiтiлген сметалардан тыс тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алғаны  үшiн мемлекеттiк мекемелердiң  лауазымды тұлғалары заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi.

          Бекiтiлген сметадан тыс сатып  алынған тауарлардың (жұмыстардың,  қызметтердiң) құнын төлеуге ұсынылған  құжаттар (шоттар, орындалған жұмыстардың  кесiмдерi) және сатып алынған  тауарлар берушiге қайтарылуы тиiс, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда, берушiге берешек мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есебiнде көрсетiледi. Түгендеу нәтижелерi бойынша дебиторлармен және кредиторлармен есеп айрысуларда мынадай өндiрiп алу үшiн нақты емес:

Информация о работе Есеп айырысу шоты