Есеп айырысу шоты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 14:59, курсовая работа

Описание работы

Есеп Айырысу Шоты (ЕАШ)

Работа содержит 1 файл

курсовая Есеп айырысу шоты (ЕАШ).doc

— 323.00 Кб (Скачать)

        Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі  қаражатты (зейнетақы, алимент,  жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық  қаламақы) жекелеген азаматтардың  атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының  атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.

         Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

    Вексель дегеніміз –  ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.

    Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:

    Егер  вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде) жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді.  Әдетте вексельдер  пайдалануы барысында бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
  • Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;
  • Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
  • Айналымға жіберу  мүмкіндігі.

    Бухгалтерлік  есепте весельдер сатлыған, вексельге  айырбасталған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен  немесе барлық ақшалай төлемдердің  ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы  сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы  болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы  вексель айналымы  мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып табылады.  Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй  және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

    Жай вексель дегеніміз  төлем мерзімі келген  кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым  тілмен айтқанда вексель берушінің  вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

    Айналым үдерісі кезінде вексель бір  адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парғында жағзылады.

    Аударылмалы вексель –  (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жә вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

    Вексельдерде  сонымен қатар пайыздық және пайыссыздық  деп екіге бөлуге болады.

    Пайыздық   вексельдердің  атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдында көрсетіледі.

    Пайыссыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

    Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.

    Коммерциялық  вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы , яғни сатып алушы кәсіпоырндар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресіиделеді.

    Қаржылық  вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

    Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды  қоса алғандағы  бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін  қфысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

    Вексельдер  эмитенттер бойынша:

    Қазыналық және жекеше.

    Төлем түрлері бойынша:

    Жай және аударылмалы.

    Төлем кепілділігінің барлығына қарай:

    Қамтамасыз  етілген және қамтамасыз етілмеген.

    Төлеу тәртібі бойынша:

    Мерзім  вексель және ұсынушылық вексель болып  бөлінеді.

    Вексельдерді  толтыру мен ресімдеу белгіленген  ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель  бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен  арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

    Дт:    1210      «Алынған вексельдер»  шоты

    Кт: 1210  «Алынуға тиісті борыштар» шоты

    Ал  вексель бойынша сатып алушылардың  борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп  түскен мерзімінде (пайызсыз):

    Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

    Кт:  1210 «Алынған вексельдер» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Айта  кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома бойынша  пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге  алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:

    500000+500000*5%*6/12=500000+12500=512500 теңге

    Егер  осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:

    500000+500000*5%*9/12=500000+18750=518570 теңге.

    Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесідей  түрде жазылады:

    А) вексель алынғанда 

    Дт:  1210 Алынған вексельдер шоты                                                 500000 тг

    Кт:  1210  Алынуға тиісті борыштар шоты     500000 тг

    Ә) вексель бойынша сатып алушылардың  борыштары есептелген пайыз сомасымен  бірге өтелгенде

    Дт:  1010 Ақшалар шоты                                                    512500 тг

    Кт:  1210 Алынған вексельдер шоты    500000 тг [5, 167 - 172].

   Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем  құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

        Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

        Чекті чек ұстаушы төлеуге  чек жазылған күні қабылдайды  және төлеуге қабылдаған күннің  ертеңіне чек ұстаушы арқылы  қызмет көрсететін банкке ұсынылуы  тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.

        Банк чек берушіден (немесе  чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайлары  анықталса:

   - егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;

   - чектің мерзімі өтіп кетсе;

   - төлем құжаттарында жасанды жазулардың  белгілері бар болса;

   - чек әртүрлі қолмен және әртүрлі  сиямен жазылған болса;

   - чектің қорғалу деңгейі оның  талабына сай келмесе (қорғалу  деңгейі бестен кем болмауы керек);

   - чекте көрсетілген реквизиттер  қате болса;

   - чектегі қойылған қолда үлгі  ретінде қабылданған құжаттардағы  қолымен сәйкес келмесе;

   - чектің жабу сомалары жеткілікті  болмаса;

   - чектің басқа да дефектілері  бар болса.

        Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

        біріншісі – банкте қалса; 

        екіншісі – көшірмесімен бірге  ішкі істер органдарына беріледі;

        үшіншісі – Клирингтік палатаға  беріледі;

        төртіншісі – чекті беруші  банкке беріледі.

   Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады [4, 142-144 ].  

   2.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу 

   Кәсіпорындар  банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

Информация о работе Есеп айырысу шоты